Станциялар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Орындаған:Кубентаев Е
Тексерген: Жумадилова Г. А.
Тобы: ОП-413
Семей 2015
Станциялар дегенiмiз - темiржолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.
Атқаратын жұмысының көлемi мен күрделiлiгiне қарай станциялар кластан жоғары және I - V класс станцияларына бөлiнедi. Станциялардың класын олардың атқаратын жұмыстарын баллмен бағалау арқылы анықтайды.
- Стансаның жұмысын реттейтің құжаттар
Атқаратын жұмысының көлемi мен күрделiлiгiне қарай станциялар кластан жоғары және I - V класс станцияларына бөлiнедi. Станциялардың класын олардың атқаратын жұмыстарын баллмен бағалау арқылы анықтайды.
Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол станциялары туралы ереже;
Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА) ;
Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.
Жүктерді вагондап және шағын жөнелтіліммен тасымалдау ГУ-27 нысанды (14-қосымша) жүк қағазымен не болмаса жүк қағазынан, жол тізімдемесінен, жолдық тізімдеме түбіртегінен және жүкті қабылдау туралы квитанциядан тұратын ГУ-29-0 нысанды (15-қосымша) тасымалдау құжаттарының жинағымен ресімделеді. Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесін қолданып ресімделген жағдайда электрондық тасымалдау құжатының көшірмесі ГУ-27-У-ВЦ нысанды (16-қосымша) әмбебап жүк қағазынан, жол тізімдемесінен, жол тізімдемесінің түбіртегінен және ГУ-29-У-ВЦ нысанды (17-қосымша) жүкті қабылдау туралы квитанциядан тұратын жинақ болып табылады. ГУ-27-У-ВЦ нысанды (16-қосымша) жүк қағазы тасымалдардың барлық түрлерін ресімдеуден тұрады және тасымалдаушы ресімдейтін жеткізу темір жол жүк қағаздарының барлық түрлерін ауыстырады. Әмбебап жүк қағазы басуға телетайптық форматтағы(тар) орама қағазбен де, 11 форматтағы жеке парақтармен де беріледі.
Тасымалдау құжаттарының бланктері машинкамен басу тәсілімен, тауар кассирінің АЖО-сы пайдаланып немесе қолмен шарикті қаламмен толтырылады. Жекелеген мәліметтер мөрқалыптар түрінде көрсетіледі. Тасымалдау құжаттарында өшіруге және түзетуге жол берілмейді. Жүк жөнелтушінің тасымалдау құжатына енгізген мәліметтерін өзгерту қажет болғанда, жүк жөнелтуші осындай құжаттың жаңа бланкін толтырады. Тасымалдаушының тасымалдау құжатына енгізген өзгерістері мен қосымша мәліметтері тасымалдау құжатын ресімдеген тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен және станцияның мөрқалыбымен куәландырылады. Тасымалдаушы жүк жөнелтушіге жүк қағазының бланктерін калькуляцияға сәйкес ақыға береді. Жүк жөнелтушінің осы Ережеге сәйкес ресімдеген жүк қағазы мен оның негізінде жүк жөнелтушіге жүкті қабылдау туралы берілген квитанция жүкті тасымалдауға жасасылған шартты растайды. Жүк қағазы жол тізімдемесімен қоса жүкпен тағайындалу станциясына дейін жүреді, ол жерде жүк алушыға жол тізімдемесіне қолын қойғызып беріледі. Жүкті қабылдау туралы квитанция жүк жөнелтушіге жол тізімдемесінің түбіртегіндегі тиісті бағанда қол қойғызып беріледі. Жол тізімдемесінің түбіртегі жөнелту станциясында қалады. Тасымалдауды тасымалдардың электрондық досьесін қолданып ресімдегенде жүк темір жол көлігінде қабылданған тасымалдарды ұйымдастыру технологиясына сәйкес қағаз тасымалдау құжаттарымен (электрондық құжаттардың көшірмелері) бірге немесе оларсыз (қағазсыз технологияда) жол жүреді. Егер тасымалдар үшін ақы төлеуші экспедитор немесе вагондардың операторы болып табылатын болса, жол тізімдемесінің қосымша данасы жасалады, ол жасасылған шартқа сәйкес тасымалдаушыға беріледі. Мынадай тасымалдарды бір тасымалдау құжатымен ресімдеуге жол берілмейді:1) басқа жүктермен келе жатқан тез бүлінетін жүктерді, жолсеріктер ілесіп жүретіндерді қоспағанда; 2) өздерінің қасиеттері бойынша бірге бір вагонда тасымалдауға жол берілмейтін жүктерді; 3) тасымалдауда сақтанудың ерекше шараларын қолдануды талап ететін жүктерді мұндай шараларды талап етпейтіндермен бірге; 4) санитарлық, ветеринарлық, өзге де ерекше нормалар мен ережелерді талап ететін жүктерді мұндай нормалар мен ережелердің сақталуын талап етпейтін жүктермен; 5) жүктерді түсіру клиенттің кірме жолына бағытталған жағдайларды қоспағанда осы Ережеге сәйкес сақтау мерзімі әр түрлі жүктерді. Тасымалдаушы жүк жөнелтушінің жүк қағазында көрсеткен мәліметтерінің дұрыстығын және құжаттардың болуын тексереді. Тасымалдау құжаттары мәтіндік ақпаратымен қатар оның кодтық ақпаратынан тұрады. Кодтық ақпаратқа арналған орындар тасымалдау құжаттары бланктерінің рамкамен қоршалған орындарында көзделген. Тасымалдау құжаттарындағы ақпаратты кодтау тәртібін тасымалдаушы белгілейді. Тасымалдардың электрондық досьесі тауар кассирінің АЖО-сында ресімделеді және тасымалдаушының автоматтандырылған ақпараттық желісіне деректермен электрондық алмасу желісі арқылы беріледі. Ақпараттық жүйе электрондық тасымалдау құжаты деректерінің сақталуын және қауіпсіздігін, құпиялылықтың сақталуын және мәліметтерді рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz