Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні.

Тексерген: Серикова. Н. У Орындаған: Оразхан. К Тобы: Е-417

Семей 2015

Жоспар

Тақырыбы: Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні

Mақсаты: Қоғамды қайта құру кезеңiнде болашақ ұрпаққа этнопедагогика қағидалары мен балаға қойылатын талап-тiлектерiн ғылыми-педагогикалық тұрғыда жан-жақты жетiк бiлдiру, ұлттық тәлiм-тәрбие тағлымдарын студент бойына сiңiрудiң тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн меңгерту iсi көзделген. Халқымыз тән мен жан тәрбиесiн қатар жүргiзу арқылы жас ұрпақты елiн, жерiн сүйетiн, қорғай бiлетiн, үлкенді сыйлайтын, еңбексүйгіш, түрлі ұлыс өкілдерін құрметтейтін және олармен шын пейілді қарым-қатынас жасайтын, халқының келешегi үшiн бойындағы бар ақыл-қайратын аямай жұмсайтын намысқор, табиғатқа аялап қарайтын рухтағы саналы адам тәрбиелеудi мақсат еткен

Көрнекілгі: Слайдтар, видеолар, суреттер

Негізгі бөлім

1. Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні

2. Жаңылтпаш

3. Мақал - мәтелдер

4. Жұмбақ

5. Ырым

6. Нақыл

7. Ұлттық ойындар

Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан - жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт - дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған - тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.

Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл - өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім - тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.

Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.

Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.

“Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.

Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.

Ит - тойған жеріне,

Ер - туған жеріне.

Кісі елінде сұлтан болганша,

Өз елінде ұлтан бол.

Өз елім - өлең төсегім.

Мал конысын іздейді,

Ер жігіт туысын іздейді.

Ел-елдің бәрі жаксы,

Өз елің бәрінен жаксы.

Жұмбақ- адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ - жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі.

Ызақор бұғып жатыр,

Сақалы шығып жатыр.

(жуа)

Қалың қорық нуға бітем,

Қоры үзілген қуға бітем.

(Сиыр)

Ырым- халықтың жақсы ниеті мен тілегінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері көп. Адамдар өмірде, тұрмыста, салтта жасалатын ырымдар саны көп және оны қолайлы сәтінде халық ұмытпай қолданған және қолданып келеді. Жалпы айтқанда ырым - халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ол халық мінезі мен едет-ғұрыпымен біте қайнаған. Кейде халқымыз «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деп айтып жүрген. Бұл сөз - ырымның бәрі бірдей орындала бермейтінін ескерткені деп түсіну керек.

Жолда кездескен адамнан «Қайда барасың?» деп сұрамай, «Жол болсын!» деу керек.

Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қоныс жайлы болсын» дейді.

Қызға кәрі жілік ұстатпайды.

Нақыл- Нақыл сөз - өмір тәжірибесіне, даналық тұжырымға, логикалық қисын мен ғибратты өнегеге негізделген терең ойлы, түйінді сөз. Исхақ әл-Фараби “Әдеби жинақ” атты еңбегінде:

“Нақыл сөз деп - болмыстағы белгісіз бір жұмбақ нәрсенің сыры ашылып, сөз қауашағына тұрақтауын айтамыз” дейді. Нақыл сөздерді А. Байтұрсынов “ділмар сөз” десе, Ш. Құдайбердіұлы “мәнді сөздер” деп атаған. Мысалы: “Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық” (Абай) . Нақыл сөздерді шартты түрде

а) Отан мен халыққа, дәуірге қатысты;

ә) оқу-білім, ғылым-өнерге;

б) ақыл-парасат, ұлттық мұрат, арман-тілекке;

в) адамгершілік қасиеттерге;

г) достық, махаббат, ұрпақ сабақтастығы, уақытқа, мінез ерекшеліктеріне байланысты деп бөлуге болады.

Нақылда аз сөзбен ордалы ой беріледі, олар өлең түрінде де, қара сөз қалпында да кездеседі. нақылдың алғашқы сөздік түзілімі көп өзгеріске ұшырай бермейді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні жайлы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz