Аймақты инженерлік дайындау


Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Аймақты инженерлік дайындау

Орындаған: Зарыпханова М.

СТ-309

Тексерген: Уркинбаева Ж. И.

Семей қ.

2015 ж.

Мазмұны

Кіріспе

1. Құрылыс алаңын инженерлік дайындау

2. Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Оймалар мен үйінділерді өңдеумен байланысты дайындық процестері топырақты өңдеуге дейін орындалады. Оларға территорияны тазалау, ғтмаратты геодезиялық бөлу, жерді қайта өңдеу үшін топырақтың құнарлы қабатын алу, тығыз топырақтарды қопсыту, территорияны құрғату, үстіңгі су бұруды жасау кіреді.

Территорияны тазалау ағаштар мен тал шіліктерді, ағаш түбірлерін жұлу, ірі тастарды-валундарды жиыстыру, құрылыстарды бұзып көшіруден тұрады. Ағаштар мен тал шіліктер тамырларымен бірге қазып алынады және жаңа орындарға көшіріп отырғызылады.

Жер ғимараттарын геодезиялық бөлу олардың жердегі орныын белгілеуден тұрады. Бөлуді екі жазықтықта жүргізеді: көлденең және тік.

Көлденең бөлуде салынатын объектілер өстері жерде, ал тік бөлуде оймалар тереңдігі мен үйінділер биіктігі анықталынып бекітіледі.

Топырақтың құнарлы қабатын алу . Топырақтың құнарлы қабатының қалыңдығына байланысты оны кесу төбе-төбе етумен бульдозер немесе скреперлермен және онан арға ауыспалылық үйінділерден өздігінен түсіретін автомобиль немесе көлік құралдарына артумен бір шөмішті экскаваторлармен жасалады.

Территорияны құрғату құрғататын орлар және дренаждар жасау арқылы жүзеге асырылады. Негізгі құрғататын магистраль ең төмен жерге салынады. Оған құрылыс алаңынан суды бұру үшін жоба бойынша қажетті бойлай еңісті бұзбай көлденең орлар салады. Үстіңгі суды бұру өңделген оймаларды жауын-шашын суларынан қорғауға арналған. Бұл үшін жер жұмыстарын бастауға дейін су бұратын орлар жасалынады, олар арқылы жауын-шашын сулары өздігінен ағып, құрылыс алаңының сыртына шығарылады. Жер ғимараттарының дайындық жұмыстарына белгіленген тәртіп бойынша жер бөліп берген соң кіріседі.

Жер ғимараттары атқару міндетіне және пайдалану ұзақтылығына байланысты тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін. Тұрақты ғимараттар салынып жатқанобьектілердің құрама элементтері болады және олардың дұрыс пайдалануға арналады. Оларға бөгет, канал, автомобиль және темір жолдардың оймалары мен үйінділері және т. б. жатады.

Уақытша жер ғимараттары тек құрылыс кезеңінде жасалады және үймереттердің жерасты бөліктерінің іргетастарын, технологиялық жабдықтарын, инженерлік коммуникацияларын және т. б. орнату үшін арналады.

Оймалардың өлшемдерін салыстырғанда оның ені ұзындығынан 1/10 кем болмаса, оны қазаншұңқыр, ал ені 1/10-нан кем болса ұзын ор деп аталады. Қазаншұңқұрлар әдетте көлемді ғимараттардың терең орналасатын бөлігінде, мәселен, іргетастарда үйасты қабаттарында жасалады. Ұзын орлар ұзыннан созылыңқы коммуникациялар, су, газ, жылумен жабдықтау, канализацияның сыртқы жүйелерін салғанда қазылады.

Оймалар мен үймелердің бүйір еңкіш бетін құлма, ал оларды айнала көлденең беттерді - бермалар деп атайды. Жер ғимараттарының басқа элементтері: ойма түбі - төменгі көлденең жер оймасы; бровка - құламаның жоғарғы жиегі; қорлар - үйінді жасау үшін топырақ алатын оймалар; кавальер - артық топырақты үйіп төгетін жер.

Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру және автоматтандыру

Жер жұмыстарын кешенді механикаландыру деп технологиялық міндеті, техникалық деңгейі және өнімділігі бойынша өзара үйлестірілген ұтымды машиналар звеносы көмегімен негізгі және қосалқы процестерді орындауды атайды. Звенолар және жинақтың бөлек машиналары операцияларды жүйелі тәртіппен үздіксіз тасқынмен орындап біріңғай агрегат ретінде істейді.

Жинақты топырақты өңдеуге және тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше жетекші машиналар және топырақты алдын ала қопсыту, тегістеу және тығыздау, жер бетін пішіндеу үшін қосалқы машиналар болады. Кейбір жағдайда бір машинамен бірнеше процестер орындалады: топырақты өндейді, ауыстырады, тегістейді және т. б.

Жетекші машина - экскаватор, скрепер, бульдозер және т. б. - жинақтың өнімділігін және белгілі шамада оның құрамын және жұмысты ұйымдастыруын анықтайды. Барлық машиналарды, ең алдымен жетекшіні, әбден толық пайдалану үшін қабылданған машиналардың негізгі параметрлері үйлестіріледі.

Машиналар жинағының құрамы жер ғимараттарының түріне, жұмыстың көлеміне, топырақтың сипаттамасына, деректі мерзімге және жұмыс өндірісінің жағдайына байланысты, соңғыға жататындар: өңдеу учаскелеріндегі жер массасын үйлестіру, топырақты тасымалдау қашықтығы, жер бедері, жыл мезгілі және басқалар.

Жинақ үшін машиналарды таңдағанда олардың қайсысын қайда тиімді пайдалануға сүйенеді. Мысалы, қазаншұңқыр және ұзын орлар өндегенде алдымен ойманың берілген енің және тереңдігін, топырақты түсіру тәсілін және жұмыс көлеміне сәйкес келетін өнімділіг қамтамасыз ететін машинаның негізгі техникалық параметрлерін есепке алады.

Тасқынның берілген өсімталдығы бойынша машиналар жинағының саны мына формуламен анықтауға болады

N Ж = J/Ө П

Мұндағы N Ж - машиналар жинағының саны; J - тасқынның өсімталдылығы; Ө П - машиналар жинағының пайдалану өнімділігі (жетекші машина бойынша) .

Жер жұмыстарын орындаудың бірнеше мүмкін варианттары болған жағдайда машиналар жинағының ең тиімді вариантын таңдау үшін техника - экономикалық көрсеткіштерін салыстырады, атап айтқанда: 1 м 3 жер жұмыстарына келтірілген үлес шығындар; 1 м 3 топырақты өңдеу еңбек сыйымдылығы және жұмыстың ұзақтылығы.

Құрылыстың жалпы алғанда және соның ішінде жер жұмыстарын орындау тиімділігін көтерген фактор процестерді автоматтандыру болады. Автоматтандырылған машиналарды (бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер, тығыздағыш қондырғылар, тегістегіштер, көп шөмішті экскаваторлар және т. б. ) қолдану тәжірибе көрсеткендей жұмыстың құны арзандайды, еңбек өнімділігі артады және ең маңыздысы жұмыс сапасы елеулі жақсарады. Дегенмен автоматтық жүйелер жер жұмыстарын өңдеуге әзірше олардың жоғары күрделілігіне және жердің бедеріне, топырақтың физика - механикалық сипаттамаларына, гидрогеологиялық жағдайларға және т. б. қатысы бар кіргізетінхабардың көп құбылмалығына байланысты ойдағыдай даму алған жоқ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер жұмыстарының технологиясы және топырақты жасанды тығыздау
Жер асты газ құбырларының қызмет көрсету
Ғимараттарды техникалық жағдайларды бақылауда инженерлік-геологиялық факторларын қарастыру
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Істе тұрған және жөндеуден өткен құбырлардың іске жарамдылығын бақылау және бағалау. Белгілі аймақтағы құбырларды бағалауды жүргізу
Елді мекен аумақтарын есептеу
Ғимараттардың түрлері
Құрылыс нысандарын салу кезіндегі жүргізілетін ізденістердің түрлері мен міндеттері
Қисымбай кен орыны
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz