Екі жақты жазу және бухгалтерлік шоттар


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Екі жақты жазу және бухгалтерлік шоттар.

Орындаған: Нұрғалиева Т. Т

Тобы: ВТ-305

Қабылдаған: Сарсенбаева А. А

Семей 2015 ж

Мазмұны:

  1. Шаруашылық фактілері және счеттар жөніндегі ұғым
  2. Бухгалтерлік есеп счеттарының маңызы мен құрылымы
  3. Синтетикалық (жинақтау) және аналитикалық (жіктеу) счеттары
  4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Шаруашылық фактілері және счеттар жөніндегі ұғым . Заңды тұлға болып танылған, кез-келген ұйымдар өрісінде атқарылатын қызметтерді - шаруашылық фактілерінің біртұтас жиынтығы дейді. Шаруашылық фактілері әр түрлі әрекеттерден, жекелеген шаруашылық фактілерінен қүралған оқиғаларды есепке алудан тұрады. Жекелеген шаруашылық фактілерінің орындалу нәтижесінде шаруашылық үрдісі жөніндегі ақпараттар қалыптасып, әрбір шаруашылық фактісшің мазмұны есепке алынады. Есеп ақпараттарына байқау мен өлшеуге түсетін ақпараттар ғана жатады. Өлшенген немесе байқалған объектіні бағалау шаруашылык фактілерінің орындалғандығын растайтын бастапқы құжаттарда ғана көрсетіледі.

Бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жинақтау және ақпараттарға жазылған әрбір жекелеген есеп объектілерінің жағдайы мен қозғалысын, сондай-ақ бухгалтерлік байқау мен бақылау үшін арнайы әдіс - бухгалтерлік есеп счетттары қолданылады.

Бухгалтерлік есеп счеттары байқауға (көзге көрінетін) түсетін бухгалтерлік есеп объектілері өрісіндегі жекелеген шаруашылық фактілерінің мазмұнын тіркеп, тіркелген фактілердің сандық және сомалық нәтижесін шығаруға арналған.

Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу екіжақтылық принципке нггізделген. Бүл түрғыда біздер экономикалық қүбылыстардың екі аспектіден тұратындығын: көбею мен азаю, беру мен алу, пайда болуы мен жойылуынан және экономикалық қатынастардың барлығы да екіжақтылық жазуға түсетіндігін білуіміз керек.

Екіжақты жазу деп - ақшалай өлшеммен өлшенген бірдей сомадағы шаруашылық фактілерін (операцияларды) бухгалтерлік есеп счеттарына тіркеу әдісін айтамыз. Әрбір шаруашылық фактісі коммуникациялық принципке қарай тиісті тұлғаларға хабарлауны керек. Хабарланған (орын алған) бухгалтерлік есеп әдісіндегі (проводка) бір фактінің мазмұны екіжақты жазуға түседі. Факті деп - өз қасиетіне қарай ұйымдардың шаруашылық қызметі жөніндегі жекелеген мәліметтерді ресмилендіруді айтамыз. Фактісіз екіжақты жазудың орындалуы мүмкін емес.

Екіжақты жазу жүйесі Ренессанс дәуірінде пайда болған. Екіжақты жазу жүйесі шамамен XIII - XIV ғасырда Солтүстік Италияның кейбір қалаларында пайда болыптымыс. Тарихи деректерге қарағанда екіжақтылық бухгалтерия 1340 жылы Генунада жүргізіле бастаған. Екіжақтылық принципті ойлап тапқан, ең бірінші рет кітапқа түсірген францискан монахы Леонардо да Ванчидің жақын досы Лука Пачоли болған. Мұндай жазу 1494 жылдан басталған.

Екіжақты жазу принципі (жүйесі) экономикалық заңдылықпен үйлеседі. Мысалға, экономикалық құбылыс не көбейеді, не азайады, не бересің, не аласың, не пайда болады, не жоғалады. Мұның барлығы да бірімен бірі тығыз байланыста болатың, бірінің орнын бірі толтыратын екі жақтылық құбылыстарға жатады.

Біздер екі жақты бухгалтерияның пайда болу құпиясын анықтауды өз жауапкершілігімізге алмай, бірнеше ғасырдан бері жержүзілік елдердің барлығында бірдей қолданылып келе жатқан екіжақты бухгалтерияның өміршең екендігін оқырманға түсіндіруді мақсат тұтып отырмыз. Дей тұрғанмен, осы заманғы нарықтық қатынастар жүйесінің жер жүзінде қалыптасқандығына байланысты, сонымен қатар нарықтық қатынастардық түпкі мақсаты - таза пайдамен қызмет атқару екендігін дәлелдеуден туындаған өз пікірімізді айту. Біздің пікірімізше, екіжақты бухгалтерия өзара байланысты екі бағыттан: ақша қаражаттары есебі мен қарыз сомалары (міндеттемелер) есебінен туындаған. Яғни берешек және алашақ қарыздар есебін жүргізуден пайда болған. Ақша қаражаттарының есебін жүргізу ертедегі Египет және Вавилон елдерінде басталған. Сондықтан ең әуелі берешектердің қарызын есепке алу, бұдан соң алашақтардың қарызын өтеу, қандай да болмасын ұйымдардың мақсаты болса керек. Бұл айтылғандарды ой санаға салған жағдайда, әрбір ұйым өз меншігіндегі мүліктер мен қаражаттарды сақтап, дүрыс пайдалану мақсатына қарағанда, сырттай қатысушы жақтардың (контрагенттердің) мүліктері мен бүлардан алынған қарыздардың тез өтелуін бірінші кезекке қоятындығы мәлім.

2. Бухгалтерлік есеп счеттарының маңызы мен құрылымы. Ағымдағы шаруашылық операцияларының мазмұнын арнайы тәсілдерге қарай тіркеп, бағалап, жинақтап, бір жүйеге келтіріп жазу үшін бухгалтерлік есеп счеттары қолданылады. Бухгалтерлік есеп счеттары деп -ұйымдардың активті қаражаттары мен меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде орын алған шаруашылық операцияларының мазмұнын күнделікті бақылап, тіркеп, бақалап, ақшалай өлшемге айналдырып, экономикалық маңызына қарай топтастырып, арнайы белгіленген счеттарға екіжақты принциппен жазуды айтамыз.

Шаруашылық қызметікің әрбір фактісі екі рет - бір счеттың дебетіне , басқа счеттың кредитіне жазылады. Әрбір орын алған факті екі рет:

1) пайда болуына (хронологиялық),

2) маңызына қарай (жүйелеп) тіркеу қағаздарына және кітаптарға түсіріледі.

Әрбір шаруашылық фактісі екі рет:

1) аналитикалык жіктеу;

2) синтетикалық жинақтау счеттарына жазылады.

Әрбір шаруашылық фактісі екі рет:

1) активті қаражаттар;

2) каражат көздеріне қарай көрсетіледі.

Осыған орай бухгалтерлік есеп жүйесінде қолданылатын счеттар шартты түрде дебеттік және кредиттік болып бөлінеді.

Әрбір шаруашылық фактісі екі рет бір ұйымның осы ұйымға бір нәрсені беруінен, екінші осы ұйымнан бір нәрсені алуына қарай жазылады.

Әрбір шаруашылық фактісі екі рет - біріншісі орын алған фактіні жазу. екіншісі осы фактіні тексеру жолымен анықталады. Активті қаражаттар, міндеттемелер мен меншікті капиталдың қалыптасуына және бүлардың қозғалысыиа қарай счеттар активтік және пассивтік болып ажыратылады. Активтік счеттар деп - баланстың сол жағына жазылатын активті қаражаттардың түрлері мен бұлардың экономикалық маңызына қарай белгіленген счеттарды айтамыз. Ал пассивтік счеттар деп - баланстың оң жағына жазылатын міндеттемелер мен меншікті капиталдың түрлері және бұлардың экономикалық маңызы мен қалыптасу көздеріне қарай белгіленген счеттарды айтамыз.

Бухгалтерлік есеп счеттары баланстың активтік және пассивтік көрсеткіштері мен негіздеріне қарай (бастапқы кезеңде) ашылады. Бүдан соң жаңадан ашылған счеттарға бастапқы қалдық (бастапқы сальдо) сомасы бухгалтерлік баланстағы сомаға сай жазылады. Мысалға, баланстың сол жағындағы активті қаражаттардың сомасын активтік счеттың дебетіне, ал баланстың оң жағындағы меншікті капитал мен міндеттемелер сомасын пассивтік счеттың кредитіне жазады.

Бухгалтерлік есеп счеттарына күнделікті, немесе ағымдағы шаруашылық фактілерінің орын алуына сай жазылатын сомаларды - айналым сомасы деп атайды. Счетттардың дебетіне жазылған соманы - дебеттік айналым, ал кредитіне жазылған соманы - кредиттік айналым деп атайды.

Активті счеттардың соңғы қалдығын (сальдо) шығару үшін бастапқы дебеттік қалдық сомасына, дебеттік айналым сомасының жинағын қосып, бүдан кредиттік айналым сомасының жинағын азайтады. Сонда активтік счетттағы калған қалдьщ міндетті түрде дебеттік болып, осы счеттың сол жағында көрсетіледі.

Пассивтік счеттардың соңғы қалдығын (сальдо) шығару үшін, бастапқы кредиттік қалдық сомасына кредиттік айналым сомасының жинағын қосып, бұдан дебеттік айналым сомасының жинағыш азайтады. Сонда пассивтік счеттағы қалған қалдық міндетті түрде кредиттік болып, осы счеттың оң жағында көрсетіледі.

Сонымен активті счеттардағы қалған дебеттік қалдық активті қаражаттардың көбеюін, ал пассивті счеттардағы қалған кредиттік қалдық меншікті капитал мен міндеттемелердің көбеюін көрсетеді. Счеттардағы дебеттік жинақ пен кредиттік жинақ сомалары бірдей болған жағдайда қалдық (сальдо) болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есепте шоттарды жіктеу
Екі жақты жазу есебі
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Бухгалтерлік есептің шоттары
Аналитикалық шот
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz