Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Үмбетейдің "Бұқарға", "Ақтамберді", "Қабанбайға", "Бекболат биге", "Бәкеге", т. б. арнау өлеңдерін басқа жыраулардың арнау өлеңдерімен салыстыру. "Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы". Реферат.

Орындаған: Әбілмажинова Ж. С.

Тексерген: Қадыров А. К.

Тобы: ФИ 403

Семей 2015ж

Үмбетейдің "Бұқарға", "Ақтамберді", "Қабанбайға", "Бекболат биге", "Бәкеге", т. б. арнау өлеңдерін басқа жыраулардың арнау өлеңдерімен салыстыру.

Жалпы алғанда Үмбетей жырау болсын немесе басқада жырау болсын толғаулары дидактикалық сарында жазылған. Өлеңдердің тақырыптары отан сүйгіштік, ел, жер қорғау болса, ал, кейбіреулері мейірімділік жолы, жақсылық пен жамандық, ұлағат, үлгі - өнеге жайлы сөз етеді. Қай жырауды алып қарасада идеялары ұқсас болып келеді. Сөз саптаулары әсерлі, ұйқасты, тілге жеңіл болып келеді.

Үмбетей жырау:

«Жауқашарға» толғауы - Үмбетей Жауқашарға деген толғауында адамгершілікті, мейірбандылықты ту етіп көтереді. Ақын қонақ мезгілсіз келсе де қуану керек дегенді насихат етеді.

"Бәкеге" деген жырымен әділдікке шақырады. Ақын "тоқымы кеппей топтанып, ел тонауға аттанып" жүрген тоғыз тентекті сынға алады. Жақсы ұлдың, жаман ұлдың қандай болатынын мысалдап айтады.

“Бұқарға”, “Бекболат биге” арнауларынын идеясы - өмірдің ұзын ырғасынан тәлім алып, мәнді ғұмыр кешуге шақырар үгіт - өнеге. Әділетсіздік, білімсіздік, қараулық пен аяулыққа мін. Бас бұзар оспасыздыққа тоқтам. Опасыздыққа үкім, кесім.

«Ақтамберді» жырауында болса құн дауы, жесір дауы, ар туралы сөз етіледі.

Жыраулардың арнау өлеңдері.

Қазтуған жырау «Мадақ жыр»

Таза далалық поэзия! Бұл жолдар қазақ тілінде ғана сұлу, қазақ оқушысына ғана түсінікті. Мұздай ызғарлы ауыр сауыт киген батыр көтермелеу үшін өзін номадтың түсінігіндегі ең әулетті, ең құрметті деген заттарға балайды. Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған әшекейлі сырық, жас бураның тал қайзар өткір азуы, қыранның жембасар тырнағы, - алтын да, күміс те, алмас та емес, бірақ алтыннан да, алмастан да салмақты, іріктеліп, екшелеп алынған образдар. Осы жолдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді. Сонымен бірге жыраудың эпосшы болғандығы да аңғарылады. Ноғайлы цикліндегі жырлардың біразынан Қазтуған поэзиясының әсері байқалады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазтуған - қазақ эпосын жасаушылардың бірі.

Шалкиіз жырау

Жыраудың «Жуан ханға» толғауында қазақтың аруағы асқан айбарлы тоғыз батырының тұлғасы сомдалып, олар түгел қазақ халқының бойындағы табиғи ерлік қасиеттерімен ұштаса, сомдала тұлғаланған.

Марғасқа жырау

«Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде Ташкент ханның қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын бетіне басады.

Ақтамберді жырау

«Балаларыма өсиет», «Уа, қарт Бөгембай» атты арнау жырлары бар. «Балаларым өсиет» өлеңінде балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады. Ал, «Уа, қарт Бөгембай» толғауы батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.

Бұқар жырау

«Ай, Абылай, Абылай» атты толғауында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  • «Бес ғасыр жырлайды»
  • https://kk. wikipedia. org

"Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы". Реферат.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: "Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік тарихы".

Орындаған: Әбілмажинова Ж. С.

Тексерген: Қадыров А. К.

Тобы: ФИ 403

Семей 2015ж

Жыраулар мұрасы . Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Қазтуғанның (15 ғ. ) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау. Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланды. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті. Жиембет жырау мен Маргаска жыраудың өмір жолы Есім хан тұсындагы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті мемлекет кұру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді.
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы - туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі. Халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген Асан қайғының: "Желмая мініп жер шалсам, тапқан жерге ел көшер" - деген ақылгөй сөзі -сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі. Сол сияқты Қазтуған жырау да "қайран менің Еділім" - деп еңіреп өткен. "Еділдің бойын ел жайлап, шалғынына бие біз байлап" - деп Доспамбет жырау армандаған, "ауылдан топыр үзілмей, ошақтың оты өшпесе, май жемесе қонағым . . . он кісіге жараса, бір кісіге асқан тамағым", - деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулық пен ақындық поэзиясының даму жолдары
Бұқар жыраудың әдеби мұралары
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz