Бизнес этикасының ерекшелігі


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет

СӨЖ

Тақырыбы : Бизнес этикасының ерекшелігі

Орындаған: Бодесова Жансая

Жу-301

Тексерген: Абеуханова Е. Б

Семей 2015

Бизнес этикасының ерекшелігі

Кәсіпкерліктің этикасы баяғы заманнан келе жатқан оқып үйреніп біліп алу объектісі болып саналады. Оны ертеде Аристотель өсімқорылықтан кіріс алуға теңестірген. Ерте заманнан бері бизнес адам қызметінің қажетті бір жүйесі ретінде баян етілген. Бизнес этикасын зерттеушілер барлық уақытта кәсіпкерліктің өзекті элементтеріне, оның ішінде ерекше бизнесменнің, өзінің жеке ісінің этикалық түрақтану негізіне аса көңіл аударған. Дегенмен, ең алдымен бұл басылымдағы негізгі түсінік болып саналатын және қарас- тырылатын зат туралы анықтаманы сипаттап алайық. Ол бизнес этикасы.

Бизнес - жоғарыда кіріспеде айтқандай-ақ, ол өзінің есебінен, және де өзінің тәуекелділігі мен өзінің жауыпкершілігіне қарызға алған қаражаттың немесе өзінің қаражат есебінен іске асырылатын, мақсаты болып тұрақтан- дыру мен кіріс алу үшін жеке ісін дамыту және кәсіпкерлік болып табыла- тын еңбек ұжымының жалпы қоғамдық әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталып, өз еркімен жасалған коммерциялық қызмет.

Басқа сөзбен айтқанда, бизнес - ол өзінің және қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға, өзінің ісін, қайта жасап шығаруды кеңейтуге, мекеменің сапалы өркендеуін пайдаланылану мен кіріс алуға, қаражатты көбейтуге бағытталған және тұрақты инновацияларды пайдалануға арналған, өз еркімен жұмыс істейтін әрекетті экономикалық қызмет.

Бүгінгі Казақстандағы бизнестің мақсаты - шаруашылық айналымдарды өсіру және кіріс алу емес, сонымен қатар үздіксіз дағдарыс жағдайында өмір сүру қабілеттілігі.

Бизнес этикасы - ол адалдық, ашықтық, айтқан сөзіне сенімділігі, нарықта тұрақталған ережелермен дәстүрлерді қимылдағы заңдарға сәйкес тиімді пайдаланып жұмыс істеу мүмкіндігіне негізделген істік этика. Нарықтық жағдайда кәсіпкерлік қызметтің қортындысы ең алдымен, бизнесменнің құзырында болатын материалдар мен қызметкерлер, ондағы адамдардың жұмыс істеу сапасы және олардың психологиялық факторлар- ының ерекше маңызы алдын ала анықталады. Бизнес психологиясы, ондағы бүгінгі күндегі орнықтырылып жатқан табысқа жету істік бағыты сияқтанады.

Бизнес психологиясы -Басқарудың психологиялық проблемаларымен өзгеше шұғылданатын ерекшелігі бар ғылым жүйесі. Бұл жерде оқып біліп үйреніп алу объектісі ретінде адамдардың ұжымда өзара қарым - қатынасы шыға бастайды. Негізгі психологиялық проблемаларлар:

* психолгиялық басқарушылық қызметтің структуралы-функциональ- дық талдануы;

* психологиялық талдау құрылымы және басқарушылармен мамандардың, автоматандырылған жұмыс орындарын пайдалану, басқару жүйелерінің автоматандырылуы;

* өндірістік және басқарушылық ұжымдардың және ондағы адамдардың өзара қимылда болуы;

* адам және олардың өзара қарым қатнасы, моральді психологиялық жағдайдың қолайлы құрастырылу факторлары;

*басшылар және көсемдік, көрнекті адам және бастықтың қызметі, бастықпен бағынышты адамдардың арасындағы қатынас, таңдап алудың психологиялық аспектілері және басқарушы мамандарды өз орындарына орналастыру, басшы мамандарды дайындау сұрақтары, қызмет істеушілерді басқарудың психологиялық аспектілері, басқарушылық шешімдерді іске асыру және шешім қабылдау процесстеріне әсер ететін факторларды зерттеу.

Бизнесте әдетте үш құрастырылған бөлікті бөліп көрсетеді:

* кәсіпкер;

* кәсіпкердің жағдайы;

* бизнес этикасы;

Дау жоқ, бүгінгі бизнестің басты фигурасы - ол таусылмас күші бар табандылықпен, қиындықтардан өте білетін, алға қойылған мақсатқа жету жолында кездесетін кез келген тосқауылды жеңе білетін, стандартсыз ерекше ой сезіммен өзінің бостандығының арқасында басқарушылық шешім қабылдап тұрақты тәуекелдікке баруға дайын адамдар.

Біздің елімізде бүгінгі күндері кәсіпкерліктің тиісті орын алуының активтік процестері жүріп жатыр. Бүгінгі күндері бизнеске партия шаруашылық басқарушылардың орнына дәстүрлі бұрынғы авторитеттерден және коммунистік ой сезімінен өзін босатып алған жаңа адамдар келді. Тек солар экономика жүйесіндегі қайта құру кезінде пайда болған жаңа мүмкіндіктерді іске асыра бастады. Қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік түрінде қарама қарсылық, көп мәнді, қиын және бірдей емес. Бұл жаңа класс әртүрлі әлеуметтік адамдардан құрастырылған:

- өзінің көпшілікте көлеңкелі ақша табу стуктураларында қызмет атқарған бұрынғы жылдардағы кәсікерлерден;

- жаңа экономикалық кеңістікте өзінің орнын тапқан және әлеуметтік конверсиядан өткен номенклатуралық өкілдерінен;

- өзінің мамандығы бойынша жұмыс істеуден күдер үзгендер мен жастары 30 дан асып кеткен творчествалық интелегентциялардан және өндіріс орындарында жұмыс істегендерден;

- әле осы күнге дейін мамандық ала алмаған, дегенмен бизнесті жақсы білетін жас өспірім адамдардан.

Бүгінгі күнде Қазақстанда бизнес номенклатуралық өкілдері көп жұмыс істейді ( бұрынғы партия және комсомол аппараттарының қызметкерлері), олардың көпшілігі іскерлік қабілеттілігімен ерекшеленеді, көпшілікте олардың бұрынғы өмірден келе жатқан кең қалыпты байланыстары бүгінгі күндерге дейін әлі жалғасып келе жатыр. Ондай адамдар кәсіпкерлік ұйымдық негіздерді жақсы біледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес этикасының ғылым ретінде орнығуы
Бизнес этикасындағы негізгі тұжрымдамалар
Бизнестегі этикалық нормалар
Бизнес этикасы мен бизнес психологиясы
Қазақ этикасының зерттелуі
Бизнес этикасы пәні
Бизнес этикасының ерекшеліктері
ІСКЕРЛІК ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР
ҚР дағы аудиттің даму тенденциясы
Аудит түсінігі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz