Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ғылым-білім министрлігі жаратылыстану бағытындағы физика-математика факультеті

информатика мамандығы

СӨЖ

Орындаған:Есімбекова Назым Т-441

Семей 2015 ж

Жоспар:

Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз :

  1. Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
  2. Жоғарғы оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы "Тәрбие" туралы ұғымды түсіндірудің кестесін құрастырыңыз.
  3. Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісін жасаңыз.

Педагогиканың пәні - арнайы әлеуметтік институттарда (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс. Осы мағынада, педагогика-адам дамуының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық үрдістің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.

Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Ежелгі дуние философиясы әртедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

Тәрбиелеу жүйесін ежелгі грецияның философы Демокритпен (460-370ж. б. э. д. ) байланыстырады. Ол барлық еңбектерінде тәрбиеге мән берген. 'Табиғат пен тәрбие егіз, тәрбие адамды құрастырады, адам табиғатты құрастырады"-деп санады.

Теориялық педагогиканы дамытқан ежелгі грек ойшылы Сократ (427-3476. з. д), Аристотель (384-322 б. з. д) . Олар өздерінің құнды еңбектері және ойларымен тәрбиеге терең мән берген.

Орта ғасырда педагогиканы дамытушылардың қатарында шіркеу адамдары өз заманының философтар болған: Теруллиан (160-222), Августин (354-430) Аквинат (1225-1274) педагогика теориясына өз үлестерін қосқан. Педагогика ұзақ уақыт бойы философиямен бірге қарастырылды. Тек ХҮ 2 ғ. ол философиядан ғылым ретіңде бөлінді. Педагогиканың философиядан дара ғылым ретіңде бөлініп шығуын чех ғалымы Ян Амос Коменскиймен байланыстырады (1592-1670) . Оның алғашқы еңбегі "Ұлы дидактика" 1654ж. Амстердамда шықты. Бұл алғашқы ғылыми педагогикалық кітап больш саналады. Оның жазған ойлары мәнділігін осы күнге дейін жойған жоқ. Мысалы: оқыту формасы, әдістері, сынып-сабақ жүйесі педагогика теориясының негізі болып табылады.

Орыс педагогикасының негізін қалаушы К. Д. Ушинский болып табылады. Оның негізгі еңбектері: "Балалар әлемі", "Ана тілі', XXғасырда А. С. Макаренко бар: "Педагогикалық поэма". Ол тәрбиеші жұмысы өте қиын, жауапты қызмет деп айтқан.

Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие . Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі больш табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.

Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.

Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады.

Бұл теория тұтас жүйенің тұрақты болмай, өзгеріске түсетіндігін ескеріп, тұтастықтың жоспарланған басты бір нұсқасын алып, болжамданған үрдістің мағынасын ашады. Педагогикалық жүйенің бір-бірімен байланысы: білім мен тәрбие мақсаты, оның тарихи аспектісі, педагогикалық үдерістің субъектісі, педагогикалық идеялар мен ой-пікірлер, білім мазмұндары (жалпы, базалық және кәсіби мәдениет), материалдық базасы, т. б. бірлігі және құрылымдық-функциялық қызметтері тұтастық арқылы зерделенеді.

Мақсаттылық және әлеуметтік келісімділік -педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары. Педагогикалық процестің негізгі компоненті мен тірегі -тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой-пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.

Қоғамдық мәдениет -жас ұрпақ тәрбиесінің мақсатының айқындаудың әдіснамалық негізі( материалдық, рухани, әлеуметтік нормативтік мәдениет) .

Қазақстан Республикасының әлеуметтік -экономикалық даму тенденциялары және жас ұрпақты өз бетінше өмір сүруге дайындау. Әлеуметтендіру және жеке тұлғаны дербестендіру мәселесі. Жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігімен тәрбиенің мақсаты. Жеке тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы туралы.

Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, жалпы адамзаттық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестену, жеке тұлғаны жан -жақты үйлесімді дамыту, тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі.

Жоғарғы оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы "Тәрбие" туралы ұғымды түсіндірудің кестесі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні және ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беру. тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері туралы
Әл- Фарабидің өмірі туралы ақпарат
Құндылықтардың жіктелуі
Математиканың негізгі ұғымдары
Танымдық процестерді дамыту
Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
. Әл-Фараби жайлы
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Педагогика ғылымының салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz