Жанама салықтар құрамындағы акциздер мәні


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ОӨЖ

Тақырыбы: Жанама салықтар құрамындағы акциздер мәні

Тексерген: Акишева Д. М.

Орындаған : Қалелов Т.

Топ: ГУ-307

Семей - 2015

Акциздер және оның Қазақстан Республикасы салық жұйесіндегі орны

Қазіргі таңдағы салық жұйесінің қиындығы, оның тез өзгергіштігі коммерциялық кәсіпорындардың, қаржы жағдайына жауапты бухгалтерлер мен қаржы қызметкерлерінің көз алмай бақылап отыруларын керек ететіндігінде.

Салық жалпы қоғамдық өнімнің, ұлттық табыстың, жалпы ішкі өнімнің, өндірістің дамуы мақсатында және мемлекет пен халықтың тұрлі қажеттіліктері мақсатында бөлінуіне және қайта бөлінуіне байланысты экономикалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан олар мемлекет пен шаруашылық жұргізуші субъектілер және халық арасындағы қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Акциз жанама салықтардың бірі ретінде

Салық салу механизмі, қандайда экономикалық жүйеде болмасын күрделі болып келеді. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі, оның тиімділігінен әлеуметтік және экономикалық саясаттың жүзеге асуы тәуелді.

Салық салу теориясындағы ең қиын мәселе бұл салықты аудару мәселесі. Соның арасында, салық саясатындағы мемлекеттік биліктің барлық топшыламасын жоққа шығара алатындықтан, бұл мәселенің тәжірибелік маңызы зор.

Салықты аудару тек қана белгілі жағдайларда ғана жүзеге асады. Алдымен, салық төлеу нарықтық операциялармен байланысты болғанда - сату, сатып алу, жалға беру. Бұнда, салық төлеуші, нарық операцисын салықпен байланыстырып, бағаны салық көлеміне өсіреді. Ал, акцизделген тауар өндіруші, бұл тауарды сатқанда бағаға акциз соммасын қосып оны сатып алушыға жүктеуге тырысады.

Акциздерді есептеу мен өндіруді ұйымдастырудың тәртібі мен қағидалары

Қазақстан Республикасында акциз «Салық және Бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер» туралы заң және №36 «Акциз салығын есептеу және төлеу тәртібі» туралы нұсқаулама негізінде өндіріледі.

Акциз тауарға салынатын, өнім бағасына қосылатын жанама салық болып табылады. Акциз Қазақстанда жасалған және Қазақстанға импортталатын тауарларға және ойын бизнесіне салынады. Экспортталатын акциздік тауарлар акцизделмейді, тек қана егер тауар өндіруші тауардың экспортқа кететінін растайтын болса, алайда бұл, Қазақстан қатысқан халықаралық келісімдерге қайшы келмесе.

Акцизделетін тауарды экспортқа шығарарда, тауардың иесі төлеген акциз, оның осы салық тұрі бойыкша болашақ төлемдер шотына алынады немесе салық органының ол берген өтінішін алғаннан кейін 60 күн ішінде қайтарылып береді. Бұл тәртіп тауар иесінің акциз төлегенін және тауардың экспортқа кеткенін растайтын құжаты бар болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілері болып табылады егер:

Акциз жиналымынының толықтығын қамтамасыз ету үшін және акцизделетін кейбір тауарлардың заңсыз енгзілуі, өндірілуі мен сатылуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының үкіметі акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалануы керек деген үкім шығарды. Бұған отандық тауар өндірушілер мен шетел тауарын импорттаушы тұлғалар жауапты деп тапты. Сонымен бірге акциз маркаларының жаңа түрлерін шығаратын кәсіпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Банкнот Фабрикасы болады деп шешті.

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіне қарасты Салық Комитеті мен Кеден Комитеттері отандық және шетелдік акцизделетін тауарларды акциз маркаларының жаңа түрімен таңбалау үшін, акциз маркаларының жаңа түрін жасап шығару жөнінде, Ұлттық Банктің айтылған Банкнот Фабрикасымен келісім шартқа отыруы керек. Келісім шарт бойынша Банкнот Фабрикасы алькогольдік өнімдердің акциз маркаларына міндетті тұрде жеті саннан тұратын реттік номері мен сериясын салуы тиіс және ол иридисценттік қағаздан жасап шығарылуы керек. Шарап және қатайтылған сусындардың акциз ставкаларының айырмасы мол болғандықтан олардың акциз маркалары әр түрлі болу керектігі де есепке алынды.

Акциздердің бюджет кірісіндегі орны

Бюджеттің кірістері орталықтанған ақша қорын құру кезінде болатын мемлекеттің кәсіпорындарымен, ұйымдармен және халықпен болатын экономикалық қатынастарынан тұрады. Бұл экономикалық қатынастардың формасы болып, мемлекеттік бюджетке түсетін кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың әр түрлі төлемдері? ал олардың заттай материалдық енуі, бюджеттік қорда жиналатын ақша қаражаттары. Бюджеттік кірістер, қор жағынан, ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі қатысушылары арасындағы қоғамдық өнім құнын бөлу -нәтижесі, екінші жағынан - мемлекет қолында

жинақталған құнды әрі қарай бөлудің обьектісі, яғни аймақтық салалық және мақсаттық негіздегі бюджеттік қорларды құру үшін құнды жұмсау болып табылады .

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты, бюджеттің кірістері заңды және жеке тұлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдерінен тұрады. Бюджеттің кіріс көздері ішінде ерекше орынның бірі акциз салығына тиесілі.

Акциздердің 2013-2015 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түсуі

Атауы
2013
2013
2014
2014
2015
2015
Нақты (млн тг)
Үлес салмағы (%)
Нақты (млн тг)
Үлес салмағы (%)
Нақты (млн тг)
Үлес салмағы (%)
Атауы:

Табыстар

Барлығы

2013: 394773
2013: 100
2014: 544673
2014: 100
2015: 605676
2015: 100
Атауы: Акциздер
2013: 18956
2013: 4, 8
2014: 24774
2014: 4, 5
2015: 29561
2015: 4, 9

Кесте көрсетіліп отырғандай, акциздердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірісіндегі үлес салмағы 2011 жылы - 4, 8 %, 2014 жылы - 4, 5 % және 2015 жылы 4, 9 % құрады. 2014 жылы акциздердің нақты түсімі 2013 жылмен салыстырғанда 5818 млн теңгеге өскенімен де, үлес салмағы 0, 3 % түскен.

Акциз салығы үлес салмағының 2014 жылы 0, 3 % түсуіне алкоголь өнімдері және бензин мен дизель отындары бойынша акциз алымдарының орындалмауы әсер етті. Мұны екінші кестенің мәліметтері дәлелдейді.

Түсу болжамы орындалмаған акцизделінетін тауарлар

Акцизделетін тауарлар
2015
2015
2015
2015
2014 нақты
Өсу қарқыны, %
Жоспар (млн тг)
Нақты (млн тг)
Ауытқуы (млн тг)
Орындалуы (%)
Акцизделетін тауарлар: Алкоголь өніміне акциз
2015: 9901, 2
2015: 7546, 9
2015: -20354, 3
2015: 76, 2
2014 нақты: 6902
Өсу қарқыны, %:
Акцизделетін тауарлар: Бензин мен дизель отына акциз
2015: 7608, 9
2015: 6332, 5
2015: -1276, 3
2015: 83
2014 нақты: 7741, 3
Өсу қарқыны, %: 82

Акциз салығының бензин мен дизель отыны бойынша бюджетке түсу жоспарының орындалмауы акциз ставкасының төмендеуіне байланысты.

Сонымен қатар мұнай өңдеуші компаниялар көбінесе өз өнімдерін экспортқа шығарады. Экспорт акциз салығымен алынбайтындықтан мемлекетіміздің бюджеті қаражаттан айырылды .

Сонымен, акциз салығы кез келген жанама салық сияқты тауардың бағасына қосылады, сондықтанда үстеме құн ретінде тағайындалып тұтынушыдан төленеді. Бұл салық, әрқашанда тауар бағасының өсуімен бірге өсіп отырады, сөйтіп бюджеттің тұрақты, әрі тиімді қаражат көзі болып табылады.

Акциз салығын алуды жетілдірудің жолдары

Дамыған елдерде акциз салығын жетілдіру арнайы объективті факторлардың әсерінен анықталады. Олардың қатарына өндірістік қатынастар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға мемлекеттің салық салу жүйесі арқылы әсер етуін жатқызуға болады. Салық табысындағы тұтыну мен оларды алу мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық барлық салық жүйесін құрудың негізгісі болып табылады. Дамыған елдерде мемлекеттік шығындарды азайту жолдары және салық түсімдеріне қажеттілікті қысқарту бағыттары тұрақты іздестірілуде.

Батыс экономистерінің ойы бойынша, барлық нарықтык, экономика елдеріне тән салықтық мәселелер мыналар:

1 Салық жүйесі салық төлеушілердің түсінуіне және салық органдарының тиімді басқаруына өте қиын. Бұл міндетті түрде артық әкімшілік шығындарға әкеледі және салықтардан жалтарудың неше түрлі тәсілдерін тудырады;

2 Жеке табысқа салық салу салықтың ауыртпашылықты әділетсіз бөлуді сипаттайды;

3 Салықтың жоғарғы ставкалары экономикалық шеішмдер қабылдауға кері әсер етеді. Бұл топқа енетін салық төлеушілердің жұмысқа ынтасы жоғалып, көлеңкелі экономика қыздырушылығын білдіреді және қор жинауда әртүрлі қиыншыпықтарға толы болады;

4 Салық салу кәсіпорындарыды қаражаттарды инвестициялауға және балансты экономикалық емес салықтық себептермен құруға мәжбүр етеді. Бұл күрделі қаржы салу мен шектелген ресурстарды бөлу сапасына кері әсер етеді.

Қазақстан әлі толығымен нарықтық экономикасы дамымаған, бұның бір себебін қаржы механизміндегі сапалық өзгерістердің тежелуін жатқызамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі акциздердің теориялық негіздері
Акциз салығының экономикалық мәні
Салық жүйесіндегі жанама салықтар
Қосылған құн салығының сипаттамасы
Табыстарға салынатын салық
Жанама салықтарды салудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстанның Республикалық бюджетіндегі жанама салықтар қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес Республикалық бюджетіндегі жанама салықтардың қалыптасуы мен басқаруының өзекті мәселелер
Акциздің экономикалық мәні
Жанама салықтар жүйесіндегі қосылған құн салығы
Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz