Өсімдіктердің экологиясы туралы жалпы түсініктер



1. Мал азықтық өсімдіктер ылғалға жəне өсу ортасына байланысты бөлінуі
2. Өсімдіктердің топыраққа қатынасы
3. Пайдаланған әдебиеттер:
Өсімдіктер экологиясы — өсімдіктердің өзара және ортамен қатынастарын зерттейтін экологияның және ботаниканың бөлімшесі.
Табиғи жайылымдар
Қазақстан орманға ғана емес, табиғи жайылымдарға да бай ел. Өсімдіктің біздің жерімізде 5700-дей түрі өседі. Оның 500-ден астам түрі қорғауды қажет етеді. Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу үшін 1981 жылы Қызыл кітап ұйымдастырылды. Оның мақсаты - жойылып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізілді. Солардың бірі- сиреп бара жатқан өсімдіктер (таушымылдық, аққызғалдақ т.б.) өскен жерлерді адам қамқорлығына алып, қорықтар ұйымдастырылды.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 9 ұлттық саябақ, 49 табиғи қорықша, 26 табиғат ескерткіші бар. Ал Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сирек кездесетін өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарына жатады. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігі нәтижесінде "Жас орманшылар", "Жасыл ел", "Жас эколог", "Жас натуралистер" ұйымдары жұмыс істейді. Олар- еліміздегі орман шаруашылығының белді көмекшілері.

Мал азықтық өсімдіктер ылғалға жəне өсу ортасына байланысты негізгі
төрт топтарға бөлінеді.
Мезофиттер (яғни, шалғындық өсімдіктер) даму кезеңдерінде орташа
ылғалдану жағдайында өсетін өсімдіктер. Су жайылғанда су астында 5-15
күнге дейін шыдайды. Көпшілік мезофиттер сапалы мал азықтық өсімдіктер,
өнімдері жоғары. Шалғындықтарда жəне суармалы жерлерде өседі. Оларға жататындар: астық тұқымдастардан – шалғындық бетеге, субетеге, шалғындық атқонақ, жима тарғақ, бидайық, көпжылдық үйбидайық, қылтықсыз арпабас (шалғындық түршесі) жəне басқалары; бұршақтұқымдастардан – жоңышқа, беде, шығыстың ешкішөбі, мүйізбас шөп.
Гигрофиттер – ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер. Су жайылғанда оның астында 35-50 күнге дейін шыдайды. Өзен алқаптарының шалғындарында, көлтабанды шалғындарда, су көп тұрып қалатын ойпат жерлерде өседі. Оларға жататындар: астықтұқымдастардан – кəдімгі бекмания, жатаған бидайық, т.б.
Гидрофиттер – суда өсетін өсімдіктер. Бұлар вегетативтік жолмен, тамыр кесінділерімен көбейеді. Оларға жататындар – қиыршығыстық көпжылдық күріш т.б.
Ксерофиттер – ылғалы жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктер. Ауа жəне топырақ құрғақшылығына жақсы шыдайды. Олар көбінесе құрғақ далалық, шөл жəне шөлейт аймақтарда тараған. Ксерофиттер күшті дамыған тамыр жүйелерімен ерекшеленеді жəне олардың жапырақтары аз ылғал жоғалтуға бейімделген келеді (жіңішке, ақ ұнтақты, түкті). Олар көбінесе көктемгі ылғалды жақсы пайдаланады. Жазда құрғақшылық кезеңінде өсуін тежейді.
1. Байрақымов С. Жемшөп өндіру.- Алматы, 1992.
2. Асанов К.А., Алимаев И.И. ж.б. Қазақстанның жайылым
шаруашылығы/.- Алматы «Ғылым», 1992.
3.Яндекс

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Өсімдіктердің экологиясы туралы жалпы түсініктер

Тексерген: Сагандыков С.Н
Орындаған: Жақанова Н.М
Тобы: АГ-313

Семей 2015ж
Жоспар:
1. Мал азықтық өсімдіктер ылғалға жəне өсу ортасына байланысты бөлінуі
2. Өсімдіктердің топыраққа қатынасы
3. Пайдаланған әдебиеттер:

Өсімдіктер экологиясы -- өсімдіктердің өзара және ортамен қатынастарын зерттейтін экологияның және ботаниканың бөлімшесі.
Табиғи жайылымдар
Қазақстан орманға ғана емес, табиғи жайылымдарға да бай ел. Өсімдіктің біздің жерімізде 5700-дей түрі өседі. Оның 500-ден астам түрі қорғауды қажет етеді. Сирек кездесетін өсімдіктерді сақтап қалу үшін 1981 жылы Қызыл кітап ұйымдастырылды. Оның мақсаты - жойылып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізілді. Солардың бірі- сиреп бара жатқан өсімдіктер (таушымылдық, аққызғалдақ т.б.) өскен жерлерді адам қамқорлығына алып, қорықтар ұйымдастырылды.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 9 ұлттық саябақ, 49 табиғи қорықша, 26 табиғат ескерткіші бар. Ал Алматы, Шымкент, Қарағанды, т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сирек кездесетін өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарына жатады. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігі нәтижесінде "Жас орманшылар", "Жасыл ел", "Жас эколог", "Жас натуралистер" ұйымдары жұмыс істейді. Олар- еліміздегі орман шаруашылығының белді көмекшілері.

Мал азықтық өсімдіктер ылғалға жəне өсу ортасына байланысты негізгі
төрт топтарға бөлінеді.
Мезофиттер (яғни, шалғындық өсімдіктер) даму кезеңдерінде орташа
ылғалдану жағдайында өсетін өсімдіктер. Су жайылғанда су астында 5-15
күнге дейін шыдайды. Көпшілік мезофиттер сапалы мал азықтық өсімдіктер,
өнімдері жоғары. Шалғындықтарда жəне суармалы жерлерде өседі. Оларға жататындар: астық тұқымдастардан - шалғындық бетеге, субетеге, шалғындық атқонақ, жима тарғақ, бидайық, көпжылдық үйбидайық, қылтықсыз арпабас (шалғындық түршесі) жəне басқалары; бұршақтұқымдастардан - жоңышқа, беде, шығыстың ешкішөбі, мүйізбас шөп.
Гигрофиттер - ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер. Су жайылғанда оның астында 35-50 күнге дейін шыдайды. Өзен алқаптарының шалғындарында, көлтабанды шалғындарда, су көп тұрып қалатын ойпат жерлерде өседі. Оларға жататындар: астықтұқымдастардан - кəдімгі бекмания, жатаған бидайық, т.б.
Гидрофиттер - суда өсетін өсімдіктер. Бұлар вегетативтік жолмен, тамыр кесінділерімен көбейеді. Оларға жататындар - қиыршығыстық көпжылдық күріш т.б.
Ксерофиттер - ылғалы жетіспейтін жерлерде өсетін өсімдіктер. Ауа жəне топырақ құрғақшылығына жақсы шыдайды. Олар көбінесе құрғақ далалық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология ғылымы туралы
Экология ғылымы
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экологиян ғылымының даму кезеңдері
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Экологияның негізгі бағыттары
Биология сабағында танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру
Пәндер