Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы:1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы. 2. Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар 3. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер. 4. Дауысты жане дауыссыз фонемалар
Орындаған: Қалиакбаров Ж. Б. Тексерген: Қалиева Самал Ерболқызы
Топ: Фи503
Семей 2015ж
1. Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс . Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Фонетиканың зерттейтіндері - тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.
2. Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.
«Жалпы фонетика тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді, басқаша айтқанда, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан фонетикалық құбылыстар мен фонетикадан тыс құбылыстардың себепті байланыстарын қарастыра отырып, тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді. »
Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді. :
Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді. М. Қазақ - орыс, қазақ - ағылшын т. б.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М. Терентьев жазған «Гармматикада» [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді. Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В. В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П. М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Октябрь революциясына дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В. Катаринскийдің. «Грамматика киргизского языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И. Лаптевтың «Материалы по казах-киргизскому языку» (Москва, 1900) және Н. Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын атап өтуге болар еді.
Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады.
Г. В. Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А. Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерттеу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда - тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.
2. Фонема (гр. phonema-дыбыс) - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.
Тілде, әдетте, біз ойлағаннан әлдеқайда көп әртүрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне топтастырылады. Мәселен, ат, ет, от, өт деген сөздерде біздің түсінігімізше бір-ақ «т» дыбысы бар.
Шынтуайтқа келгенде, дауысты дыбыстардың әсерімен ол бірде жуан( ат, от ), бірде жіңішке( ет, өт ), бірде еріндік( от, өт ), бірде езулік (ат, ет ) болып, біршама ауытқу, ерекшеліктермен немесе әртүрлі реңмен айтылады да, қызметіне қарай бір-ақ фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқу, рең тіл білімінде аллофон (гр. allos-басқа) деп аталады. Сондықтан сөз дыбыстан емес, фонемедан құралады десе де болады.
Фонема, сондай-ақ морфема туралы ілімнің алғаш(1870) негізін салған-орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ. Фонеманың көршілес келген әр түрлі фонемалардың тигізген әсеріне пайда болған реңкі к о м б и н а т о р л ы р е ң к деп аталады. Тіл білімінде фонема туралы мәселенің өзіне тән тарихы бар. Фонема туралы ілім орыс лингвистикасында өткен ғасырдын жетпісінші жылдарында пайда болған. Фонема теориясының алғаш негізін қалаған лингвист - орыс ғалымы и. Бодуен де Куртанэ (1845-1929) . Оның ғылыми - зерттеу жұмыстарының әр дәуірінде фнема туралы түсінік өзгеріп отырды. Мысалы, Бодуан де Куртанэ алғашында фонеманы этимология - морфологиялық құбылыс деп қараса, кейінгі кездерде фонемаға психологиялық анықтама береді. Бодуен де Куртенэнің фонема туралы ілімін ары қарай дамытқан оның шәкірті акад. Л. В. Щерба болды. Л. В. Щерба сөздер және формаларды ажырататын реңкі фонема деп атайды.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз - тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес. Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса, екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды. Мысалы:қырғыз, неміс, ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса, орыс, қазақ, татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды. Фонема дегенімізде тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп, морфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес. Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан - сән, сол - сөл, ар - әр т. б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ.
Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни жазылған тілді - сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту - жазудан көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ. 2. дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс - сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп - дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп - бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл - фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы - фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулікболып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады.
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.
3. Дыбыстық тіл күрделі болып табылатындықтан ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Дыбыстардың пайда болуы мен жасалуындағы ерекшеліктер акустикалық (физикалық) аспекті тұрғысынан акустикамен, белгілі бір дене мүшелерінің дыбыстарды жасауға қатысы тұрғысынан физиологиямен (анатомия) байланысты болып келеді. Сондықтан дыбыстардың табиғатын анықтауда аталған ғылымдарда пайдаланылатын әдістері қолданылады.
Экспериментті әдіс дыбыстардың акустикалық мінездемесін - күшін, қарқынын, созыңқылығын зерттейді. Сонымен қатар дыбыстардың артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек.
Экспериментті-фонетикалық әдіс арқылы қалыптасқан экспериментті (грекше - байқау, тәжірибе) фонетикада сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды пайдалану арқылы зерттеуде қолданылады.
Экспериментті-фонетикалық әдіс екі топқа бөлінеді:
1) акустикалық әдіс арқылысөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады;
2) физиологиялық әдіс (соматикалық әдіс) дыбыстар қандай дене мүшелердің қатысы арқылы жасалып тұрғанын, оның артикуляциялық ерекшеліктерін айқындайды.
Акустикалық әдіс 1) кимографтық әдіс; 2) осциллографтық әдіс; 3) спектрографиялық әдітерге іштей жіктеледі.
Соматикалық әдіс 1) палатографтық әдіс; 2) рентгенографиялық әдіс; 3) кинофотоға түсіру әдісі болып үшке бөлінеді.
Экспериментті фонетика қазіргі қазақ тіл білімінде де кең қолданылуда. Адамның қарапайым мүмкіндіктері сезіне алмайтын нәзік элементтер эксперименттік фонетиканың нәтижелері арқылы мүмкін болып, фонетиканың ғылым ретінде одан әрі дамуына зор ықпалын тигізіп отыр.
Фонетика саласында жоғарыда аталған әдістерден басқа әбден қалыптасқан қарапайым әдістер де қолданылады. Қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны, үндесу заңдылықтары және т. б. ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы жете қалыптасқан. Мысалы: біздің артикуляциялық базамыз қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді деген заңдылықты сақтауға бейімделген. Осындай көптеген тұжырымдар жасау байқау мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген.
4. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі . Дауыстылар мен дауыссыздар. Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде фонациялық ауа (сөйлеп тұрғанда шыққан ауа) : 1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; 3) фонациялық ауа баяу (лепсіз) шығады. Ал дауыссыздардың артикуляциясы мұнан басқаша болады. Дауыссыздарды айтқанда, фонациялық ауа: 1) кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; 2) тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі; 3) фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек болады.
Қандай бір тілде болсын, дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстар көп. Дауыстылармен салыстырғанда, дауыссыздардың классификациясы әлдеқайда күрделі. Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі - қатаң дауыссыздар , екіншісі - ұяң дауыссыздар . Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз.
Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы жиырылып қысылмаса және дауыстың қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады. Мысалы: қ, к, т, п, с және т. б. Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса, онда ұяң дыбыстар жасалады. Мысалы: ғ, г, д, б, з және т. б.
Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар түрлі тілдерде дауыстың қатысу немесе қатыспауы жағынан ажыратылады да, өз ара жұп-жұбымен айтылады. Тіл - тілде қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары, керісінше, ұяң дауыссыздардың қатаң сыңарлары бар. Мысалы: к-г, п-б, т-д, с-з, ф-в және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz