Семей полигонымен танысу



Жоспар

Кіріспе

1.1. Семей полигонымен танысу
1.2. Семей полигоны және қоршаған орта

2.1. Жер қыртыстарының құрамының бұзылуы және ауа, су ресурстарынң табиғи құрамының бұзылуы.
2.2. Ядролық қарудың тарихы
2.3. Атом бомбасының халыққа әкелген зардабы

3.1. Семей полигонын зерттеген ғалымдардың пікірлері
3.2. Ядролық радиацияның зияны мен аурулардың туғызуы

Қорытынды
Кіріспе

Адам өзінің әлдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре берді. Білген кезде тітіркенеді. Семей аймағы тұрғынының басынан да тап осындай ахуал өтті. Ол Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіндеп көтеріле беретін, саңырауқұлақ секілді алап бұлт пен жарық дүниенің ғажайып құбылысына ұқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі тұрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі ол үшін табиғаттың үйреншікті құбылысына айналды.
Уақыт озған сайын осы бір «түсініксіз көршіміз» мыңдаған дала тұрғындарының өмірін жалмады, бәлкім олар осы қасіреттің полигонмен байланысын санаға сіңіре алмаған болар, өйткені оның құпия сырын ешкім біле қоймаған болатын.
Адам осы байланыстың беті ашыла бастаған кезде барып тіксіне бастады. Бірақ тамызды тып-тыныш аспанында саңырауқұлақ секілді алапат бұлттың біртіндеп көтерілген кезінен бері қырық жыл өтіп кеткен еді.
Міне, сынақ күні де келді. Семей әуежайынан ауыр бомба тасушы көтерілді. Оның қоймасында сутегі бомбасы бар. Оның соңынан қорғаушы ұшақтар кетіп барады.
Команда пункті. Пультта – офицер. Оның жастау жүзінен міз бақпайтын тастүйіндік сезіледі. Бомба алып бара жатқан ұшақтан хабар берілуде. Ұшақ – тиісті бағытта. Жарылысқа үш минут қалды, сол сәтте нысананы бұлт жауып қалды. Ұшақ қалың бұлттың тұтқынынан сүңгіп шыға келді. Пульттағы аспаптар хабар берді: бомба тасталды. Офицердің даусы күңгірт естіледі:
- Жарылысқа 30 секунд қалды.
- Жиырма.
- Он секунд.
Сол кезде мыңдаған қоңырау бір мезгілде қағылғандай үрейлі үн естілді. 1500 метрлік биіктікте қуатты сутегі бомбасы жарылды.
Экранды аппақ бұлт жауып қалды. Бірнеше секунд өтпей ол қабаттасқан саңырауқұлаққа айналды. Оның қызыл күрең діңінде жалбыраған сұрғылт тақия пайда болды, оның үстінде ақ арай. Жан түршігерлік көрініс. Және ең қорқыныштысы – адам баласы өзі ойлап тапқан, солардың қолымен жасалған осынау көз арбайтын, тамаша саңырауқұлақтың алапат сұмдыққа айналатындығында. Ол ажалдың бейнесі.
Орасан қиратқыш күші бар соққы толқыны адам айтқысыз жылдамдықпен жүгіріп, жолындағаның бәрін жайпап өтеді: сәуле жарылғының әсерінен дала өртке оранады – от бәрін жалмайды.
Диктордың даусы болып жатқан көріністерді баяндауда:
- Эпицентрден тоғыз километр жердегі тас үйлер қатты қирайды. Жоғарғы қабаттарға қамалған жануарлар өліп қалды, төменгі қабаттағылары есеңгіреп қалған. Далада ұшақтар өртеніп жатыр.
- Сегіз километр қашықтықтағы жануарлар өлген, қатты күйген.
- Жеті километр - өнеркәсіп үйлер толық қираған.
- Алты – тұрғын үйлер үйіндіге айналған. Қирамаған үй жоқ.
- Бес – соққы толқыны салмағы ондаған тоннаға жететін танктерді ұшырып жіберген.
- Төрт – үш қабатты тас үйдің сынықтарын соққы толқыны бір километр жерге ұшырып әкетті.
Эпицентр аймағы. Жердің бетінде қуыстар пайда болды, топырақты алысқа айдап әкеткен, айналаның бәрі тып-типыл. Жер астындағы метро қуыстары сақталған. Мындаған жануарлар онша зардап шекпеген. Үш километр жердегі темірбетоннан жасалған паналау құрылысы зақымдалмаған. Эпицентрден 16 километр жердегі қала жартылай қираған .

Жоспар
Кіріспе
1.1. Семей полигонымен танысу
1.2. Семей полигоны және қоршаған орта
2.1. Жер қыртыстарының құрамының бұзылуы және ауа, су ресурстарынң
табиғи құрамының бұзылуы.
2.2. Ядролық қарудың тарихы
2.3. Атом бомбасының халыққа әкелген зардабы
3.1. Семей полигонын зерттеген ғалымдардың пікірлері
3.2. Ядролық радиацияның зияны мен аурулардың туғызуы
Қорытынды

Кіріспе

Адам өзінің әлдеқандай кеселге шалдыққанын сезгенге дейін алаңсыз жүре
берді. Білген кезде тітіркенеді. Семей аймағы тұрғынының басынан да тап
осындай ахуал өтті. Ол Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде
қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіндеп
көтеріле беретін, саңырауқұлақ секілді алап бұлт пен жарық дүниенің ғажайып
құбылысына ұқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі
тұрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі ол үшін табиғаттың
үйреншікті құбылысына айналды.
Уақыт озған сайын осы бір түсініксіз көршіміз мыңдаған дала
тұрғындарының өмірін жалмады, бәлкім олар осы қасіреттің полигонмен
байланысын санаға сіңіре алмаған болар, өйткені оның құпия сырын ешкім біле
қоймаған болатын.
Адам осы байланыстың беті ашыла бастаған кезде барып тіксіне бастады.
Бірақ тамызды тып-тыныш аспанында саңырауқұлақ секілді алапат бұлттың
біртіндеп көтерілген кезінен бері қырық жыл өтіп кеткен еді.
Міне, сынақ күні де келді. Семей әуежайынан ауыр бомба тасушы
көтерілді. Оның қоймасында сутегі бомбасы бар. Оның соңынан қорғаушы
ұшақтар кетіп барады.
Команда пункті. Пультта – офицер. Оның жастау жүзінен міз бақпайтын
тастүйіндік сезіледі. Бомба алып бара жатқан ұшақтан хабар берілуде. Ұшақ –
тиісті бағытта. Жарылысқа үш минут қалды, сол сәтте нысананы бұлт жауып
қалды. Ұшақ қалың бұлттың тұтқынынан сүңгіп шыға келді. Пульттағы аспаптар
хабар берді: бомба тасталды. Офицердің даусы күңгірт естіледі:
- Жарылысқа 30 секунд қалды.
- Жиырма.
- Он секунд.
Сол кезде мыңдаған қоңырау бір мезгілде қағылғандай үрейлі үн естілді.
1500 метрлік биіктікте қуатты сутегі бомбасы жарылды.
Экранды аппақ бұлт жауып қалды. Бірнеше секунд өтпей ол қабаттасқан
саңырауқұлаққа айналды. Оның қызыл күрең діңінде жалбыраған сұрғылт тақия
пайда болды, оның үстінде ақ арай. Жан түршігерлік көрініс. Және ең
қорқыныштысы – адам баласы өзі ойлап тапқан, солардың қолымен жасалған
осынау көз арбайтын, тамаша саңырауқұлақтың алапат сұмдыққа
айналатындығында. Ол ажалдың бейнесі.
Орасан қиратқыш күші бар соққы толқыны адам айтқысыз жылдамдықпен
жүгіріп, жолындағаның бәрін жайпап өтеді: сәуле жарылғының әсерінен дала
өртке оранады – от бәрін жалмайды.
Диктордың даусы болып жатқан көріністерді баяндауда:
- Эпицентрден тоғыз километр жердегі тас үйлер қатты қирайды.
Жоғарғы қабаттарға қамалған жануарлар өліп қалды, төменгі
қабаттағылары есеңгіреп қалған. Далада ұшақтар өртеніп жатыр.
- Сегіз километр қашықтықтағы жануарлар өлген, қатты күйген.
- Жеті километр - өнеркәсіп үйлер толық қираған.
- Алты – тұрғын үйлер үйіндіге айналған. Қирамаған үй жоқ.
- Бес – соққы толқыны салмағы ондаған тоннаға жететін танктерді
ұшырып жіберген.
- Төрт – үш қабатты тас үйдің сынықтарын соққы толқыны бір километр
жерге ұшырып әкетті.
Эпицентр аймағы. Жердің бетінде қуыстар пайда болды, топырақты алысқа
айдап әкеткен, айналаның бәрі тып-типыл. Жер астындағы метро қуыстары
сақталған. Мындаған жануарлар онша зардап шекпеген. Үш километр жердегі
темірбетоннан жасалған паналау құрылысы зақымдалмаған. Эпицентрден 16
километр жердегі қала жартылай қираған .
Жалпы қорытынды: жарылыс орталығынан 80 километр жердегі үйлердің
шатырлары, есіктері, терезелері зақымданған, сылақтары түскен. Сондай
жағдай 120-220 километр жердегі елдер мекендерде де болған.
Радиоактивтік, атом және оның ядросының құрылымы сияқты аса ірі
жаңалықтармен қатар, өткен жүзжылжықтың аяғында басталған жаратылыстану
ғылымдағы жаңа кезең, табиғат туралы еске көзқарасты түбірімен өзгертті.
Ол адамзатты дамудың жаңа сатысына көтерді, сонымен бірге оның табиғат
және жалпы адамзат байлықтары алдыңдағы жауапкершілігін де көтерді.
Енді жаңа проблема – біздің қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселесі тұрды: ядролық реакция энергиясының әсерінен тірі
клеткалардың ыдырайтындығы сол кездің өзінде-ақ белгілі болған. Енді
өмірдің өзін және ол тіршілік ететін ортаны қорғау секілді аса үлкен
жауапкершілік пайда болды. Соған қарамастан атом энергиясын зерттеу және
пайдалану тәрізді жаңа басталған процесс тоқталмас арнаға түсті.
Мәселе тек кімнің алда, кімнің кейін келе жатқандығында еді. Ғылыми
милардың Европадан Америкаға ауып кетуінің нәтижесінде, екінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында
бірінші ядролық қарудың сынауды Америка Құрама Штаттары 1946 жылдың 16
шілдесі күні Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 Августа,
Жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сұрапыл қиратқан күші
бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат американ әскерлерінің
қылығына жағаларын ұстады.
Ұлы Отан соғысы аяқталысымен, соғыста қираған халық шаруашылығын
қалпына келтіруді қарамастан, еліміздің басшылығы өте қысқа мерзім ішінде
атом проблемасын шешпек болды да, сол арқылы АҚШ-ты атом қаруына
жекедаралықтан айырды.
Тиісті жобалау және өндірістік ұйымдар мен ведомостволарға орасан
мүмкіндіктері бар американ ғалымдары бес жылдан астам уақыт ішінде атқарған
істі бір жарым жылда аяқтауды міндеттейтін үкімет қаулысы қабылданды.
1946 жылдың басында ССРО Министрлер Советінің жанынан тиісті Бас
басқармалары құрылды, олардың міндеттеріне уран кендерін іздеп табу,
өндіру, өңдеу, бөлінетің материалдардың технологиясы мен өндірісін, сондай-
ақ атом бомбасының конструкциясын жасау жұмыстары кірді. Бұл Главкаларға
басшылықты И. Сталиннің өзі жүзеге асырды.
Жоспарлы шаруашылық және сол кезеңдегі мемлекетті өркендетудің басты
бағыттарында орасан мол материалдық және адам күші ресурстарын
шоғырландыру, соғыс кезіндегі қиын жылдарда да, соғыстан кейінгі жылдарда
да жаңа атом индустриясын жедел құруға мүмкіндік береді.
Атом индустриясын жасауда аса дарынды физиктар, конструкторлар және
тамаша ұйымдастырушылар таңертеңнен түн жарымға дейін еңбек етті. Бұған,
бір жағынан, Отанға деген сүйіспеншілік, шынайы патриотизм және, екінші
жағынан - өз ақылың мен дарыныңды көрсетуге деген табиғи ұмтылыс
итермеледі. Нақ осындай мемлекеттік және жеке бас мүдделерінің
үндестігінен, дәуір мен елге қарамастан жалпы адамдық байлықтар құралды.
1946 жылдың 25 желтоқсанында ССРО мен Европада тұңғыш рет И.В. Курчатов
өз көмекшілерімен бірге бірінші реакторда уран бөлінуінің бағыттағыш
тізбекті реакциясын жүзеге асырды.
1947 жылдың 21 тамызында ССРО үкіметі өзінің арнайы қаулысымен атом
ғылыми – зерттеу полигоның құру туралы шешім қабылдады. №2 жаттығу
полигоны деген шартты ат берді.
Полигон құруға басшылықты ССРО қарулы күштері бас штабының арнайы бөлім
жүзеге асырды. Полигонның барлық қызметін бағыттап отыруды және тікелей
басшылықты И.В. Курчатов қолға алды.
И.В. Курчатовқа және басқаларға полигон құрылысы үшін диаметрі
шамасымен 200 километрдей болатын жер таңдау тапсырылды. Келешек полигон
темір жол мен жұмыс істеп тұрған аэродромнан 200 километрден алыс болмауға
және автомобиль көлігіне қолайлы жерде орналасуы керек еді.
Көзімен көргендердің сөзіне қарағанда талай жерлер зерттелсе керек.
Содан Семей қаласына жақын жердегі қазақ даласына тоқталыпты: шексіз
жазықтық, ол кезде халық аз қоныстанған, орталықтан аулақ және сонымен
бірге қасында – су мол Ертіс, темір жол мен автомобиль жолдары, аэропорт.
Осындай және басқа да факторлар ядролық сынақ полигонын салуға өте ыңғайлы
болып шықты.
Оны салуға арналған алаңның өзі диаметрі шамамен 30 километр келетін,
оңтүстігінен, батысынан және солтүстігінен аласа (200 метрге дейін) таулар
қоршаған жазықтық – сынақшылардың ойынша тамаша жер, сынақтар жүргізуге өте
ыңғайлы жағдай жасау үшін табиғаттың өзі дайындап қойған сияқты.
Бұл кезде Орал қалаларының бірінде ғалымдардың үлкен тобы ядро зарядын
зор қарқынмен жасап жатқан. 1946 жылдаң маусымында- ақ Ю. Харитон бірінші
атом бомбасының конструкциясын Министрлер Советінің бекітуіне ұсынған
болатын. Алайда Сталин қол қойған үкімет қаулыларында плутон нұсқасына 1948
жылдың басында және уран нұсқасына – 1948 жылдың ортасында кешіктірмей
сынақ өткізу керек деп белгіленген атом бомбасын жасау мерзімдері асығыстық
болып шықты. Бірақ бірінші сынаққа дайындық жұмыстарының қарқынды
жүргізілген сонша, 1949 жылдың 6 шілдесінде ол әзір болды.
Шілденің аяғында мемлекеттік комиссия полигон объектілерін
құрылысшылардан қабылдап алды және аппаратуралық компекстер мен барлық
жұмыстардың сынаққа дайын тұрғанын анықтады.
Полигонның тұтастай алғанда дайын екендігі үкіметке баяндалды және
сынақ өткізуге мақұл деген рұқсат алынды.
Жабдықтар мен және зарядтың өзі мен қос Оралдан Семейге бірінші атом
бомбасы жасаушылардың үлкен тобы келді.
Полигонды салу және сынақтар өткізуге байланысты жұмыстардың бәрі аса
қатаң құпия жағдайда орындалды. Осы мақсат үшін әскери инженерлік
бөлімшелердің мерзімдік қызметіндегі офицерлері мен солдаттар іссапармен
келіп жатты. Әскери емес ерікті құрам болған жоқ. Әрбір жұмыс тобы тек өз
міндеттерін ғана білді және бір-бірлерімен мүлдем қатыстырылмады.
Полигондағы тәртіп қызметін 1953 жылы Бериямен қоса атылған генерал –
лейтенант П.Я. Мешик басқарды.
ССРО- да бірінші атом бомбасын жасаушылардың бірі өз естеліктерінде бұл
адам туралы былай деп жазады: Рас, онымен біздің пәлендей жұмысымыз болған
жоқ, бірақ оның шамалы уақыт бір жерге барып келген өз шоферын қыспаққа
алғанын көзіміз көрді. Ол әлгі шофердың тұмсығына пистолетін тіреп: Сен
қанда жоғалып кеттің малғұн? деп сұрады.
Тамыз бойы өте ыстық әрі қуаң болды. 28-күннің кешінде ауа райы бірден
өзгерді: солтүстіктен жел соқты, күн кенеттен салқындап кетт, аспанды бұл
жапты, жаңбыр сіркіреді де тұрды. Осы бір құрып кеткір ауа райы, қасақана
қырсыққандай түнімен тұрып алды, ол таңертең де өзгерген жоқ. Төмен шөккен
қалың бұлт жарылыстан соң радиоактивті ауадан доза алу үшін ұшырылатын
ұшқышсыз басқарылатың самолетке кедергі келтіретін еді.Табиғат алдағы
жарылысты болдырғысы келмегендей. Сынақ басшылығы ауа райының жақсартуынан
үміттеніп, алғашқы оны 7.00-ден 8.00-ге шегеруге шешім қабылдады. Бірақ ауа
райы болжаушылардың хабары үміттенерліктей болмады.
Сондықтан жарылысты таңертеңгі сағат 7.00-де өткізуге, ал басқарылатын
самолеттерді жібермеу жөнінде шешім қабылдады. 1949 жылдың 29-тамызда
ертемен сынақ өткізелетін Ш алңындағы үш дүркін қайталанған үлкен
репетициядан кейін, И.В. Курчатов жарылысты жүргіуге жазбаша нұсқау берді.
Диктордың қатаң даусын секундтарды санап шықты Ноль деген кезде жер
оқыс шайқалып кетті, оған құлақты жаратын сұмдық күшті соққы, шатырлаған,
күңіренген үн жалғасты. Осының бәрі бірнеше секундқа созылды, содан соң
бәрі тына қалды.
Құпия жария болды. Семей маңындағы полигонда биіктігі 30 метрлік мұнара
үстінде жазғы күнгі даланы ұйқысынан оятқан қуаты 20 килотонн бірінші атом
жарылысы болды.
Аспанды алып нажағай тіліп өтті, жер үстінде жарқ ете қалған екінші
күннің сәулесін қалың бұлт та бүркей алмады.
Биіктігі 7 километрден асатын шаң – газ аралас саңруақұлақ тәрізді бұлт
пайда болды. Даланың сарғайған шөптері қудай лап етіп жаңа бастады, даланы
өрт қаптады.
Табыс ойдағыдай аталып өтті. 30-тамыз Ш алаңында, қонақ үй мен
казармалар түн ортасына дейін дабырласқан дауыстар, шырқалған әндер естіліп
жатты, бірақ, әдептен асқан жоқ.
Сонымен ССРО-да жарылыс қуатты 20 мың тонна тротилға тең бірінші атом
бомбасы жасалды. Оның американікіне қарағанда жақсы параметрлері болды. АҚШ-
тың атом монополиясы аяқталды. Біздің еліміздің атом шабуылын жасуа қауіпі
алынды.
Ол жылдары Америка жағы ССРО-ның өнеркәсіпті орталықтары мен қалаларына
орасан үлкен ядролық соқылар беруді әлденеше жоспарлаған болатын. Тағдыр
оны жазбапты: енді соққыға дәл сондай соққымен жауап беруге болатын еді.
Бірінші атом бомбасын осынша қысқа уақыт ішінде, тақыр жерден әрі
нөлден бастай отырып, ойдағыдай жасап шығару, ең бастысы, осындай үлкен
маңызды істің басында И.В. Курчаков бастаған аса дарынды ғалымдардың,
инженерлердің, технологтардың, конструкторлардың тұруы себеп болды.
Сонымен бірге дәл сол сағаттан, атап айтқанда елімізді ядролық қарудың
жер бетінде бірінші рет ойдағыдай сынақтан өткізген, 1949 жылғы 29 тамыздың
таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап, Семей даласының қасіреті басталды.
Бірінші атом бомбасын жасаушылардың бірі өз естеліктерінде былай деп
жазады: Жарық сәулесіне тап болған дала бүркіттері мен қырандарына қарау
сұмдық аянышты көрініс болды: бір жақ қанаттары көмірдей болып күйіп
қалған, көздері ағарып кеткен олар телефон желісінің сымдарында отыр және
біз жақындап барғанда орындарынан қозғалған да жоқ.
Тамыз – астық жинап, шөп шабатын мезгіл. Бірінші атом жарылысының
радиоактивті ыдырау бөлшектері шаң-тазаң араласып аймақтың барлық елді
мекендерін басып қалды. Оның зұлмат жаңғырығы көршілес облыстардан асып,
РсФСР-дың Алтай өлкесіне дейін жетті.
Бәлкім, ол кезде бұл қасіреттің ғаламат үлкен аумақты қамтитынын
сынақшылардың өздері білмеген шығар, әлде полигонмен қатарлас өмір сүріп
жатқан адамдардың тағыдырына олар мүлдем немқұрайдылықпен қарады ма екен?
Бүгінде біз бір нәрсені ғана білеміз: халық жарылыстың болатының білген
жоқ, оларға ешкім ескерткен жоқ және қауіпсіз жерге шығару жөнінде ешкімнің
қамқорлық жасаған жоқ.
Бірінші атом зарядын полигонға жөнелтпестен бұрын оның энергетикалық
параметрлерін, габариттерін, салмағын жақсарту туралы ұсыныстар болған.
Бірақ ұысыныстардың ешқайсысы қабылданбады, уақыт асықтырды. Бірінші атом
бомбасын сынаған соң, одан гөрі жетілдірілген конструкциядағы ядролық
зарятар жасауға бекіндік.
1953 жылдың 12 тамызында халық қатты тітіркеністі бастан өткерді.
Биіктігі 33 метрлік мұнара басында қуаты 480 килотоннаға тең термоядролық
жарылыс өткізілді. Диаметрі 16 километрлік саңырауқұлақ тәрізді шаң-тозаң
бұлт 16 аилометр биікке көтерілді. Ондаған мың тұрғындарды 9 күнге
эвакуация жасап басқа жаққа көшіріп апарды. Қам кірпіштен салынған тұрғын
үйлер мектептер және басқа да ғимараттар қирап қалды, жарылыс эпицентрінен
130 километр жердегі облыс орталығында терезе әйнектер ұшып кетті, көптеген
үйлердің қабырғалары жарылды.
1955 жылдың 22 қарашасында бірінші сутегі бомбасы сынақтан өтті, оның
қуаты бірінші сутегі жарылыснан әлде қандай күшті еді. Бұл жарылыс 1500
метрлік биіктікте өткізілді. Биіктігі 18 километр болатын саңырауқұлақ
тәрізді алып шаң-тозаң бұлт аспанға көтерілді. Ядролық күннің сәуле
шашқаны сонша, тіпті ол жүздеген километр жерден анық көрінді, ал толқын
соққысы 500 километрлік қашықтықтан сезілді.
Осы оқиғалардың куәсі болған адамдар былай деп әңгімелейді.
Темірханов К.З., жарылыс эпицентрінен 130 километр жердегі Бесқарағай
ауданына қарасты Семиярка селосының тұрғыны.
Бірінші сутегі бомбасын сынаған кезде мен 17 жаста едім, 10-класта
оқитынмын. Әскерилер келді де, егер дабыл беріле қалса, бәрің де дереу
селоның сырт жағына шығып, жыраға жата қалындар, бастарынды көтермендер,
есікті, терезелерді, пештің мұржаларын жауып тастаңдар деп үйретті. Сонымен
дабыл қағылды. Жұрт селоның сыртына қарай жүгірді. Алдымен 3 самолет
көрінді. Олар үш айналып шықты, кенет – күннен күшті сәуле жарқ ете қалды,
сатыр-сұтыр, толқын жүріп өтті. Ол екі қабатты мекетепті пышақпен кескендей
жайнап өтті, кейін әскенлер бірінші қабатын қалпына келтірді, әлі тұр.
Селода не болмады дейсіз: мысықтар мен иттер жандары шошып беталды қашты,
сиырлар мөніреп азан-қазан болды, үйлердің терезелері ұшып-қшып түсті,
пештерінің мұржаларын жауып үлгермеген үйлердің іші –күл мен тозаң әр
жерден өрт шықты, адам айтқысыз көрініс...
1956-1958 жылдары полигонда үсті – үстіне сынақтар өткізілді, ол
ядролық қару – жарақтың жаңа типтерін жасауға мүмкіндік берді.
1959-1960 жылдары жарылыс болған жоқ.
1961-1962 жылдары сынақтар жиірек өткізілді. Жылына ауа да және жер
бетінде 40-50 жарылыс болып тұрды.
1963 жылы ССРО, АҚШ және Ұлыбритания араларында ядролық қаруды
атмосферада, космоста және су астында сынаудан шектеу туралы келісімге қол
қойды. Жер бетіндегі және ауадағы ядролық жарылыстар тоқтатылды. Келісім
Биосфераның радиоактивті ластанудың азайтты, бірақ ядролық қарулар шығару
бәсекесін тоқтатқан жоқ. Семей полигоны өз жұмысын белсенді түрде жүргізе
берді. Келісім ядролық жарылыстарды тек жер астына алып кетті.
ССРО-да жер астындағы жарылыстарға дайындық 1959 жылы басталған
болатын. Бірінші рет ядролық зарядты 200 метр тереңдіктегі көлбей қазылған
кеңістіктесынау 1961 жылы өткізілді. Тек 1965 жылдан бастап сынақтар 500
метр және одан да терең тік қазылған кеңістіктерде қуаты аздау және
шектеулі зарядтар сыналды, ал тік қазылған шахталардағысынақтар қуаты 150
килотонға дейін барды.
1965 жылдың қаңтарында Шаған мен Ащысу өзен дерінің қосылған жеріндегі
далада жерді жарып шығатын ядролық жарылыс жасалды - әскери ведомоство
кезекті эксперимент ретінде қолдан көл жасамақ болған. Тереңдігі 100
метрдей, диаметрі 400 метрлік ондай көл пайда болды да кең даланың төсінде
айнадай жарқыраған көгілдір су қоймасы бір көргенде қатты қызықтырады. Ал
шын мәнінде, халық тауып айтқандай, өлі көл өзінің жұмбақтығын мен
қорқынышты болатын. Ол маңнан өтетін ескі жолдар жабылды, су қоймасы
қоршалды. Жарылыс үлкен аумақты бөлінгіш заттармен ластады.
1949-1963 жылдар – бұл Семей полигонында ядролық қаруды ашық дерде
сынаған кезең. Осы жылдары ішінде қанша ядролық жарылыс өткізілген
белгісіз. Әр түрлі цифрлар бар.бізге бұл жерде 1963 жылға дейін 200-ге жуық
жер үстінде және ауада жарылыстар болғаны белгілі. Полигон басқа цифрларды
атайды, ауада 138 және жер бетінде 28 ядролық жарылыс болған дейді.
Шынтуайтын келгенде, мұнда да көп ауытқушылық жоқ. Полигон атап отырған
цифр полигон төңірегіндегі халықтың денсаулығын біржола жойып тынуға жетіп
жатыр.
Қазақ ССР Ғылым академиясы жоғарғы энергиялар институтының деректері
бойынша, Семей полигонында атмосферада және жер бетінде сыналған ядролық
зарядтардың қосынды қуаты Хиросима бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып
түседі екен.
1963 жылдан 1988 жылға дейін, бір жарым жылдық мараторийді қоспағанда,
жерасты сынақтары жиі-жиі – жылына 14-18 сынақтан өтіп отырады. 1989 жылғы
әңгіме өз алдына бөлек. Жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс өткізілген.

Полигоның бірінші атом бомбасын іргелес аудандарда және Семей қаласында
400 мыңнан астам адам тұратын кезде сынады.
Ол ол ма, 1963 жылға қараған кезде аймақтың халқы 650 мың адамға дейін
өсті, ал сынақ барған сайын күшейе түсті.
Радиологиялық диспансердің мәліметтері бойынша жер бетінде өткізілген
бірінші атом жарылысынан 70 мың адам радиациялық сәулеге ұшырады.
1949-1963 жылдар кезеңінде 500 мыңнан астам адам кәдімгі ядролық
жарылыстар жағдайында иондаушы радиацияның күшті және созылмалы сәулесіне
көп-көп рет тап болды.
50-ші жылдардың басында ССРО денсаулық сақтау министрлігі ешқандай
негізсіз, мәселенің әділеттік жағын ескерместен, полигон төңірегінде
тұратын халықтың иондауншы радиация сәулесіне ең көп ұшырау деңгейі –
жылына 50 бэрге дейін болсын деген бұйрық шығарды. Бұл бұйрық іс жүзінде
сынақшыларға халықтың радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі шараларды
ескермеседе болады деген рұқсат еді, адамгершілікке жатпайтын. Және де
мұндай мөлшерде елді мекен тұрғындары бір-ақ тәулікте алады, ал 150-250 бэр
сәуле адам ағзасында (организмінде) бір айда жинақталады. Мұны қалай
түсінуге болды? Адамның бір жыл ішінде алатын табиғи сәуле мөлшері 0,14-070
бэр, немесе 70-жылдық өмірде – 10 бэрден 50 бэрге дейін. Соңғы кезде біздің
елімізде адам денсаулығына елеулі зиян келтірмейтің сәуле мөлшері 70 жыл
өмір үшін 35 бэрден аспауға тиіс деп бекітілген. Ал кейбір дамыған елдерде
бұл мөлшер 10 бэрден аспауға тиіс делінген. Осыған қарағанда жоғарыда
айтылған мөлшер ешбір адамгершілікке жатпайды.
Әрине, мұндай жағдайда халықты радиациядан қорғау туралы әңгіме болуы
да мүмкін емес. Көптеген жылдарға созылған, ашық ауада үсті-үстіне
өткізілген жарылыстар кезінде бір – екі рет қана кейбір поселкалардың
тұрғындары қауіпсіз дейтін жерлерге шығарылған екен.
Мұның өзі жартылай қарастырылған шара, көзбояу ғана болатын. Халықтың
көшірумен полигонның арнайы бөлімдері, көп жағдайда поселкелік Советтер
шұғылданды. Көргендердің айтуынша, адамдарды тасымалдайтын машиналар аз
болған, асығыстық пен үрей үстінде көп адамдар кетіп үлгермеген... Бірақ
жолы болғандардың өзін ионданушы радиация сәулесінен айтарлықтай қорғау
мүмкін болмаған. Оныншы күні халық от жаққан жерлеріне қайта оралып,
радиоактивті тозаңдар уланған жерлерде күнделікті тіршіліктерін жағастырып
отырған. Радиация мөлшері 40-50 мың микрорентгенге жететін, ал қалыпты
жағдайда 15-18 микротентген. Радиация адам ағзасын (организмін) зақымдай
отырып, оның генетикалық қорына кіреді.
Семей химия заводтары, металлургиялық өндірістер болған жоқ, бірақ
бұған қарамастан облыста аурудың көбеюін жалпы эколгияның бұзылуымен
түсіндіруге тырысты.
Денсаулық сақтау мекемелерінің ресми статистикасы бізге ештемеде
бермейді, денсаулық сақтау министрлігі, тәрізі, радиоактивті тозаңдардың
жаууына байланысты болар, арнайы медициналық мекеме - Өскемен қаласының №3
диспасерін ашады. Алайда ол небәрі 1,5 жыл жұмыс істейді.
1957жылдың наурызында Семейде №4 диспансер құрылды. Оның міндеттері:
полигонға іргелес аймақтарда тұратын адамдардың денсаулығын зерттеу және
Семей аймағындағы радиациялық – гигиеналық жағдайды бақылауға алу.
Жылдар өтті, полигонда сынақтар қарқынды жүріп жатты, ал кадрлар мен
жабдықтар жеткіліксіз диспансер өз міндеттерін ойдағыдай орындай алмады.
Тек 1961-1962 жылдарда ған ол кадрлар мен толықтырылып, приборлармен және
жабдықтармен жарақтандырылды – аз болса да, алға қойған өз міндеттерін
орындауға кірісті. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей полигонымен шекаралас елді мекендердегі ауыз су және табиғи судың сапалық көрсеткіштері
Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы
Семейдегі ядролық полигон сынақтары және оның зардаптары
Биотехнология және қоршаған ортаны қорғау
Алғашқы дәрігерлік көмек
Қазақстанның экологиялық проблеммалары
Семей ядролық полигоны туралы
Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы жайлы
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі
Пәндер