Жолаушы тасымалдарын жақсарту жолдары



1. Жолаушы тасымалы
2. ШҚО.ғы жолаушы тасымалы бойынша көрсеткіш
Жолаушы тасымалы – көлікпен жолаушылар тасымалдау жұмысы. Жолаушы тасымалы магистральдық (темір жол, азаматтық авиация, автобус, теңіз, өзен қатынастары) және қала (метрополитен, трамвай, троллейбус, жеңіл автомобиль) көліктерімен жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалы қашықтығы мен жылдамдығына және көлік түрлерінің ерекшелігіне қарай ажыратылады. Темір жол көлігінде тасымалдау қашықтығына байланысты ол жергілікті жолаушы тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы, алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, болып, жылдамдығына қарай жай жолаушы тасымалы және жүрдек жолаушы тасымалы болып бөлінеді. Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала ішіндегі, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді. Әуе көлігінде алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, жергілікті жолаушы тасымалы, халықаралық жолаушы тасымалы деп, теңіз көлігінде жай жолаушы тасымалы, жүрдек жолаушы тасымалы, экспресс жолаушы тасымалы болып ажыратылады. Өзен көлігімен жолаушы тасымалының қалааралық, қала маңындағы, жергілікті және транзитті түрлері бар. Жолаушы тасымалы жұмысының көлемін жолаушы айналымы дейді. Ол жолаушы-километрмен өлшенеді, яғни жолаушыларды 1 км қашықтыққа тасымалдау жолаушы айналымының өлшем бірлігі болып табылады. Ол көлік түрлері, тасымал бағыты, т.б. бойынша бөлек-бөлек есептеледі. Қазақстанда 1999 жылмен салыстырғанда жолаушы тасымалы 2000 жылы 7%-ға көбейді. Жалпы пайдаланудағы көліктің жолаушы тасымалы 2000 жылы 20 млрд. жолаушы/км болды. Жолаушы тасымалдайтын барлық көлік түрлерінің ішінде автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы ерекше орын алады. Қазақстанда 2000 жылы оның үлесі 74% болды. 2001 жылдың соңғы 9 айында темір жол көлігінде 21,3 млн. адам, автомобиль көлігінде 664,5 млн. адам, өзен көлігінде 0,1 млн. адам, әуе көлігінде 0,8 млн. адам тасылды. Қазақстанды ТМД елдерімен және Батыс Еуропа мемлекеттерімен байланыстыратын 100-ден астам тұрақты маршруттар ашылды. Жолаушы тасымалының халықаралық желісін ұлғайту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы:Жолаушы тасымалдарын жақсарту жолдары

Тексерген: Жумадилова Г.А
Орындаған: Абдрахманова А.Н
Тобы: ОП-215

CЕМЕЙ - 2015

Мазмұны:
1. Жолаушы тасымалы
2. ШҚО-ғы жолаушы тасымалы бойынша көрсеткіш

1. Жолаушы тасымалы
Жолаушы тасымалы - көлікпен жолаушылар тасымалдау жұмысы. Жолаушы тасымалы магистральдық (темір жол, азаматтық авиация, автобус, теңіз, өзен қатынастары) және қала (метрополитен, трамвай, троллейбус, жеңіл автомобиль) көліктерімен жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалы қашықтығы мен жылдамдығына және көлік түрлерінің ерекшелігіне қарай ажыратылады. Темір жол көлігінде тасымалдау қашықтығына байланысты ол жергілікті жолаушы тасымалы, қала маңындағы жолаушы тасымалы, алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, болып, жылдамдығына қарай жай жолаушы тасымалы және жүрдек жолаушы тасымалы болып бөлінеді. Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы қала ішіндегі, қала маңындағы, қалааралық және халықаралық болып бөлінеді. Әуе көлігінде алыс қашықтықтық жолаушы тасымалы, жергілікті жолаушы тасымалы, халықаралық жолаушы тасымалы деп, теңіз көлігінде жай жолаушы тасымалы, жүрдек жолаушы тасымалы, экспресс жолаушы тасымалы болып ажыратылады. Өзен көлігімен жолаушы тасымалының қалааралық, қала маңындағы, жергілікті және транзитті түрлері бар. Жолаушы тасымалы жұмысының көлемін жолаушы айналымы дейді. Ол жолаушы-километрмен өлшенеді, яғни жолаушыларды 1 км қашықтыққа тасымалдау жолаушы айналымының өлшем бірлігі болып табылады. Ол көлік түрлері, тасымал бағыты, т.б. бойынша бөлек-бөлек есептеледі. Қазақстанда 1999 жылмен салыстырғанда жолаушы тасымалы 2000 жылы 7%-ға көбейді. Жалпы пайдаланудағы көліктің жолаушы тасымалы 2000 жылы 20 млрд. жолаушыкм болды. Жолаушы тасымалдайтын барлық көлік түрлерінің ішінде автомобиль көлігімен жолаушы тасымалы ерекше орын алады. Қазақстанда 2000 жылы оның үлесі 74% болды. 2001 жылдың соңғы 9 айында темір жол көлігінде 21,3 млн. адам, автомобиль көлігінде 664,5 млн. адам, өзен көлігінде 0,1 млн. адам, әуе көлігінде 0,8 млн. адам тасылды. Қазақстанды ТМД елдерімен және Батыс Еуропа мемлекеттерімен байланыстыратын 100-ден астам тұрақты маршруттар ашылды. Жолаушы тасымалының халықаралық желісін ұлғайту бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.

2. ШҚО-ғы жолаушы тасымалы бойынша көрсеткіш
Облыста автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы 344 тұрақты бағыттарда жүзеге асырылады, соның ішінде 156 -- қалаішілік, 155 -- облысішілік қалааралық және қала маңындағы бағыттар, 15 -- облысаралық және 18 халықаралық бағыттар. Халықаралық бағыттар Ресей Федерациясының Барнаул, Новосибирск, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск қалаларымен, ҚХР-ның Үрімші қаласымен, Монғолияның Баян-Үлгей қаласымен, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Бішкек қалаласымен байланысты қамтамасыз етеді.
2009 жылы облыстық автомобиль көлігімен 1127,1 млн. жолаушы тасымалданды, ол 2008 жылмен салыстырғанда 1,03% жоғары. Көліктің жолаушы ағымы 9774,2 млн. жолаушы км құрады, бұл 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 101,4 % құрайды.
2010 жылғы қаңтар айында 88185,52 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2009 жылғы қаңтардан 10,2 % жоғары. Қаңтардағы жолаушы ағымы 797,9 млн. жолаушы км құрады, бұл 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 116,2 % құрайды. Жергілікті атқарушы органдармен облыстық қалалар мен аудандарда тұрақты жолаушылар тасымалының мониторингі жүргізіледі, аталған мониторинг халықтың автокөлік қызметіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге және жолаушы көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жолданған. Облыс тұрғындарына қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2009 жылы тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сервистік қызмет
«Автомобиль тасымалдары» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Көлік жүйесі – экономикалық өрлеудің негізгі факторы
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Темiр жол саласы
Теміржол көлігі Қазақстанның экономикасының рөлі
Авто тасымалдауды және авто жөндеу кәсіпорындарында өндірістік бағдарламалар жоспары
Теміржол көлігінің қазақстандағы экономикалық рөлі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КӨЛІК СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Пәндер