Картаның номенклатурасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Картаның номенклатурасы».
Орындаған: Жолдыбаев А.
Тексерген: Аубакирова С. М.
Тобы: ГК-407
Семей -2015 ж.
Жоспар
- Кіріспе
Картаның номенклатурасы
- Негізгі бөлім:Карталар номенклатурасы
- Қорытынды
Картаның номенклатурасы
Жер бетінің немесе оның жеке бөлшектерінің кішірейтіліп, арнаулы деректері толық көрсетіліп, жазықтық бетке кескінделуін карта дейді. Ал, шағын аймақтың дәл осындай кескінін, яғни ірі масштабтағы картаны план деп атайды. План мен карталардың біздің халық шаруашылығымыздың қай саласында болсын атқаратын рөлі зор. Жерге байланысты ғылыми және практикалық жұмыстар ең алдымен карта арқылы сол территорияны жете зерттеу яғни зерттеу объектісін белгілеп, жұретін маршруттарды, солдарды, т. б. кағаз бетіне (планға) түсіру керек. Жергілікті жердің территориясын зерттеп, көптеген жаңалықтар енгізіліп, бұрынғы карта мен план толықтырылады.
Карталар масштабы. Карталар масштабы (Масштаб карты) - картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:1 - он мыңдық, 1:25000 - жиырма бес мындық, 1:5 - елу мыңдық, 1:1 жүз мындық, 1:2 екі жүз мындық, 1:5 - бес жүз мындық, 1:1 - миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі корсетіледі.
Топография - жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады.
Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді. Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады.
Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Әскери істегі Топография - тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық сьемкалар қолданылады.
Карталар номенклатурасы. Топографиялық карталардың номенклатурасы (Номенклатура карт) - көп парақты географиялық карталардың әр парағының орналасқан жерін немесе оның картаның басқа парақтарына қатысты орналасу ретін анықтайтын шартты белгілер жүйесі. Карталар номенклатурасы карталарға сызықтар салумен тығыз байланысты, әскерлерді картамен жабдықтауды ұйымдастыруда пайдаланылады. Карталар номенклатурасы кестелік (карталардың жинақ кестесіне немесе каталогына сәйкес картаның әр парағы әріптік, сандық немесе әріптік-сандық белгімен белгіленеді), координаталық (картадың әр парағы оның нүктелерінің бірінің немесе парақтың ортаңғы нүктесінің - координатасымен белгіленеді), сандық немесе әріптік-сандық (әрбір параққа сандық, немесе әріптік-сандық код беріледі) болуы мүмкін.
Топографиялық карталар шағын территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол сызық, ал беттің белгісін номенклатура деп атайды. Топографиялық карталардың әрбір беті трапеция болып табылады оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан.
Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады.
Мысал ретінде N-36-54-Г-а карта бетінің номенклатурасының 1:1000 000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды қарастырамыз. N-36 бет 1:100 000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1, 2, 3 …, 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 54 нөмірлі бетінің номенклатурасы N-36-54 болады.
1:1 масштабтағы N-36-54 картасының беті 1:50 000 масштабтағы картаның бетіне 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әріптерімен белгіленді. Осы масштабтың екінші номенклатурасы N-36-54-Г болады.
Осы бетті 4-ке бөлуден 1:25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады. Бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N-36-54-Г-а болады.
1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып, 1:1 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1:5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256) болады.
1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді. Оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1:2000 масштабтағы картанаң ақырғы бетінің номенклатурасы N -41-60-(256-и) болады.
Қорытынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz