Н.А. Баскаков классификациясы. В.В. Радлов және түркология ғылымы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
СӨЖ
Тақырыбы:
1. Н. А. Баскаков классификациясы. 2. В. В. Радлов және түркология.
Орындаған:Қарабекова Б. С Тексерген: Шаяхметұлы Қ.
Семей, 2015 ж
1. Н. А. Баскаков классификациясы
Кейінгі жылдарда түркі тілдерін сол тілдердің иесі болып табылатын халықтардың қалыптасу, даму тарихындағы кезеңдерге қарай, яғни халык тарихына байланысыра жіктеу бағыты байқала бастады. Жіктеудің осы принципін қолданған Н. А. Баскаков түркі тілдерін алдымен Батыс хун тілдері, Шығыс хун тілдері деп кесек екі топқа беледі де, батыс хун тілін ішінен бүлғар, оғыз, қыпшак, қарлүк деп 4 топқа бөледі. Бүлардың әрқайсысы өз ішінен әрі қарай қазіргі түркі тілдеріне белшектенеді.
Бүл жіктеуде қазақ тілі қыпшақ тілінен бөлінетін ноғай группасына жатады. Б. Серебренников жоғарыда аталған мақаласында Н. Баскаковтың классификациялау принципіне жан-жақты тоқталып, оны қатал да, біраз мәселеде әділ сынайды. Ол түркі тілдерін Н. Баскаков айтқандай сол тілдерде сөйлейтін халықтардың тарихымен тығыз байланысты жіктеу үшін 2 шарт керек дейді: біріншіден, тарихи документтерде, жазба ескерткіштерде аталатын түркі халықтары мен қазіргі түркі халықтары арасында тарихи абсолюттік жалғастылық, төркіндестік барлығы даусыз болсын; екіншіден, тайпалык - бірліктер тілдің қандай екендігі белгілі болсын. Бұларсыз дұрыс шешімге келу мүмкін емес, ал Н. Баскаков аталған екі түрлі алғы шарттың бір-біріне кесі. мді жауап бере алған жоқ.
2-ден, Н. Баскаков өзіне дейінгі зерттеушілер сан рет айтып айқындаған тілдік группаларды тек басқаша, жаңа атаумен ғана атаған. 3-ден, әр группаға жататын тілдік ерекшеліктер деп көрсететіндері де онша сезімді емес, көпшілігі әр түрлі группадағы тілдерде бірдей кездесетін ортақ түлғалар, оның үстіне бүдан басқа әр түрлі группада әр баска болып өзгеріп айтылу себептерін де ашпайды деп сынайды.
Н. А. Баскаков түркі тілдеріне жіктеме жасағанда осындай мәліметтерді, тілмен сол тілде сөйлеуші халыктын тарихи есу жолын, тілдердің карым-қатынасы мен езіндік ерекшеліктерін негізге алады. Осыған орай ол түркі тілдерін ең алдымен батыс және шығыс хун тілдері деп екі топқа беледі. Батыс хун тілдеріне: 1) бүлғар тобын 2) оғыз тобын 3) қыпшақ тобын 4) қарлүк тобын жатқызады да, олардың негізгі фонетикалық ерекшеліктері ретінде : а) з-д-т-й дыбыс сәйкестіктерін (айақ-адақ-азақ-атах) ; ә) қатаң дыбыстар мен үяң дыбыстардың ажыратылуын( б-п, к-г, с-з, д-т) ; б) х, в, қ дербес дыбыстарының бар-жоғын тексереді. Лексикалық ерекшеліктерін араб-парсы және монғол элементтерінің аз-көптігін, грамматикалық ерекшеліктерінен қүрмалас сейлемдердің даму жүйесі, жалғау-жүрнақтардың жалғану тәртібін, т. б. көрсеткен.
2. В. В. Радлов және түркология.
ХХ ғасырдың басында академик Штернберг «қазіргі заманның бас түркологі, түркі және Орта Азия халықтарының тілі туралы ғылымның Колумбы» деп бағалаған Василий Васильевич Радлов түркология ғылымының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Түркі тектес халықтардың тілі мен фольклоры, тарихы мен этнографиясы жөнінде өлшеусіз мұра қалдырды.
Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгелм) 1837 жылы 5 қаңтарда Берлинде полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келіп, 1918 жылы 12 мамырда Петербургте қайтыс болған. 1854 жылы гимназияны бітіргеннен кейін Берлин университетінің философия факультетіне оқуға түседі. Университет қабырғасында оқып жүріп араб, парсы, түрік, татар, моңғол, маньчжур, қытай және т. б. тілдерді үйренеді. 1858 жылы жолдамаман Барнауылға жұмысқа келеді.
В. В. Радловтың ғылыми өмірі үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңі - Алтай кезеңі (1859-1871 жж. ) . Бұл кезеңде Батыс Сібір, Қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография материалдарын жинаумен айналысты.
Екінші кезеңі - Қазан кезеңі (1871-1884 жж. ) . Бұл жылдары В. В Радлов негізінен педагогикалық, әкімшілік қызметтермен айналысады. 1872 жылы ол Қазан губерниясындағы татар, башқұрт, қазақ мектептеріне инспектор болып тағайындалады. Осы жылы оның «Образцы народной литературы…» атты еңбегінің 4 томы жарық көреді. Ал 1883 жылы «Батыс Сібірдің энциклопедиясы» деген баға алған «Сібірден» (екеуі де неміс тілінде) атты екі еңбегі баспадан шығады.
В. В. Радловтың ең өнімді және көп еңбек тудырған тұсы өмірінің үшінші кезеңі - Петербургтегі кезі (1884-1918 жж. ) . Ол 1884 жылы Азия халықтарының тарихы мен көне дәуірі бойынша академик болып сайланады.
В. В. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан «Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл көптомдықтың әр кітабы әр түрлі халықтардың фольклорына арналған-ды [1] . Оның 1-кітабы (1886) - алтай, құманды татарлары, шор, саян; 2-кітабы (1868) - шұлым, түрік, хакас; 3-кітабы (1870) - қазақ; 4-кітабы (1872) - барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды.
Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Радлов жинаған фольклор үлгілері «халық өлеңдері» (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөз, өтірік өлең), «Ертегілер», «Батырлар жыры» («Ер Көкше», «Ер Тарғын», «Сайын батыр») болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған [2] .
В. В. Радлов қазақ жеріне сапарын 1862 жылы бастайды. Ол шығыс Қазақстанда, Іле өңірінде болып, Ыстықкөлге жетеді. Осы экспедицияның негізінде қазақ тілі мен әдебиетіне ғана емес, тарихына, археологиясына да байланысты көп материалдар жинайды. 1868 жылы ол қазақ даласына арнайы үлкен экспедиция ұйымдастырып, сахараны жаз бойы аралап, Сырдария облысына дейін барады. Зеравшан алқабында болады. 1869 жылдың жазын ғалым қазақ даласында өткізген. Бұл жылы Қапалдан поштабайлардың жолымен Алтын Емел пикетіне жетеді де, Тегерек арқылы Түргенге келеді. Ол жерде жергілікті қазақтармен кездесіп, мол тілдік материал жинайды. Қайтадан Алтын Емел арқылы Верный қаласына келеді. Верныйдан Қастек шатқалы арқылы Шу алқабында, Тоқмақ қаласына барады. Осы жерде қазақы үй тіктіріп, бір айда тілге, ауыз әдебиетіне этнографияға байланысты бай деректер жинаған. В. В. Радлов Ыстықкөлге жетеді. Онан Ақсуға, Верныйға соғып, қайтадан Барнауылға қайтады. Осы уақытта В. В. Радловтың «Краткий отчет о поездке в Семиреченскую область на Ыссык-куль летом 1869 г. » еңбегі жазылды, онда ол: «Халықтың бай эпикалық поэзиясы мені ұлан асыр олжаға кенелтті. Бұл тек лингвистер үшін ғана емес, халық поэзиясын зерттеушілер үшін де аса бағалы материал болып есептеледі», - деп жазады [3] .
«Терістік Алтайдан Орал өзеніне, Омбыдан Зеравшан өлкесінің батыс аймағына ұлан ғайыр даланы өздері «қазақ» деп, орыстар мен басқа батыс елдері қателесетін «киргиз» немесе «киргиз-кайсак» деп атайтын халық мекендейтіндігін» айта келіп, В. В. Радлов алғашқылардың бірі болып қазақ халқын өз атымен атайды. В. В. Радлов халықтық шағармалардың рухы таза, ойы анық, тілі көркем деп есептейді. Кітаби өлеңдерінің сөз оралымдарында исламның, кітаби тілдің әсері сезілетінін айта келіп, «бұл кітаби өлеңдерді мен қазақ тілінің табиғатына жат грамматикалық формалары мен сөздерден сақтана отырып, сауатсыз қазақтардың көмегімен көшірдім, араб және парсы тілдерінен енген сөздерді қолжазбада өте дұрыс жазғанына қарамастан, сол қарапайым халықтың ауызша айту формасында беруге тырыстым. Осылайша бұл жазбалар түпнұсқадағыға қарағанда әлдеқайда қазақы сипат алды».
Өмірін Орта Азия халықтарының тілі мен әдебиетін зерттеуге арнаған әлемге әйгілі ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпеевпен, Марабай ақынмен кездеседі. Қазақ, Ноғай әдебиетін зерттеп, Едіге, Шора батыр, Қобыланды, Орақ-Мамай жырларын, Жиренше шешеннің әңгімелерін, Шалкиіз, Доспамбет сияқты ақындардың өлеңдерін жазып алады. Қазақ, өзбек, ноғай, қыпшақ, қырғыз, якут, қарақалпақ тілдерін зерттейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz