Егіншіліктің пайда болуы және дамуы



1 ТМД елдерінде егіншіліктің пайда болуы
2 Қазақстанда егіншіліктің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тарихи деректерге қарағанда қазіргі ТМД елдерінің территориясында бастапқы егіншіліктің пайда болуы және алғашқы астық қорларының жасалуы бастауын сонау қауымдық құрылыс кезеңінен алады. Осы кезде семья құрыла бастаған, одан кейін келе жеке меншік айырбас сияқты әрекет пайда болған. Адам қоғамы біртіндеп дамып, бір жерге тұрақты қоныс тепкен қауымдастықтар арасында байланыс, сауда-саттық, айырбас қызметінің өрістеуіне орай астық басты айырбас құралының біріне айналған. Бұл адамзатты егіншілікті дамытуға, астық өндірісін кеңейтуге, астық сапасын жақсартуға итермелейді. Осы туралы алғашқы деректер XVII ғасырдың екінші жартысында Киев маңынан табылған, ал XIX ғасырда жазба түрінде, сақталған астық сапасы туралы деректер көп кездеседі. Ал адамзат қоғамы бұдан әрі өркендеп, өнеркәсіп дәуірлеген, сауда-саттық кең қанат жайған заманда астықты зерттеу, оның технологиялық қасиеттерін тексеру жұмыстары да өріс ала бастаған.
Астықтың химиялық құрамын бірінші тексерген Д. И. Менделеев деп есептеледі. Ол оның құрамын анықтап, агротехникалық шаралар арқылы сапасын қалай жоғарылатуға болатындығын дәлелдеген және ұн тартуға жарамдылық қасиеттерін тексерген. 1894 жылы Ресей жер Департаментінде өсімдіктерді іс жүзінде пайдалану бюросы құрылып, Ресейде өсетін дәнді дақылдарды жіктеу, топтау бет алады, ал 1875 жылдан бастап көрнекті биолог және селекционер И. В. Мичурин жұмыс істей бастайды. Оның істеген істерінің пайдасы қалалық егіс шаруашылығына да тиеді. Міне осыдан кейін ғана шет елдермен сауда жасау мақсатында элеваторлар салу, астықты топтастыру, жіктеп бөлу жұмыстары жүргізіле бастаған және 1910 жылы ірі қалаларда элеваторлар салынып, 1913 жылы астықты топтастырып, жіктеу принциптері қалыптасады.
1918 жылдан бастап Ресейде астықты зерттеу жаңа арнада жүргізіле бастады. Астықты жинап-тексеру, оны сақтау, өңдеу үстінде ғылымның жетістіктерін кең түрде пайдаланады.
Қазір Қазақстанда астықтың күрделі проблемаларын Ғылым академиясының ботаника институты, Ақмоланың астық шаруашылығы институты, Қазақтың егін шаруашылығы институты т. б. жоғарғы оку орындары және ғылыми-зерттеу институттары зерттейді.
Астық сапасын мемлекеттік астық сорттарын сынау- комиссиясы өзінің көптеген сорт сынау жүйелерінде тексереді. Астықтың сапасы биохимия институтында және басқа да көптеген тәжірибе және селекция станцияларында тексеріледі.
1. Қ.Ш.Жаңабаев , С.С.Арыстанғұлов «Агрономия негіздері»
2. Ізтаев.Ә.І, Отыншиев Б «Астықтану және диқаншылық негіздері», Алматы «Қайнар» 1994.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Егіншіліктің пайда болуы және дамуы

Орындаған: Әділханова Т. Р.
Тексерген: Сагандыков С.Н.
Топ: АГ-213

Семей 2015
Жоспар
1 ТМД елдерінде егіншіліктің пайда болуы
2 Қазақстанда егіншіліктің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1 ТМД елдерінде егіншіліктің пайда болуы

Тарихи деректерге қарағанда қазіргі ТМД елдерінің территориясында бастапқы егіншіліктің пайда болуы және алғашқы астық қорларының жасалуы бастауын сонау қауымдық құрылыс кезеңінен алады. Осы кезде семья құрыла бастаған, одан кейін келе жеке меншік айырбас сияқты әрекет пайда болған. Адам қоғамы біртіндеп дамып, бір жерге тұрақты қоныс тепкен қауымдастықтар арасында байланыс, сауда-саттық, айырбас қызметінің өрістеуіне орай астық басты айырбас құралының біріне айналған. Бұл адамзатты егіншілікті дамытуға, астық өндірісін кеңейтуге, астық сапасын жақсартуға итермелейді. Осы туралы алғашқы деректер XVII ғасырдың екінші жартысында Киев маңынан табылған, ал XIX ғасырда жазба түрінде, сақталған астық сапасы туралы деректер көп кездеседі. Ал адамзат қоғамы бұдан әрі өркендеп, өнеркәсіп дәуірлеген, сауда-саттық кең қанат жайған заманда астықты зерттеу, оның технологиялық қасиеттерін тексеру жұмыстары да өріс ала бастаған.
Астықтың химиялық құрамын бірінші тексерген Д. И. Менделеев деп есептеледі. Ол оның құрамын анықтап, агротехникалық шаралар арқылы сапасын қалай жоғарылатуға болатындығын дәлелдеген және ұн тартуға жарамдылық қасиеттерін тексерген. 1894 жылы Ресей жер Департаментінде өсімдіктерді іс жүзінде пайдалану бюросы құрылып, Ресейде өсетін дәнді дақылдарды жіктеу, топтау бет алады, ал 1875 жылдан бастап көрнекті биолог және селекционер И. В. Мичурин жұмыс істей бастайды. Оның істеген істерінің пайдасы қалалық егіс шаруашылығына да тиеді. Міне осыдан кейін ғана шет елдермен сауда жасау мақсатында элеваторлар салу, астықты топтастыру, жіктеп бөлу жұмыстары жүргізіле бастаған және 1910 жылы ірі қалаларда элеваторлар салынып, 1913 жылы астықты топтастырып, жіктеу принциптері қалыптасады.
1918 жылдан бастап Ресейде астықты зерттеу жаңа арнада жүргізіле бастады. Астықты жинап-тексеру, оны сақтау, өңдеу үстінде ғылымның жетістіктерін кең түрде пайдаланады.
Қазір Қазақстанда астықтың күрделі проблемаларын Ғылым академиясының ботаника институты, Ақмоланың астық шаруашылығы институты, Қазақтың егін шаруашылығы институты т. б. жоғарғы оку орындары және ғылыми-зерттеу институттары зерттейді.
Астық сапасын мемлекеттік астық сорттарын сынау- комиссиясы өзінің көптеген сорт сынау жүйелерінде тексереді. Астықтың сапасы биохимия институтында және басқа да көптеген тәжірибе және селекция станцияларында тексеріледі.
1946 жылы Женевада (Швейцария) халықаралық астық сапасын стандарттау орталығы (130) ашылды. Оған 65 мемлекет кіреді. Ол 139 комитеттен тұрады. 1955 жылы халықаралық астық химиясы қоғамы ашылды. Бұлар барлық халықтарға бірдей қатынасы бар стандарттар жасап енгізу, халықаралық қатынастарды нығайту және астық, нан өндірісінде істейтін көптеген қауымды біріктіру мақсаттарын алдарына қойған.
Қазақстанда жыл сайын өсірілетін астықтың сапасын, оны қабылдау, сақтау, өңдеу проблемаларын мемлекеттік астық инспекциясы (МАИ) басқарады.

2 ҚАЗАҚСТАНДА ЕГІНШІЛІКТІҢ ДАМУЫ

Қазақстанды негізінен ежелден мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халықтар мекен еткен. Мұнымен қатар тарихи-әдеби деректерге қарағанда, кейбір топырағы құнарлы сулы аудандарда аздаған егін шаруашылығының болғаны туралы да мәліметтер бар. М. С. Сүлейменовтың (1971) деректеріне қарағанда, Қазақстан жерінде біздің заманамыздан бұрынғы 11 мың жылдықта Қазақстанның оңтүстік облыстарында бидай егістігі болғаны байқалады.
Тарихи деректерге қарағанда алғашқы кезде бұл жерлерде жұмсақ бидай, құрғақшылық аудандарда тары егілген. Бидайдың аласа бойлы қожа бидай түрі осы қазақ жерінде пайда болып тараған. Оның себебі көшпелі халықтар бидайды қыстауда егіп, өздері мал бағып жайлауға шығып кететін де, күзде жайлаудан қайтып оралған соң ғана бидайды орып алатын болған. Сонда жуан сабақты, ауа райының қолайсыздығына төзімді түрлері жығылмай қалып, Көшпелі халық соларды жинап алып қажетіне жаратқан. Сүйтіп, Қожа бидай атты бидайдың бұл түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіншілік жүйесінің дамуы
Егіншілік жүйесінің даму тарихы
Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі
Көне заманғы егіншілік жүйесі
Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғғ. экономикасы
Карық арқылы суғару
Дақылдың тарихы
Егіншілік
Егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік
XIX-XX ғасырлардағы егіншілік жүйесінің дамуы
Пәндер