Орта ғасырлардағы ислам мәдениеті



Еліміз егемендік алғаннан кейін дін саласында «діни сенім бостандығы» жарияланды. Яғни, әрбір адам өз дініне табынуда, оны зерттеуде, насихаттауда еркіндікке қауышты. Соның ішінде Қазақстан халқының 70 пайызы ұстанатын және қазақ халқын сан ғасырлардан бері жан-жақты сусындатып келген ата-баба діні Ислам дінінің орны ерекше десек артық айтқандық болмас. Біздің де, алға қойған мақсатымыз Ислам дінінің ғылыми құндылықтарының мұсылман қауымына әрі әлем жұртшылығына, әсіресе Батыс елдеріне тигізген пайдасын тарихи құнды деректерден дәлел-дәйектер келтіре отырып, жұртшылықтың назарына ұсыну. Неге десеңіз күнімізге дейін Ислам діні хақында көп айтылып жүрсе де, оның ғылыми тұсы ойысырап, ақсап тұрған жайы бар.
Сондықтанда да, әуелі Ислам дінінің ғылыми жайын тарих сахнасындағы баспалдақтарынан бастар болсақ: Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген соң (622 ж.) қаланың саяси тұрғылығын және мұсылмандардың амандығын қамтамасыз ету мақсатымен іске кіріскен. Өйткені Мәдина қаласының тұрғындары Мекке сияқты тек қана арабтардан емес, сонымен қатар яхудилерден (еврей) және де басқа да ұлттардан құралған-ды. Бұған дейін Мәдинада орталық билікпен қала тұрғындары ортақ ымыраға келген басқару жүйесі болмаған еді. Сахабадан (пайғамбарды көрген мұсылман) Әнас Ибн Мәликтің үйінде мұсылмандар мен мұсылман еместердің уәкілдері келісім шарттар жасасып, барлығы келіскен ортақ жазба мәтін дайындалды. (623 ж.) Мәдина тұрғындарының бәрі ұйғарысқан осы келісім шарттардың жазбаша нұсқалары бүгінге дейін жеткен. Ғалымдар осы келісімді «Мәдина Ислам Мемлекетінің Конституциясы» деп атайды. Осы негізгі заңда қамтылған тақырыптар мен баптардан және Пайғамбардан (с.а.у.) кейінгі халифалардың да, жаңа ашылған елдерде ұстанған саясатынан мұсылман билігінің басқа мәдениеттерге кең әрі тең рұқсат бергенін байқаймыз.
Ислам діні бөтен мәдениеттерді жатсынған емес. Қайта оларды баулап, олардың жақсы жақтарын алудан ешқашан кері тұрмаған. Пайғамбарымыздың (с.а.у) түрік-соғды сауытын киюі, Қытайдан әкелінген заттарды пайдалануы, түрік шатырында соғысқа шығуы, Араптардың төрт жағындағы Мысыр, Византия, (395-1453), Сасани (224-651) қатарлы патшалықтарға елшіліер жіберіп, (630 ж.) оларды хақ дінге шақыруы, тіпті император Ираклиммен хат алысып тұруы, Оның күллі адам баласына жіберілген елші екеніне әрі ғылым мәдениеттің құрушысы екендігіне бұлтартпас айғағақтар болып табылады.
1. http://www.bilimtarihi.gen.tr
2. Тарихшылар хейети, Доғуштан гүнүмүзе бүйүк Ислам тарихи,
ІІІ том, Станбул 1999 жыл.
3. Бұлда сонда, қараңыз 315 б.
3. Қараңыз, Али Хасан ән-Нәдуи, Муслуманларын герилемесиле дуния
нелер кайбетти, тержуме Мехмет Суслу, «Китапеви» Истанбул 1996
4. Проф. Др. Ахмед Акгүндүз, Проф. Др. Сайд Өзтүрк, Билинмеиен
Османлы, Истанбул ІІІ том, Станбул 1999 жыл.
5. Тарихчылар хейети, Доғуштан гүнүмүзе бүйүк Ислам тарихи,
ІІІ том, Станбул 1999 жыл.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шакарім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Орта ғасырлардағы Ислам мәдениеті

Орындаған: Айткенов С.Т.
Тобы: И - 311
Тексерген: Мукатаева З.К.

Семей қаласы 2015ж
Еліміз егемендік алғаннан кейін дін саласында діни сенім бостандығы жарияланды. Яғни, әрбір адам өз дініне табынуда, оны зерттеуде, насихаттауда еркіндікке қауышты. Соның ішінде Қазақстан халқының 70 пайызы ұстанатын және қазақ халқын сан ғасырлардан бері жан-жақты сусындатып келген ата-баба діні Ислам дінінің орны ерекше десек артық айтқандық болмас. Біздің де, алға қойған мақсатымыз Ислам дінінің ғылыми құндылықтарының мұсылман қауымына әрі әлем жұртшылығына, әсіресе Батыс елдеріне тигізген пайдасын тарихи құнды деректерден дәлел-дәйектер келтіре отырып, жұртшылықтың назарына ұсыну. Неге десеңіз күнімізге дейін Ислам діні хақында көп айтылып жүрсе де, оның ғылыми тұсы ойысырап, ақсап тұрған жайы бар.
Сондықтанда да, әуелі Ислам дінінің ғылыми жайын тарих сахнасындағы баспалдақтарынан бастар болсақ: Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдинаға келген соң (622 ж.) қаланың саяси тұрғылығын және мұсылмандардың амандығын қамтамасыз ету мақсатымен іске кіріскен. Өйткені Мәдина қаласының тұрғындары Мекке сияқты тек қана арабтардан емес, сонымен қатар яхудилерден (еврей) және де басқа да ұлттардан құралған-ды. Бұған дейін Мәдинада орталық билікпен қала тұрғындары ортақ ымыраға келген басқару жүйесі болмаған еді. Сахабадан (пайғамбарды көрген мұсылман) Әнас Ибн Мәликтің үйінде мұсылмандар мен мұсылман еместердің уәкілдері келісім шарттар жасасып, барлығы келіскен ортақ жазба мәтін дайындалды. (623 ж.) Мәдина тұрғындарының бәрі ұйғарысқан осы келісім шарттардың жазбаша нұсқалары бүгінге дейін жеткен. Ғалымдар осы келісімді Мәдина Ислам Мемлекетінің Конституциясы деп атайды. Осы негізгі заңда қамтылған тақырыптар мен баптардан және Пайғамбардан (с.а.у.) кейінгі халифалардың да, жаңа ашылған елдерде ұстанған саясатынан мұсылман билігінің басқа мәдениеттерге кең әрі тең рұқсат бергенін байқаймыз.
Ислам діні бөтен мәдениеттерді жатсынған емес. Қайта оларды баулап, олардың жақсы жақтарын алудан ешқашан кері тұрмаған. Пайғамбарымыздың (с.а.у) түрік-соғды сауытын киюі, Қытайдан әкелінген заттарды пайдалануы, түрік шатырында соғысқа шығуы, Араптардың төрт жағындағы Мысыр, Византия, (395-1453), Сасани (224-651) қатарлы патшалықтарға елшіліер жіберіп, (630 ж.) оларды хақ дінге шақыруы, тіпті император Ираклиммен хат алысып тұруы, Оның күллі адам баласына жіберілген елші екеніне әрі ғылым мәдениеттің құрушысы екендігіне бұлтартпас айғағақтар болып табылады.
Мұсылман ғалымдар бар ғылымын жұртшылықтың пайдалануына жұмсайды. Ғылымды күнкөріс пен мәртебе алудың құралы деп ешқашанда көрмеген. Бір мысал келтірелік; Иран патшасы І Шапур кезінде (241-272) Хұзистан аймағында Жундишапур деген қала орнатылды. Осы шағын қалашық Сасани билеушісі І Хұсраудың кезінде (531-579) патшалықтың екінші қаласына айналады. Мұнда атақты дәрігерлік мектебі пайда болады. Бірақ Жұндишапұрлық дәрігерлер өздерінің кәсіби сырларын тек өз топтарында ұрпақтан ұрпаққа қалдырып сақтайды да монополия мен кірістен айырылмас үшін басқа ешкімге білдірмейді һәм үйретпейді. Аталған аймақ мұсылман билігіне қаратылған соң ғана мұсылман ғалымдар олардың кейбір ғылымын ашып, пайдалана алған. Алайда, Ибн Сина сықылды біртуар мұсылман ғалымдардың жазған кітаптары мұсылман елдерінде ғана емес, сонау Еуропаның өзінде кем дегенде VI ғасыр бойы оқулық есебінде оқытылған. Сол ғасырлардың ең мықты Батыс елдерінде де, мұсылман ғалымдарымен салыстырарлық ғалымдардың шыға алмағаны баршаға аян. Бұл жөнінде Бартольд (1869-1930) былай дейді; Исламның басты артықшылығы және мұсылман әлемінің сол дуірдегі білімді халықтардың алдында болуының сыры, материалдық һәм рухани мәдениет жағынан болсын мәдени біріншілікті ұстауында жатыр.
Тарихта алғашқы халифалықтар дәуірінде дүние жүзі мәдениеттері тығыз араласты. Қиыр шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістіктері Батысқа, мұсылмандардың ғылым-мәдени табыстары болса Қытай еліне мәлім болды. Талас (751 ж.) соғысынан кейін Атлант мұхитына дейінгі халықтардың бірін-бірі жақын тануына мүмкіндік туды. Мұсылмандардың үш құрлықтағы билігі халықтар арасында тығыз мәдени байланыстардың орнатылуына орасан зор үлес қосты. Халифалар Батыстағы Франк, Герман, Рим патшалары және Қытай хандарымен тығыз байланыста болды. Мәселен Қытай деректерінде халифалықтан 651-798 жж. аралығында 37 рет, ал 908-1168 жж. аралығында 49 рет елшілік келгені жазылған.
Қорыта айтар болсақ, тарихта мәдениет қатынастарының дамып, өзара бірігуі әрі кіруі Исламнан кейін ғана мүмкін болды. Оған дейін мәдениеттер арасында өшпенділік пен пышақ сырты ғана байланыс болса, Исламмен бірге Шығыс пен Батыстың барша мәдениеттері жамырасып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оған дейін белгілі мәдениетке ғана тән болып есептелген нәрселер мұсылмандардың арқасында бүкіл әлемдік мәртебеге ие болды. Мысалы араб цифрлары деп атағы шыққан сандардың ежелгі дәуірде Үндістандықтарға ғана мәлім болғаны белгілі. Мұсылмандар осы цифрларды жетілдіріп қана қойған жоқ оларды құры символдықтан шығарып, мағыналы белгілерге айналдырды. Адамзат тарихында бірінші рет нөлді (сыфр цифр), мұсылман ғалымдар тапты және еңбектерінде пайдаланды; нөлді бірінші рет сан ретінде қолданған Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (780-850) еді. Арал теңізі маңында дүниеге келген дана бабамыз сонымен қатар 1-ден төмен қарайғы сандарды белгіледі. Мысалы, жүздік, мыңдық және ондықтарды жүйелеп, бөліп жазуды көрсетті. Оның бұл табыстары тарихтағы ең маңызды ғылыми жаңалықтарға жатады. Күніміз информация, телекоммуникация ғасырында мұсылмандар ашқан осы жаңалықтардың қызығын күллі әлем көруде. Орыс тіліндегі цифр мен Батыс тіліндегі cipher сөздері арабша нөл дегенді білдіретін сыфр сөзінен алынған. Шындығында араб сандары рим сандарымен салыстырғанда қолданымы өте икемді әрі оңай. әл-Хорезми ашқан бұл жаңалық Еуропаға тек Х-ХІІ ғғ. ғана мәлім болған; осы жаңалықты Еуропаға жеткізген Герберт есімді адамның абырой-беделінің артқаны соншалық, кейін ол Рим папасы сайланған. Оның есімі папа Силвестр ІІ ретінде Еуропа тарихында қалды. әл-Хорезмидің Китап әл-Жәбр уәл Мұқабала (Алгебра және теңдіктер кітабы) атты еңбегі латын тіліне аударылғанда (ХІІ ғ.), әл-жәбір сөзі алгебра деп аударылғандықтан осы сөз термин ретінде қалыптасты. Оның екінші бір кітабы латыншаға Algoritme de Indorum деп аударылғандықтан алгоритм сөзі де терминге айналды.
Адам құқықтары жөніндегі үндеудің ХХ ғасырда ғана бекітілгенін ескерсек, ХIV ғасыр бұрын Раббымыздың Құран Кәрімінде барлық адамдардың құқықтарын қорғау міндетін бұйырғанын көріп, таң қаламыз:
Адамдардың құқықтарын қыспаңдаң! Жер бетінде бұзақылық шығарып, бүлік жасамаңдар! (Құран Кәрім 26 сүре, 183 аят)
Ал енді Ислам ғылым мен мәдениетінің Батыс елдеріне өту жолдарын және Батыс ғылымына тигізген әсерін баяндасақ.
Ислам мәдениетіндегі мемлекеттер Батыс мәдениетінің шекараларын Әмуилер, Аббасилер мен Османлы империясының шарықтау кезеңдерінде өздеріне қосып алуға тырысқан. Бұл жаулап алу әрекеті әсіресе түріктердің Исламды қабылдауларынан кейін өрши түсті. Анадолының басып алынуынан кейін крестші жорықтарының себебімен және мұсылман түріктердің Батыс елдеріне жасаған шабуылдарының нәтижесінде Ислам мәдениеті мен Батыс мәдениеті бетпе-бет кездесті.
Батыс әлемі Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты Ислам философтарының және Аристотельдің шығармаларын Еуропа, латын тілдеріне аудару еңбегімен қатар, өзге ғылымдармен де шұғылдану керектігін байқады. Тіпті университеттерінде ХІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Түркі ортағасырлық мәдениеті әлемдік мәдениеттер қазынасына енді
Рухани мәдениетті дамыту
Араб және түркі мәдениеттерінің өзара ықпалдастығы
Ортағасырлардағы көшпенділердің материалдық мәдениеті
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Рухани мәдениет. Дін. Өнер. Қазақстанның XIII-XV ғасырлардағы рухани мәдениеті
Ежелгі Отырар қаласы
ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ТІЛІ. ҒЫЛЫМ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ
Пәндер