Өсімдіктердің зоналарға бөлінуі. өсімдік қауымдастығы мен түрлердің экотопикалық араласуы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

Өсімдіктердің зоналарға бөлінуі. Өсімдік қауымдастығы мен түрлердің экотопикалық араласуы

Орындаған: Қалиасқарова Т

Тексерген: Жилкыбаева С

М. Я. Школьниктін, (1957) мәліметі бойынша өсімдіктердің құрамынан 74 элемент табылған, олардың 11-1 макроэлементтер бо-лып саналады, олар есіп тұрған өсімдіктер салмағыньвд 99, 95 про центін құрайды, ал қалған 0, 05 проценті микроэлементтердің үлесіне келеді. Өсімдіктердің тіршілік әрекетінде микроэлементтер өте маңызды роль атқарады. 1922 жылы академик В. И. Вернадский организмдердің химиялық құрамы жер қыртысынын химиялық құрамымен тығыз байланысты екендігін көрсетті. Жер қыртысындағы элементтердің барлығы дерлік өсімдіктерде ұшырасады. Тұздарды әр түрлі қоспалардан тазарту методтарының жетілдірілуіне қарай өсімдіктерге шын мәнінде қажетті болып саналатын микроэлементтердің тізімі барған сайын артып келеді. Тіпті сулы ортада өсірілетін өсімдіктер үшін арнаулы камерада ауаны тазартуға тура келді. Алайда қайсыбір микроэлементтің қажеттігі жөніндегі мәселені элементті қоректік қоспадан шығарып тастау жолымен ғана емес, сондай-ақ оның зат алмасуына қатысуын зерттеу жолымен де шешуге тура келеді. Қазіргі кезде темір, мыс, марганец, бор, мырыш, кобальт және ванадий өсімдіктерге аса қажетті элементтер деп саналады. Өсімдіктер үшін микроэлементтердің өте зор маңызы бар, өйткені олар өсімдіктер денесінде әр түрлі органикалық заттармен қосылады, осының нәтижесінде олардың физиологиялық активтілігі әлденеше есе артады.

Микроэлементтер катализаторлық қызмет атқара алады, алайда белоктармен қосылыстарда олардың катализаторлық қызметі күрт артады. Мысалы, белоктың құрамындағы 1 мг темір 10 тонна минералдық темірдің әрекетіндей әсер етеді. М. Диксон мен Э. Узбб мәліметі бойынша әр түрлі 15 элемент, оның ішінде микроэлементтер де, ферменттің құрамдас белігі немесе оның кофакторы бола алады. Мұндай микроэлементтерге магний, рубидий, цезий, кадмий, хром, марганең, темір, кобальт, никель, алюминий, молибден, мыс, мырыш, ванадий жатады. Бұл - микроэлементтер ферменттердің құрамдас белігі бола отырып, зат алмасудың орта-лығы болып табылатындығын керсетеді. Микроэлементтердің физиологиялық ролі ферменттердің әсер етуі нәтижесінде байқалуы мүмкін.

Микроэлементтердің зор физиологиялық маңызы оларды зерттеуге көпшіліктің назарын аударды. Соның нәтижесінде осы кездегі ғылыми әдебиетте микроэлементтерге арналған көптеген еңбек жарық көрді. Эксперименталды материалдарды қорытып микроэлементтердің негізгі физиологиялық-биохимиялық қасиет-терін Д. А. Сабинин (1955), М. Я- Школыгак (1957, 1963), Я. В. Пейве (1952, 1954, 1956), О. К. Кедров-Зихман (1952, 1955), И. А. Чернавина (1970), Б. А. Ягодин (1970) т. б. керсетті. Жекелеген негізгі микроэлементтердің нақтылы физиологиялық-биохимиялық маңызын қарастырып көрейік.

Бор бүкіл физиологиялық процестердің барысына әсер етеді. Өсімдіктер борды анион түрінде сіңіреді, сонан соң бор анионы реакцияға қатысады. Өсімдіктер борды қайта пайдалана алмайды, сондықтан олар барлық уақытта борға мұқтаж болады. Сонымен қатар бор орын ауыстыра алады. Ол тамырдан жапырақтарға, әсіресе, жас жапырақтар мен өсу нүктелеріне тез етеді. Бор клеткаларға біркелкі бөлініп таралмаған. Ол митохондриялар мен рибосомдарда өте аз, ал ядрода, пластидтер мен қабықшада көбірек кездеседі.

Құрамында гидроксил тобы бар немесе гидроксил тобын түзе алатын әр түрлі заттармен бордың комплексті түрақты қосылыс түзе алу қабілеті өсімдіктердін, зат алмасу продесі үшін және физиологиялық процестердің бүкіл барысы үшін маңызды қасиет болып табылады. Жай қанттар, спирттер, полисахаридтер, фенолды қосылыстар, кетоқышқылдар осындай заттар болып саналады. Пиридоксин, рибофлавин, рибофлавинфосфат, NАD+, аденозин сияқты биологиялық маңызды заттар бормен берік қосылыс түзеді. Бұл заттардың бормен комплекс түзуі олардың бастапқы қасиеттерін, сондай-ақ химиялық активтілігін де өзгертеді.

Мысалы, олардың оптикалық активтілігі, ерігіштігі өзгереді. Бұл жағдайлар зат алмасу процесіне әсер етпей қоймайды. Бордың органикалық заттармен комплекс түзу арқылы өсер етуі бір процестердің жүрісін тездетсе, екінші процестердің, жүрісін баяулатады.

Бор өсімдіктердегі су алмасу процесіне әсер етеді. Оның әсер етуі нәтижесінде плазма коллоидтарының гидратациясы кеміп, транспирация қарқындылығы мен суды сіңіру жылдамдығы азаяды. Сонымен қатар өсімдіктерде бордың болмауы су ұстаушы күш-тердің күшеюіне әкеп соғады, өйткені қанттар мен коллоидтардың концентрациясы артып, осмос қысымы жоғарылайды.

Бор басқа да элементтердің сіңірілуіне әсер етеді, ол катиондардың сіңірілуін күшейтіп, аниондардың сіңірілуін кемітеді. Оның тиімді әсері әсіресе темекі мен үрме бұршақтың кальцийді сіңіруінен айқын байқалады. Бордың артық мөлшерінің болуы өсімдіктердің жас жапырақтарындағы еритін кальцийдің мөлшерін кемітіп, оның кәрі жапырақтарындағы мөлшерін арттырады. Калцийдің дозасы көп болғанда бордың жетіспеушілігі ерекше айқын байқалады. Бор жетіспеушілігі кезінде өсімдіктердің пісіп келе жатқан бөліктерінде аммиак, амин қышқылдары мен амидтер жиналып, осымен бір мезгілде белоктың мөлшері кемиді. М. Я. Школьниктің дәлелдеп көрсеткеніндей, бордың жетіспеушілігін қоректік ерітіндіге рибонуклеин қышқылын енгізу арқылы ішінара толықтыруға болады. Бор жетіспеушілігі кезіндегі рибонуклеин қышқылының синтезі тежеледі.

Бор осы кезге дейін кахалаза, тирозиназа, пероксидаза, аргиназа ферменттерінін, бірде-бірінен табылмаса да, осы сияқты кейбір ферменттердің активтілігіне әсер етеді.

Оның углевод алмасуына әсер ететіндігі анықталған. Бордың болуы глюкоза -1-фосфаттан крахмалдың синтезделуін тежейді, өйткені глюкоза бормен қосылыс түзеді. Алайда бор қатысқаи жағдайда иВРГ-ден сахарозаньщ синтезделуі күшейе түседі.

Бор рибулеза - 5-фосфатпен және басқа да эфирлермен комплекс түзеді. Ол клетка мембраналары арқылы қанттың қозғалуын реттейді. Бор жетіспеушілігі кезінде өсімдіктердің тамыры мен сабағындағы қанттардың барлық түрлерінің мөлшері кемиді, ал жапырақтарда жай углеводтардың мөлшері артады. Бор жетіспеушілігі кезінде сондай-ақ өсу процестері де бұзылады (ол клетканың бөліну сәтінен бастап байқалады), митоз, созылу мен дифференциация процестері тежеледі. Бор клетка

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің зоналарға бөлінуі. Өсімдік қауымдастығы мен түрлердің экотопикалық араласуы жайлы мәлімет
Морфологиялық, экологиялық және биоэкологиялық классификация
Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер
Консорция. Түрлік консорция туралы ақпарат
Консорция. Түрлік консорция. Популяциялық эндоконсорттар. Эпиконсорттар. комменсалдар. даралардың және популяцияның ассосациялануы
Геоэкология және ландшафттық экология
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Фитоценоздар
Алматы облысы Кербұлақ жайылымындағы боз жусанның (Аrtemisia terrae-albae )морфо-анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz