Шығарма-эссе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Шығарма-эссе
Орындаған : Қизатқызы Жаухаргүл Тексерген: Арафат Мажитұлы
Топ: Фи503
Семей 2015ж
Жоспар:
- Ж. Аймауытов «Ақбілек» романы
- С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
- М. Ауезов «Жетім» әңгімесі
- Ж. Аймауытов «Ақбілек» романы
«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем, бастан-аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман.
Девиантты мінез-құлық - ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Бұл романда Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы- Ақбілектің көзінше анасының соққыға жығуы, анасының өлтірілуі ақ гвардияшылардың, Ақбілікке көрсеткен зорлық-зомбылық, әкесінің қызына деген тұрпайы мінез-құлқы, оны жақтырмауы барлығы девиантты мінез құлықты айқындап көрсетіп береді. Және Мамырбайдың мал-мүлкін тонап, қызын алып кетуі, бәйбішесін өлтіруі болып табылады.
- Білім әлеуметтануы- шеңберінде білім процесі, адамдардың ғылым мен әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған білімдер мен жалпыланған тәжірибені меңгеру механизмі, осы білімдерді білім беру және ағарту әлеуметтік институты арқылы болашақ ұрпаққа беруі зерттелетін әлеуметтану ғылымының саласы.
Білім әлеуметтануы- Ақбала, Балташ, Мағиша, Ақбілектің алған білімдерінен білім әлеуметтануын көре аламыз. Және Бекболаттың мына сөздері соған айғақ:
«Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым - Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, қара ала жапқан күміс белбеу, аяғымда көнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым, шашақты сары қында мүйіз сапты өткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім - менің өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар».
- Саяси әлеуметтану- арнайы ғылыми пән ретінде , яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-, институттармен ережелер арқылы зерттейді. Саяси әлеуметтану жеке ғылым саласы ретінде XX ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақ оның пәндік саласы әлдеқайда ертеректеПлатон, Аристотельсияқты көне грек ойшылдарымен, жаңа заман ойшылдарыН. Макиавелли, А. .
Саяси әлеуметтану - Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуында өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын қоғамның саяси өмірін танып-білуге бағытталған. Саясат әлеуметтану жалпы мынадай ұғымдардың негізінде ашылып қарастырылады, ол ұғымдарды атап айтқанда: саясат, саяси билік, саяси қатынастар, саяси мүдделер, саяси әрекеттер мен өзара әрекеттер, саяси прцеттер, саяси институттар және т. б Келесі кезекте Саясат әлеуметтануы жүреді бұл шығармада. Неге саясат әлеуметтануы? Әкесінің билік басындағы ұстанып отырған әр түрлі тараптағы саясаты кіреді. Бірақ ол билік басына қолы жетпейді. Ол бұл жерде саясатының дұрыс жүргізілмеуі болып табылады. Тек Ақбілектің қоғамдағы өмірі сипатталмайды, саяси бағыттада жүргізіледі. Мамырбайдың Ақбілектен жиреніп, елдің сөзіне еріп, беделіне дақ түсуінен қорқып, Ақбілекті үйіне жолатпауы осыған дәлел.
- Экономикалық әлеуметтану- жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін әлеуметтік сала.
Экономика әлеуметтануы- қазақ халқының қалыптасқан дәстүрі бойынша «қалың мал» принципі экономикалық сипатында жүргізіледі, не болмаса халықтың аймақты басқарып отырған адамға белгілі бір мөлшерде салық төлеп отыратыны сипатталады. Және Мұқаштың көрінген бай, ауқатты адамдарға жалданып жұмыс істеуі.
- Отбасы әлеуметтануы-отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т. б зерттеу болып табылады.
Отбасы әлеуметтануы- Отбасы әлеуметтануы шығармада жақсы тарапта көрсетілмейді, себебі Ақбілектің отбасы белгілі бір мөлшерде отбасы болып сақталып қалмады. Анасы ақ әскерлердің зорлығымен өлтірілді, қызын алып қашты, әкесі өзі ғана қалды. Бұл тарапта әкесі белгілі бір күн мөлшерде қиналады, әрине, бірақ одан кейін үйреніп кетеді. Ақбілек қайтып оралғанда әкесін шыбын шаққандай болмайды, себебі қызына «қара дақ» түскенін білгендіктен әкесі сондай қылық танытады. Дегенмен осы шығармадағы Ақбілектің ағасы мен Мағишаның некесі, Ақбілек пен Балташтың некесін отбасы әлеуметтануына жатқыза аламыз.
Қорытындылай айтатын болсақ- бұл роман-қазақ әдебиетіндегі реалистік прозаның даму жолдарын айқындап қана емес, қоғамдық, кезеңдік құбылыстарды, адами-рухани мәселелерді көркемдік-идеялық тұрғыдан шебер де шынайы бейнелеуімен есте қалды. Жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы шығармашылық шеберлігінің мың сан қыры, шынайы шындығының бір сыры да осында жатқан шығар.
- С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
XX ғ. басындағы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.
Девиантты мінез-құлық- Оспанның Ахметті ұрып-соғуы, арашашы болған Қасеннің де басын жаруы. Омарды соққыға жығып, Қамарды күшпен әкетуі болып табылады.
Білім әлеуметтануы- Қасеннің гимназия оқуы, Ахметтің 10-сынып көлеміндегі білімі.
Саяси әлеуметтану- «Қызды оқытса бұзылуға себеп» түсінігі, сонымен қатар
Малдыға малсыз тең емес, «Теңі келсе, тегін бер» деп жасына, махаббатына қарамай ауқаттыға айттыруын жатқызамыз.
Экономика әлеуметтануы- Омардың қалтасы көтеріп Қасенді оқытуы, Жәукенің Ахметті молдадан асырып оқыта алмауы, Қамарға Ахметтің құда түсіп берерлік малы, алып қашуға ат салысарлық ауданының болмауы.
Отбасы әлеуметтануы- Жәуке мен бәйбішесінің некесін жатқыза аламыз.
- М. Ауезов «Жетім» әңгімесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz