Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар. Программа құру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар. Программа құру.

Орындаған:Қожағұл Р. Р

Тобы: ВТ-211

Қабылдаған: Курушбаева Д. Т

СЕМЕЙ 2015


Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар

Пролог базасы үлгілерді салыстыру, мәліметтерді иерархиялық құрылыста көрсету және автоматты түрде қайтарудан құрылған механизмдердің шектелген тізбегінен тұрады, осы шағын тізбек ғажайып қуатты және икемді бағдарламалық аппаратты құрайды. Пролог тілінің жетістіктері мынаған негізделген, бір жағынан, ондағы логикалық формулаларды қолдану арқылы көптеген практикалық есептерді жазып шығуға болады, ал екінші жағынан қарапайым интерпретациялары формулалардың табылған және логикалық бағдарламалау жүйесін жеткілікті дәрежеде тиімді жүзеге асыру енгізілген, Пролог әсіресе, ішінде объекттері және олардың арасында қатынастары болатын есептерді шешуге жақсы бейімделген. Тіл құрылысында мәліметтер базасымен қарапайым және тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктері қарастырылған, бұл оның негізінде әртүрлі типтегі ақпараттық-анықтама және экспертті жүйелерді құруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама құрылысы келесі түрге ие:

/ * бірнеше жолдарда коментарии */

% бір жолда комментарии

CONCTANCTS

% Бұл бөлімде константалар сипатталады.

DOMAINS

% Бұл бөлімде айнымалылар сипатталады.

PREDICATES

% Бұл бөлімде предикаттар анықталады.

CLAUSES

% Бұл бөлімде фактілер мен ережелер анықталады.

DATABASES

% Бұл бөлімде мәліметтердің динамикалық базасының предикаттары анықталады.

GOAL

% Бұл бөлімде сұрақтар, сұраныстар (ішкі) анықталады.

Домендер қарапайым, құрылымды және стандарт емес болып бөлінеді. Стандартты мәндерге жататындар: symbol, chat, integer, real, string, file.

Symbol - мәліметтердің символды типі, жазбаның екі формасын иеленеді: 1. Бөлек жолдан басталатын әріптер, цифрлар, сызу белгілерінің тізбегі. 2. Қос тырнақшаларға алынған символдар қатары.

Chat - бір символ.

integer - 32768 … 32768 диапазонындағы бүтін сандар.

real - кәдімгі және экспоненциалдық жазба формасында келетін нақты сан.

string - символдар жолы, екі рет жақшаға алынған кез-келген символдар қатары.

file - файлдық айнымалы, оның мәні MS DOS - та файлдарға ат беру ережесі бойынша анықталады. Домендерді сипаттау (жариялау) мысалдары:

DOMAINS

a = integer

b = symbol

Домендердің стандартты типінен басқа, қарапайым және күрделі объектерден тұратын домендер құрылымын қолдануға болады. Бір жарнамада (жариялауда) араларын үтір арқылы бөліп немесе қызметші сөз or арқылы бөліп бірнеше құрылымдарды сипаттауға болады:

DOMAINS

D1, d2, d3 = symbol

f = fruits (d1, d2, d3) ; p(d3) .

Предикаттар бөлімінде ереженің сол бөлігі немесе CLAUSES бөлімінен алынған ереже аты жазылады.

CLAUSES бөлімінде тұжырымдар жазылады. Бір ғана дұрыс предикаты бар фактілер мен ережелер бір блок аумағында жазылады, яғни бірінен соң бірі жазылуы тиіс. Ереже денесінде баспаға шығарылған предикаттардан басқа стандартты предикаттар мен салыстыру операциялары қолданылуы мүмкін. Стандарт предикаттар әртүрлі функцияларды орындайды. Олар: енгізу және шығару, файлдармен жұмыс жүргізу, DOS операциялық жүйесімен жұмыс істеу, жолдарды өңдеу, графикалық режимді қолдап тұру, бағдарламалаудың басқа да жүйелерімен интерфейсті қамтамасыз ету.

GOAL бөлімі ішкі деп аталатын бағдарламаға сұраныс қоюдан тұрады. Ішкі сұраныс үшін Пролог бірінші лайықты шешімді іздеуге кіріседі, сонымен қатар жүйе, салыстыру кезінде алынған, табылған шешім нәтижелері туралы хабарламайды. Бұл іс - әрекеттер бағдарламалануы тиіс. GOAL сұраныс бөлімі бағдарламада кездеспеуі де мүмкін, онда диалог режимінде бағдарлама қосылған соң сыртқы сұранысты қолдану үшін жүйе шешімінің барлық варианттарын тауып алады, және дәл осы терезеде (окно) айнымалы предикаттар мәндері шығарылады және дұрыс немесе дұрыс емес орындалғаны туралы хабарлайды.

Программаны құру

Прологта бағдарлама фактілері мен ережелері қандай да бір мәнді облыста объекттер арасындағы байланыстар мен қатынастар сипаттары болып табылады. Факті орындалуы үшін басқа ешнәрсе қажет емес, толық анықталған процедура ретінде қарастыруға болады. Ереже:

А1_В1, В2, …. . Вn .

Бұл ережені А процедурасының анықтамасы ретінде қарастыруға болады. Ол тұжырымдайды, оны анықтау үшін В1, В2, …. ., Вn. білу қажет. В1, В2, …, Вn процедуралары белгілі тәртіпте солдан оңға қарай орындалады. Егер кезекті процедура дұрыс орындалса, онда келесі процедураға көшеді, егер дұрыс емес орындалса, онда жоғарыдан - төмен анықталатын, осы процедура жазбасының келесі вариантына көшеді. Білім базасында фактілер мен ережелер бірігуі үшін іздеу жоғарыдан - төмен қарай кезекті жүргізіледі және егер де сәйкес фактілер табылмаса, онда жауабы теріс болады. Мысалы:

Жақсы көреді (Ира, оқуды) .

Жақсы көреді (Марина, бадминтон) .

Жақсы көреді (Вика, жүзуді) .

Жақсы көреді (Вика, оқуды) .

? - жақсы көреді (Х, оқуды), жақсы көреді (Х, жүзуді) .

Х = Вика.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Файлдармен әрекет жүргiзетiн процедуралар
Қонақ үйдегі қонақтар туралы мәліметтер қорын құру
Паскаль тілінде графикалық режиммен жұмыс
Файл құрылымы
Турбо паскаль программалау тілі
Файлдарға қолданылатын функциялар мен процедуралар turbo pascal
Текстік файлдар
Текстік файлдарға қолданылатын процедуралар
Элемент типі - массив элементтерінің типін көрсету
Паскаль құрылымы бойынша сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz