Түйенің экстерьері және денесінің анатомиялық ерекшелігі


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті БАӨЖ Тақырыбы: Түйенің экстерьері және денесінің анатомиялық ерекшелігі Орындаған: Жақашева Д. Н. Тексерген: Қорабеав Ж. З. Семей 2015 Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Түйенің экстерьері

2. 2. Түйе денесінің анатомиялық ерекшелігі

2. 3. Түйе тұқымдары

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Түйенің экстерьері және денесінің анатомиялық ерекшелігі

Түйе: күйіс қайтаратын, жұп тұяқты, шөл және шөлейтті жерлерге жақсы бейімделген үй жануары. Түйенің аналығын - іңген, аталығын - бура деп атайды. Түйенің жас ерекшеліктеріне байланысты мынандай атаулары бар:
1. Бота
2. Тайлақ ( 2 жас)
3. Құнанша (3 жас)
4. Інген ( 4жас)
5. Атан ( 5 - 6 жас)

Түйенің тірілей салмағын өлшеу.

Түйенің салмағын ірілігіне және күшіне байланысты. Түйенің салмағын таразыға тартып дұрыс анықтауға болады. Түйенің салмағын дұрыс анықтау үшін оларды таңер тең суармайды, азықтандырмай тұрып өлшейді. Түйенің дене мүшелерін бағалау үшін алдымен оның жынысын, жасын айырады, дене өлшемдерін алады. Содан кейін түйені тегіс жерге тұрғызып, 4 аяғын тең бастырып, дене құрылысын қарайды, жүргізіп, жүрісін байқайды. 4 аяғын дұрыс басып тұрған түйенің мүшелерін басынан бастап сынайды. Түйенің ең маңызды мүшесі кеуде клеткасы. Оның кеуде клеткасы кең, терең, ұзын және қабырғалы жақсы иілген болса, одан да жақсы жетілген болып есептеледі. Белі қысқа етті түйе күшті, ал белі ұзын әлсіз болады. Түйенің тұқымға және шаруашылыққа жарамдылығын 5 өлшем арқылы айыруға болады: 1. Биіктік. Қосөркешті түйенің биіктігі 2 өркештің арасынан өлшенеді. 2. Тұрқының ұзындығын: топшының алдынан бастап айналшыққа дейін өлшейді. 3. Кеудесінің орамын: қосөркешті түйенің алдыңғы жағынан төсінің ортасынан дейін, ал аруана мен будандардың иығы үстінен төсінің ортасына дейін өлшейді. 4. Жіліншік орамы жіліншікті 3 бөлгенде жоғарғы бөлімінің ең жіңішке тұсынан алынады. Экстерьері, дене құрылысы және бейімділік қасиеті бойынша бағалау. Мұндай бағалау малды табиғи түрінде көру және өлшемдері немесе таразыға тарту нәтижелері жөніндегі мәліметте негізінде жүргізіледі. Сақа түйелердің экстьері, дене мүшелері және бейімділік қасиеттерін 40 баллдық шкала бойынша, жас төлдерді 50 баллдық шкала бойынша бағалайды. Экстерьерін, дене құрылысын және бейімділік қасиеттерін бағалау кезінде жалпы бал саны кемістіктер мен мүмкіндіктері үшін кестеге сай кемітіліп отырылады.

Түйе денесінің анатомиялық ерекшелігі

Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Түйелер ауасы құрғақ, жазы ыстық, жауын - шашыны аз, қысы қатты суық болатын жерлерде өмір сүретіндіктен, оларда басқа түліктерде болмайтын дара жаратылыстық ерекшеліктер қалыптасқан. Оның дене құрылымы, тұрмыс әдеті басқа түліктерден өзгеше. Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5 - 10% -ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20 - 25% -ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет.

Түйе тұқымдары

Атақты ғалым Карл Ленней өркеш санына қарай түйені екі түрге бөледі, жалғыз өркешті түйелерді аруана, ал қос өркештіні айыр түйе деп аталады. Ы

Жалғыз өркеш жүрдек түйелерді Рим қаласы халқы « камелюс драма» деп атағандықтан «дромедар», ал қос өркешті түйелер мекендеген - ел Бактерий мемлекетінің атауына лайық бактериан деп атаған.

Дүние жүзіндегі түйелердің 12 миллион Африкада, ал қалған 4, 9 миллионы Азияда шоғырланған. Осы түйелердің шамамен 94 пайызы жалғыз өркешті, ал қалған 6 пайызы қос өркешті. Дромедар түйелері негізінен субтропикада, ал бактриандар субарктикада шоғырланған. Жалғыз өркешті түйелердің бір ғана тұқымы - аруана және қос өркешті түйелердің үш тұқымы ( қалмақ, қазақ және моңғол) өсіріледі.

Жалғыз өркешті түйе тұқымдары

( дромедар)

Аруана тұқымы.

Жаздың ыстығы мен құрғақшылық жағдайына көнгіш түйелер, бір-бірінен айырмашылығы бар Африкалық және Азиялық топтарға бөлінеді. Африкалық аруаналар азиялықтармен салыстырғанда дене тұлғасы биік, сирақтары ұзын, өркешң кішкене және кейінірек біткен, бас сүйегі ұзынша болып келеді.

Келеге түсетін жасқа жеткен аруана түйелерінің еркегін үлек, ұрғашысын - мая деп атайды.

Африка аруанасы Сахара, Марокко, Оңтүстік судан деген бірнеше түрлерге бөлінеді. Африка халқы сүйегі жуңіл, ұшқыр, салт мінуге бейімделген аруана түйесін өсіріп шығару үшін сұрыптау жұмысын ғасырлар бойы жүргізді. Соның нәтижесінде Солтүстік Африкада « Мехари» деп аталатын тұлғасы биік аруана түрі шығарылады.

Азхия аруана тобына Үндістандық, Авария, Персия және Түркімен түйелері жатады. Үндістан аруанасы Пенджаб және Раджипутан деген екі түрге бөлінеді. Пенджаб аруанасы өз экстерьері бойынша Ауғанстан және Түркімен аруаналарымен айырмашылықтары шамалы. Олардың денесі шомбал, мығымәрі сүйекті, жүк артуға бейімделгентүйелер. Раджипутан аруанасы басқаша « биканир» түйесі салт мінуге арналған ұшқыр түрі. Олардың басы кішкене, мойыны ұзын әрі жіңішке, тұрқы қысқа, сирақтары ұзын және дұрыс қойылған болып келеді.

Аравия аруанасы.

Раджунеипутан түйелері сияұты тұқымы жақсы түйелер қатарына жатады. аравияда сүйегі жеңіл, ұшқыр түйелермен қатар, дене құрылысы ірі, шомбал, жүк артуға, екіре тапртуға бейімделген аруаеналдарды да кездестіруге болады. Аравия аруанасының көбісінің түсі ақ сары болып келеді.

Ауғанстан, Персия және Түркімен аруаналары дене құрылысы, салмақтары бойынша орташа және ауыр жүк артатын түйелер түрлеріне жатқызуға болады. Бұл түйелер түрлерінің ішінен өте ірі малмен қатар ұсақ малды да кездестіруге болады.

Түркімен аруанасы Түркіменстанда, Өзбекстанда Қарақалпақ автотономиялық республикасында және Оңтүстік қазақстанда өсіріледі. Олардың денесі жинақы, шомбал, шымыр біткен, трқы қысқа, сирақтары ұзын.

Қос өркешті түйе тұқымдары (бактриан)

Аруана түйелеріне қарағанда бактриян түйелероінің мойыны қысқа әрі оның иіні әлдеқайда тереңдеу болады. Арқасында екі қркеш аралығы маймен толмаған бос келеді. Аруана түйелерінен басты айырмашылығы сыирақтары қысқа болып, дене тұрқының ұзын болып келуінде. Сондықтан жүк малы емес, жегін малы есебінде жақсы бейімделген.

Жүндес келеді, орташа жүн түсімі 4 - 8 кг аралығында болады. Оның тұмсығының үстінде тік тұратын кекілі болады. Мойының үсті мен астығы жағындатолығымен ұзындығы 30-60 см шуда жүн талшықтары құрайды. Өркеш ұштарын екі жаққа жығылған ұзын жүн талшықтары жауып түрады.

Негізгі екі түстен тұрады: табиғи қоңыр және ақ. Қос өркешті түйелердің еркегін бура, ұрғашысын - інген атайды.

Қос өркешті түйенің 3 тұқымы бар: олар ірі денелі, мығым, ұзын сирақты, РФ Қалмақ Республикасы мен Астрахань облысында шоғырланған қалмақ тұқымы Қазақстанның барлық жерінде, Өзбекстан, Қырғыстан Республикасының далалық аймағында кездесетін жұмыр денелі, терең кеуделі және кеуде орамы иолболып келетін қазақы тұқым және Монғолия мен Қытай мемлекеттерінде өсіп- өнетін жатаған денелі, шудалы моңғол түйесі.

Қалмақ түйе тқұымы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Түйелердің сапасын бағалау жүйесі
Түйе бонитировкасы
Сезу органдары
Қойдың жүн өнімділігі
Боталарды өсіру кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар
Етті бағыттағы ірі қараның конституциясы
Жабе тұқымды жылқылардың биологиялық және физиологиялық сипаттамасы
Ірі қараның сырт пішіні мен дене бітімі
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz