Ақпараттық терроризм және қауіпсіздік


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ақпараттық терроризм және қауіпсіздік

Лаңкестік - гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген

мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз

мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси

күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-

әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді. Түрлі этникалық және діни

қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына

себеп болуы мүмкін. VІІ ғасырда Ислам әлемінде пайда болған діни, саяси, экстремистік

әрекет саналатын харижиттер («хулафа-и рашидин») хазреті Омар (ғ. с. ) мен Оспанға

(ғ. с. ) қарсы қастандық ұйымдастырды. Олар умәуилер салтанаты кезінде үлкен саяси

күшке айналып, елде әрдайым іріткі мен дау-жанжал ұрығын септі. VІІІ ғ. екінші

жартысында Ирак, Бахрейн, Йемен, Сирия, Мысыр және Хорасан жерлерінде лаңкестік

әрекеттер жасаған карматилер де діни, саяси, экстремистік ағым саналған. Карматилер

шиға мәзһабындағы исмаилиттердің негізгі тармағының бірі ретінде VІІІ ғ. ортасында

Иракта пайда болған. Олар ислам шариғатын мойынсұнбай, тіпті Қағбаны зиярат етуді

бидғат деп санаған. 899 жылы Бахрейнді басып алып, шығыс Арабияда өз мемлекетін

құрған. 930 жылы қажылық маусымында Меккеге баса көктеп кіріп, қаланы талан-таражға

салып, бірнеше мың қажылар мен жергілікті тұрғындарды өлтіріп, көптеген

мұсылмандарды тұтқындаған.

Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси,

діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең

үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-

Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә»,

«Жамағати-Ислами» (Пәкістан) .

Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:

Ядролық лаңкестік - ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту,

радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір

дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық

реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.

Хайджекин - ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді

ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан

1969 жылы 91, 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы

қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.

Гиперлаңкестік - арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін

иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.

Биолаңкестік - вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып

лаңкестік әрекет жасау.

Химиялық лаңкестік - улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа

пайдалану.

Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ

(бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған

мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды

айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққатүсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол

үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар

әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі»

делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне жатады.

Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік - дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі

мақсаттары - әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету,

билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал

ретінде пайдалану. Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық,

экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда

болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да

білген абзал.

Жалпы, елді дүрліктірген лаңкестік оқиғалардың қайдан өрістеп отырғанын,

сипатын, себеп-салдарын айқындамай тұрып нәтижелі іс-қимыл жасай аламыз деу -

берісі әбестік, әрісі - көрсоқырлық, біліксіздік деу орынды. Елбасымыз діни экстремизм

және терроризммен күрес мәселелері жөнінде кеңесте: «Қазақстанға қарсы жасалынған

терроризмді, оны ымырасыз басып-жаншуға мемлекеттің мүмкіндігі жетерлік.

Мемлекеттің қолында күш те, қуат та, жігер де бар. Біз лаңкестікті түбірімен жоқ

қыламыз. Мен сондай-ақ барлық қазақстандықтарды қырағылыққа шақырамын. Егер

лаңкестікке қатысты деректер байқалатын болса, онда дереу тиісті құқық қорғау

органдарына хабарлау қажет», - деген еді. Бұл сөздің астарында тек ескерту ғана емес,

нақты талап та жатқанын пайымдағанымыз жөн болмақ. Шындығына келсек, терроризм

- жаһанға төнген зор қатер. Лаңкестік (терроризм) - негізінен, саяси-әлеуметтік

себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей

туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Бұл ұғым XVII ғасырдағы

француз революциясынан кейін кеңінен қолданыла бастаған болатын. Адам жанын

түршіктірер қатыгез зұлымдыққа толы лаңкестік әрекеттердің формасы да, тактикасы да

әр түрлі, олар: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі

өлтіру, бопсалау, шетелдік елшіліктерге, халықаралық ұйымдардың бас пәтерлеріне

шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу, т. б. Статистикалық

деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында күллі дүниежүзінде 5500-ден астам

лаңкестік әрекет жасалып, төрткүл әлемде 500-ден астам лаңкестік ұйымдар әрекет еткен

екен. Лаңкестердің жаппай қырып-жоятын ядролық, бактериологиялық, химиялық

қаруларға қол жеткізу мүмкіндігі - әлемдік қауіпсіздікке зор қауіп төндіретін, күллі

адамзат қауымын алаңдататын фактор. Көп елдерде лаңкестікке қарсы ымырасыз күрес

жүргізу үшін арнайы органдар құрылған. Мәселен, Ресейде сыбайлас жемқорлық пен

терроризмді бақылау жөніндегі комитет 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Кавказ-

Ауғанстан-Шыңжаң қауіпті белдеуіне қоңсы қонған Қазақстанға да іргені бекемдеп,

ұлттық қауіпсіздікті сетінететін экстремистік және лаңкестік әрекеттердің алдын алу аса

қажет. Терроризм жеке тұлғалар мен тұтастай елді қорқытып-үркітіп, жайы келсе күштеу

арқылы елдегі билікті ауыстыруды, маңызды билік органдарын басып алуды, өз

мемлекетін құруды, тұтастай территорияда өз заңын орнатуды мақсат етеді. Қазіргі күні

желілік террористік құрылымдарға әскери бөлімше, жабық тасымал жүйесі, жасырын

ақша аудару мен насихаттау жүйесі, мәліметтерді жеткізу мен идеологиялық орталықтар,

ұяшықтар, жаттығу алаңқайлары, эмиграциядағы көшбасшылар кіреді. Олар сыртқы

күштердің ұйымдастыруымен немесе жәрдемімен әрекет етуі де мүмкін. Бұған аяқ

астынан пайда болып, ғаламтордан қайта-қайта доқ көрсетіп отырған «Джунд-әл-

Халифат» (Халифат сарбаздары) лаңкестік ұйымы мысал бола алады. Шынымен де саяси

ахуалы тұрақсыз аймақтардан келетін лаңкестік қауіп-қатерді байыпты бағамдамаудың

соңы орны толмас өкініштерге ұрындыруы ғажап емес. Мәселен, саясаттанушы Досым

Сәтпаев 2014 жылы АҚШ өз әскерін Ауғанстаннан әкетсе, Қазақстанда лаңкестік қауіп-

қатер күшейе түсуі әбден мүмкін екенін алға тартады. Ресейлік сарапшылар да: «ОрталықАзия төңірегінде туындап жатқан локальді және аймақ-тық жанжалдар Америка

әскерлерінің Ауғанстанды тастап шығуымен әлем елдерінің алаңдаушылығын тудыратын

ауқымды соғысқа ұласуы мүмкін. Біз бұған дайын болуымыз керек», - дейді. Қалай

болғанда да геосаяси тұрғыдан лаңкестік қауіптің алдын ертерек алған абзал болмақ.

Ел аймақтарында өткен қаралы оқиғалар соның айқын дәлелі. Қайсыбір

сарапшылардың айтуынша, (мәселен, Марат Шибұтовтың пікірінше), еліміздегі лаңкестік

әрекеттер такти-касына қарай дағыстандық, шешендік, ирактық және латынамерикандық

түрлерге ұқсас болып келеді екен. Қазақстанда тактикалық жағынан ең ықтималы

дағыстандық әдіс деседі. Бұл әдіске күштік құрылым қызметкерлері мен шенеуніктерді

нысанаға алу тән болса керек. Дағыстандық лаңкестіктің мақсаты - мемлекеттік

аппараттың аяқ-қолын тырп еткізбестен «матап тастау». Біз оған қарсы тұруға мүлде

дайын емеспіз. Себебі, еліміздегі құқық қорғау органдары мен қауіпсіздікті сақтауға

жауап беретін лауазымды шенеуніктеріміз ондай лаңкестік оқиғалар орын ала қалса,

олардың алдын алуға ешқандай сақтық шараларын жасамаған. Ал шешендік әдіспен

әрекет ететін лаңкестерге тұрғын үйлерді жарып, қоғамдық мекемелерге шабуыл жасап,

адамдарды кепілге алу үрдісі тән. Бұлардың алға қойған басты мақсаттары - халық

арасында үрей туғызып, тұрақтылықтың іргетасын шайқалтып, елді бейбіт өмір сүру

ырғағын жаңылту. Ең өкініштісі, мұндай тосын оқиғаларға қарсы тұруға біздің қоғамдық

мекемелеріміз мүлде дайын емес. Ондай мекемелердің қауіпсіздігі қаншалықты деңгейде

деген сауалға тірі пенденің нақты жауап бере алмасы кәміл. Бір-ақ мысал. Айталық,

еліміздегі ең ірі мегаполис саналатын Алматы қаласында тұрғын үйлерге тақап салынған

жанар-жағармай бекеттері жыртып айырылады. Егер лаңкестер соларды нысанаға алса,

күніміздің не боларын ойлаудың өзі қорқынышты. Ал ирактік лаңкестікке ден қойған

жанкешті шахидтер әкімшілік ғимараттар мен шетелдік елшіліктерді, шетелдік ірілі-уақты

компания кеңселерін жарып жіберуге әуес. Ондағы мақсаттары - мемлекеттік аппаратты

есінен тандыра қорқытып, қатты састыру, инвесторларды шошыту арқылы халықаралық

жанжал шығару, соның арасынан өздеріне пайда табу деседі. Латынамерикандық

лаңкестікке бүйрегі бұратындар саясаткерлер мен балаларды ұрлап әкетіп, артынан

оларды мерт етіп, жұртты жаппай қырып-жоюмен айналысады екен. Ондағы мақсат -

билік төңірегінде жүрген зиялы қауым өкілдері мен қоғамның қаймағы саналатын элитаға

қатты қысым жасау арқылы оларды өз дегендеріне көндіріп, лаңкестер мақсаты үшін

жұмыс істеуге мәжбүрлеу болса керек. Бұрындары тек шетелдерде ғана орын алатындай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
Лаңкестік (терроризм)
Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
Халықаралық терроризмге қарсы күрес
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы, түсінігі, ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz