Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту негіздері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы:Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту негіздері
Орындаған:Омарова А
Топ:АГ-213
Тексерген:Сагандыков С. Н
СЕМЕЙ 2015
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. 1 Шабындық және жайлым жайлы қысқаша мәлімет
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Шабындықтар мен жайылымдарды түбегейлі жақсарту негіздері
2. 2 Табиғи мал азықтық жерді түбегейлі жақсартудың әдістері
2. 3 Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту жүйесінде атқарылатын шаралар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Шабындық - жаз бойы өсуге бейімделген шөптесін өсімдіктер биогеоценозы. Табиғи Шабындық орташа ылғалдылық жағдайында дамитын көп жылдық мезофиттік шөптесін өсімдіктердің өсуіне қолайлы жерлерде болады. Жайылма су қаптаған, тау бөктерлері, далалы және шөлейт аймақтарда көлдетіп суарылатын жерлерде табиғи шабындық өседі. Шабындыққа мал жайылады, пішен шабылады және Шабындық өсімдік түріне, табиғат жағдайына, түсіміне, жер отына қарай алуан түрлі болады. Шабындық жерлерде 4000-нан астам шөптесін өсімдік түрлері өседі. Оларға емдік сиырсілекей, бұршақ тұқымдастарының бірнеше түрі, қарандыз, горечавка, сарғалдақ, чихотник, дәнді-қияқты өсімдіктер, тағы басқа жатады. Шабындық тың құрлық Шабындығы, суармалы жер шабындығы, тау шабындығы деген түрлері болады. Құрлық шабындығы - жазық далада, сай-салалы жерде қар, жаңбырдан нәр алып, ыза сулары жақын жерде өседі. Орманды, орманды-далалы және далалы аймақтың ойпаң жерлеріндегі шабындықтың шөбі қалың өседі. Суармалы шабындық - өзен алқаптарында су тасыған кезде су жайылатын жерлерде өседі. Тау шабындығы ылғалды, ауа райы жылы таулы аудандарда, субальпілік, альпілік белдеуде өседі. Бұлардың шөбі аласа, көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстанның ылғалы жеткілікті өңірлерінде әр гектардан 12 - 15 ц, су жайылатын ойпаң жерлерден 15 - 20 ц, орманды-далалы аймақтарда 6 - 10 ц, шөбі шүйгін, шымды, ойпаң жерлерден 20 - 30 ц пішен жиналады. Жыл сайын дайындалатын пішеннің 99-ы табиғи шабындықтан алынады. Қазақстанда пішен шабуға жарамды 7, 3 миллионга шабындық бар. Бұл аймақтарға Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстік жатады. Павлодар, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында шабындық өзен-көл алқабы, сай-сала, ойпаң жерлерден жиналады. Шөбі шүйгін құнарлы шабындық Ертіс, Жайық өзендері алқабының көктемдегі тасыған су жайылатын жерлерінде көп өседі. Мұндай шабындықтың әр гектарынан 8 - 10 ц пішен алынады. Сортаңдау шалшықты жерлерде биік бидайық, қияқ өседі, олардан 8 - 20 ц пішен жиналады. Қазақстанның шөлейт аймағында өсетін шабындықта масақты шөптер мен бидайық кездеседі, оның әр гектарынан 5 - 7 ц пішен жиналады. Шөлді аймақта шабындық көбінесе Сырдария, Шу, Іле сияқты ірі өзендердің алқабында ғана болады. Бұл жерлердің шөбі - ірі сабақты құрақ, қамыс, әр түрлі масақты өсімдіктер, әр гектарынан 10 - 15 ц-ден 20 - 25 ц-ге дейін пішен жиналады. Республикада шабындық жерлерді жақсарту үшін өсімдігі сирек жерлер жыртылып, өнімі мол шөп тұқымы егіледі.
Жайылым - оты мол табиғи немесе жасанды өрістік жер алқабы, мал еркін жайылып, бағылатын жер алқабы. Табиғи жайылым және екпе жайылым деп екіге ажыратылады. Табиғи жайылым орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, жаздық, күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланатын жайылым болып бөлінеді. Екпе жайылым бір жылдық, қысқа мерзімді (5 - 6 жыл) және ұзақ (7 - 10 жыл) мерзімді болады. Табиғи жайылым, негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе жайылымға бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Далада және қуаң далада орналасқан жайылымдар далалық жайылым деп аталады. Мұнда жусан, еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық Ж-ның әр гектарынан 3 - 8 ц шөп түседі. Шөлейт дала жайылымдарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т. б. өсімдіктерден тұрады. Әр гектарынан 0, 5 - 7, 0 ц шөп түседі. Шөлдегі жайылымдардың 1/3-і құмды жерде орналасқан. Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 - 7 ц шөп түседі. Тау жайылымдарының оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан жайылымдармен қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жаздық жайылымдар да көп. Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 ц шөп түседі. жайылымдардар жеке телімдерге бөлініп, мезгіл-мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арам шөптен тазарту, т. б. шаралар - жайылым ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. жайылымды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер жайылымын 6 - 12, орманды алқап 6 - 8, аңғарлы адыр 10 - 12, далалы жайылымды 15 - 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 - 3 Бөлінген жайылымды түгел пайдаланғаннан кейін, малды шөбі өскен бірінші бөлікке қайтадан жаяды. Жайылым жазда 2 - 5 рет ауыстырылады. Жайылымды пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы жайылымдар белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде мал 180, шөлейт белдемде 240 - 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы жайылымда бағылады, шөп көбейе бастағанда 5 - 6 күннен жаяды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер, барлық жер көлемінің 70%-дан
астамын алып жатыр. Бірақта осыншама аймақтан алынатын азық көп емес.
Оның негізгі себебі шабындықтар мен жайылымдардың өнімнің төмендігінде. Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуді мақсат етіп отыр. Осы орайда бізге жүктелер міндеттер аз емес. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясында:Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет. Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісімен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырамын деп айтылды. Қазақтандағы табиғи шабындықтар мен жайылымдардан соңғы жылдары алынған өнімін талдау олардағы түсімнің төмендігін байқатты. Шөлейт және шөл аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көп жерлер эрозияға ұшыраған. Әсіресе ауыл маңайларының шөбі мал тұяғынан тозып топырағы шаңданып кеткені байқалады. Ғылыми мәліметтер бойынша Республика бойынша тозып кеткен жайылымдар көлемі 48 млн. гектардай, оның 2 млн. гектардайы өте тозып, эрозияға ұшыраған жерлер деп танылды. Ғылыми зерттеу мекемелерінің тәжірибелері көрсеткендей мұндай жерлерді алдыңғы қатарлы жақсрату технологияларын қолдана отырып, жақсарту арқылы өнімін 3- 5 есеге дейін көтеруге болады. Республиканың сай-салалық жерлеріндегі табиғи шалғындықтарды түбегейлі жақсартудың тиімділігі жоғары. Екпе шабындықтар мен жайылымдардың өнімділігі және азық сапасы, табиғи шалғындықпен салыстырғанда екі-бес есеге дейін, тіпті одан да көпке асып түседі. Оған мынадай ғылыми зерттеулердің нәтижелерін келтіруге болады. Орал тәжірибе стансасының далалық аймағында жоңышқалы-еркекшөпті екпе шабындықтыңпішендік түсімі үш жыл ішінде орта есеппен 16, 2 ц/га болды, ал табиғи жердің өнімділігі гектарынан 3, 4 ц ғана болған. Шөлейт аймақта да табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту тиімділігі жоғары. Мысалы, Ақтөбе азық өндіру және жайылым тәжірибе стансасында 8 жылда көпжылдық екпе шөптер (еркекшөп) әр гектардан орташа 11, 4 пішен берген Шөлейт аймақтарда екпе шалғындықтар жасауға шөптің мәдени түрлері мен сорттарынан басқа жергілікті жағдайға икемделген жабайы көпжылдық мал азықтық өсімдіктерді пайдалануға болады.
Табиғи мал азықтық жерді түбегейлі жақсартудың екі әдісі бар.
Соның бірі- жеделдетіп шалғындандыру. Бұл әдіс бойынша ылғалды аудандарда табиғи жерді жыртқаннан кейін, немесе бір жылға парға қалдырғаннан кейін келесі жылы бірден көпжылдық шөп себеді.
Екінші әдіс - шалғындандыруға жоспарланған жерге алдын ала, 1 немесе 3 жыл қатарынан біржылдық мал азықтық дақылдар немесе жемдік астық дақылдар өсіріп, содан кейін көпжылдық шөп себеді. Бұл тәсіл алдын ала шымдау деп аталады.
Қазақстанның шаруашылықтарында түбегейлі жақсарту әдісінің екі түрі де қолданылады. Жеделдетіп шымдау республиканың далалық, шөлейт және шөлді аймақтарында қуатты шымдалмаған шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға қолдану тиімді. Бұл әдіс Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерін жақсартудың негізгісі болып есептеледі. Екінші әдіс-жақсартатын тың және тыңайған жерлерге алдын ала мал азықтық дақылдар себу. Бұл әдісті шаруашылықтарда бірінші әдіспен қатар қолдану тиімді Өйткені екпе жауылымдар құрғанда алғашқы жылдары малды көктемдік, жаздық және күздік кезеңдерде жасыл азықпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін біржылдық екпе шөптердің маңызы зор.
Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсарту жүйесінде мынадай
технологиялық шаралар атқарылады:
1. Түбегейлі жақсартатын шалғындық таңдау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz