Көш бастаған кәсіпорын


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Көш бастаған кәсіпорын

Қазақстан мұнайы жарқын беттері Атыраудың көмірсутегі аймақтарында жазылған. Бұл өлкенің тұрғындары өте ертеден - ақ мұнайдың жиналған жерлерін, оның кейбір қасиеттерін білген және оны емдік мақсатта пайдаланған. Олар мұнайды тайыз шұңқырлардан, сортаң жерлердің бетінен жинап алып, малдардың жарақаттарына жағып, тері ауруларын емдеген.

Осындай қасиеттері бар жердің бетіне шығып жатқан сұйық зат заманының білімді адамдарының назарынан тыс қалмағандығы белгілі, ол туралы дала өңірін зерттеген түрлі зертеушілердің еңбектерінде кездеседі. XVIII ғасырда Орал - Ембі ауданының мұнай - газ кенін көптеген көрнекті ғалымдар, геологтар, топографтар мен саяхатшылар зерттеген.

1890 жылы Грумм- Гржимайло басқарған экспедиция Қарашүңгіл массивінің толық геологиялық сипаттамасын жасады. 1982 жылы Орал - Ембі ауданындағы мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды, негізінен, көмір кенін зерттеу мақсатында Геологиялық Комитеттің геолог Никитиннің басшылығымен шығарған арнайы экспедициясы осы өңірдің табиғи байлықтары туралы біршама нақтырақ мәліметтер береді. Бұл экспедиция алғаш рет Доссор, Ескене, Қарашүңгіл аудандарында бұрғылау жұмыстарын жүргізді.

1899 жылы бұл мұнайлы жерлер «Ембі - Каспий серіктестігін» құрған Леман, Доппельмаер мен Грумм - Гржимайлоға сатылады.

Осы кезең ембі мұнайын өндіру тарихының алғашқы беттері болып есептеледі.

«Ембімұнай» мұнай - газ өндіру басқармасының алғашқы тарихынан бастар болсақ, күні бүгін біз мұнай өндіріп жатқан Еділ - Жайық қос өзен аралығында «қара алтынның» бай қоры бар екені ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, зерттеле бастаған тұс елуінші жылдардың бас кезі болып саналады. Ал дәлірек айтар болсақ, алғашқы геофизикалық барлау - бұрғылау жұмыстары 1957 жылы қолға алынған болатын. Соның нәтижесінде Мартыши кен алаңында төменгі бор және юра қабаттарында өндірістік мұнай қоры бар екені анықталып, 1963 жылы осы жердегі ұңғыдан алғашқы мұнай тасқыны атқылады. Ол 10мм штуцермен тәулігіне 117 м таза мұнай берді. Осылайша өндіріс тұңғышы Мартыши кен алаңы дүниеге келіп, 1968 жылдың ақпан айында оның өнімі өндірістік мақсатта мемлекетке тапсырыла бастады. Ал кейіннен Қамысты, Жаңаталап, Гран кен алаңдары ашылды да, 1973 жылдың 11 сәуірінде жаңа дербес өндіріс - «Ембімұнай» мұнай - газ өндіру басқармасы өз алдына шаңырақ көтерді. Басқарма құрылуымен бұл аймақта мұнай өндірісі қызу қарқынмен дами бастады. Кең көлемде жүргізілген іздестіру -барлау жұмыстарының нәтижесінде Шығыс Жаңаталап, Ровное, Оңтүстік Шығыс, Новогат кен алаңдарының мұнай қоры анықталып, өндірістік пайдалануға тапсырылды.

Бүгінде басқарманың 4 мұнай өндіру цехы, 9 кен орнынан мұнай өндіруде. Кезінде осы аймақтағы мұнай қор 553 млн. тонна шамасында деп жобаланса, күні бүгін осы қазына байлығымыздың 78 пайыздан астамы біздің басқарма мұнайшылары күшімен игеріліп, халық игілігіне асырылады.

Басқарма бүгінде материалдық - техникалық базасы қалыптасқан, маман - кадрлармен қамтамасыз етілген іргелі кәсіпорынға айналған. Оны мына бір мәліметтерден де саралауға болады. 1973 жылы басқарма алғаш құрылғанда мұнайшы деген жаңа кәсіптің сапында 22 адам еңбек етсе, қазір олардың саны өндірістік емес саланы қосқанда мыңнан асып отыр. Тағы бір заңды мақтаныш ететініміз - басқарма «Қазақойыл -Ембі»ашық акционерлік қоғамның ең жетекші буыны болып саналады. Яғни, қоғамның барлық өндіретін өнімнің 40 пайызы осы басқарманың үлесінде.

Соның 1979- 81 жылдары қос өзен аралығынан жылына екі миллион тоннаға жуық мұнай өндірілген болатын. Алғашқы кезде ұнғылардың барлығына дерлігі тасқынды жағдайда өнім берді, тіпті бір ұңғыдан екі қабаттағы мұнайды қатар игерген жылдар да болды. Әрине, жер астында сарқылмайтын қазына жоқ, мұнай қорының игерген сайын біртіндеп азая беретіндігі ғылыми дәлеледенген табиғи құбылыс. Қазір басқарма бойынша қорда 553 мұнай өндіру, 88су айдау, 125 су жинау, бақылау ұңғылары бар. Бұл күндері басқарма маман инженер - техник қызметкерлерінің күш- жігерімұнайлы қабаттардың өнім беру қайтарымдылығын арттыру үшін кен қабаттарына су айдау әдісін жетілдіру, соңғы технология жаңалықтарын өндіріске батыл енгізу, геологиялық -техникалық шаралардың тиімділігіне қол жеткізуге жұмылдырылуда. Мұнай өнімділігін тұрақтандыру бағытында кен қабаттарына электрмен әсер ету және селективтік оқшаулау әдістері жақсы нәтиже беруде. Тиімділікке қол жеткізудің бір сыры жаңа технологияны өндіріске енгізуде түсінеміз. Бүгінде басқарма бойынша қордағы мұнай өндіру ұңғыларының 95 пайызы тереңдік Сондай - ақ, 2000 жылдан бастап шетелдік (австралиялық, аргентиналық) электр бұрандалы сораптары өндіріске пайдаланыла бастады. Қазір мұнадй сораптар Забурын кен алаңында сынақтан өткізіліп, олардың саны 20 - ға (оның екеуі су жинақтау насосы) жетіп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға және баға қою
«Алтын сапа» сапа деңгейі
Танысу тәжірибесі барысындағы міндеттерім
Түркиядағы қазақ диаспорасы
Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру
Банктік қызмет сферасындағы коммерциялық сервисті қалыптастыру
КӘСІПОРЫН ТАУАР ӨНДІРУШІ РЕТІНДЕ
Баға, баға белгілеу және баға жасау
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу
Алматы қаласы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz