Ата-аналарды ойын терапиясына дайындау және оның маңызын түсіндіру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ №14

Орындаған: Даулетбекова А. Ж

Тексерген: Кулмышева Н. А

2015 жыл

Ата-аналарға ойын терапиясының маңыздылығын қалай түсіндіру қажет

Терапевтің ең маңызды мақсаттарының бірі, ол ата-аналарға ойын терапиясының не екенін түсіндіруге көмек көрсету, көп жағдайларда баланы терапевтің қабылдауына әкелуде, көбінесе анасының көмегі қажет. Ата-аналар «Ойын терапиясы» деген терминді естігенде оларда ойын туралы түсінік қалыптасады, сондықтан олар баланы ойынға алып келуді ойлайды, ал шын мәнісінде бала үйдеде ойнай алады. Егерде ата-аналар ойын терапиясының әсерін түсінбесе, олардың бұл үрдіске немесе терапевтке сенуіне күмән тудырады, ал ол сенімсіз оларға кері әсері, балада терапия үрдісінде пайда болатын сезімдеріне әсер етуі мүмкін. «Біз қанша ақша төлеп жатырмыз, ал сен болсаң әлі төсекке дәрет сындырасың!» осындай айтылған сөздер балада арине кінәлі сезімін оятып терапиялық қатынасты бұзады.

«Мен білемін сізді Лизаның жағдайы алаңдатады, оған қазыр өте қиын (үйде, мектепте, басқа балалардан ажырауына байланысты және т. б. ) ». Балаларда даму үрдісінде, қоршаған ортаға бейімделуінде қиындықтар туындайды. Кейбір балаларға кейбір жағдайларда, үлкен көмек, ал кейбір жағдайда аздау көмек қажет. Балаларға сіз отырған орындыққа отыру әрине қиын, және оны ойландырып тұрған мәселені әңгімені айту қиын. Олар өз ойлары мен сезімдерін сипаттай алатын сөздерді білмейді, сондықтан да олар, өз ойларынбүгіп қалады немесе іс әрекет арқылы көрсете алады.

Ойын терапиясында біз балаларға ойыншық береміз және бірнеше минуттардан кейін, ойын терапиясын көрсетемін. Балалар ойыншықты қолдарына алып, айта алмаған ойларын көрсете алады. Балалар айта алғанда немесе ойнағанда, оларды түсінетін адам болғанда, балалар содан өздеріне жеңілдік алады, өйткені оларда бір жеңілдік пайда болады. Сізде де бірдеңе алаңдатып уайымдатқан жағдайларда, сондай сезім болған болар, сіз ол туралы сізді шын түсінетін адамға және сіздің әңгімеңіз қызықтырмайтын адамға айтқан боларсыз, сол кезде сізге жеңіл әрі мәселені жеңіл шешкендей сезім болады.

Ойын терапиясысы балалар үшін де, дәл сондай маңызы бар. Ол қуыршақтармен, бояулар немесе басқа да ойыншықтарды пайдалана алады, әрі өз ойымен сезімін білдіреді. Сондықтан да баланың ойын бөлмесінде ойнағаны және не істегені аса маңызды. Ойын терапиясында балалар, өз ойлары мен сезімдерін нақтырақ көрсете алады, өз тәртіптерін басқаруға, шешім қабылдап өздеріне жауапкершілікте ала алады.

Ойын терапиясының сеансынан кейін сіз баладан сен не істедің деп сұрасаңыз, ол жай ойнадым деп жауап береді, сізден де бүгін не істедің десе сіз де жай әңгімелестік деп жауап айтар едіңіз. Бірақ сіз әңгімелескен жағдай ол өте маңызды еді. Дәл сол сияқты балалар да, ойнау барысында балалар аса маңызды жағдайдың жүріп жатқанын байқамайды. Кейде балаларға өз сезімдерін зерттеу жеңілірек, әсіресе қорқыныш пен кек алғанда, мұғалімдері мен ата-аналарының қатысуымен емес бөтен адамның қатысуы жағдайында. Сондықтан да, баладан уақытты қалай өткізіп не істегені жайлы сұраудың қажеті жоқ. Ойын терапиясында өткен баланың уақыты - ол баланың ерекше уақыты. Балада біреудің алдында есеп беру керек, сонымен қатар ата-анасының алдында есеп беремін деген сезімі болмауы қажет. Ойын терапиясының сеансы балалармен, үлкендердікі сияқты ол құпиялы болып есептеледі. Біз Лиза мен ойын бөлмесінен қайтқан кезде, сіздер оған, «Қалың қалай?» немесе «Сен уақытты жақсы өткіздің ба?» дегендей сұрақтар қоймаңыздар. Жай «Салем! Енді үйге барайық» деп сұраңыз.

Лиза кейде, үйге өз суреттерін алып келеді. Егер оны мақтап қойсаңыз, сіз үшін сурет салып отырған дұрыс деп шешім қабылдайды. Сізге оған суретіне жақсы пікірлер айтқаныңыз дұрыс болады. «Сен әртүрлі түстерді қолданған екенсің. Мында жасыл, көк, ал төмен жағында, қоңыр түс басымырақ». Бояулармен былғанып қалуға болады, ал ойын бөлмесінің еденіне құм шашылса, содан кейін бала, бояуға бұлғанып қалмау үшін, Лиза ескілеу киім киеді. Балаға ол жағдайда ұрспаңызда таңқалмаңыз да, егерде бояу төгіп алған болса. Оны жуып кетіруге болады. Кейбір балалар сол бояуға бұлғанғаннан да өзіне рахат алуы мүмкін.

Сіз Лизаға осы жерге келетінін қалай айтарыңызды білмей қиналған боларсыз. Оған аптасына бір рет Лэндретом мистермен арнайы ойын терапиясы бөлмесінде болатынын, онда ол ойнай алатындай ойыншықтардың көптігін айтуыңызға болады. Егерде Лиза ойын терапиясы бөлмесіне не үшін баратынын білгісі келсе, сіз оған жалпы сөздер арқылы жеткізуіңізге болады, мысалы, «Үйде саған үнемі жақсы бола бермейді (немесе басқа бір жеке мәселелерге қатысты жалпы себептер), яғни кейде оған, арнайы уақыт болса көмектесуге болады, ол уақытты сен өз қалауың бойынша бір адаммен өткізуіңе болады».

Ата-аналармен алдын-ала әңгімелесуде ойын бөлмесіне көруі немесе ойыншықтармен танысуы болады, ол ата-аналарға ойын терапиясын түсіндіруге әрекет жасағаныңызды білдіреді. Үрдістің бұл бөлігін жіберіп алмаңыз. Міндетті түрде ата-аналар сұрақтар қоятын жағдай тудырыңыз. Бұл ойын мақсатын нақты түсіндіруге өте қолайлы уақыт.

Ата-аналарды қалай бөлек жүруге дайындау

Ата-аналар көп жағдайда балалары ойын терапиясы бөлмесіне барғысы келмеген жағдайда, өздерін ынғайсыз сезінеді, балаларын терапевтке міндеттеп апару, ол терапиялық көз қараспен дұрыс емес деп есептейді. Егер де анасы баласына: «Сен мына әдемі кісімен ойын терапиясы бөлмесіне бармай қойсаң, ол кісі сені өте жаман деп ойлайды» деген болса, онда онда қарым-қатынасты дамытуда әрине қиыншылықтар туындайды. Қарсы болып тұрған бала, өзінің әрекетін былай көрсетеді, сол уақытта. Бала қарсы келіп, былай деуі мүмкін: «Мен ойын бөлмесіне барғым келмейді» - бұл оның жаман, қорқынышты немесе жаман тәрбиеленген және тағы да басқа мағынада емес. Ол баланың анасымен айырылсқысы келмеуін, немесе ойын бөлмесіне барғысы келмей тұрғанын, немесе тағы да басқа оны осы жағдайда ешкімнің түсінбей тұрғанын білдіреді.

Ата-аналаға алғашқы күні ойын терапиясына баламен барғанда қандай сезім болатынын және оның тәртібін білгенде, екеуінің қоштасуы әсіресе қиынға түседі, әрине ол ата-анаға да балаға да өте ауыр, ол терапевтің жағдайын жеңілдете түседі. Тиісті дайындық болған жағдайда, онда ата-аналар балаларына өз бетінше үйренуіне көп көмек жасайды. Ата-аналармен сөйлесу барысында, терапевт мөлшері келесі сөздерді айта алады. «Бала ең алғашқы келген күні ол менімен ойын бөлмесіне барғысы келмейді, себебі ол бұрын бұл жерді көрмеген, мені де көрмеген». Бірақ көп жағдайда балалар менімен баруға ынталанып тұрады. Қабылдау бөлмесіне келгенде және Робертпен танысқанда былай деймін: «Ал енді біз ойын бөлмесіне бара аламыз». Ал сіз осы кезде былай дегеніңіз дұрыс «Өте жақсы. Мен сені осы жерде күте тұрамын, қайтқан кезде сен мені Роберт осы жерден табасың». Ата-аналарға «Көріскенше», «Саубол» деген сөздерді айтудың қажеті жоқ, себебі бала өзін ұзақ уақытқа немесе мүлдем кетіп бара жатқандай сезінуі мүмкін. Әрдайым бірінші баланың қандай жағдайда болатынын ойлау қажет. Егер бала ойын бөлмесіне менімен баруға қарсылық көрсететін болса, онда мен сізден бізді шығарып салуыңызды өтінемін. Біз ойын бөлмесінің есігіне келген кезде, мен сізге ары қарай барасыз ба әлде қаласыз ба соны әрекетпен білдіремін. Егер мен сізден кіруді өтінсем, онда сіз кіріп отырып қөресіз. Егер де Роберт сізге ойыншықтарын көрсетіп немесе сөйлескісі келсе сіз оған үйдегідей жауап беріңіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру технологиясы және ата-аналарды тәрбиелеу
Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдаудың әдістемелік нұсқаулығы
Ойын феномені және оның психологиялық негіздері
Мектепке дейінгі тәрбие процесінде ойын технологиясын ұйымдастыру және оның тәрбиелік маңызы
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу-тәрбие үдерісінде ойын технологияларын тиімді пайдалануға дайындау
Құқықты түсіндіру: ұғымы мен түрлері
Құқықты түсіндіру: мазмұны, әдістері және түрлері
Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтаудың экологиялық маңызын әлеуметтік желілер арқылы насихаттау
Баладағы ойын әрекеті және оның түрлері: психологиялық-педагогикалық негіздері мен балалардың дамуына әсері
Фотоэлектрлік эффектіні эксперименталды зерттеу және түсіндіру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz