Өсімдік қорғау жүйесін анықтау


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырып: Өсімдік қорғау жүйесін анықтау
Орындаған:Байкероева А.
Тексерген: Сағындыков С. Н.
Топ: АГ-213
2015жыл
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- НЕГІЗГІ БӨЛІМАгротехникалық қорғау шараларыБиологиялық қорғау шараларыИнтродукция және акклиматизация немесе жерсіндіруАреал ішінде таратуМаусымды энтомофагтарды қорғау және оларды қолдануХимиялық қорғау өсімдіктерге әсері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ауылшаруашылық өсімдіктерін зиянды ағзалардан қорғау мәселелерін кешенді бірегей шаралар жүйесіне енетін карантиндік ережелерді сақтау, ұйымдастырушылық, агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар арқылы атқаруда.
Өсімдіктерді зиянды организмдерден (арамшөптер, зиянкестер, аурулар) қорғау олардан алынатын жалпы өнімді арттырудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарының алуан түрлі зиянкестеріне қарсы қолданылатын шаралардың маңызы барған сайын артып келеді.
Агротехникалық тәсіл өсімдіктер мен зиянды ағзалардың және сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты негізделген. Агротехникалық шаралар дегеніміз - нақты бір дқылды өндіру және баптау, сол арқылы зиянкестердің, аурулардың, және арамшөптердің тіршілік жағдайларына әсер етуге болады. Сойтіп, өнімге зиянды ағзалардың келтіретін шығынын төмендетуге немесе оның сапасын мен шығынын мүлде болдырмауға мүмкіндік туады. Селекциялық жолмен өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері төзімді сорттарын шығаруға болады. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерге төзімді сортарын өндіру зиянды ағзалармен күресудің ең маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Мәселен, астық егеуіштерінің дернәсілдері бидайдың бітеу сабақты сорттарын аз зақымдайды. Ондай сабақтың ішінде дернәсілдің қозғалуы қиындайды. Күнбағыстың сауытты сорттарын күнбағыс көбелегінің жұлдызқұрттарын зақымдай алмайды. Өйткені бұл сорттардың тұқымының қабығында жұлдызқұрттар кеміре алмайтын қатты қабыршақты қабат болады. Сондықтан зиянкес күнбағыс зәмбілінің түбін, ораижапырақшаларын кеміріп жүруге мәжбүр болады да, оның өніміне зиян келтірмейді. Сөйтіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық шара болып саналады. Бірақ, кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, зиянды ағзалардың қырылуына әкеліп соқтырады.
Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда, агротехникалық шаралардың ішіндегі өте маңызды рөл атқаратындары ауыспалы егіс тәртібін сақтау, топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу, егінді егу мен жинаудың тәсілі және мерзімі жатады.
Елімізде зиянкестермен күресуде биологиялық тәсілдерді дамыту, жетілдіре түсу, оның тиімді жолдарын іздестіру жұмыстарын соңғы жылдары кең көлемде жүргізіліп келеді. Оған мемлекетіміз қолдау көрсету мақсатында арнайы қаражат бөліп, шаруа қожалықтарға биоәдісті қолдану мақсатында 2013 жылдан бастап субсидия бөлуге шешім қабылдады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды органзмдерімен күресудің биологиялық әдісі оларға әдісі оларға қарсы пайдалы бунақденелілер -кенелер, өрмекшілер, және микроорганизмдер, құстар, т. с. с. тірі организмдерді қолдануға негізделген. Бұл тәсілдердің аса құнды ерекшелігі айналадағы қоршаған ортаға ешқандай зиянын тигізбейді. Адамдарға пайдалы жануарлар мен бунақденелілерге кері әсер етпейді және зиянкестерге қарсы күресудегі басқа тәсілдермен салстырғанда арзанға түседі. Биологиялық әдіспен күресу үшін пайдаланылатын бунақденелілер зиянды организмдердің жаппай көбейіп және таралып кетуіне жол бермейді, олардың мөлшерін тежеп, табиғи тепе-теңдікті сақтау заңына да пайдалы әсерін тигізеді.
Өсімдікті кешенді қорғауға көшу кәсіптік мамандар дайындауға талапты күшейтеді. Қазіргі кезде өсімдік қорғау мамандары зиянкестерді жақсы ажырата білумен қатар, оның табиғи жауларын да анықтау мен олардың агробиоценоздағы экологиялық өзгермелі жағдайдағы тиімділігін бағалап, қай тәсілді пайдалану керек екендігін шеше білу керек . Аталмыш мәселелерді шешуге ұсынып отырған оқу құралының көмегі тиеді деп сенеміз.
Зиянкестердің табиғи жауларын биологиялық күресте қолданудың мынадай жолдары бар:интродукция және жерсіндіру, ареал ішінде таратумаусымды шоғырландыру, сонымен қатар жергілікті энтомофагтарды қорғау және оларды пайдалану.
Интродукция және акклиматизация немесе жерсіндіру. Интродукциялауда тиімділігі жоғары энтомофагдарды өздерінің байырғы ареалынан жаңа, олар кездеспейтін аймаққа әкеліп жібереді. Ал жерсіндіруде басқа аймақтан әкелінген энтомофагтарды жаңа аймақтың жағдайларының азды-көпті ерекшеліктеріне жерсіндіреді. Интродукцияланған энтомофагтардың көмегімен шетелдерден әкелінген зиянкстерге қарсы биологиялық күрес, жергілікті зиянкестерге қарсы биологиялық күреспен салыстырғанда көпшілік жағдайда аса тиімді болады.
Ареал ішіде тарату. Тиімділігі жоғары энтомофагтарды және ауру қоздырғыштардағы зиянды ағзаардың көп мөлшерде таралған ескі ошақтарынан, олардың табиғи кездеспейтін, болмаса кейбір себептермен жеткілікті мөлшерде қорланып шоғырланбаған жаңа ошақтарына әкеліп жіберуге негізделген. Алма және жеміс күйелерінің тиімді тоғышары агениасписті.
Мауымды шоғырландыру зиянды ағзалардың табиғи жауларын қолдан өсіріп, табиғатқа оқтын-оқтын жіберіп отыруға негізделген. Ол үшін энтомофагтарды арнаулы биолаборториялда немесе биофабрикаларда жаппай қолдан өсіреді де, одан соң оларды жыл сайын зиянкестер шыққан кезде егістік жерлерге, жеміс бақтарына, көккөніс плантацияларына, жылыжайларға таратып жібереді.
Жергілікті энтомофагтарды қорғау және оларды пайдалану. Биологиялық күресті жүзеге бұл бағыты пес ицидтерді тек дақылдардың өніміне тікелей қауіп төнген жағдайда ғана пайдалануды қарастырады. Мұндай жағдайда өсімдіктерді пестицидтермен баптау жұмысы мүмкіндігінше талғап әсер ететін препараттармен энтомофагтар үшін қауіпсіз кезеңде жүргізіледі. Сонымен қатар, энтомофагтардың белсенділігін арттыратын бірқатар агротехникалықшаралар жүзеге асырылады.
Бунақденелілердің гормондары. Қазіргі кезде белгілі болған гормондардың ішінде қолданылатын ювениль гормоны жәнп оның-аналогтары -ювеноидтар. Олардың бунақденелілерге гормонның әсеріне сезімтал болатын кезінде пайдаланғанда ұрық дамуының тежелуі., тіршілік етуге қабілетсіз дернәсілдердің түрленіп, даму үрдісінде өліп қалуы байқалады.
Биопрепараттарды қолдану. Зиянкестреге қарсы биологиялық күресте биопрепараттарды пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, ақкөбелек, лепидоцид, дипел биопрепарттары қырыққабат, мақта, шалғын, доланадағы американдық ақ көбелектерге және т. б. зиянкестерге қарсы қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz