Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ: Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясында замана шындығының бейнеленуі.
Орындаған: ИМАНГАЛИКОВА ЖАНЕРКЕ
Тобы: ФИ-201
Тексерген: Сабырбаева Раушан Койшановна
Семей 2015ж
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясы
Шерхан Мұртаза «Ай мен Айшаны» жазуға «Қара маржан» романының, «Қызыл жебе» атты бес кітаптан тұратын роман-эпопеяның, көп-көп айшықты әңгімелердің авторы, белгілі драматург, аудармашы, Қазақстанның республикалық жетекші газет, журналдарының, радио, теледидарының абыройлы басшысы болып, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты аталған соң кірісті. Енді өзі ел тұлғасы боп қалыптасқан кезде туғызды. Сол бай тәжірибенің нәтижесі «Ай мен Айшадан» айқын көрінеді. Шебер қалам жүздеген новелланы шашыратып алмай, үйлесімін тауып, басын біріктіріп, сом полотно жасайды. Бас кейіпкер өмірі барша новелланың алтын арқауы іспетті. Барсхан, қайсар шешесі Айша бұрынғы мекені тағдыр тауқыметімен Мыңбұлақтан Әулие-Атаға барып қоныстанып, бірсыпыра жылдан соң құтты мекеніне қайта оралады. Шеңберлі композиция (кольцевое построение) шығарма болмыс-бітімін тұтастандыра түскен. Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романының «Жолашарында» «бала күнінде көргенін, естігенін» ортаға салғысы келгенін айтады. Ал, шығарманы бастан аяқ оқып шыққаныңда, «Ай мен Айшаның» идеялық-эстетикалық мән-мағынасы әлде қайда кең де терең екеніне көз жеткізесің. Роман қазақ ауылының өткен ХХ ғасырдың отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдардағы сүрәмат тұрмысы, ауыр ахуалы, әлсіз үміт жетегінде жүріп, тоталитарзим мен шовинизм қазған ордың жар қабағында тұрса да, құлап кетпей, әупірімдеп күн көріп, не машақаттың бәр-бәрімен жансебілдікпен алысқанын суреттейді. Әлі ат жалын тартып үлгермеген жас бала қыл көпір үстінде жүргендей күй кешеді, бірақ тегі мықты, қабылан характерлі ол, әлі келсін, келмесін жамандықтың жағасына жармасады, алысады, жұлысады, қалайда беріспеуге тырысады.
- РОМАН НЕЛІКТЕН «АЙ мен АЙША» деп аталынды?
Себебі, автор романда Айшаның басынан өткен азап та, ауыр тағдырды аймен салыстыра бейнелеп көрсете білген. Айша мұңайса, ай да мұңайып, айша қуанса ай да жадырап, Мұртазаны алып кеткенде бала шағасымен Айша қиналған кезде Ай да тұнып тұрған қара бұлтқа кіріп кеткенінен байқауымызға болады. Мысалы романның мына тұстарынан көре аламыз:
«Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегізген шынысыз шамның сәулесімен сорайып-сорайып бөтен біреулер көрінеді. Олар Мұртазаны итеріп-итеріп алдарына салып алып кетті. Айша айқайлап арттарынан шықты. Дірдек қағып мен де шықтым. Серейіп-серейіп үш-төрт адам сай жаққа қарай кетіп бара жатыр. Сайдағы көпір сықырлады. Айша сайдың қабағына дейін қалмай барып еді. Мұртазаның даусын анық естідім:
- Қайт! Балалар қорқып қалады! - деді.
Түнгі аяз бұл дауысты қайталап шыққандай болды. Сықыр-сықыр дыбыс алыстап, Айшаның аяғының асты ғана қаршылдайды.
Айша есіктің алдында ербиіп тұрған мені көтеріп алып, бауырына қысып, аспандағы топ-толық Айға қарап:
- О, жаратқан, басқа-басқа, мына үрпек балапандай үш нәрестенің не жазығы бар еді? - деді.
Толықсып тұрған Ай бір аунап түскендей болды.
Мен ілезде есейіп шыға келдім. »
2. Роман- диологияның басты кейіпкері Барысханғаа мінездеме: Барсхан - Шерханның өзі. Яғни прототипі. Романнан іздестіретінің сол Барсханның бәрімізге белгілі Шерхан Мұртазадай асыл азаматқа айналуының бастапқы сүрлеудері. Барсхан Ойына не келсе соны істейтін, жанып тұрған шамның бүйірі томпақ шишасына түкіріп қалып шырт еткізіп сындыратын, сол тентектігі үшін шешесі Айшадан таяқ жейтін бес жасар ойын баласы кенет есейеді. Міне, осы тұстарда роман жанрының өзгешелігі, жеке адамның тағдыры мен дара санасын өзін тудырған аймақпен ғана емес, тұтас қоғаммен, қала берді исі адамзатпен байланыстыратын қасиеті күшіне ене бастайды. Өстіп көркем құрал қуатымен Кеңес кезінің қоғамдық бет-бейнесі жеке адамның тағдыры арқылы ашыла бастайды. Қоғам өмірі кең өрісті суреттелмесе де, бар назар Барсхан мен оның төңірегіне түссе де, баланың ендігі өмірі, қимыл-әрекеті, жан әлемі оны туғызған қоғамдық ортаның тұрпатын, ішкі мазмұнын әшкерелейді. Жеке адамның тағдыры адам өмірі сол қауымның бар тірлігімен қабысып жатқандықтан, замананың эпостық кең құлашты шындығына кенелеміз.
Жазушы бес жасар геройының бұл жолғы есеюінің жөн-жобасын бала түсінігіне шақтап берген. Жүрек шымырлататын, көзге жас алдыратын зардабының бір қырын ғана көрсеткен.
«Мен ілезде есейіп шыға келдім.
Енді мені қорғайтын Әке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған сияқты едім.
Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетті де, жетімдіктің алғашқы түні жан-жақтан қаптап келе жатты.
Айша мені жетім қалған үйге жетектеп кіргізді.
1937-жылы жалмауыз жыл еді.
Қанатына қырау қатқан жас балапан мен едім.
Енді асықтан ұтыла беретін болдым. Бұрынғыдай ешкім болыспайды». Келтірілген эпизод «Қырау қанат балапан» атты шағын новелланың үзіндісі, тамшысы. Сол қиттай тамшы - романның бар тұрқы-тұрпатының айнасы сықылды. Шап-шағын әңгімеде қилы-қилы мәселе қамтылған. Және сарынында Барсхан баланың даусымен қатар, үлкен жазушы, бүгінгі ел тұлғасы Шерхан Мұртазаның үні қоса қабат естіліп отырады. Бала әкесінен айрылды. Бұған дейін «Қарны тоқ, қайғысы жоқ, киімі бүтін бес жасар ойын баласы» еді. Ауыл ағайын енді қырын қарай бастағанын бірден сезеді. Өзі айтпақшы «сұңғылалықпен». Бұдан былай Барсханның аштық-жалаңаштықта күн кешетінін білетін автор, сол кездегі елдің саяси ұсқынын («1937 жыл жалмауыз жыл еді») аз сөзбен анықтаумен бірге, ол уақыт тұрсын, бүгін де ашындырмай қоймайтын күйікті проблема туралы, нақтылап айтқанда, отбасының әкесіз қалуы жайынан ауыр ойларға жетелейді.
Романның келесі бөлімі «Саусақ сорғыш бала» деп аталады. Автор менің ойымша романның әр бөліміне ұтымды ат қоя білген. Бұл бөлімде Барысханның інісі Батырхан жайлы айтылады. Кішкентай баланың ананың қарауынан қалғаннан кейін аяғы құрттап мешел болып қалғандығы, ол ауырлық тек анасы Айшаға ғана емес 5 жасар ойын баласы Барсханға да ауыр тигендігі айқын сюжетте беріледі. Жазушы тілі сонша шебер детальдар арқылы Мұртазаның жанұясының ауыр халін ұтымды суреттей білген.
Роман новелла секілді шағын-шағын әңгімелер жүйесінен тұрады. Әрқайсысына оқыс та өткір сюжет, сындарлы композияция тән. Бас-аяғы жинақы әңгімесінде бас кейіпкер Барсхан бастан кешкенін баяндаудан гөрі, көрген-білгенін суреттеуге бейім.
- Роман - диологиядағы Айшаның бейнесі қандай, автордың Айшаның ерлігін бейнелеуі?
Жамбыл бір өлеңінде: «Батыры тұлға бола алмай, елдің түгі жығылды» деген. Қазақ халық поэзиясының алыбы батыр мен тұлға түсініктерінің арасында үлкен айырма бар екенін аңғарған. Батырлық та кім көрінгеннің қолынан келе бермейді. Бірақ тұлғаның жөні бөлек. Ол - ерлігінің үстіне Ел қамқоры да.
Айша - батыр да, тұлға да емес сияқты. Былай қарағанда, қатардағы еңбекші. Тапқан еңбек күніне тым құрса тіске басатын қорек тимейді. Колхоздың күңі. Үй-мүлкін сатады, аннан-мұннан тасынады. Балапандарын қыт-қыттап жаны қалмай дән тауып асырап жүрген тауық тәрізді. Үй іші қамында жүрген адам. Бірақ қазан-ошақ қасынан шықпайтын ақжаулыққа да жатпайды. Түптеп келгенде, Айша - ірі типтік образ. Күні кеше ер адамдар майданға аттанды. Сонда бір жағы бала-шағаны, екінші жағы майдандағы жауынгерді кім киіндіріп-ішіндірді? Даусыз ақиқат: негізінен әйелдер. Сондай әйелдердің жуан ортасынан роман кейіпкері Айшаны да көреміз. Бұл жарқын бейнеден ержүректіліктің де, қамқоршыл тұлғаның да сыпаттары ұшқындап тұрады.
Романда Айша образы әр қырынан мүсінделген. Балаларын ғибратты аңыз, ертегі айтып ұйықтатады. Бұл жағынан ол - сұңғыла тәрбиеші. Қаршадай ұлдарының қиялына қанат байлайды, жүрегіне адамгершілік сезім ұялатады. Ана байғұстың бала-шағасына жасаған қай қамқорлығын айтып тауыса аласың. Барсханның өжеттігі, не озбырлыққа көнбейтін, ешкімге есесін жібермеуге тырысатын қайыспас мінезі шешесіне тартқан. Автор анасының биік қасиеттерін белгілі бір оқиғадан туғызып бейнелейді, құр мадаққа бармай, үлкен такт, көргенділік әдеп сақтай отырып кескіндейді. Барсханның сүндетке отырғызылатын, бір жағынан күлкі шақыратын жайымен байланыстыратын оқиға айтылғанға айқын мысал.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz