Ақпараттық жүйе қандай негізгі есептерді шешеді


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
“Автоматика және электротехника” кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: АЖ қандай негізгі есептерді шешеді.
Орындаған: Сиязбек Д. С.
Тобы: АУ-301
Тексерген: Кожахметова Д. О.
Семей 2015 жыл
Мазмұны:
1. Негізгі бөлім . . . 2
1. 1. Есептің құрылымдану түсінігі . . . . . . . 2
1. 2. Бөлшекті құрылымдалған есептерді шешудің ақпараттық жүйелері . . . 3
Қорытынды. . 4
Әдебиеттер. . . 4
Негізгі бөлім
Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің қазіргі индустриясының негізгі ерекшеліктерін қанағаттандырады. Олар басқару және шешім қабылдауды ұйымдастырады және қабылданатын шешімнің сапасын, толықтығын, нақтылығын, дұрыстығын және өз уақытында берілуін әлдеқайда жоғарлатады. Ақпараттық жүйелер функциялары есептің екі класымен өндіріледі: ақпараттық және технологиялық. Ақпараттық есептер ақпаратты қайта өңдеу және көрсетуді қамтамасыз етеді, ол адаммен басқару және шешім қабылдау процесінде пайдаланылады. Технологиялық есептер деректер базасын белсендендірумен, оларды бүтіндік жағдайында қолдаумен, эксплуатациямен, ақпараттық жүйені баптаумен байланысты.
Ақпараттық жүйелерге келесі талаптар қойылады:
Жаңа функционалды облыстарға өзгертуге және баптауға қабілеттілігі;
Уақыттың қажет периодында пайдаланушылар сұранысына жүйенің реакциясы;
Қосымшаларды кеңейту және жаңа қосымшаларды қосуға мүмкіндігі;
Есептеу ресурстарын пайдалану тиімділігі.
1. 1. Есептің құрылымдану түсінігі
Ақпараттық жүйелерді құру немесе классификациялау кезінде шешілетін есептердің формальды - математикалық және алгоритмдік суреттелуімен байланысқан мәселелер туындайды. Ақпараттық жүйе құруға арналған үш түрлі есепті бөліп қарауға болады: құрылымдық, құрылымдық емес және жартылай құрылымдық.
Құрылымдық есеп - оның барлық элементтері мен олардың арасындағы байланысы белгілі есеп.
Құрылымдық емес есеп - онда элементтерді бөлуге және олардың арасында байланыс құруға мүмкін беретін есеп.
Құрылымдық есепте шешімнің нақты алгоритмі бар математикалық модель формасында оның мазмұнын көрсетуге болады.
Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін ақпараттық жүйелерді екі түрге бөлеміз (1-сурет) :
- басқармалы есептерді құратын және мәліметтерді өңдеуге негізделген (іздеу, таңдау, фильтрлеу) ; осы есептерде бар мәліметтерді пайдалана отырып, басқарушы шешім қабылдайды.
- шешімнің мүмкін альтернативаларын құратын. Осы кезде шешім қабылдау мүмкін альтернативалардың ішінен біреуін таңдауға әкеледі.
1. 2. Бөлшекті құрылымдалған есептерді шешудің ақпараттық жүйелері
Басқармалы есептер құратын ақпараттық жүйелер тұтынушының ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді, яғни мәліметтер қорында ақпаратқа енуін және оның жартылай өңделуін көрсетеді.
Модельд і ақпараттық жүйелер тұтынушыға математикалық, статикалық, қаржылық және басқа модельдерді береді, оларды пайдалану шешім альтернативасын құру және бағалауды жеңілдетеді. Тұтынушы шешім қабылдау үшін оған жетіспейтін ақпаратты алу үшін оны зерттеу процесінде модельмен диалог құру жолымен алуға болады.
Экспертті ақпараттық жүйелер білімді өңдеумен байланысты экспертті жүйелерді құру есебінен тұтынушылардың мүмкін альтернативаларын істеп шығару мен бағалауды қамтамасыз етеді. Тұтынушымен қабылданатын шешімдерді экспертті қолдау екі деңгейде жетілдіріледі.
Экспертті қолдаудың бірінші деңгейінің жұмысы «типтік басқармалы шешімдер» концепциясынан шығады. Бұл деңгейдегі экспертті қолдауды жетілдіру үшін типтік альтернативаларды сақтау және анализдеудің ақпараттық қоры құрылады.
Егер туындаған мәселелік жағдай типтік альтернативалар кластарымен сай келмесе, жұмысқа басқару шешімдерін эксперттік қолдануының екінші деңгейі кірісу керек.
Ақпараттты есептеу жүйесін ұйымдастырудағы қойылатын талаптаркелесідей:
1) Ашықтылық -әсерлесу компоненттердің бағдарламалық және техникалық жабдықтарын өзгеріссіз байланыс линиясында, терминалдарды, басты немесе негізгі компьютерде қосымша пайдалану мүмкіндігі.
2) Бейімділік - компьютер істен шығуының нәтижесінде кұрылысының өзгергендегі жұмысқа жарамдылығын сақтау.
3) Тиімділік - минимальді шығын кезінде пайдаланушыны сапалы көмек беруді қамтамасыз ету.
Қорытынды:
Қазіргі кезде техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі формалары бар (техникалық құралдарды қолдану формалары) : орталықтандырылған және бөлшекті немесе толығымен орталықтандырылған. Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйеде үлкен ЭЕМ және есептеу орталықтарын қолдануға бағытталған. Орталықтандырылмаған техникалық құралдар дербес компьютерлерде жұмыс орнымен тікелей функционалды бағыныңқы жүйелерді жүзеге асырады.
Әдебиеттер:
1 Грищенко В. И. Паньшин Б. Н. Информационная технология, вопросы развития и применения. - Киев: Наукова думка, -1986. - 268 с.
2. Дмитриев В. И. Прикладная теория информации. - М. : Высшая школа, 1989. -319с.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz