Жыраулар поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жыраулар поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер

Жыраулар поэзиясы - бірегей тарихи-мәдени құбылыс. Жыраулар поэзиясының ілкі нышандары. Жыраулар поэзиясы - ұлт қалыптасуының көрінісі. Жыраулар поэзиясындағы романтикалық әдіс ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясындағы реализм және оның бел алу себептері. Жыраулар поэзиясындағы идеялар мен көркемдік мазмұн, негізгі қаһармандар.

Жыраулар поэзиясы - қазақ мәдениетіне ғана тән бірегей тарихи-мәдени құбылыс. Бірегей құбылыс болатын себебі - дүние жұртының арғы-бергі тарихында қазақ жыраулары мен олардың жыр-толғауларына дәлме-дәл сәйкес келетін әдеби шығармашылық иелері де, шығармалар да кезікпейді. Ал жыраулар поэзиясының өзімен дәуірлес өзге елдер әдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзе, өзіне ғана тән мазмұнмен және өзіне ғана тән пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғалармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууында жатыр.

Жыраулар поэзиясы кемелдене өркендеген ХV-ХVIII ғасырларда қазақ баласы бастан өткерген жағдайлар мен оқиғалар жайын осыған дейінгі тұстарда шолу сипатында ұсынған болатынбыз. Ал сол оқиғалардың бастауында тұрған ең маңыздысы - 1456 жылы дербес Қазақ хандығының құрылуы. Содан кейінгі оқиғалардың барлығы дербес Қазақ мемлекетінің құрылуына өзге жұрттардың көзқарасына, қарым-қатынас сипатына т. с. с. жағдайларға байланысты туындағаны шүбәсіз. Демек, жыраулар поэзиясының ХV-ХVIII ғасырларда қанат жая дамуының ең негізгі себебі - жыраулардың дербес елде өмір сүріп, өз елінің тағдырына, болашағына қатысты ойларын ашық айтуға мүмкіндік алуында жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретінде тану абзал.

Әлбетте, қазақ жыраулары тарихи-мәдени құбылыс ретінде бір ғана жыл аясында пайда бола қалмағаны анық. Жыраулар поэзиясының кемелдене өркендеу дәуірі ХV-ХVIII ғасырларға тән болғанымен, оның алғашқы бастаулары ХV ғасырға дейінгі жылдарда жатқаны және жаңа тұрпатты поэзияның ізашар өкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен шешендер мен алғашқы жыраулар болғаны шүбәсіз. Аңызбен астасып кеткен тұлғалар арасынан өмірде болғандығы күмән келтірмейтін жырау - Сыпыра Сұрғалтайұлы. Себебі халыққа кеңінен таралған эпостық жырларда, сондай-ақ кейінгі жыраулардың жыр-толғауларында Сыпыра жыраудың есімі аталып қана қоймай, оның өзі өмірде болған адам ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, оның бүгінге дейін жеткен жыр-толғаулары да Сыпыра жыраудың тарихи тұлға екенін дәйектей түседі.

Көркем аударма түрлері аударматану ғылымында түрліше топтастырылып жүр. Бұл топтастырулардың көпшілігінде, негізінен түпнұсқаға функционалдық жағынан баса назар аударылады.

Егер біз көркем аударма табиғатының көрініс табуы тұрғысынан қарасақ қазақ лирикасын орыс тіліне аудару теориясы мен тәжірибесі үшін маңызды тұжырымдар таба аламыз.

Мұнда түпнұсқаның өзге ұлттық тілде дұрыс, дәл (көркемдік тұрғысынан) жеткізілгендігіне немесе жетпеуіне, автор стилі мен аударма стилі арасында қандай пропорцияның бар екендігіне қарай аудармашылық интерпретацияның келесі типтері бөлініп көрсетіледі. :

1) сөзбе-сөз; 2) оңайлатылған; 3) адекватты.

Ал осы классификациялар жыраулар поэзиясында қалай көрініс табуда. Бұған мысалды П. Косенконың Қазтуғанның өзі туралы «Мадақ жыры» аудармасынан алайық:

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шәйі жібек оққа кірісті,

Айдаса қойдың көсемі,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені

Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы…

Өлең жолдарының ұлттық колоритке толы екендігін бірден байқауға болады. Жырау бірде ақын, бірде батыр болып көсіледі. Эпикалық шығармаға көбірек ұқсайды. Ал, аудармада балама аудармаға тән сипаттар басымдық танытқан. Аудармашы өмір шындығына түпнұсқа және автордың көзімен қарағаны байқалады. Сондықтан автордың өзі үшін нақтылы өмір көрінісі қандай рөл атқаратын болса, аудармашы үшін түпнұсқа дәл сондай рөл атқарған.

Қазтуған жыраудың өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты мол мұра қалғаны белгілі. Бірақ жырларының көпшілігі сақталмаған. Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда, аталған үш шығарманың өзінен-ақ Қазтуғанның қазақ әдебиеті тарихынан орын алуына негіз бола алды. Қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады. Ұлттық бояуы ашық, өршіл романтикаға суарылған, афористік толғаныс, көркем тіркестерге бай Қазтуған жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған.

Зерттеуші Қ. Жаңабаев жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін зерттеп, мазмұнының жалпы идеялық-мағыналық қырын жеткізу мәселелерін қарастырады. Дегенмен, жыраулар поэзиясын белгілі бір идеялық-эстетикалық мәнге, эмоционалдық көркем тұтастыққа ие пішінін орыс тілінде қайта жасауға қатысты нақты мәселелерге тоқталмайды. Сол кезде қазақ тіліндегі түпнұсқа шығармалардың да, олардың орыс тіліндегі аудармаларының да поэтикалық ерекшеліктеріне жинақтау түрінде нақты әдебиеттану тұрғысынан талдау жасалмаған болатын.

Соңғы жылдары ғана қазақ аударматануының поэзиялық шығармалар аудармаларына қатысты мәселелерге арналған біршама еңбектер жарық көре бастады. Атап айтсақ, Н. Сағындықова, С. Алтыбаева сияқты зерттеушілердің еңбектерінде қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу мәселесі сөз болады. Н. Сағындықова ірі поэзия өкілдері шығармаларының орыс тіліндегі аудармаларына салыстырмалы талдау жасап, кейінгі 60-80 жылдардағы қазақ поэзиясының ірі өкілдері саналатын Ж. Молдағалиев, Ә. Тәжібаев, Ж. Сыздықов, А. Шамкенов, Д. Әбілов, А. Тоқмағанбетов, Х. Ерғалиев, Ж. Нәжімеденов, Қ. Бекхожин, Ғ. Қайырбеков, Қ. Мырзалиев сияқты ақындардың шығармаларын тілге тиек етеді [6] .

Ғалымның көрсетуінше әдетте поэтикалық мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аударғанда кездесетін басты қиындықтардың бірі - бұл тілдердің, өлең құрылымының әртүрлі екендігінде. Қазақ тілі - силлабикалық, ал орыс тілі силлаботоникалық өлең жүйесіне жатады. Бірақ қандай жүйеге жататындығына қарамастан кез-келген халықтың өлең құрылымы буынға негізделген. Айырмашылығы - буынның қалай пайдаланылуында немесе аударылатын тілдердегі буынға байланысты заңдылықтарда ғана. Мәселен, силлаботоникалық жүйедегі өлеңде буынның екпінді, екпінсіз екендігі басты назарда болады, ал силлабикалық жүйеде қандай түрге жататындығына қарамастан барлық буындар есепке алынады. Көріп отырғанымыздай өлеңнің жүйелік құрылымындағы ерекшеліктер айқын көрініп тұр. Ең бастысы аудармадағы ырғақ сақталуы қажет. Ал, «өздігінен өзгерістер енгізу» аударма шығармалардың көпшілігінде кездеседі. Бұл біздіңше аудармашының аударылатын тілді білмегендіктен кездесетін олқылықтар деп есептейміз. Бұл орайда аудармашы еңбегінде түпнұсқаның толық мағынасын көрсете алатын сапалы, кәсіби тұрғыдан орындалған жолма-жол аударманың атқаратын рөлі зор. Сондықтан қазақ тілінен аударатын тәржімашыларға тек қана тілді біліп қана қоймай, сонымен қатар халықтың тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, салт-дәстүрін де білу керек. Бұл орайда В. Рождественский аудармасынан алсақ:

Қазақша:

Менімен ханым ойнаспа,

Менім ерлігімді сұрасаң

Жолбарыс пен аюдай

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайындай,

Зорлығымды сұрасаң,

Қарағай мен қайыңдай.

Автор аудармасы бұрынғыларға қарағанда біршама жетілген десек болады. Мұнда теңеулерді орысша жеткізуде талпыныс барын байқау қиын емес. Аудармашы жырдың ерекшелігіне, поэтикасына оның орысша баламасын дәл табуды көздеген. Өлең өлшемін ырғақты бере алған. Әрине мұнда біраз маңызды сөздер, ақпарат алынбай қалған. Аю, қайың, балық түрлері туралы еш айтылмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ поэзиясындағы есімдіктер
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Дүниенің поэтикалық бейнесі лингвоконцептуалдық талдау (ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы ақын-жыраулар поэтикасы бойынша)
Қазақ батырларының ерлік істері
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Жыраулар поэзиясындағы портрет
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz