Ғаламтор және халықаралық терроризм



Бүгінгі таңға дейін əлеуметтік-философиялық жəне саяси ілім қоғам туралы көптеген тұжырымдамалар мен теорияларды өмірге алып келсе, бұл ой-түйін авторлары бізге заманауи қоғамның мəні мен оның негізгі белгілерін түсіндіруге талпыныс жасауда. Бұндай теориялар қатарына Элвин Тоффлердің «толқынды теориясын» [1], Дэниел Беллдің«постиндустриалдық қоғам» теориясын [2], Мануэль Кастельстің «ақпараттық
капитализм» теориясын [3], жəне де Жан Бодрийярдың теориясы [4] секілді постмодернистік теорияларды жатқызуға болады. Аталынған теориялардың авторлары шындықты əртүрлі бағалауы немесе əртүрлі əдістемелік негіздемелерге сілтеме жасағандықтарына қарамастан, олардың барлығы да заманауи қоғамның дамуы үрдісіндегі ақпараттың рөлінің артқандығын бір ауыздан мақұлдайды. Жаңа ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен таралуы бүгінгі таңда жаһандық ақпарттық төңкеріс мазмұнына ие бола отырып, ұлттық шекаралар жəне де жалпы əлемдік деңгейде саясат, экономика, басқару, қаржы, ғылым, мəдениет жəне де қоғам өмірінің басқа да салаларына ықпал ете бастады.
Netcraft» агенттігінің 2008 жылдың ақпанындағы ақпараты бойынша ғаламтордағы сайттар саны 162 662 053 жетіп, сол жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 4,5 млн. сайтқа артқан. Зерттеушілердің пікірінше олардың санының артуы екінші деңгейлі домендік атауы бар қарапайым сайттардың санына ған қатысты емес, пайдаланушыларды өзіне «тартып» алатын танымал əлеуметтік сайттар есебінен болып отыр [5]. 2009 жылдың сəуірінде жүргізілген осы тектес зерттеулер желідегі тіркелген сайттардың саны 231 510 169 жетіп, 2009 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 6 млн. сайтқа өскендігін көрсеткен [6].

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ғаламтор және халықаралық терроризм
Бүгінгі таңға дейін əлеуметтік-философиялық жəне саяси ілім қоғам туралы көптеген тұжырымдамалар мен теорияларды өмірге алып келсе, бұл ой-түйін авторлары бізге заманауи қоғамның мəні мен оның негізгі белгілерін түсіндіруге талпыныс жасауда. Бұндай теориялар қатарына Элвин Тоффлердің толқынды теориясын [1], Дэниел Беллдіңпостиндустриалдық қоғам теориясын [2], Мануэль Кастельстің ақпараттық
капитализм теориясын [3], жəне де Жан Бодрийярдың теориясы [4] секілді постмодернистік теорияларды жатқызуға болады. Аталынған теориялардың авторлары шындықты əртүрлі бағалауы немесе əртүрлі əдістемелік негіздемелерге сілтеме жасағандықтарына қарамастан, олардың барлығы да заманауи қоғамның дамуы үрдісіндегі ақпараттың рөлінің артқандығын бір ауыздан мақұлдайды. Жаңа ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы мен таралуы бүгінгі таңда жаһандық ақпарттық төңкеріс мазмұнына ие бола отырып, ұлттық шекаралар жəне де жалпы əлемдік деңгейде саясат, экономика, басқару, қаржы, ғылым, мəдениет жəне де қоғам өмірінің басқа да салаларына ықпал ете бастады.
Netcraft агенттігінің 2008 жылдың ақпанындағы ақпараты бойынша ғаламтордағы сайттар саны 162 662 053 жетіп, сол жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 4,5 млн. сайтқа артқан. Зерттеушілердің пікірінше олардың санының артуы екінші деңгейлі домендік атауы бар қарапайым сайттардың санына ған қатысты емес, пайдаланушыларды өзіне тартып алатын танымал əлеуметтік сайттар есебінен болып отыр [5]. 2009 жылдың сəуірінде жүргізілген осы тектес зерттеулер желідегі тіркелген сайттардың саны 231 510 169 жетіп, 2009 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 6 млн. сайтқа өскендігін көрсеткен [6].
Мысалы, EMCІ IT-компаниясының 2008 жылғы есебінде жасалынған жəне таратылған ақпаратты қамтитын ақпараттық əлемнің дамуының орташа қарқыны жылына шамамен 60 пайызды қамтып отырғандығы айтылған. Басқаша айтқанда, тек 2011 жылғы жасалынған ақпарат 1 800 миллиард гигабайтқа жетеді немесе 2006 жылғымен салыстырғанда 10 есе өсетіндігін көрсетеді [7]. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев өзінің əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жасаған лекциясында атап өткендей: Қазіргі жағдай өзгерді. Сарапшылардың есебінше 2006 жылы жаһандық деңгейде бұған дейін жазылған барлық кітаптан 3 миллион есе артық көлемдегі ақпарат жасалынған.
Бұл басылым түрінде биіктігі Жерден Күнге дейін жететін 12 десте кітап болады. Болжамдарға сай 2010 жылы ақпараттар көлемі тағы да алты есеге көбейеді. Бұндай көлемді ақпаратта адасып қалуға болады [8].
Осылайша, біз қазіргі таңда өте жоғарғы қарқынды даму көрсеткіші бар жаңа əлемнің қалыптасуына куə болып отырмыз. Бұл əлем ешқандай да бір қашықтық, шекара, тіпті этникалық белгісіне немесе қажет болса жасы мен жынысына да тəуелді емес, өйткені виртуалды əлемде біздің əрқайсымыз да өзіміздің бейнемізді қажеттілігімізге қарай жасай аламыз. Жалпы, біз мəдениеттің жаңа үлгісін жасаудамыз жəне де ол жерде нақты өмірдегі құндылықтардың ешбір мəні жоқ.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі белсенді ойыншы құқығындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің әлемдегі және Рунеттегі бірқатар даму беталыстары
ЕО-НЫҢ АНТИТЕРРОРИСТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУ
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Ғаламтор желісінің пайдасы мен зияны
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Діни тәрбие
Ұйымға мүше мемлекеттер
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресу
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі
Пәндер