Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы туралы ақпарат
1.Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.
2.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.
3.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы.

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Орындаған:Рахымбек М.Қ
Тексерген:Шаяхметұлы Қ
2015 жыл
Жоспары:
1.Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер.
2.Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері.
3.ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы.
Халық деген статусқа ие болғаннан кейін де, оның компоненттерін құрайтын өзіндік функциялардың болары хақ.Оның негізгі күші мен қуаты - тіл болып табылмақ. Қай халықты алмасақ та тілі мен мәдениеті, өркениеті мен әдебиетінің дамыу, шарықтау, кемелдену шақтары болары сөзсіз.Оның бастау алып, тарих сахнасына келгеннен бастап, қазіргі деңгейіне жету барысында көптеген жаңарулармен қатар, көптеген сіңісу процестерін бастан өткеретіндігі тағы бар. Тарихтың беттерін қазбалай бастаса, барлық халықтардың туыстығын аңғаруға болады.Халықтың тұрмыс тіршілігі, замана бағыт-бағдарын, наным сенімдері және сол сияқты ұлттық құндылықты дәріптейтін негізгі нышандарын айқындауға негіз болатын ол-тарих.Ал енді өзіміздің халық болып қалыптасу жолындағы тіл хақында сөз қозғайын.Тілдің адам өмірінде алатын орны үлкен. Қоғам мен адам, мемлекет пен адамның, адам мен адамның арасын байланыстырушы көпір-ол тіл.Қазақ халқының тілі түркі тілдер тобына жатады.
Түркологияның Еуропа мен Ресейде зерттелуі Түркі халықтары туралы алғашқы мәлімет Еуропада орта ғасырдың басында, Шығыс Рим империясының шекарасында Орта Азиядан ауған көшпелі тайпалардың пайда болуынан басталады. Көне түркі халықтарының тұрмысы, мәдениеті, тарихы туралы мәліметтер Византия дипломаттарының, тарихшыларының, грек, латын тілдерінде жазып қалдырған еңбектерінде кездесетін көрінеді. Дегенмен түркі халықтары, олардың тілдері, мәдениеті туралы ғылыми сипаттаулар Еуропада кейініректе, Осман түріктерімен байланыс жасаудан басталған.Түркі тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың салыстырмалы сөздіктерін жасау, көне жазба нұсқаларды филологиялық тұрғыда зерттеу істерімен Еуропа Шығыс зерттеушілері ХVІІІ ғасырдан бастап айналысты. XIX ғасырдың басынан бастап Үнді-еуропа тілдерін зерттеу негізінде қалыптасқан салыстырмалы-тарихи әдістің дамуына байланысты Еуропада түркі тілдерін ғылыми негізде зерттеу едәуір етек алды, зерттеу нысандары да молайды. Мұндай ауқымды бетбұрысқа Орыс-Швед соғысында тұтқынға түскен Швед армиясының офицері Ф.Ю. фон Страленбергтің еңбегі елеулі бастама болды. Ф.Ю. фон Страленберг ұзақ уақыт Сібірде тұрып, бұл аймақты тарихи-географиялық жақтан зерттеген Еуропа мен Азияның солтүстік және оңтүстік тарихтық, географиялық сипаттамасы атты еңбек жазып, оны 1730 жылы Стокголъмде жариялатқан. Бұл еңбек 1797 жылы орыс тіліне аударылып шығарылды. Ф.Ю. фон Страленберг - күні бүгінге дейін түркологтар арасында елеулі мәселе ретінде қаралып келе жатқан Орал-Алтай тілдері деп аталатын теорияны бастаған және осы топқа жататын тілдерді өз ішінен түрлі топтарға жіктеуді алғаш көтерген ғалым. Ол - Орал группасына жататын угро-фин, самоди тілдері мен Алтай тілдері деп аталатын түркі, монғол, тұнғұс-манчжұр тілдері өзара ұқсас тілдер деген пікірді алғаш айтқан. Осының негізінде кейініректе Орал-Алтай тілдері өзара туыстас тілдер деген теория қалыптасты. Ф.Ю. фон Страленберг - түркі халықтарының Енесей өзені бойынан табылған руникалық жазуы туралы да алғаш пікір айтушылардың бірі. Ол - Әбілғазы Баһадур ханның Шежіре түрік атты еңбегін орыс, неміс тілдеріне аударған. Ф.Ю. фон Страленбергтің Орал-Алтай теориясын анықтай түсіп, оны ілгері дамыту істерімен неміс ғалымдары В. Шотт, М.А. Кастрен, бұлардан біраз кейін О. Доннер, Г. Винклер, И. Грендель, Г.И. Рамстедт, А. Соважо, арнайы шақыруымен келіп, Ресей ғылым Академиясында Шығыстану ғылымын ұйымдастыруға белсене қатынасқан Г.З. Байер, Г.Я. Кер сияқты ғалымдар болды. Қазірде түркология дүниежүзіне кең тараған әлемдік ғылымға айналды. Түркі тілдерін зерттеу істерімен Англия, АҚШ, Германия, Швеция, Франция, Австрия, Жапония, Түркия ғалымдары да айналысады. Дәл осы арада Еуропа ғалымдарының түркі тіліне қатысты алғашқы зерттеулерінің бірі ретінде қаралып жүрген бір еңбекке тоқтала кеткен орынды. Ол - Кодекс Куманикус деп аталатын сөздік. Кодекс Куманикус (құмандар кітабы) Құман деп отырғандары - қыпшақтар ХІІІ-ХІV ғасырда готикалық көне әріппен жазылған, көлемі 164 бет.
Ресейде қалыптасқан түркологияның даму тарихын төмендегідей кезеңдерге, дәуірлерге бөлу бар: бірінші кезең - ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуір, екінші кезең - ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап, ХІХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды, үшінші кезең - XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Қазан революциясына дейінгі мезгіл, төртінші кезең - Кеңес дәуірі делінеді.
Аралас-құралас халықтардың бірінің тілін бірі білуге тырысатыны табиғи нәрсе. Сол ерте заманның өзінде де тілдерін білетіндердің түркілер ішінде, түркі тілін білетіндердің славяндар ішінде де болған. Көрнекті кенес түркологы А.Н. Кононовтың келтірген материалдарына қарағанда, орысша, түркіше сөздіктің алғашқы шағын түрі ХІІІ ғасырда жасалған көрінеді. Бұған дәләл ретінде А.Н. Кононов Се татарский язык, Толкование языка половецкого деп аталған екі қолжазба сөздікті келтіреді. Түркология дамуының бірінші кезеңінде славяндар мен түркі халықтары арасында өзара танысу, қарым-қатынас жасау үшін бір-бірінің сөйлеу тілін білуге талпынушылық болған, шағын көлемде болса да тілдік материалдар жинап, аударма сөздіктің алғашқы, өте қарапайым бірді-екілі түрі жазылған. Ғылыми негізде, жоспарлы түрде жүргізілмегенімен, қарым-қатынастың аталғандай түрлерінің өзі-ақ түркологияның кейінгі дәуірде ғылыми негізде қалыптасып, дамуына негіз болғандығы даусыз. ХVІІІ ғасырдан бастап түркі тілдерін білуге көбірек көңіл бөлінеді.
Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В.А.Богородицкий(1879-1941)- көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е.Д.Поливанов(1891-1938)-жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған.Н.К.Дмитриев( 1898-1954)- түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, үйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым.
1805 жылдан бастап, күні бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан Қазан университеті XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ресейдегі әйгілі түркологиялық орталық болды. И. Халфин, М.А. Казам-Бек, И.Н. Березин, Л.З. Будагов, Н.И. Ильминский, С.Е. Малов, Ф.Е. Корш сияқты түркологтар - осы университеттің түлектері және кейінде соның оқытушлары болған, XIX ғасырдағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz