Балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың формалары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультет
Педагогика - психология кафедрасы
СРО № 1.
Тақырыбы: «Балабақшадағы әдістемелік жұмыстардың формалары»
Орындаған: Базарбекова Ж. А.
Топ: П-403у
Тексерген: Кошкимбаева Р. Х.
Семей 2015 жыл
Білім мен оның нәтижелілігі - педагогиканың өзекті мәселесі. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін педагог және оның кәсіби шеберлігі. Сондықтан, әдістемелік жұмыстың басты бағытының бірі - педагог-тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру. Әдістемелік жұмыс мазмұны мен педагогтің жұмыс нәтижесінің үнемі байланысы әр тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жүйелі жетілдіру үрдісін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әдістемелік жұмыс педагогика мен психология ғылымдарының жаңа жетістікреіне сәйкес баланы дамыту мен жетілдіруге бағытталған барлық жұмыс түрлерін қамтиды.
Әдістемелік жұмыс тек тәрбиеші әрекетіндегі қателіктерді түзету деген түсінікпен келіспесек те, жұмыс барысында осы мәселелерді де шешуге тура келетінін жасыруға болмас. Ең бастысы, педагогтерге нақты, уақтылы және пәрменді көмек көрсету. Бірақ, бұрынғыша, мектепке дейінгі мекемеде әр педагогтің кәсіби шеберлігін көтеру күрделі мәселе болып қала береді. Жасыратын жоқ, кейбір шараларды ұйымдастыруға көп күш жіберілгенімен, қайтарымы өте аз. Бүгінде педагог әрекетін еліктіретін және диалог арқылы өз ойларымен еркін бөөлісетін жаңа белсенді жұмыс формаларын қолдануымыз қажет. Педагогтің шеберлігін көтеру, теориялық және практикалық білімдерін толықтыру түрлі әдістемелік жұмыс формаларының көмегімен, атап айтатын болсақ, интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қатынастың бұл түрінің артықшылығы кері байланыспен қамтамасыз етеді, ашық пікір алмасу болып, 8 қызметкерлер арасында жағымды қарым-қатынас қалыптасады. Мамандармен жұмыс түрінің бұл формасының негізі ұжыымда пікірлесу, өз ойларын ортаға салу, қорытындыны дәлелдеу, яғни ақылды ойлар мен дарындылар сайысы.
Интерактивті тәсілдердің мәні мынадай негізігі мақсаттардың орындалуында:
- Өз бетімен білім алуға қызығушылық пен себептер тудыра отырып, жағдай жасау.
- Өз бетінше әрекет ету мен белсенділік деңгейін көтеру.
- Өз әрекетіне талдау жасай білу және кері байланыс(рефлексия) дағдыларын дамыту.
- Бірлесіп жұмыс істеуге және эмпатияға талпынуды дамыту. Бұл жұмыстың артықшылығы неде?
- Педагогтердің кәсіби әрекетінің түрткісі, әлеуметтік және танымдық белсенділігі едәуір артады.
- Адамның күнделікті бірқалыпты өмірде көрсете бермейтін қолданылмаған, дамымаған жақтары жүзеге асырылады.
- Еңбексіз өмір сүру мүмкін емес адамдар қоғамында ұжымда әрекет ету, бір-біріне сыйластық қатынас, қолдау көрсету, бірлесе атқару тәжірибесі пайда болады.
Әр педагогтың әдістемелік деңгейін анықтап, кәсіби шеберлігін жетілдіру тестілеу және сұрақ - жауап әдісі арқылы өткізіледіү тәрбиешілер жаңа бағдарламаны меңгеріп, оны жұмыс барысында қолдануда қиындықтарға кездеседі, көп жағдайда сюжетті-рольді ойын түрлерін ұйымдастыруда, жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынас орнатуда кездескен проблемаларды шеше алмайды. Тестілеу және сұрақ-жауап әдіс арқылы жұмыс барысында кездесетін 9 әдістемелік проблемалар мен қиындықтарды анықтауға болады. Мектепке дейінгі мекемедегі педагогтармен жұмысқа енгізілген ең бірінші нәтижелі интерактивті әдіс- тренинг (тез назар аудар, жылдаи оқыту) . Қазіргі жағдайда педагогтің қандай күйде жұмыс істейтінін білмейміз. Себебі, тұрақты уақыттың өзінде олардың еңбегі күнделікті жоғары көңіл-күй және стресспен ерекшеленеді. Педагогтің көңіл-күйінің жоқтығы және басқа да жағымсыз психологиялық жағдайлар балаларды тәрбиелееу мен оқыту нәтижелілігін төмендетеді, әріптестерімен, әкімшіліпен, ата-аналармен қарым-қатынаста келеңсіз жағдайлар мен түсінбеушіліктердің орын алуын әкеліп соқтыратынын естен шығармауымыз керек. Педагогикалық ринг-педагогтердің педагогика мен психология саласында жаңа зерттеулерді оқып, үйренуіне бағытталған, педагогика мәселелерін шешудің түрлі тәсілдерін табуда, өз көзқарасын дәлелдеу мен логикалық ойлау дағдыларын жетілдіруде қысқа, тұжырымды жауап беруге, өз пікірін нақты, дәл айтуға, тапқырлығын, әзілдесу сезімін дамытады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін әр тәрбиешіні өзіне керемет идеялардың, кенеттен нұрландыратын ойлардың келетінін, бірақ олардың уақтылы қажет болмағандықтан, ұмытылып, жоғалатындығын біледі. Осы жағдай орын алмас үшін, пікір алмасу (дискуссия) - пікірталас жүргізіліп тұру орынды. Пікір алмасуды (яғни мақсатқа жету, көңіл күй, қалыптасқан ұстанымды дәлелдеуді) пікірталапен шатастыруға болмайды. Педагогика тәжірибесінде пікіралмасу әдісінің жинақтау түрі кеңінен тараған, оған «аквариум» техникасы бойынша дөңгелк үстел өткізу 10 енгізілген. Дөңгелек үстелді түрлі тақырыптарда жүргізуге болады: «Қоғамдық және отбасылық тәрбие қатынасының қазіргі замандағы өзекті мәселелері», «Мектепке дейінгі білім беретін мекеме қандай болу керек?», « Тәрбиешінің жеке күші. Ол не?», « Шығармашылық-тұлғаның он қағидасы. Сіз онымен келісесіз бе?» Дебат-пікір алмасу, алдын ала берілген тақырып бойынша қарсылас екі топтың баяндамасы. Педагогикалық жағдай, тосын жағдай (экспромт) -балалармен, ата-аналармен, әріптестермен күнделікті қарым-қатынаста педагогикалық таным белсенділігін арттыру әдісі.
Іскер ойын мектепке дейінгі мекемедегі өзекті мәселе төңірегіндегі теориялық семинардың нәтиже есебі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа мәселелердің шешімін әзірлеуге де қолданылады. Мысалы: «Мектеп жасына дейінгі бала болу оңай ма?» «Идеялар банкі» - мектепке дейінгі мекемеде дәстүрлі әдістермен шешілмейтін ұжымдық мәселелерді ұтымды шешудің жолы. Мәселен, « Ойын экологиясы: балабақша өміріне ойынды қалай қайтаруға болады?» Нәтижелі әдістердің бірі: педагогикалық идеялар мен аукциондардан жәрмеңке-көрмелер. Ол сауатты әзірленіп өткізілсе, педагогтерге шығармашылығын және өз білімдерін көтеруге стимул береді. Сондықтан, жәрмеңке -көрменің негізгі нәтижесінің көрінісі-тәрбиешінің кәсіби жеке өсуінің байқалуы. Жұмыс әдісінің бұл түрі педагогтердің кәсіби озық үлгілерін көпшілік алдында жариялауға, жаңа идеялардың 11 пайда болуына, әріптестермен іскер және шығармашылық қарым-қатынасын орнатуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық шеберхана. Мақсаты: педагогикалық ұжым мүшелерін өзі шебер меңгерген, тәрбиелеу мен оқытуды негізгі идеялармен және оны жүзеге асыруды ұсыныстармен таныстырады. Сонымен қатар, алдағы уақытта балалармен жұмыста қолдану үшін жеке практикалық тапсырмаларды орындау жүзеге асырылады. Мәселен, «мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қиялын көркем әдебиет, бейнелеу өнері арқылы, эксперимент арқылы дамыту». Коучинг -сессия-кеңесті дамытатын, дискуссия (сұрақ-жауап) арқылы интерактивті қарым-қатынас. «Мен үшін істей сал» қағидасы бұл жерде жүрмейді, педагогке нақты кеңестер мен ұсыныстар айтылмайды, тек кеңесшінің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, проблеманы шешудің жолдарын педагог өзі табады. Тағы бір жиі қолданылатын әдіс кез келген ашық іс-шараларды өткізерде педагогтердің табысқа жетелейтін «Көтеріңкі көңіл-күй әдісін» қолдану:
1. Адамдарға ұнағың келсе, күлімде! Күлімсіреу -қайғырғандар үшін күн сәулесі, келеңсіз жағдайларда табиғат берген уға қарсы ем.
2. Сіздер ең көрікті және әдемісіздер, сіздерге дүние жүзінің манекендері қызғанышпен қарасын.
3. Алтын монетамен тең адамдар бар: адам неғұрлым көп жұмыс жасаса, еңбегі соғұрлым қымбат бағаланады.
4. Сүйікті жұмыстан артық дос қажет емес: себебі жұмыс қартаймайды және сізге де қартаюға жол бермейді.
5. Қиындықтан ешқашан қорықпау керек: қиындықтар бақытқа апаратын жолда шынықтырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz