Табиғи фонды сәулелену мөлшері


ҚАЗАҚСТЫН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Табиғи фонды сәулелену мөлшері
Орындаған: Айдарова М Т
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д Н
Семей 2015
Табиғи радиациялық фон(ТРФ) туралы түсінікИондаушы сәулелену(ИС), бұл адам синтездегенкөптеген химиялық заттар сияқты, бұрын табиғатта болмаған, адамға әсер ететін қандай да бір жаңа фактор емес. Адамды қоса есептегенде, әрбір тірі ағза, жеке өмір сүруі кезінде (онтогенез) және бүкіл тірі табиғаттың дамуы барысында (яғни филогенез үрдісі) табиғи радиациялық фон деп аталатын, ИСәр түрлі табиғи көздеріненсәулеленуге ұшырайды. Табиғи радиациялық фон - бұл, қоршаған ортаның ажыратылмайтын бір бөлігі (фактор) . Ғалымдардың ТРФ-ға қызығушылығының пайда болуына салыстырмалы түрде көп уақыт өткен жоқ, негізінен, адам атом энергиясын басқаруды үйренгеннен кейін пайда болды және ол кездейсоқ болған жоқ. Атом энергиясын пайдаланудың ауқымы кеңіген сайын, ИС-тің әр түрлі көздеріненсәулелену әсеріне ұшырайтын адамдар саны көбеюде. Сондықтан, ИС-тің қауіптілігін бағалау және сәулеленудің әсер ету шегін орнату кезінде, сәулеленудің әр түрлі табиғи көздерінен сәулеленугеұшырау деңгейін және сипатын білу өте маңызды. Бірақ, ТРФ тірі ағзалар тіршілігіндегі ролі әлі соңына дейін анықталған жоқ. Кейбір зерттеушілер, аз дозаларда сәулеленуге ұшыраудың пайдалы рөлі туралы айтады, яғни оның өмір үшін маңызды (гормезис құбылысы) туралы айтады. Эксперименттік бақылауда әлі де жеткілікті дәрежеде дәлелденбеген бұл көзқарас, радиациялық фактордың адам денсаулығына да, басқа да жануарлар мен өсімдіктердің ағзасына да ешбір қолайлы әсері жоқ деген қазіргі кездегі көзқарасқа сәйкес келмейді. БҰҰ атом радиациясының әсері жөніндегі ғылыми комитеттің (АРӘҒК) және ХРҚК мәліметтері бойынша, радиациялық фактордың, тіпті фон деңгейінің өзінде, адам денсаулығы үшін азда болса, қауіп-қатері бар екені көрсетілген. В. А. Книжниковтың айтуы бойынша, ТРФ есебінен қатерлі ісіктен өліммен аяқталуқауіп-қатері, шамамен 1% құрайды. Сол сияқты, обырдың спонтанды пайда болуы мен тұқым қуалайтын аурулардыңбір бөлігі осы табиғи көздерден сәулеленуге ұшыраумен байланысты болуы мүмкін. Бұлардың барлығы оларды жете зерттеуді қажет ететіндігінің айғағы. ТРФ ерекше айырмашылығы-жер бетіндегі барлық халыққатүгел әсер етуі және ұзақ уақыт бойына оның деңгейінің салыстырмалы түрде тұрақты болуы. Сонымен бірге, табиғи сәулеленудің әсер ету деңгейлерініңәр түрлі аймақтарда және теңіз деңгейінен әр түрлі биіктікте, бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар.
Адамның сәулеленуін регламенттеуРадиациялық қауіпсіздік ретінде адамдардың қазіргі және болашақтағы ұрпағы, материалдық құралдар және қоршаған ортаның иондаушы сәуле шығарудың зиянды әсерінен қорғалған күйі түсіндіріледі. Кестеде эффекттің адамның қысқа уақыттағы сәулелену дозасынан тәуелділігі берілген.
Радиациялық қауіпсіздік «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңынан басқа НРБ-99 регламенттеледі.
1-кесте. Эффекттің адамның біреселі (қысқа уақыттағы) сәулелену дозасынан тәуелділігі.
НРБ-99 негізгі бөлімдері келесіге келтірілген.
НРБ-99 талаптары иондаушы сәуле шығарудың адамға әсерінің келесі түрлеріне таралады:
а) радиациялық апат кезінде халық пен жұмыскерлердің сәулеленуі;
б) иондаушы сәуле шығарудың техногендік көздерін қалыпты эксплуатациялау жағдайында халық пен жұмыскерлердің сәулеленуі;
в) иондаушы сәуле шығарудың табиғи көздерінен өндіріс орындарының жұмысшылары мен халықтың сәулеленуі;
г) тұрғындарды медициналық сәулелену.
НРБ талаптары сәулеленудің әрбір түріне жасалған.
НРБ талаптары жылдық эффективті дозасы 10 мкЗв (1 мбэр) және ұжымдық жылдық дозасы 1 адам - Зв аспайтын иондаушы сәуле шығару көздеріне, және осы көздердің кез-келген жағдайдағы қолданылуына, сонымен қатар жер бетіндегі космостық сәуле шығаруға, алам ағзасында кездесетін калий-40 туатын сәулеленуге таралмайды. Автоматты түрде келесі көздер регламенттеуден босатылады: қалыпты эксплуатация жағдайында аппарат бетінен 0, 1 м ара-қашықтағы кез-келген нүктедеэквивалентті доза қуаты 1 мкЗв/сағ (0, 1 мбэр/сағ) аспайтын генераторлар; максимал энергиясы 5 кэВ аспайтын сәуле шығару генераторлары; меншікті және жиынтық активтілігі орнатылған нормадан аз радиоактивті заттар (НРБ арнайы бөлімдерінде берілген) .
Терминдер мен анықтамалар қатары орнатылған. Олардың негізгі дозиметрлік шамалары мен бірліктері кестеде келтірілген.
Радиоактивті ластанудың төменгі шегі орнатылған.
Ол дегеніміз материалдың беті немесе ішінде немесе адам денесінде, ауада немесе т. б. жерлерде жеке дозасы 10 мкЗв/жыл (1 мбэр/жыл) асатын сәулеленуге әкелетін техногенді радиоактивті заттардың бар болуын көрсетеді.
Сәулеленетін адамдардың келесі категориялары берілген:
а) қызметшілер (техногенді көздермен жұмыс істейтін адамдар - А тобы, немесе жұмыс жағдайы бойынша олардың әсеріндегі ортада болатындар - Б тобы) ;
ә) бүкіл халық, ортадан және өндірісі қызметінен тыс қызметшілердің ішіндегі адамдарды қосқанда) ;
сәулеленетін адамдардың барлық категориясына орнатылған нормативтердің үш класы бар:
а) негізгі дозалық шектер;
ә) негізгі дозалық шектердің туындысы болып табылатын монофакторлық (бір радионуклид немесе сәуле шығарудың бір түріне, түсу жолына) әсердің мүмкін деңгейлері: жылдық түсу шектері, мүмкін жарты жылдық көлемдік активтіліктер (ДОА) және меншікті активтіліктер (ДУА) және т. с. с.
Сонымен қатар, дозиметрлік өлшеулер приктикасында:
- эффективті-ұжымдық, жарты ғасырлық және басқа дозалар;
- көрсетілген бірліктердің ондаған бөліктері - дека, гекто, кило, мега, деци, санти, милли, микро және басқалары;
- активтілік - меншікті (Бк/кг), көлемдік (мкКи/литр), беттік (мкКи/см2) немесе Ки/км2және басқалары.
б) бақылау деңгейлері (дозалар және деңгейлер) - Госсанэпиднадзор органдармен келісілген түрде ұйым (орган) әкімшілігімен орнатылады.
Сәулеленудің негізгі дозалық шектері. Негізгі дозалық шектер иондаушы сәуле шығарудың медициналық, табиғи және апаттық дозаларды қоспайды (2 кесте) .
2-кесте. Негізгі дозалық шектер
Жылына эквиваленттідоза
Көз жанарында
Теріде
Алақан мен табанда
150мЗв(15бэр)
500мЗв (50бэр)
500мЗв
15мЗв(1, 5бэр)
50мЗв(5бэр)
50мЗв
Адамдарға арналған сәулелену шектеулері:
- техногенді көздерден - негізгі дозалық шектерден аспауы керек - 1мЗв/жыл;
- тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде бөлме ауасындағы радон мен торон изотоптарының жарты жылдық көлемдік эквивалентті дозасы А Rnэкв +Tnэкв100 Бк/м3, ал ашық жердегі γ-сәуле шығару дозасының қуаты 0, 3мкЗв/сағ аспауы керектігі ескерілуі қажет. Үлкен көрсеткіштер кезінде қорғаныс шаралары ұйымдастырылуы керек. Егер көрсеткіштер нормативтен жоғары болса, онда тұрғындарды көшіру (олардың келісімдерімен) және бөлмелерді қайта профильдеу немесе бұзу туралы сұрақ қойылады.
- құрылыс материалдарындағы (шағыл, қиыршық тас, құм) табиғи радионуклидтердің меншікті эффективті активтілігі (Аэфф) : 1 кластағы тұрғын және қоғамдық ғимараттар үшін - 370 Бк/кг; 2 кластағы халық қоныстанған жерлер мен құрылыстармен шектелген жолдарды салуда колданылатын материалдар үшін - 740 Бк/кг; 3 кластағы халық қоныстанған жерлерден тыс жерлерде жол құрылысында қолданылатын материалдарүшін - 2, 8 кБк/кг;
- ауыз суындағы табиғи радтонуклидтердің эффективті дозасы 0, 2 мЗв аспауы керек;
- радиациялық апат кезінде 2 тәуліктегі бүкіл дененің сәулелену дозасы 1 Гр (100 рад) аспауы керек. Бұл көрсеткіштің өсуі кезінде шұғыл қорғаныс шаралары қолданылуы керек.
Табиғи сәулеленудің шектеулері
Сәуле шығарудың табиғи көздерінің жиынтық әсерімен шартталған адамдарға арналған эффективті дозаның мүмкін мәні қойылмайды. Адамдардың сәулеленуін төмендетуге сәуле шығарудың табиғи көздерінің жеке түрлеріне шектеулер жүйесін қою арқылы жетуге болады.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде бөлме ауасындағы радон мен торон туынды өнімдерінің жарты жылдық тепе-теңдік көлемдік эквивалентті активтілігі ЭРОА_Rn + 4, 6 х ЭРОА_Tn100 Бк/м 3 , алашық жердегі γ-сәуле шығару дозасының қуаты 0, 2 мкЗв/сағ аспауы керектігі ескерілуі тиіс.
Пайдаланылатын ғимараттардағы тұрғын бөлме ауасындағы радон мен торон туынды өнімдерінің жарты жылдық тепе-теңдік көлемдік эквивалентті активтілігі 200 Бк/м 3 . Көлемдік активтіліктің тым үлкен көрсеткіштерінде бөлме ауасына родонның түсуін төмендету және бөлмені желдетуге бағытталған қорғаныс шаралары қолданылуы тиіс. Қорғаныс шаралары, сонымен қатар, ашық жердегі γ-сәуле шығару дозасының қуаты 0, 2 мкЗв/сағ асқан жағдайда қолданылуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz