Мамандық бойынша ғылыми мақалалармен, мәтіндермен жұмыс.ғылыми мақаланың жазылуы, тезис құрастыру


ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Мамандық бойынша ғылыми мақалалармен, мәтіндермен жұмыс. Ғылыми мақаланың жазылуы, тезис құрастыру»
Орындаған: Мұхаметжанова Арайлым
Топ: К-319 С
Тексерген: Ахметова Г. С.
Семей қ, 2015 ж
Мамандық бойынша ғылыми мақалалармен, мәтіндермен жұмыс. Ғылыми мақаланың жазылуы, тезис құрастыру.
Ғылыми мақаланың жазылуы.
Сапалы мақала жазудың 15 ережесі:
Дұрыс тақырып.
Қызықты кіріспе.
Тақырыптан ауытқымау керек.
Тақырып қызықты, анық және ақпараттық болу керек. Оның негізінде оқырмандар анықтайтын болады, ол бұл мақаладан қандай ақпарат алады, және ол қаншалықты пайдалы болады.
Оқырманды мақаланың ең басында толық мәнін ашпай, бірақ қызықтырған жөн. Мақаланың басында негізгі мәнін жеткізе отырып, осы арқылы қызығушылықты тудырып, оқырманды мақаланың соңына дейін ұстап тұру.
Мақаланы күрделі және көлемді етемін деп тақырыптан ауытқымаңыз, тақырыпқа сай емес басқа мәселелерді қозғамаңыз.
Негізгі қағидаларды ұстанған жөн.
- қысқалық;
- сауаттылық;
-дәлелділік
Қарапайым сөйлемдермен жазған жөн.
Кейбір кездері техникалық мазмұндағы ғылыми мақалалар болуы мүмкін, сол кездері әрине күрелі сөздер қолданылады.
Мәтінді азат жолдарға бөлген жөн.
Оқуға ыңғайлы болу үшін бір азат жолда 5-10 сөйлемнен жазсаңыз дұрыс болады.
Жоспар бойынша жұмыс істеңіз.
Барлығы рет ретімен болу керек.
Қарапайым сөз тіркестерді және жаргондарды қолдаңбаңыз.
Сұрақты қарастырғанда жүйені қолднған жөн, осы ретте жоспар көмек болады. Дәлелдеуіңіз және нақты деректерді келтіруіңіз керек. Жалпылылық пен белгісіздіктен аулақ болыңыз.
Егер мақсатты аудитория мен мақаланың стилі талап етпесе.
Дұрыс сөз және стиль.
Тавтологиядан, қайталауднудан, плеоназмадан және тағы да басқа сөйлеу кезіндегі қателіктерден бас тартақан жөн.
11. Мәні соңына дейін түсініксіз сөздерді қолданбағаныңыз жөн.
12. «Не, не болмаса, яки, немесе» сияқты жалғаулық шылауларды сөйлемнің басында көп қолдаңбаңыз.
13. Назар аударту мақсатында ешқашан жоғарғы регистрмен жазбаңыз - бұл жаман әдет, оның орына қолайлы құралдарды қолданыңыз. Артық тыныс белгілерін қоймаңыз. Бұл сіздің сөздік қорыңыздың аз екендігін көрсетеді. Мысалы, осыны мынаған ұқсатуға болады, пікірталаста өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын адам дауыс көтере бастайды, осы арқылы өзінің айтқан сөздері дұрыс екендігін дәлелдеу мақсатында.
14. Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығып, бүкіл қате кеткен жерлерді түзетіп алуды ұмытпаңыз.
15. Соңында дәлелі жоқ пікірлерді жазбаңыз, қорытынды шығарғанда оны дәлелдеу керек.
Өз мамандығыма байланысты ғылыми мақала алып, үлгіге сәйкеспе, сәйкес емеспа тексерип, жұмыс жасадым.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕРМИНЖАСАМНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Нұржанова А. С.
Аннотация
Мақала қазіргі қазақ терминологиясы және ондағы терминдердің
қазақ тіліне ену мәселесі, аудармалануы жайлы жазылған. Терминдердің
қолданылуы және терминжасамдағы қазақ тілінің сөздік қорын пайдалану
қажеттігі айтылған.
Кілттік сөздер: терминжасам, тілдік қор, ұғым, құбылыс.
Дүние жүзі халықтары әлемдік өркениет жағдайына жету үшін бір - бірімен мәдениет үлгілері жетістіктерін аударма жасау арқылыбайланысып, қарым -қатынастаболады. Қазір бұл үрдісті жаһанданусаясатымен түсіндіріп жүр. Ал түрлі әдебиеттерді ғылыми, көркем шығарма аударудың бізге белгілі бірнеше амалдары бар. Олар: калька- сөзбе-сөз, еркін аударма вольный дәлме-дәл, яғни адекватты түрлері.
Осылардың ішінде калька - сөзбе-сөз аудару тәсілі сөздің немесе сөз
тіркесінің ішкі мағынасының дәлме-дәл сол күйінде аудару.
Терминологияны толықтыратын, әрі дамытатын -
салалық терминдер. Қазақ тілі білімінде 90 жылдардан былай қарай
ұлттық ғылым тілінің даму үрдісі жаңа белеске көтерілді. Оның басты
себебі - қазақ тілінің ғылым тіліндегі мәртебесін көтеру, қазақ тілінің ғылым тіліне қызмет ету мүмкіндігін жан- жақты қарастыру.
Бұл ретте қоғамдық ғалымдармен қатар, техникалық ғалымдардың қазақ тілінде сөйлей бастауына жағдай туғызған түрлі ғылыми зерттеулер мен екі тілді сөздіктердің көптеп жарыққа шығуы деуге болады. Әсіресе, салалық ғылымдар бойынша жарық көрген оқулықтар мен сөздіктер және мақалалар көптеп саналады.
Қоғамда үздіксіз болып жататын өзгерістер мен жаңалықтар құралы болатын тіл- қашандақоғамнан тысқары қалмауы, қоғаммен бірге дамуы табиғи құбылыс. Тілдің кейбір қабаттары ұғымдық атаулармен толығып, өзгеріп отырады.
Бұл құбылыс, әсіресе тілдің терминология саласына тән деуге болады. Себебі, термин дегеніміздің өзі «белгілі бір арнаулы қолданыс саласындағы ғылыми лексика» деген анықтамаға жүгінер болсақ, қоғамдық өзгерістердің сан алуан тармақтары өзіндік қызметімен, арнаулы лексикалық қолданыстағы ерекшелігімен айқындалады.
Тіл мамандары терминдер жүйесін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастырады. Жалпы терминдер қызметі мен оларға тән ерекшеліктерін айқындау жалпы терминологияның даму бағытын бағдарлау - терминдерді
теориялық жағынан зерттеу деген сөз. Ал енді, терминдерді тәжірибелік /практикалық/ тұрғыдан зерттеу дегеніміз - салалық терминдер жүйесін қалыптастыру, терминжасам әдісін саралау, жаңа ұғым атауларының жасалу жолдарын айқындап, талдап беру.
Ұлт тілінде терминдер жасау - мемлекетіміздің тілге берген мәртебесі арқылы ұлт тілінде терминдер жасауды барынша жан-жақты тереңдету керек деген талап қоюының да белгісі. Ұлт тіліне деген осындай қөзқарас
1920-30 жылдары байқалған болатын. 1920 жылы Қазақстан өз алдына автономиялы ел болып, 1923 жылы қарашада тұнғыш рет Тіл туралы декрет қабылданды. Ал 1930-40 жылдары арасында интернационалдық терминдер мен орыс тіліндегі атаулар өзгеріссіз енгізіле бастады.
Терминдер - дегеніміз өнеркәсіпке қатысты белгілі ұғымды білдіріп, оны тілде бейнелейтін арнаулы сөздер мен сөз тіркестері.
Жалпы қолданыстағы сөздерден
жасалған терминдер.
Арнайы кәсіп сферасында
қолданылуымен;
Ұғымдарды білдіруімен;
Өзіндік грамматикалық
жасалу жүйесімен
ерекшеленеді.
Қазақ тіліндегі кірме терминдер қазақ терминологиясының, лексикасының
едәуір бөлігін құрайды. Қазақ терминологиясының қорына негізгі екі бағытта кірме терминдер енеді:
Орыс тілі терминдері.
Халықаралық терминдер.
терминдерді сұрыптап
терминологиямызды қалыптастыру
қажет.
Қазіргі терминдердің лексикаға енгізілуі қалыптасқан ғылым тілін, терминологияны бұзу емес, керісінше дұрыс қалыптаспаған қазақ
терминологиясын қалпына келтіруге ізгі қадам жасау. Қазіргі кезде ұлттық тіл байлығымызды жаңғыртып, мүмкіндігінше төл тілімізді пайдаланып терминжасау бағытына басымдық беру керек.
Әдебиеттер тізімі
1. А. Байтұрсынұлы «Ақ жол» Алматы, 1991 ж.
2. Ә. Қайдар «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас»
Алматы «Рауан» 1993 ж.
3. Ш. Біләлов «Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру»
Алматы, 1997 ж.
Резюме
В статье рассмотрен вопрос внедрения в лексику современного казахского языка
новых терминов. Сохранение частоты любого языка на сегодняшний день является
актуальным вопросом. Автором представлены мнения ученых-терминологов о
формировании и развитии научного языка. Дан положительный отзыв по
восстановлению казахской терминологии, с целью обновления богатства национального
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz