Дәнді дақылдарды қабылдау



1. Астық қабылдау кәсіпорындарының міндеті
2. Дәнді дақылдарды қабылдайтын кәсіпорындардың жұмысы
3. Астықтың сапа көрсеткіштерін бақылау
4. Астықты қабылдаудың рәсімделуі
Мемлекетке өткізілетін астықты қабылдау және оны сақтап баптау астық қабылдау кәсіпорындарына жүктелген. Олар бұрынғы одақ көлемінде орналасып, бір мемлекеттік дайындау жүйесіне бірлестірілген болатын. Кейінгі кезде бұл жүйе Қазақстан Республикасындағы астық қабылдау кәсіпорындарын біріктіретін концерн (не корпорация) деп аталатын ұйымға бірлестірілген. Осы жүйеге астықтан ұн, жарма және құрама жем алатын ірі-ірі өңдеу кәсіпорындары (зауыттары) да кіреді.
Әрине, астық қабылдау кәсіпорындарының міндеті тек астықты қабылдауды ұйымдастырумен ғана тынбайды. Олар техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, астық қорын қысқа мерзім ішінде өңдеп дәнді ұзақ сақтауға, одан тұтынушылардың талабына сай өнімдер шығаруға жарайтын күйге келтіреді.
Астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысы дәнді дақылдарды колхоз, совхоздан және басқа астық өндіруші мекемелерден қабылдап алғаннан бастап, әртүрлі тұтынушыларға өткізіп жібергенге дейін астықтың әрбір партиясының сапасын бағалау мен сан-сапа өзгерістерін есептеуге тығыз байланысты.
Мемлекетке колхоз-совхоздар сататын әр түрлі дақылдар дәні мен тұқымын астық қабылдау орындары егін орағы кезіндегі қысқа мерзімде шарт бойынша және сатып алу жоспарынан артық мөлшерде қабылдауға мәжбүр. Соған қарамастан кәсіпорын дән мен тұқым партиясын тоқтаусыз қабылдауға, оның сапасы мен салмағын анықтауға, астық тапсырушылармен мерзімінде және дұрыс есеп айырысуға, түскен дән партияларын жақсылап орналастыруға, оның мөлшері мен сапасын сақтау шараларын белгілеуге міндетті.
1. Егіншілікте өнім сапасын арттыру. Н. Әлдеков. Алматы, «Қайнар», 2011 ж. 168 б.
2. Астық сақтау технологиясы. О. Нәлеев. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 2008 ж. 210 б.
3. О. Н. Чеботарев, А. Ю. Шаззо, Я. Ф. Мартыненко. Технология муки, крупы и комбикормов. Москва – Ростов н/Д: изд. центр «МарТ», 2009 ж. – 687 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Дәнді дақылдарды қабылдау

Орындаған : Байғалиева Г. Қ.
Тексерген : Нұрымхан Г. Н.

Семей 2015
Жоспар
1. Астық қабылдау кәсіпорындарының міндеті
2. Дәнді дақылдарды қабылдайтын кәсіпорындардың жұмысы
3. Астықтың сапа көрсеткіштерін бақылау
4. Астықты қабылдаудың рәсімделуі

Дәнді дақылдарды қабылдау
Мемлекетке өткізілетін астықты қабылдау және оны сақтап баптау астық қабылдау кәсіпорындарына жүктелген. Олар бұрынғы одақ көлемінде орналасып, бір мемлекеттік дайындау жүйесіне бірлестірілген болатын. Кейінгі кезде бұл жүйе Қазақстан Республикасындағы астық қабылдау кәсіпорындарын біріктіретін концерн (не корпорация) деп аталатын ұйымға бірлестірілген. Осы жүйеге астықтан ұн, жарма және құрама жем алатын ірі-ірі өңдеу кәсіпорындары (зауыттары) да кіреді.
Әрине, астық қабылдау кәсіпорындарының міндеті тек астықты қабылдауды ұйымдастырумен ғана тынбайды. Олар техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, астық қорын қысқа мерзім ішінде өңдеп дәнді ұзақ сақтауға, одан тұтынушылардың талабына сай өнімдер шығаруға жарайтын күйге келтіреді.
Астық қабылдау кәсіпорындарының жұмысы дәнді дақылдарды колхоз, совхоздан және басқа астық өндіруші мекемелерден қабылдап алғаннан бастап, әртүрлі тұтынушыларға өткізіп жібергенге дейін астықтың әрбір партиясының сапасын бағалау мен сан-сапа өзгерістерін есептеуге тығыз байланысты.
Мемлекетке колхоз-совхоздар сататын әр түрлі дақылдар дәні мен тұқымын астық қабылдау орындары егін орағы кезіндегі қысқа мерзімде шарт бойынша және сатып алу жоспарынан артық мөлшерде қабылдауға мәжбүр. Соған қарамастан кәсіпорын дән мен тұқым партиясын тоқтаусыз қабылдауға, оның сапасы мен салмағын анықтауға, астық тапсырушылармен мерзімінде және дұрыс есеп айырысуға, түскен дән партияларын жақсылап орналастыруға, оның мөлшері мен сапасын сақтау шараларын белгілеуге міндетті.

Сондықтан әрбір астық қабылдау кәсіпорнының жұмысын ұйымдастыруда өндірістік технологиялық лабораторияның (ӨТЛ) маңызы орасан зор. Лаборатория керекті жабдықтармен және жоғары дәрежелі инженер, техник мамандармен толық қамтамасыз етілуі керек.
ӨТЛ-дің ролі өндірістегі міндеттері республика көлемінде бекітілген арнаулы бірыңғай ережелермен шектелген. Аталған лабораторияда дән сапасы анықталады, кейін қалай өңделетіні мен қандай мақсатқа пайдаланылатыны ескеріле отырып, сапасы бойынша біркелкі партиялар қалыптастырылады, автомобиль транспортының тоқтап тұруына жол бермес үшін дән тиеп келген автомобильдер қабылдау орындарына бөлінеді, мемлекеттік үлгіге техникалық жағдайларға және жоғарыдағы ауылшаруашылық және де дайындау ұйымдарының нұсқауларына сәйкес дәннің жиналғаннан кейінгі өңдеу технологиясы мен сақталуына бақылау жасалады.
Астық қабылдау кәсіпорынында осындай қауырт жұмысты табысты орындау үшін оны нақты ұйымдастырумен қатар кәсіпорынның нақты мүмкіндіктері негізінде жасалған дәнді қабылдап, қоймаларға орналастырудың жақсы ойластырылған жоспары да болуға тиіс. Бұл жоспар әр кәсіпорында дайындау жұмысы басталғанға дейін жасалып, оны директор мен жоғары ұйым бекітуі керек.
Астықты қоймаларға дұрыс орналастыру - технологиялық сапасы бойынша да, экономикалық көрсеткіштер бойынша да дәнді жақсы сақтаудың ең маңызды шарасы. Жоспардың жасалуы және оның орындалуы дәннің сақталуына кеселі тиетін қателіктерді болдырмауға астықты толассыз қабылдауға, көп күш жұмсамай-ақ ірі біркелкі партиялар қалыптастыруға, қойма сыйымдылықтарын пайдалану коэффициентін арттыруға, дәннің сапа және мөлшері жағынан ысырабын азайтуға мүмкіндік береді. Осының бәрі сақтау кезіндегі шығынды кемітіп, дәнді халық шаруашылығында орнымен пайдалануды қамтамасыз етеді.
Жоспар өткен жылғы дәнді қабылдау және орналастыру жөніндегі жұмыстарға талдау мәліметтері бойынша жасалады. Сондай-ақ, кәсіпорынның техникалық базасы, жоспар бойынша және одан да артық сатып алынатын дән мөлшері, дән мен әртүрлі дақылдар тұқымының сапасы, бұрынғы жылдардан қалған дән туралы деректер, өзге кәсіпорындардан әкелінетін дән жайындағы мәліметтер, оны кәсіпорыннан жөнелту мерзімі мен мөлшері ескеріледі.
Астық қабылдау кәсіпорынының дән қабылдау жөніндегі жұмысында оны сағаттық график бойынша жеткізу жөніндегі озық тәсілдің маңызы ерекше. Мұның мәні колхозға немесе совхозға бекітілген әрбір автомобиль немесе машиналар тобы дәнді астық қабылдау кәсіпорынына нақты белгіленген уақытқа әкеледі.
Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін ауылшаруашылығы, автотранспорт ұйымдары және астық қабылдау кәсіпорнының өкілдерінен диспетчерлік топ құрылылады. Жаңа өнім дәнін қабылдауды осылайша ұйымдастыру кәсіпорындардағы құралдарды пайдалану тиімділігін арттырып, астық жеткізу шығынын азайтады. Сонымен, дайындау жүйесіндегі мекемелердегі астық қабылдаудың екі түрі орын алған: 1. колхоз бен совхоздардан сатып алу; 2. басқа дайындау жүйелерінен келіп түсу.
Колхоз бен совхоздардан астық қабылдаудың сипаты маусымды, ол астықты орудан басталып, одан біраз уақыт өткен соң-ақ аяқталады. Ал басқа мекемелерде қабылдау жыл бойынша созыла беруі мүмкін.
Астықты тұтынушыларға жақындату, қоймаларды тиімді пайдалану, керекті технологиялық шараларды жүзеге асыру және сапасы біркелкі болатын ірі қор жасау үшін, оны қабылдап сақтайтын жүйелерде сөзсіз жылжытып тасымалдаумен байланысты.
Астық қабылдау кәсіпорнына келіп түсетін астық әрбір партиясының санын, салмағын, сапасын тексеріп, анықтап барып қабылдайды.
Сырттай қарап байқау және сынама шөкім алу арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәнді дақылдарды өңдеу
Сыйымдылығы 110 мың тонна дайындаушы элеваторды жобалау
Дәнді дақыл түрі
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Дақылдардың айналымын жасау кезінде
Астықты автомобильді транспортпен қабылдау және тиеу
Кәсіпорынның еңбек ресурстарының құрылымы
Ұн технологиясы
Қолданыстағы тамақ өнімдерін сақтау объектілерін салу және жаңғырту
Сыйымдылығы 65 000 тонна өндірістік элеваторды жобалау
Пәндер