Инженерлі – геодезияллық жұмыстарда беттік қатынасы мен координат жүйелерін таңдау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Инженерлі - геодезияллық жұмыстарда беттік қатынасы мен координат жүйелерін таңдау»

Тексерген: Аубакирова С. М.

Орындаған: Рамазанов А.

Тобы: ГК-213

Семей

2015

Геодезиялық және астрономиялық өлшеулерде қолданылатын негізгі координаталар жүйесі болып белгілі территориядағы референц-эллипсоид арқылы анықталатын геодезиялық жүйе есептеледі. Бұл жүйедегі координаталық сызықтар болып меридиандар мен параллельдер алынады. Жербеті нүктелерінің координаталары болып геодезиялық ендік - В, геодезиялық бойлық - L, геодезилық биіктік - Г H алынады.

Геодезиялық ендік В дегеніміз - ол белгілі нүктеден жер эллипсоидының бетіне түскен нормаль мен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш.

Геодезиялық бойлық L дегеніміз - ол белгілі нүктенің геодезиялық меридианы мен бастапқы (Гринвич) меридианы жазықтықтары арасындағы екіжақты бұрыш.

Геодезиялық биіктік Н дегеніміз - жер эллипсоидының бетінен нормаль бойынша есептелген нүктенің биіктігі.

Геодезиялық координаттар тікелей өлшенбейді, олар абстрактты геометриялық фигура - эллипсоидқа жатады, сондықтан оларды бастапқы координаталары 0 00, , H LB белгілі пункттен бастап координаталар өсімшелерінің қосындылары арқылы есептейді.

Жербетінен тұрып жұлдыздарды бақылау барысында астрономиялық ендік, бойлық  және азимуттарды  анықтайды.

Геодезиялық координаттар B, L және H кеңістіктік эллипсоидтық координаттары деп аталады, олар G (B, L, H) жүйесін құрайды. Координаталарының басы Жер массасының центріне дәл келетін жүйені геоцентрлік координаттық жүйе деп атайды. Геоцентрлік экваторлық жүйеде координата осьтері жер бетіндегі немесе аспан сферасындағы ерекше нүктелерге бағытталады

Z (z) осі Жердің солтүстік полюсіне бағытталған. Егер мұнда X осі Гринвич меридианның G мен қиылысқан нүктесіне бағытталса, онда тік бұрышты кеңістік координатары X, Y, Z жүйесі алынады, ол Жердің тәуліктік айналуына байланысты болады. Мұндай жүйе, негізінен, жерсеріктік өлшеулерде қолданылады. Егер Х осін көктемгі күн теңесуінің нүктесіне  бағыттасақ, онда Жердің жылдық айналуымен байланысы жоқ х, y, z координаттар жүйесі алынады. Бұл координаттық жүйені x, y, z жұлдыздық геоцентрлік координаттық жүйе деп атайды.

Эллипсоид бетінде геодезиялық есептерді шешкенде геодезиялық координаттар формулаларының күрделілігі қолайсыз жағдайлар туғызады. Белгілі бір территорияда геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін жазықтықтағы эллипсиод проекциясын қолданған тиімді болады, онда координаттар сызықтық өлшемдермен беріледі.

ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында геодезиялық жұмыстарда көлденең-цилиндрлік Гаусс-Крюгер проекциясы, белдеулік, конформды (теңбұрышты) проекциялар қолданылады. Бұл проекцияда жер шары эллипсоиды масштабқа байланысты 6, 3, 1. 5 зоналарға бөлінеді. Тікбұрышты х және у координаттары зона шегінде экваторға және осьтік меридианға қатысты есептеледі. Зонаның осьтік меридианы жазықтықта түзу сызықпен бейнеленеді. Ол Х осі болып қабылданады. У осі экватор сызығының бейнесімен сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы аумағында абсциссалар тұрақты, ординаттар тек шығыс жақта тұрақты да, осьтік меридианнан батысқа қарай тұрақсыз. Тұрақсыз ординаттарды болдырмау үшін, меридиан осьтік нүктелеріне шартты түрде у=5 м мәнін жазады да, алдында қатысты зона нөмірін көрсетеді.

Алтыградустық зонаның осьтік меридианы 1:1 масштабтағы карта парақтарының орталық меридиандарымен сәйкес келеді. Зонаның реттік нөмірі мына формуламен анықталады:,

n= N-30 (1)

мұнда N - 1:1000 000 масштабтағы карта парағының колонна нөмірі.

Алтыградусты зонаның осьтік меридиан бойлығы келесі формула бойынша есептеледі:

 L=6n-3 (2)

мұнда n- зона нөмірі.

Жазық тікбұрышты координаттар x, y жүйесі және H z  биіктігі Р (x, y, z) жүйесін құрады, олар геодезиялық және топографиялық өлшеулерде қолданылады. x, y координаттары және z биіктігі өзара тәуелсіз.

Жоғарыда айтылған координаттар жүйесі геодезиялық, топографиялық және картографиялық практикада және теорияда кеңінен қолданылады.

B, L және Г H эллипсоидальды координаттар, X Y Z тікбұрышты кеңістік координаттары және жазық тікбұрыш координаттары x және y геодезиялық координаттар жүйесін құрайды. Ол Жер бетіндегі геодезиялық деректерді, топографиялық түсірістерді және картографиялауды бір жүйеге біріктіреді. Бұл жүйенің координаттары Жер эллипсиоды бетіне түсірілген нормальмен байланысты, ол Жердің физикалық бетін және геоидты зерттегенде ыңғайлы.

Жердің физикалық бетіндегі қандай да бір нүктесін референц-эллипсоид бетіне қатысты анықтау үшін геодезиялық ендіктен B және геодезиялық бойлықтан L бөлек тағы үшінші координатты - геодезиялық биіктікті Г H білу қажет.

Биіктік нүктелерін білу бедерді зерттеуде, барлық инженерлік жұмыстарды жобалауда және құрылыстарын жүргізуде қажет. Биіктіктер жер эллипсоиды бетіндегі барлық өлшенген шамаларды редуцирлеу кезінде де керек.

Гипсометриялық биіктік анықтау әдісіне байланысты әртүрлі мәндерге ие: ортометриялық, нормальды және динамикалық. 0H мәні геометриялық нивелирлеумен анықталады.  геоидальды бөлігін биіктік аномалиясы деп атайды. Ол геоид бетінің эллипсоид бетінен ауытқуын береді және Жер қойнауындағы массалардың біртегіс таратылмауына негізделеді.

«Жердің пішіні қандай?» деген сұрақ көптеген ойшылдардың көңілін аударған. Жер пішіні шар тәрізді, кейінірек шар пішініне жақын эллипсоид тәрізді деген ой бірден пайда болған жоқ. Жер шары радиусын анықтау үшін Жер бетіндегі өлшеулер ерте заманнан бері градустық өлшеулер деп аталады.

Жердің өлшемін бірінші анықтаған Эратосфен ( 3 ғ. б. э. д. ) . ХІІІ-ғасырда Ұлықбек салғызған Самарқанттағы обсерваторияда аспан денелерін астрономиялық бақылау арқылы меридиандық доғаның ұзындығы анықталған. Ұлықбектің сол кезде жүргізген зерттеулерінің нәтижелері Шығыс пен Батыс, оның ішінде Қытай мен Индияда жоғарғы геодезия ғылымының дамуына зор ықпалын тигізген. Голландияда және Францияда бірінші градустық өлшеулер XVII ғ триангуляция әдісін қолдану арқылы жүргізілген.

Жер пішінін зерттеудегі негізгі әдістерге мыналар жатады: 1. Астрономиялы-геодезиялық әдіс, геодезиялық және гравиметриялық өлшеулерді жер бетінде қолданылады. 2. Гравиметриялық әдіс, жер шарының әртүрлі нүктесінде ауырлық күшінің үдеуін өлшеуде қолданылады. 3. Ғарыштық геодезиялық әдіс, Жердің жасанды және табиғи серіктерін, алыс ғарыштық объектілерін бақылауға негізделген

Жергілікті координат жүйесін трансформациялау

Нүктенің дәл салыстырмалы координаттарын пост өңдеу кезінде біріккен желі нәтижесінде байланыстыра аламыз, онда координаттар WGS-84 эллипсоиды үшін анықталады. Көп жағдайда WGS-84 координаттарын жергілікті зоналық координаттарды референц-эллипсоидымен жергілікті проекция жазықтығындағы координаттармен өлшеу GPS нәтижесінде трансформация қажет болады. Трансформациялау параметрлерін және анықталатын нүкте (GPS жүйе) санын есептеу үшін, белгілі жергілікті координаттар пунктері қосылуы керек WGS-84-тің және жергілікті координатты осы ортақ пункттер трансформация параметрлерін анықтау және алғашқы мәліметтер қатесін табу үшін қолданылады.

Ортақ пункттер жұмыстың барлық ауданында біркелкі үлестірілген болу керек. Трансформациялауда барлық параметрлерін дұрыс есептеу үшін, ең аз дегенде үш пункт колданылуы керек.

Бақылауды жоспарлау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Симметриялық вибратордың кіріс кедергісі
Әуежай ғимараттарын салудағы геодезиялық жұмыстар
Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен жасайтын зауыттың өндірістік құрылым схемасын сызу
Автокөлік жолын СКЕБО кешенінде трассалау
Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)
Мехатрондық жүйенің көмегімен құрылыстар мен ғимараттарды зиянды тербелістің әсерінен қорғауды жобалау
Ашық тау өндірімдері
Бетонның сульфатқа тұрақтылығы
Жер үстінде орналасқан констркуцияларды қорғау үшін гидрофобты қоспаларды ендіру арқылы бетонның ұзақ тұрақтылығын жоғарлату
Ферменттерді иммобилиздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz