ХІХ-ХХ ғасырдағы егіншіліктің дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
БӨЖ
Тақырыбы: ХІХ-ХХ ғасырдағы егіншіліктің дамуы
Орындаған: Нүкенова А.
Тобы : АГ - 213
Тексерген: Сагандыков С. Н.
Семей - 2015ж
Жоспары
Егіншілік - ауыл шаруашылығының негізгі саласы
Егіншілік - ауыл шаруашылығының негізгі саласы және өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру үшін негізінен мәдени өсімдіктерді өсіреді. Бұл сала халықты азық-түлікпен, мал шаруашылығын мал азығымен қамтамасыз етеді. Өсімдік шаруашылығы өнімінің ауыл шаруашылығы өніміндегі үлес салмағы 2014 жылы 40% болды.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ жоспардағы 101, 5% орнына 97, 9%. құрады. %, составил Жедел мәліметтер бойынша 2014 жылы күнбағыс, картоп және көкөніс өндіру 2% -ден 2, 6%-ға өсті.
Алайда астық өндіру 2013 жылмен салыстырғанда 57 мың тоннаға немесе 7% азайды. Бұл өсімдік шаруашылығы өнімінің НКИ төмендеуіне әсер етті. Негізгі себеп - облыста дәнді дақылдар богарлы егіншілік жағдайында өсіріледі және 2014 жылғы қолайсыз жаз маусымы (ылғал жетіспеушілігі) кейбір аудандарда дәнді дақылдар шығымдылығын төмендетті. Субсидиялау түріндегі мемлкеттік қолдау толық көлемде пайдаланылды және барлық көрсеткіштерге қол жеткізілді.
Егiншiлiк ауыл шаруашылығының саласы ретiнде - мәдени дақылдарды өсіру үшiн жердi пайдалануға негiзделген өсімдік шаруашылығының салаларын біріктіреді . Егiншiлiк жүйесi ауыл шаруашылығын жүргiзу жүйесiнiң құрамдас мүшелерінiң бiр бөлігі болып табылады және өсімдік шаруашылығы саласының инфрақұрылымын көрсетеді. Егiншiлiк жүйесiнiң толық мазмұны, Қазақстанның әр облысына арналып дайындалған және басылып шығарылған ”Ауыл шаруашылығын жүргiзу туралы ұсыныстарда” берiлген.
Егiншiлiк жүйесiнiң түсiнiгiн тар мағынада, топырақтың тиiмдi құнарлылығын жұмылдыруға, сақтауға және толықтыруға бағытталған шаралардың жүйесi деп тануға болады. Академик В. Р. Вильямс егiншiлiк және өсімдік шаруашылығы ұғымдарын теңдестiруге қарсы болды. Ол: “… топырақтың тиiмдi құнарлылығына ондағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде үзiлiссiз ыдырайтын қарашiрiндiнiң орнын толтыратын жүйе керек. Бұл жүйе - егiншiлiк жүйесi, ” - деп жазды . Егiншiлiк жүйесiнiң тарихи дамуында оған қойылатын мiндеттер күрделене түстi.
Қарапайым егiншiлiк жүйелерiнiң негiзгi мiндетi, бәрiнен бұрын, топырақтың табиғи құнарлылығын жұмылдыруға байланысты болды. Оның орнына келген егiншiлiктiң сүрi танапты жүйесiнде құнарлылықты жұмылдырумен қоса, сүрi танапта көң сiңiру арқылы, жарым-жартылай болса да, оны толықтыру жүргiзiле бастады.
Егiншiлiктiң жемiс алмастыру жүйесiнде, оның ең жақсы варианттарында, құнарлылықты жұмылдыру, сақтау ғана емес, оны жемiс алмастыру ауыспалы егiсiн пайдалану, органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы ұлғайтылған мөлшерде толықтыру мәселесi шешiлетiн болды.
Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогрестiң дамуы, бiр жағынан, жақсы жетiлдiрiлген құралдармен өңдеу арқылы топырақ құнарлылығына қарқынды әсер етсе, ал екiншi жағынан, табиғат-климат жағдайларының қолайсыздығынан егiншiлiкке жарамсыз немесе жарамдылығы шамалы деп саналған жерлердi өндіріске енгiздi. Осыған байланысты қазiргi егiншiлiк жүйелерiнiң ең басты мiндетi жел және су эрозиясының алдын алу және одан топырақты қорғау және құрғақшылықпен күрес болып табылады. Бұл аймақтардағы егiншiлiк жүйелерiн тіпті топырақ қорғау егiншiлiк жүйелерi деп атай бастады. Егiншiлiк жүйесiне әдеттен тыс бұл атаудың берiлу себебi, топырақты эрозиядан сақтандыру және қорғау шараларының кешенiн қолданбай өсімдіктердi ойдағыдай өсіру мүмкiн еместiгiнде болып отыр.
ТМД елдерiнiң жерлерiнiң көп бөлігінде өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жоқ. Мысалы, АҚШ территориясының 60% астамын жылдық жауын-шашын мөлшері 700 мм және одан да артық болатын жерлер алып жатыр, ал ТМД елдерiнде ондай жерлердiң ауданы 1% ғана құрайды. Сондықтан мұндай жағдайдағы егiншiлiк жүйелерiнiң ең басты мiндетi тұрақты мөлшерде өсімдік шаруашылығы өнімдерін жинау және оның әр жылдағы ауытқуын мүмкiндiгiнше азайту болып табылады .
XIX-XX ғасырлардағы егіншілік жүйесінің дамуы.
Егіншілік - 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 - 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 - 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік - диқаншылықпен де айналысқаны белгілі.
20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4, 1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96, 5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес - алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т. б. ) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т. б. ) қолданылады. Суармалы егіншілік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz