Стандарт бойынша материалдар сапасын бағалау


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік технологиялық факультеті

«Тамақ өнімдері және жеңілөнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: Стандарт бойынша материалдар сапасын бағалау

Орындаған: Оразбеков С.

Тобы : ТК-321

Тексерген: Бауыржанова А. З.

Семей, 2015 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімТоқыма жаймаларының сапасын бағалауБеймата жаймаларының сапасын бағалауМатаның бояуға тұрақтылыгын багалау
  3. Қорытынды

Кіріспе

Өнімнің сапасы - қолдану мақсатына сәйкес берілген сұраныстарды қанағаттандыруға қажеттілігін көрсететін қасиеттер жиынтығы. Тоқыма материалдардың сапасын толықтай бағалау үшін сапа көрсеткіштерінің құрамасын негіздеп таңдау өте маңызды. Өнімнің сапа көрсеткіші - белгілі бір тұтыну шарттарына қарастырылған бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы. Киімнің сапасы көптеген факторлармен байланысты болып келеді. Әсіресе киім сапасын тікелей қалыптастыратын факторлар маңызды болып саналады: негізгі материалдардың сапасы, бұйымды жобалау (модельдеу және құрастыру) сапасы, технологиялық өңдеу сапасы. Негізгі материалдардың (маталардың, трикотаждың, бейматаның) сапасы, олардың қасиеттері (эстетикалық, гигиеналық, беріктік) көбінесе киімнің қасиеттерін анықтайды. Материалдың өзінен киімнің функционалдық қолданысы, тұтынушының жасы және сырт бейнесі, сән бағыты айқындалады. Материалдардың гигиеналық құрама қасиеттері киім астындағы кеңістіктегі микроклимат жағдайына әсерін тигізеді, ал оның салдары адамның жұмыс жасау қабілеттілігіне және жағдайына әсер етеді. Киімнің керекті көлем-кеңістік қалпын жасау мүмкіндігі және оның тұтыну кезеңінде тұрақтылығы материалдардың серпімді- пластикалық қасиеттерімен, олардың қаттылығымен, күлтеленуімен, форма сақтағыштығымен байланысты.

2. Негізгі бөлім

Стандарт бойынша материалдар сапасын бағалау, әдетте оның со- ртын бағалау болады. Сорт - нормативті құжаттарда бекітілген, бір немесе бірнеше сапа көрсеткіштері бойынша белгілі бір өнім түрінің градациясы. Мата сортын физика - механикалық көрсеткіштері және сыртқы түр ақауларына байланысты анықтайды. Мақта, зығыр және жүн маталары үшін екі сорт қабылданған ( 1-2), жібек маталары үшін - үш сорт (1-3) . Шектелген белгілері бойынша көптеген физика - механикалық көрсеткіштер (мысалы, үйкеліске түрақтылығы, қыртыстанбауы, ақтық дәрежесі, түстің түрықтылығы) стандарттағы талаптарға сәйкес барлық сорттар үшін бірдей тағайындалған. Бүл көрсеткіштер бойынша дифференциалды әдіспен алынған нақты сынақ көрсеткіштерін стандарт нормаларымен салыстыру арқылы өнімнің сапасын бағалайды. Мүндай бағалаудың нәтижесі ретінде альтернативті шешім қабылдау болып табылады. Физика - механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері бойынша (мы- салы, үзу жүктемесі, ені, арқау және негіз бойынша тығыздығы, беттік тығыздығы) сорттылығын анықтау стандарттарында 2 сортты маталарға 1 сортты маталардың осындай көрсеткіштері бойынша ми- нимальды мөлшерлерден шектік ауытқулар белгіленген. Жүн маталардың 2-сорты үшін 1-сорт маталарға міндетті түрдеболатын нормаланған ауытқулар келесі көрсеткіштер бойын- ша жіберіледі: майдың мөлшері, жартылай жүн (аралас) маталар қүрамында өсімдіктекті, жасанды және синтетикалық талшықтардың болуы; таза жүн маталарының сіңдіруден және сулы үтіктеуден оты- руы, түстің түрақтылығы. Мақта, жүн және жібек маталары үшін 2 сортты маталардың ауытқу нормалар деңгейінде болғандықтан оларға қосымша айыптық баллдар қарастырылған. Егер физика - механикалық көрсеткіштер бойынша бірнеше ауытқулар болатын болса, онда олардан тек қана көп балл қойылғандарды ғана есептейді. Мақта, жүн және жібек маталарының сортын физика - механикалық көрсеткіштердің және сыртқы түр ақаулардың ауытқуымен белгіленетін айып баллдардың қосындысы бойынша анықтайды.

2. 1. Тоқыма жаймаларының сапасын бағалау

Тоқыма жаймалардың сапасын бағалау кезінде физика - механи- калық қасиеттердің көрсеткіштерінің нормаға сәйкестілігі, олардың көркемдік - эстетикалық бағасын төмендететін сыртқы түр ақауларының болуы, түстің тұрақтылығы қарастырылады. Тоқыма жаймалардың физика-механикалық қасиеттерінің нормалық көрсеткіштері барлық жаймалар түрлеріне, жайманың талшық құрамына, тағайындалуына байланысты қосымша болып бөлінеді. Тоқыма жаймалардың физика-механикалық қасиеттерінің жалпы көрсеткіштеріне: шикізаттың құрамы, әртүрлі тал-шықтардың пайыздық мөлшері, жіптердің сызықтық тығыздығы, көлдеңінен және бойлай жайманы тоқу тығыздығы, үзу жүктемесі жатады. Сыртқы және іш киімдік трикотаж жаймасының қосымша көрсеткіштері - созылғыштығы және үйкеліске тұрақтылығы болып табылады. Жайма бірде бір көрсеткішке сәйкес келмесе, онда ол ақаулы болып саналады. Тоқыма жаймалары сыртқы түр ақауларына байланысты бірінші және екінші сортқа бөлінеді. Жайманың сорты 1м2 жаймада табылған ақаулар саны және олардың өлшеміне байланысты қажетті стандарттардың кестесі бойынша қойылады. Екінші сортты жайманың 1м2 ақау үштен көп емес болуы тиіс, сондай - ақ 1м2 келетін маңыздылығы әртүрлі ақаулар болатын болса, онда сорт төменгі сортқа сәйкес ақаулар бой- ынша

анықталынады. 1м2 жайманы сорттау кезінде оны ойша төрт бойлай бөлікке бөледі, оның әрбіреуі 0, 25 м2 тең. Егер бір бөліктің ауданында үштен көп ақау бойлай бағытта орналасатын болса, онда бүл бөлік сортсыздыққа жа- тады, ал қалған үш бөлік ақауға және оның өлшеміне байланысты бірінші және екінші болуы мүмкін. Барлық жайманың салмағынан, бірінші сортты жайманың салмағын алу жолымен оның мөлшерін анықтауға болады, ол сәйкесінше екінші сортты және сортсыздалған бөліктерге сәйкес болып келеді. Тоқыма жаймаларының сыртқы түр ақаулары негізінен қалыңдығы және ширатылуы біркелкісіз жіптерді қолданудан, жіптердің үзілуінен, машинаның дүрыс жүмыс істемеуінен, сонымен қатар өңдеу процесстері кезінде пайда болады. Жаймаларда ең көп кездесетін ақаулардың бірі: жуандылық пен жіңішкелік, шүбарлылық, ілмектер үзындығынын біркелкісіздігі, түсірілген ілмектер, ілмекті бағаншаларының қиғаштануы, кірленулер мен дақтар. Тоқыма жаймаларының өңдеу үдерістеріндегі ақаулары маталардағы ақауларға сәйкес болып келеді.

2. 2. Беймата жаймаларының сапасын бағалау

Беймата жаймаларының сапасы олардың типіне және қолданылуына байланысты бағаланады. Беймата жаймаларын екі түрге бөледі: маталық (жайғақты тігілген, жіпті тігілген, мата тігілген, инетесімді, желімденген және қиыстырылған) және күспелі (жайғақты тігілген, инетесімді) . Стандарт бойынша оларды түрмыстық, ыспалық, аяқ- киімдік, аралық, сүзгілік, жиһаздық және күспелік болып бөледі. Беймата жаймаларын оларды өндіру технологиясына байланысты физика - механикалық, физика - химиялық көрсеткіштер және сыртқы түр ақаулары бойынша бағалап, оларды 1 және 2 сорттарға жатқызады. Тоқылып - тігілген және желімденген жаймалардың норма бойынша физика - механикалық көрсеткіштеріне ені, беттік тығыздығы, үзу жүктемесі, үзілу үзаруы, үйкеліске түрақтылығы, қаттылығы, пиллинг түзуге түрақтылығы, қыртыстанбауы, жуудан кейін сызықтық өлшемдердің өзгеруі, сіңдіруі, сонымен қатар химиялық тазалаудан кейін физика - механикалық көрсеткіштердің өзгеруі жатады. Сон- дай - ақ, тоқылып - тігілген жаймалар үшін үзындығы бойынша тігу тығыздығы мөлшерленеді. Екінші сортты жаймаларда бірінші сорттың минимальды нормаларынан қалыптасқан ауытқулары жатқызылады. Егер ауытқу өлшемі қажеттіден жоғары болса, онда жаймаларды сортсыздықтарға ауысты- рады. Жайманың нақты белгіленуіне байланысты сыртқы түр ақаулары бойынша сорттылық бағаланады. Маталардағы сияқты ақаулар таралған және жергілікті болуы мүмкін. Бірінші сортты жаймаларда келесі таралған ақаулар болмауы қажет: қыртыстар, қажетті аймақтарда түк пен үйпаның жеткіліксіздігі, жайманың немесе суреттің қиғаштануының 3% жоғары болуы, енінің біркелкісіздігі, бойлай және көлдеңінен жолақтылығы, кірленуі, қылпықтылық, түстіреңктілік. Екінші сортты жаймаларда таралған ақаудың тек біреуі ғана бо- луы қажет. Сонымен қатар, мынандай жергілікті ақаулар болуы тиіс: тесіктер, мата үзындығы бойынша 10 см көп жамаудың болуы, 2 см жоғары майлы дақтар, тігу жіптерінің бесреттік қалыңдауы, матаның үзындығы бойынша 10 см жоғары тігу жібінің үзілуі, аймақтарда түкті ілмектердің жоқтығы. Бірінші сортты жайманың 35м2 шартты ауданда сыртқы түрдің жергілікті ақаулардың саны 12 аспауы керек, ал екінші сортты жаймада - 24 аспау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма материалдардың сапасын бағалау өнімнің сапа көрсеткіштері
Өнімді стандарттау, оның қағидалары мен түрлері
Стандарттау жұмыстарын жүрізуден экономикалық және әлеуметтік тиімділікі анықтау
Пластмассаның сапа деңгейін бағалау
Экспортқа арналған жылқы етіне қойылатын талаптар
Өнім сапасын басқару бойынша ғылыми мәліметтерді қарастыру мен нақты кәсіпорынның сапа жүйесіне талдау жасау («Сауыр» ЖШС мысалында)
«Жасыл» құрылыс
Нан өнімдерінің сапасы
Кең көлемді халықаралық стандарттау
Сапа жүйесін сертификаттау, оның мақсаты мен принциптері. Сертификаттау объектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz