XIX-XX ғасырлардағы егіншілік жүйесінің дамуы



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1. Егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік.
1.2. Егiншiлiк ауыл шаруашылығының саласы ретiнде.
1.3. Егiншiлiк жүйелерiнiң дамуы .
1.4. XIX.XX ғасырлардағы егіншілік жүйесінің дамуы.

ҚОРЫТЫНДЫ
Егiншiлiк жүйелерi деп “жердi тиiмдi пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтауға және арттыруға, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алуға бағытталған агротехникалық, мелиоративтiк және ұйымдастыру шараларының өзара байланысқан кешенiн айтады” (10). Егiншiлiк жүйесiнiң шын мағынасын түсiну үшiн егiншiлiк сөзі беретiн екi ұғымды ажырата бiлу керек. Бiрiншiсiнде егiншiлiк ауыл шаруашылығының бiр саласы туралы түсiнiк берсе, екiншiсiнде сол саланы дамытуға бағытталған ғылымның бағыты туралы ұғым бередi.
Қазіргі егiншiлiк ғылымы топырақтың құнарлылығы мен мәдени өсімдіктердің тiршiлiк жағдайларын топырақты өңдеу, арамшөптермен күресу және ауыл шаруашылығы дақылдарын алмастыру арқылы реттеудiң шараларын зерттеу және жетiлдiру туралы iлiм болып табылады.



1.6. Егiншiлiк ауыл шаруашылығының саласы ретiнде.

Егiншiлiк ауыл шаруашылығының саласы ретiнде - мәдени дақылдарды өсіру үшiн жердi пайдалануға негiзделген өсімдік шаруашылығының салаларын біріктіреді . Егiншiлiк жүйесi ауыл шаруашылығын жүргiзу жүйесiнiң құрамдас мүшелерінiң бiр бөлігі болып табылады және өсімдік шаруашылығы саласының инфрақұрылымын көрсетеді. Егiншiлiк жүйесiнiң толық мазмұны, Қазақстанның әр облысына арналып дайындалған және басылып шығарылған ”Ауыл шаруашылығын жүргiзу туралы ұсыныстарда” берiлген.
Егiншiлiк жүйесiнiң түсiнiгiн тар мағынада, топырақтың тиiмдi құнарлылығын жұмылдыруға, сақтауға және толықтыруға бағытталған шаралардыңң жүйесi деп тануға болады. Академик В.Р.Вильямс егiншiлiк және өсімдік шаруашылығы ұғымдарын теңдестiруге қарсы болды. Ол: “… топырақтың тиiмдi құнарлылығына ондағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде үзiлiссiз ыдырайтын қарашiрiндiнiң орнын толтыратын жүйе керек. Бұл жүйе – егiншiлiк жүйесi,” – деп жазды . Егiншiлiк жүйесiнiң тарихи дамуында оған қойылатын мiндеттер күрделене түстi.
Қарапайым егiншiлiк жүйелерiнiң негiзгi мiндетi, бәрiнен бұрын, топырақтың табиғи құнарлылығын жұмылдыруға байланысты болды. Оның орнына келген егiншiлiктiң сүрi танапты жүйесiнде құнарлылықты жұмылдырумен қоса, сүрi танапта көң сiңiру арқылы, жарым-жартылай болса да, оны толықтыру жүргiзiле бастады.
1. Қ.Ш.Жаңабаев , С.С.Арыстанғұлов «Агрономия негіздері»
2. Ізтаев Ә., Отыншиев Б. «Астықтану және диқаншылық негіздері» , Алматы «Қайнар» 1994ж
3. Құрманбаев С.Қ. «Агроландшафтная система земледелия»

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ Тақырып: XIX-XX ғасырлардағы егіншілік жүйесінің дамуы

Орындаған:Байкероева А.Н.
Тексерген: Сағындыков С.Н.
Топ: АГ-213

2015жыл
Жоспар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

0.1. Егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік.
0.2. Егiншiлiк ауыл шаруашылығының саласы ретiнде.
0.3. Егiншiлiк жүйелерiнiң дамуы .
0.4. XIX-XX ғасырлардағы егіншілік жүйесінің дамуы.

ҚОРЫТЫНДЫ

0.5. Егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік.

Егiншiлiк жүйелерi деп "жердi тиiмдi пайдалануға, топырақтың құнарлылығын сақтауға және арттыруға, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алуға бағытталған агротехникалық, мелиоративтiк және ұйымдастыру шараларының өзара байланысқан кешенiн айтады" (10). Егiншiлiк жүйесiнiң шын мағынасын түсiну үшiн егiншiлiк сөзі беретiн екi ұғымды ажырата бiлу керек. Бiрiншiсiнде егiншiлiк ауыл шаруашылығының бiр саласы туралы түсiнiк берсе, екiншiсiнде сол саланы дамытуға бағытталған ғылымның бағыты туралы ұғым бередi.
Қазіргі егiншiлiк ғылымы топырақтың құнарлылығы мен мәдени өсімдіктердің тiршiлiк жағдайларын топырақты өңдеу, арамшөптермен күресу және ауыл шаруашылығы дақылдарын алмастыру арқылы реттеудiң шараларын зерттеу және жетiлдiру туралы iлiм болып табылады.

0.6. Егiншiлiк ауыл шаруашылығының саласы ретiнде.

Егiншiлiк ауыл шаруашылығының саласы ретiнде - мәдени дақылдарды өсіру үшiн жердi пайдалануға негiзделген өсімдік шаруашылығының салаларын біріктіреді . Егiншiлiк жүйесi ауыл шаруашылығын жүргiзу жүйесiнiң құрамдас мүшелерінiң бiр бөлігі болып табылады және өсімдік шаруашылығы саласының инфрақұрылымын көрсетеді. Егiншiлiк жүйесiнiң толық мазмұны, Қазақстанның әр облысына арналып дайындалған және басылып шығарылған "Ауыл шаруашылығын жүргiзу туралы ұсыныстарда" берiлген.
Егiншiлiк жүйесiнiң түсiнiгiн тар мағынада, топырақтың тиiмдi құнарлылығын жұмылдыруға, сақтауға және толықтыруға бағытталған шаралардыңң жүйесi деп тануға болады. Академик В.Р.Вильямс егiншiлiк және өсімдік шаруашылығы ұғымдарын теңдестiруге қарсы болды. Ол: "... топырақтың тиiмдi құнарлылығына ондағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде үзiлiссiз ыдырайтын қарашiрiндiнiң орнын толтыратын жүйе керек. Бұл жүйе - егiншiлiк жүйесi," - деп жазды . Егiншiлiк жүйесiнiң тарихи дамуында оған қойылатын мiндеттер күрделене түстi.
Қарапайым егiншiлiк жүйелерiнiң негiзгi мiндетi, бәрiнен бұрын, топырақтың табиғи құнарлылығын жұмылдыруға байланысты болды. Оның орнына келген егiншiлiктiң сүрi танапты жүйесiнде құнарлылықты жұмылдырумен қоса, сүрi танапта көң сiңiру арқылы, жарым-жартылай болса да, оны толықтыру жүргiзiле бастады.
Егiншiлiктiң жемiс алмастыру жүйесiнде, оның ең жақсы варианттарында, құнарлылықты жұмылдыру, сақтау ғана емес, оны жемiс алмастыру ауыспалы егiсiн пайдалану, органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы ұлғайтылған мөлшерде толықтыру мәселесi шешiлетiн болды.
Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогрестiң дамуы, бiр жағынан, жақсы жетiлдiрiлген құралдармен өңдеу арқылы топырақ құнарлылығына қарқынды әсер етсе, ал екiншi жағынан, табиғат-климат жағдайларының қолайсыздығынан егiншiлiкке жарамсыз немесе жарамдылығы шамалы деп саналған жерлердi өндіріске енгiздi. Осыған байланысты қазiргi егiншiлiк жүйелерiнiң ең басты мiндетi жел және су эрозиясының алдын алу және одан топырақты қорғау және құрғақшылықпен күрес болып табылады. Бұл аймақтардағы егiншiлiк жүйелерiн тіпті топырақ қорғау егiншiлiк жүйелерi деп атай бастады. Егiншiлiк жүйесiне әдеттен тыс бұл атаудың берiлу себебi, топырақты эрозиядан сақтандыру және қорғау шараларының кешенiн қолданбай өсімдіктердi ойдағыдай өсіру мүмкiн еместiгiнде болып отыр.
ТМД елдерiнiң жерлерiнiң көп бөлігінде өсімдік тіршілігіне қолайлы жағдайлар жоқ. Мысалы, АҚШ территориясының 60% астамын жылдық жауын-шашын мөлшері 700 мм және одан да артық болатын жерлер алып жатыр, ал ТМД елдерiнде ондай жерлердiң ауданы 1% ғана құрайды. Сондықтан мұндай жағдайдағы егiншiлiк жүйелерiнiң ең басты мiндетi тұрақты мөлшерде өсімдік шаруашылығы өнімдерін жинау және оның әр жылдағы ауытқуын мүмкiндiгiнше азайту болып табылады .

0.7. Егiншiлiк жүйелерiнiң дамуы .

Егіншілік жүйесі туралы ұғым ғылыми агрономияның даму кезінен бастап пайда болған . Оның мәні А.Т.Болатовтан бастап көптеген ғалымдардың еңбектерінде айтылған. Егіншілік жүйесін бірінші рет ғылыми тұрғыда түсіндірген А.В.Советов болды. Осы ғалымдардың егіншілік жүйесі туралы ұғымдары қазіргі кездегі анықтамаларға негіз болып қалды.
Егіншілік жүйесінің даму тарихы- олардың сипаты мен қолданылуы және де ауысуы, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде топырақтың сақталу әдісі мен топырақтың құнарының артуына байланыстылығын көрсетеді. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ-ХХ ғасырдағы егіншіліктің дамуы
Ертедегі көшпенділер өркениеті
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Ежелгі адамдар, олардың дамуы, археология
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
18-19 ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Көшпелілер туралы түсінік
Пәндер