Ілияс Есенберлиннің тарихи трилогиясы - «Көшпенділер»


Ілияс Есенберлиннің тарихи трилогиясы - «Көшпенділер»
Ілияс Есенберлиннің бала күнгі арманы металлург болу еді. Ол 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын тамамдап, бала күнгі арманына қол жеткізгендей болады, бірақ 1941 жылы фашистік Германияның ашқан соғысы жас металлургтің арманын толық орындауына кедергі келтіреді, ол соғысқа аттанады. Соғыста жүргенде-ақ, ол жазушы-
лыққа бой ұрады, оның бойынан поэзияға деген әдеби таланттың жалыны лап етіп байқалады. Көптеген өлеңдеріне әуен жазылып, радиоларда қалықтап айтыла бастайды, тіпті ол драматургия саласында да өзінің талантын байқатады. Оған мысал, «Таудағы тайталас» пьесасы. әдеби тақырыптарға жазылған көптеген романдары: «Қатерлі өткел», «Алтын құс», «Тартыс» оқушылар тарапынан жоғары баға алады. Сөйтіп, І. Есенберлин әдеби ортадан берік орын алады.
1969 жылдан бастап ол тарихи романдар жазуды қолға алады. Ол «Кенесары хан», тарихи романын, «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты трилогиясын (осы трилогия біріктіріліп «Көшпенділер» атын алды), «Қатерлі өткел» атты тарихи-революциялық романдарын жазды. Кеңестік одақтың нұсқауымен ғана жазатын әдебиет өнері үшін, қазақ ұлтының шыққан негізін, оның тарихын, көне заманды жазу асқан ерлікпен пара-пар еді. Себебі, бұл кездерде қазақ халқының тарихы ғылыми тұрғыдан әлі зерттеле қоймаған болатын, қазақтардың тарихи өткені маңайында алуан түрлі пікірлер айтылып, бір шешімге келе қоймаған уақытта мұндай тарихи романның жазылуы асқан көрегендік еді.
І. Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясында қазақ ұлтының қалыптасу шағын зерттей отырып, күрделі де айрықша жауапты проблема қозғаған. І Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы - қазақ халқының мүмкіндіктеріне шек келтірушілерге қарсылықтан туған реакция нәтижесі. Өздерін жоғары санайтын «тарихи және тарихи емес» кейбір елдер мен халықтардың «артықшылығы» жайындағы мифтерді күл етіп көкке ұшырады. «Көшпенділерде» кімнің ханы күштірек, кімнің тауы биігірек, кімнің әдет-ғұрпы жақсырақ деген сәуегейшілік атымен жоқ. Романның мақсаты «Біздің де өзгелермен тереземіз тең, бұған куә - тарихымыз», - міне, І Есенберлин шығармаларының айтпағы осы.
Ол өзінің романында қазақ халқының қалыптасуы мен дамуы процесінің идеологиялық жағына баса назар аударады. Оның образдарының, шығармаларындағы образ жүйелерінің өзгешелігі осында. Кейіпкерлер мұнда өздерінің белгілі бір тарихи көзқарастарына байланысты бір-біріне қарама-қайшы қойылады. Бұл сипат әсіресе, «Алмас қылышқа» тән. сөз болып отырған бұл шығарма ХҮ ғасырдағы қазақ қоғамының толық келбетін көрсету міндетін мойнына алмайды.
І. Есенберлин өзінің романында қазақ қоғамы дамуындағы ең бір шешуші кезеңдегі- ұлт-азаттық қозғалысы кезеңіндегі, Шыңғысхан қырғынынан кейін ес жиып, ел болу қамын ойлаған кезіндегі өмірін көрсетуге ұмтылған. 1456 жылы Шу өзенінің алқабында қазақ хандығы құрылды. Орал мен ертіс аралығында жатқан рулардың бір-бірімен неғұрлым тығызырақ бірігіп, өздерін қазақпыз деп атап, бір мемлекетке топтасуы сол кезден басталды. Есенберлин назарын аударған - тарихтың тек осы тұстағы беттері ғана. Соның өзінде де ол бұл тарихты негізінен халықтың бостандық пен тәуелсіздікке талпынысы тұрғысынан зерттейді.
Романды оқи келе біз автордың ең алдымен қазақ хандығы құрылуы себептерін феодалдардың өзара дау-жанжалы мен кикілжіңінен ғана іздемеуге тырысқанын аңғарамыз. Жалғыз ғана Жәнібек Сұлтанның жанталасымен мұның бәрін көрсету мүмкін емес. Қазақтардың Әбілқайыр хан билеген Көкордадан бөлінуінің тарихи қажеттілігі романда әр тарапта жүргізілген.
«Әбілқайырдың ойынша осылармен тіл тапса болғаны. Ал тіл табу үшін хан түрлі тәсіл қолданып-ақ бақты. Әйтсе де қандай тәсіл қолданса да, барақ ханның баласы Жәнібек сұлтан мен оның шөбере ағасы Керей сұлтан көнбей-ақ қойған. Бұл сұлтандар күннен -күнге араларын ханнан алыстатып бара жатқан» . . .
«Ал Көкорданың өзінің іші қалай? Шіри бастаған теріге ұқсас. Хан салған алым-салықтың зардабына шыдай алмай күні бүгін Әбілқайырдан бөлінгелі тұрған қазақ рулары аз емес . . . Тек солардың санын көбейту керек» . . .
«Жәнібектің бұл ойларын жөнге шығарар өткен жылғы бір оқиға сұлтанның көз алдынан кетпей-ақ қойған. Ол аңнан келе жатып Әбілқайыр лашқарлары шауып кеткен ауылдың үстінен шыққан. Шаңырағы күйреп жерге түскен үйлер . . . Ұлдары сойылға жығылып, ботасы өлген інгендей боздаған аналар . . .
Жәнібекті таныған ақсақал:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz