Мәліметтер визуализациясы және зерттеу қорытындылары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Мәліметтер визуализациясы және зерттеу қорытындылары
Тексерген :Адильжанова Қ. С
Орындаған :Қапезқызы Г
Семей 2015
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т. б. түрлерін атап өтуге болады. Арифметикалық (сандық) мәліметтер (арифметические (числовые) данные; arithmetic data) - арифметикалық амалдар орындауға болатын мәліметтер, яғни сандар. Әріптік мәліметтер (Буквенные данные; alphadetic data) - алфавит әріптері мен бос орындардан тұратын мәліметтер. Басқару мәліметтері (Управляющие данные; (управляющая информация) control information) - құрылғының, программаның, жүйенің қандай да бір басқару функцияларын орындауға қажетті мәліметтер. Графикалық мәліметтер (Графические данные; graphic data) - 1) графикалық бейне түріндегі (сурет, схема) мәліметтер; 2) графикалық объектілерді бейнелеуге жеткілікті болатын олардың машиналық өрнегі. Дискрет (цифрлық) мәліметтер (Дискретные (цифровые) данные; digital data) - цифрлық кодпен өрнектелген мәліметтер. Екілік мәліметтер (Двоичные данные; binary data) - екілік кодпен өрнектелген мәліметтер; мәндері екілік санау жүйесіндегі сандар болып келетін мәліметтер. Жабық (қорғалган) мәліметтер (Закрытые (защищенные) данные; restricted data) - кейбір өзгертулердің ғана пайдалану мүмкіндігі бар мәліметтер. Әдетте, қорғау пароль жүйесі арқылы іске асырылады. Кірістік мәліметтер (Входные данные; input data) - өңдеу немесе сақтау үшін жүйеге енгізілетін мәліметтер. Ондық мәліметтер (Десятичные данные; decimal data) - ондық санау жүйесінде өрнектелген мәліметтер. Реттелген мәліметтер (Упорядоченные (отсортированные, ранжированные) данные; ranked data) - берілген реттік қатынаспен орналастырылган мәліметтер (<- өспелі, >-кемімелі, <=кемімейтін, >= -өспейтін) . Шифрланган мәліметтер (Зашифрованные данные; cipher data) - компьютердің жадында шифрланган түрде сақталатын мәліметтер (яғни криптографиялық қорғау тәсілі қолданылған мәліметтер) . Шығыстық мәліметтер (Выходные данные; output data) - мәліметтерді шығару құрылғыларына компьютерден түсетін мәліметтер; программаның орындалу нәтижелері. Зерттеу қорытындыларының негізделген дәрежесі - зерттеу қорытындысының негіздемесін сипаттайтын шартты көрсеткіш.
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары және т. б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл базаға банктің көптеген қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат қалыптасады.
Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Базаның ақпаратын визуаладау деп берілген критерилерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.
Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына қарамастан МББЖ-нің көбі ортақ негізгі түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін МББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік береді.
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
МҚБЖ - бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз - мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.
Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.
Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.
Реляционды мәліметтер қоры - бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:
• Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;
• Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz