ҚР экологиялық саясаты


Баяндама
ҚР экологиялық саясаты
Жоспар:
- Қазақстан Республикасының экологиялық саясатының негізгі бағыттары
- Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары және оны шешу жолдары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Айналадағы орта адамның өмірі мен тұрмысына тұрақты әсер етеді. Қазіргі кездегі айналадағы орта, оның жағдайын жақсарту, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Оның басты себебі - химия өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басым қарқынмен дамуы, өнеркәсіпті индустрияландыру мен химияландыру, қалалардың өсе түсуі болып отыр. Осылардың салдарынан айналадағы ортаға шығарылатын қалдықтардың көлемі арта түсуде.
Қоршаған орта мен адам арасындағы қатынасты зерттейтін экология ғылымы - бүгінде көп салалы, әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін жалпы ғылымның іргелі салаларының бірі болып отыр. Ал экологиялық ахуалды құқықтық тұрғыдан зерттеу, оның негіздерін қалыптастыру және жетілдіру бүгінгі заман талабы, әрі көп аспектілі күрделі мәселе.
Ал қоршаған ортаны ластанудан құқықтық қорғау - бұл ғылыми еңбектерде зерттелмеген немесе жалпы негізде қарастырылып өткен.
Елбасымыздың жыл сайынғы жолдаулары әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы, баршамызға ортақ ұлы мақсаттарға бірге жетудің дұрыс жолын айқындап отырады. Мысалы, Елбасымыз өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдаған Жолдауында табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды пайдаланудың технологиялары мен бағдарламаларын ендіруде экономикалық, әлеуметтік және экологиялық үдерістердің үндестігін сақтауымыздың тиістілігі айтылған болатын. Яғни, экономика мен экология арасында теңдікті қалыптастыра алмаған мемлекеттің болашағы да бұлыңғыр болатыны сөзсіз. Өйткені, бүгін қайтсек те экономикалық көрсеткіштерді арттырамыз деп, ертеңгі күні соның салдарынан келетін залалды жою үшін тапқан пайдамыздан он, тіпті, жүз есе артық қаражат жұмсауымызға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан, Қазақстан даму жолында өзін орнықты дамудың қажеттілігімен ұштастырып келеді, - деген болатын. Сонымен қатар, Елбасы 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Үкіметке тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа принциптегі бағдарлама әзірлеуді және оны қабылдауды тапсырған болатын. Қазіргі таңда, республика тұрғындарының 20 пайызы нормативтік стандарт сапасына сәйкес келмейтін суды пайдаланады. Елде жыл сайын су пайдаланушылар көлемі ұлғаюда. Негізгі су пайдаланушылар ауыл шаруашылығы (75%) және өндірістер (20%) болып табылады. Бұдан басқа, өзен суларының жартысынан көбі көршілес елдердің аумақтарынан келетіндігін, транс-шекаралық сипаты және климаттың өзгеруі салдарынан болашақта проблема туындайтынын атап кеткеніміз дұрыс. Еліміз жер асты суларына, гидротермалды энергияның минералды көздеріне және ресурстарына бай. Казіргі таңда өнеркәсіп кәсіпорындарын айналмалы су жабдықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасы әзірленуде. Ол су ресурстарын ұтымды пайдалануға септігін тигізетін болады. Елбасының және Үкіметтің министрлікке жүктеген тапсырмаларын орындау қазақстандықтардың сапалы өмір сүру деңгейін арттыру үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз етудің экологиялық қауіпсіздігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің табиғи ресурстарымыз - орасан зор. Алайда, мұның өзі қаншалықты кереғар көрінгенімен, әлемдік тәжірибе табиғи байлығы бар көптеген елдердің оны дұрыс игере алмағандығынан, кедей елдердің қатарынан шыға алмағанын көрсетеді. Осының бәрі жетекші фактор - адамдар, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі екенін тағы да дәлелдей түседі
Атмосфераның түтін және газ қоспаларымен ластануы адамдардың денсаулығына ерекше зиянды әсер етуде. Мұндай көрініс кейінгі кездері Қарағанды қаласының аспанында да жиі байқалып жүр. Ауа қосындыларының қозғалыссыз қалуының салдарынан түтін-бу-газ қоспасы қала үстінде тұрып алады. Бұл күн сәулесінің әсерінен әр түрлі улы газдарға ажырайды. Соның әсерінен тұрғындардың көз және тыныс алу ағзаларының науқастануына әкеліп соқтырады. Газбен қоса бөлінетін әр түрлі қышқылдар ғимараттар мен сәулеткерлік ескерткіштерге де зиянды залалын тигізеді.
Айналадағы ортаның нашарлауына адамның өмірі мен денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-техникалық прогрестің де әсері мол. Іштен жанатын қозғалтқыш, синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер мен медициналық дәрі-дәрмектер адамның қолайлы өмір сүруі үшін пайдаланылғанымен, оның кері әсерлері де толып жатыр.
Қала ішіндегі көліктер қуатты шуыл көзі екендігі белгілі. Сол сияқты адамға өнеркәсіптік шуылдың да ықпалы аз емес, соның салдарынан адамдар жүйке жүйесінің науқастарына ұшырайды. Қан қысымының артуы көбіне кәсіпорын шуылының әсерінен болатындығы анықталып отыр.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың қиындай түсуі айналадағы ортаның сапасын күн сайын бақылап отыру қажеттігін туындатады. Бүгінгі күннің басты талабы өнімдердің сапасы мен жұмыс орнындағы жағдайды бақылау болып табылады. Мониторинг (ағылшын тілінен аударғанда «бақылау» дегенді білдіреді) - айналадағы ортаның сапасын бақылау, бағалау, болжамдау жүйесі. Бұл терминді бірінші рет БҰҰ 1972 жылы Стокгольм конференциясында енгізген болатын. Ал, 1974 жылы БҰҰ-ның бағдарламасына сәйкес айналадағы ортаның мәселелері бойынша Кенияда І Мемлекетаралық кеңес өткізілді. Оның негізгі мақсаты - айналадағы ортаның сапасын мониторингтік бақылау жүйесін құру болды. Кеңесте мониторинг жүйесінің мақсаттары мен міндеттері айқындалды.
Бізде мониторинг қызметі ластанудың химиялық, физикалық, биологиялық көздеріне тұрақты бақылау жүргізеді. Мұндай кездерде физика-химиялық, биологиялық, географиялық және басқа да әдіс-тәсілдер қолданылады. Сол сияқты бақылаудың ғарыштық әдісі де пайдаланылады.
Академик И. Герасимовтың жүйесі бойынша мониторинг биоэкологиялық, геоэкологиялық және биосфералық болып бөлінеді.
Биоэкологиялық мониторинг өз кезегінде биологиялық, санитарлық-гигиеналық және санитарлық-токсикологиялық болып тарқатылады.
Осы бағыттағы мониторинг айналадағы ортаның сапасын, табиғи нысандардың ластану дәрежесін, ластанудың тірі ағзаға, адамдардың ағзасына ықпалын, аллергендердің, шаң-тозаңның, айналадағы ортадағы ауру тудырғыштардың нақты түрлерін, ауадағы азоттың, күкірттің, ауыр металдардың және басқалардың дәрежесін, су ресурстарының ластану дәрежесі мен көздерін анықтайды.
Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін ауадан, судан, топырақтан, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардан, ағын сулардан бақылау үлгілерін алады. Биологиялық мониторинг метеостанциялар, обсерваториялар және суды бақылау орындары арқылы жүзеге асырылады. Бұдан соң бақылаудың нәтижесі бойынша белгілі бір уақыттан соң шағын елді мекендерден бастап үлкен қалаларға дейін экспресс-талдаулар беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz