Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау
Орындаған: Толеуханова Б. Т.
Тексерген: Нуралина Қ. Т.
Семей 2015
Мазмұны
Кіріспе
- Негізгі бөлім
1. 1. Күнкөріс минимумы
1. 2. Ең төмен еңбекақы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Қазақстан -2030» Стратегиясына сәйкес әлеуметтік-еңбектік қатынастар сферасын жетілдіру, Қазақстанның маңызды бағыттарының қатарына кіреді. Мемлекеттік саясат жұмысбастылықты арттыруға, лайықты еңбек ақыға, еңбекті қорғау және оның қауіпсіз шартын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан нарықтық экономика шартында, еңбектің барлық сферасындағы жұмысшыларға дұрыс еңбек ақы беру ерекше орынды алады. Өз еңбегіне, істеген жұмысына, өндірген өніміне жұмысшы еңбек ақы алады. Бұл оның еңбегі үшін сый ақы, әлеуметтік эффект әкелетін осы еңбектің қажеттілігін қоғамның мақұлдауы, жұмыс берушінің табыс алуынан көрінеді, бірақ еңбекақы төлеу - тек еңбек нәтижесі үшін ғана төлем емес. Еңбекақының рөлі оның ынталандырушы әсер етуінен көрінеді: еңбекақы мөлшері төлеу тәртібі және ұйыдастыру элементтері әдетте адамда еңбекке деген жеке қызығушылықты дамытады.
Сонымен, еңбекақы екі түрлі рөл атқарады: бір жағынан, бұл еңбек нәтижесінің төлемі, екінші жағынан еңбекке деген ынта.
Күнкөріс минимумы - адамның тіршілік харекетін қолдау және оның жұмыс күшін қалпына келтіру үшін қажет ақшалай қаражаттың ең төмен деңгейі (минимумы) ; оны анықтау әдістемесі бүкіл отбасының немесе бір қызметкердің шығыны мен табысының теңгерімі болып табылатын тұтыну бюджетін (күнкөріс минимумының бюджетін) құрауға негізделеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан 50 дамыған елдердің қатарына кірді. Алайда еліміздің әлеуметтік жағдайы әлі де болса шешімін таппай тұр. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалақының ең төменгі мөлшері 19 мың 966 теңге шамасында қаралып отыр. Егер еліміз бойынша ең төмен деңгейдегі тұтыну қоржынының құны орташа есеппен 18 670, 56 теңге екенін ескерсек, алатын жалақы және зейнетақы өте төмен. Сонымен бірге мемлекетімізде жұмыссыздық мәселесі, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, коммуналдық төлемдердің бағасының жыл өткен сайын шарықтай түсуі күрделі мәселеге айналған.
Статистиктердің деректеріне қарағанда, күнкөріс минимумы көлемінің жалпы көрсеткішінде азық -түлік тауарлардың үлесі 10 мың 487 теңгені құрады, азық-түлік емес және ақылы қызметтікі - 6 мың 992 теңге.
Статведомствоның дерегіне қарағанда, өткен айда күнкөріс минимумы 13 жасқа дейінгі балаларда 13 мың 973 теңгені құрады, 14-17 жастағы жасөспірімдерде - 22 мың 124 теңге, сол жастағы қыз балаларда - 16 мың 951 теңге, еңбеке жарамды ер адамдарда - 20 мың 788 теңге, әйелдерде - 16 мың 509 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдарда - 16 мың 395 теңге.
Қазақстан халқының саны 17 млн адамнан асады.
Алматыда адамның бiр ай бойы өмiр сүруiне небары 15 619 теңге қажет екен. Бұл сома Алматы қаласындағы ең төменгi күнкөрiс деңгейi. Демек, адамның ең төменгi ақшалай табысы болып келедi. Күнкөрiстiң ең төменгi шамасы тұтыну қоржынының көлемiне сәйкес келедi. Бiздiң қоржынымызға 43 тауар түрi кiредi. Демек, осы 43 өнiмдi сатып алу үшiн халық 15 619 теңгенi жеткiзуi керек. Әрбiр елде тұтыну қоржынының құрамы әртүрлi. Ресейде тұтыну қоржыны - 156 тауар түрiнен, Францияның қоржыны - 250, американдықтардiкi - 300, ағылшындардiкi - 450 тауар түрiнен тұрады. Қоржын тізімі 475 пункттен тұратын Германия бұл елдерден көш бойы озық тұр. Англияның 450 тауар түрiнен тұратын тұтыну қоржынының құрамына еттен жасалған котлет, печенье, шоколад, шампан, сыра, дайын тамақ дүкендерiнде дайындалатын түскi ас, заманауи МР3ойнатқышы сияқты тауар түрлерi кiредi екен.
Ал америкалық қоржында демалыс, білім алу, тұрмыстық техника, бензин мен көлік жөндеу, кітап, жеке бастың күтіміне арналған заттарды сатып алуға жұмсалатын шығындар қарастырылған. Франция үкіметі тұтынушы қоржынына сұлулық салондарына бару, косметикалық құралдар сатып алу, бала күтушінің еңбекақысы, көлік жалдау, таксимен жүру, тіпті үй жануарларының тамағына дейін енгізген. Ал, бiздiң тұтыну қоржынымыз - ет, нан, шай, картоп сияқты негiзгi азық түлiк өнiмдерiнен ғана тұрады. Тамақтану академиясы мамандарының пiкiрiнше, бұл өнiмдер адамның тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз етiп, ағзасын қажеттi мөлшерде дәрумендермен байыту үшiн жеткiлiктi екен. Ал, шоколад, печенье сияқты тауарлар артық болып саналатын көрiнедi.
Ал кішкентай Люксембург мемлекетінде айына 1545. 83 евро (яғни 282887 теңге) табыс таппайтындарды тұрмысы төмендерге жатқызса, Данияда - 1208. 08 евро (221079 теңге), Ирландияда - 11436. 66 евродан (209839 теңге) кем табысы барлар тұрмысы нашарлар қатарында есептелетін көрінеді.
Егер еліміздің статистика агентінің ұсынып отырған төменгі қажеттілікті көрсететін азық-түлік қоржынының қалай жұмсалуын жобалағанына көңіл аударсақ, 17439 теңгенің бір айда 3540 - ет, балық сатып алуға, 2580 - сүт, май және жұмыртқаға, 2546 - жемістер мен көкөністерге (картоп осының ішінде), 1343 - нан, жарма өнімдеріне, 455 теңгесі қант, шәй және басқадай дәмдерге арналған көрінеді. Сонда бір айда бір адамға 10464 теңгеден келеді екен де, орта есеппен күніне 573. 33 теңгеге тамақтануды қанағат тұтуы тиіс. Қалған 6075 теңгені бір айда күнделікті тұрмысқа қажет заттарды сатып алуға, қоғамдық көлікпен жүруге, коммуналдық қызметтерді өтеуге, дәрі-дәрмек, киім-кешек алуға және тағы басқа да өмірде туындап жататын қажеттерге жұмсауға арналған. Ал адамдардың тұрмысының маңызды бөлігі болып табылатын баспана мәселесі мүлде ескерілмеген.
Мысалы, көршіміз Ресейде төменгі деңгейде өмір сүруге қажетті тауарлар мен қызметтердің саны 156-ді құрап және әр адам үшін 18 шаршы метрлік баспана шығыны енгізілген. Қазіргі азық-түліктің, коммуналдық қызметтерінің, электроқуатының, қоғамдық көліктерде жүру құнының және басқа да қызмет көрсету ақыларының үнемі өсіп жатқаны белгілі, бірақ осы жағдай еске алынып, одан жұртты қорғайтындай тетік белгіленбеген. Ақиқаты сол, қарапайым жұрттың дені кедейшілікте өмір сүріп жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz