Мектеп пен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы ынтымақтастығың қызметі мен формалары (конспект)


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Мектеп пен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы ынтымақтастығың қызметі мен формалары (конспект)

Орындаған: Қуанышбаева Е. Н

Тобы: П-405

Тексерген: Оралбекова Б. С

СЕМЕЙ 2015

Соңғы уақытта біздің қоғамымыз дамуында кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдер мәселесіне бет бұрды. Олардың өмірлері бөлме өсімдіктерімен пара-пар. Дамуында кемістігі бар бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмір сүруі мен қалыптасу қадамы отбасында өтеді. Сондықтан тұлғаның қалыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді. Педагогика тарихында отбасында тәрбиелену мәселесін Д. Дидро, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский өз зерттеулерінде қарастырған. Барлыға баланың ерте жасынан отбасында адамгершілік құндықтар мен нормаларды меңгеретініне көңіл бөліп, байқаған. Дамуында кемістігі бар бала отбасына тәуелді. Дамуында ауытқуы бар нәрестенің дүниеге келуі- отбасы және туыстары үшін қиын ауыр сәт. Осы кезеңде баланы ары қарай тәрбиелеуге байланысты жаңа міндеттер тұрады. Бала кемістігін ата-аналар әртүрлі қабылдайды, жанұяда дамуында кемістігі бар баланың болуы отбасының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Көптеген ата-аналар отбасы материалдық шығындарының өсуімен кемтар баланы емдеу және тәрбиелеу үшін жұмыстарын тастап кетуге мәжбүр болады. Кейбір ата-аналар, әсіресе әкелері проблеманы көтере алмай отбасын тастап кетеді. Толық емес отбасында тәрбиеленетін балалар жағымсыз әдеттерге жақын үлгерімі төмен болады. Кейбір ата-аналар балаға қажеттікөңіл бөлмейді, бала өзімен өзі болады. Бұл бала кемістігінің тереңдеуіне екіншілік ауытқудың туындауына себеп болады. Екінші бір ата-аналар баласын шексіз еркелетіп қорғаштайды, аялайды, барлығын кешіреді, қорғансыз, ерке мүгедек пайда болады, мамандар аталмыш балалардың ата-аналарымен нәтижелі жұмыс жүргізу үшін отбасылық эмоциялық қарым-қатынастарын зерттеуді қажет етеді. Дамуында ауытқуы бар баланы сауықтыру жұмысы отбаснды барлық жанұя мүшелерінің, жақындарының қолдауымен ұзақ уақыт, қалыпты әрі жүйелі жүргізу қажет. Бала үшін отбасы не істеу керек? Ең алдымен, оның дамуындағы проблемаларға сәйкес өз баласына тән қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін анықтап алу керек. Бұл тиімді емделуге және реаблитация жолын таңдауға көмектеседі, баланың отбасында өмірге бейімделу мүмкіндіктерін анықтайды. Баланың ата-анасын реаблитацияға белсенді араластыру қажет. Мүмкіндігі шектеулі бала толық отбасында өзін жанұяда керек екенін түсінсе, бұл баланың психологиялық ахуалының жақсырауына септігін тигізеді. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуде жанұя ерекше қызмет атқарады. Себебі ата-аналар баласы үшін бірінші тәрбиешісі. Ата-аналарды балаларына қоршаған орта туралы алғашқы түсініктері мен әр түрлі дағдыларға үйретеді.
Мүмкіндігі шектеулі баланы жетілмеген деп кемсітіп, олардың адамдық құқығын шектейміз, оларды жеке тұлға ретінде барлық балалармен тең құқылы екенін ескеруіміз керек. Мүмкінгі шектеулі балалардың ең жақсы тәрбиесі, түзету жұмыстары-оларды күнделікті өмірге тарту. Бұл ата-ананың баланың реаблитациясына белсене қатыс отырып, жақсы қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Ата-аналардың басты міндеттері мыналар: балалары үшін барлық қажеттіліктерді орындай емес, олардың дербес өмір сүруіне көмектесу. Біздің қоғамның басты міндеттері- арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде баланың мүмкіндігінің алдын алу, өзекті мәселесі ретінде қарастырылады. Қазір республикамызда 5 деңгейлі мемлекеттік мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан түзетушілік көмек көрсету жүйесі әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Мүмкіндігі бала дені сау балалар дамитын заңдармен дамиды, бірақ қоршаған ортаға бейімделуі үшін компенсаторлық мүмкіндіктері аз болады, сондықтан мұндай бала ұзақ дұрыс ұйымдастырылған түзету тәрбиесін қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі бала қарапайым санитарлық гигиеналық және еңбек дағдыларын игеріп, қоршаған орта туралы танымдары білу керек. Баланы отбасында тәрбиелеуімен және түзету тәрбиесінің ерте бастауы- бұл баланың психо-моторлық дамуының жағымды динамикасы. Сондықтан ата-аналар мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауы керек (әлеуметтік педагог, психолог, логопед

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы ынтымақтастығың қызметі мен формалары
Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Отбасылық тәрбие
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Балалар бірлестігі – оқушы тұлғасының тәрбиелік және әлеуметтендіру институты. Халықаралық балалар ынтымақтастығы
Жасөспірімдерде моральдық - адамгершілік қасиеттердің қалыптасу деңгейін диагностикалау
Педагоикадағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы
Ата - аналардың педагогикалық білімі балаларды тәрбиелеудің факторы ретінде
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz