Бокс


Бокстың шығу тарихы.
Бокс. Осы бір төрт қана әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт жүйелеріне жақсы таныс. Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге қоятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе жектердді көрмей, дегбірі басылмайтын жандар аз емес.
Бокстың тарихы біздерді алыс заманалардың түкпіріне жетелейді. Ежелгі Мысыр, Крит-микен, вавилон дәуірлерінің тасқа қашаған мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бинелері бар.
Артына өшпес «Илидп» жырын қалдырған грек философы Гомер өз заманындағы жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы кезде жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген термен булап, біліктерін артып бойлайды екен. Жеке-жек екі жұдырықшының біреуі қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген, жалтарған төреші эфефтер ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688-жылы өткен дүниедегі жиырма үшінші олимпиядалық ойындардан бастап бокс яки жұдырықтасу жарыстың бағадарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, фиософ Платон. Қолбасшы Алкивиад жұдырықтасуымен айналысқан. Қазіргідегідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе-жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықтаушылардың даңқы ауыздан -ауызға ілігіп, айдай әлемге жария болып отырған.
Халық оларды ерекше құрмет тұтып, энге, жырға қосқан, эпостардың қаһарман еткен, олимпадалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері тірісінде ескерткіш орнатқан.
Ежелгі дүниедегі олимпиадалық ойындар тоқтаған соң да бокс саябырсыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Бертін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе -жек өткізудің ережесі ойлап шығарылады. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын Джеміс Браутонның есімімен тікелей байланысчты. Сөйтіп Брауонның отаны Англия қазіргі бокстың кіндігін кескен ел болып шыға келеді.
1867 жылы кәсіптік бокс дүниеге келді. Бірақ алғаш рет чемпионаты ұйымдастырылғанша ол өзінің даму жолынан өтті. Бұл заңдылықтан ешқандай спорт түрлі қашып құтыла алмайды ғой. Миллиондаған адамдардың жүрегіін баурап, сан елді, сан халыықты өзінің құшағына орау үшін уақыт керек. Сол уақыт Ресейге өткен ғасырдың аяғында, ал осы ғасырдың отызыншы жылдарының басында Қазақстанға да келіп жетті.
Шоқыр Бөлтекұлы. Бұл респулика спортына қымбат есім. Қазақстан боксыының атасы Шәкен сонау кәрі Атыраудың бойында туып-өсті. Сондықтан болар, сол кәрі теңіздің тұлғасы асау балығы шоқыр есімі де осы бір мойылдай қара шаштары тым қайратты, жанары жалын атқан жас жігітке нәресте кезінде беріліпті. Шәкей 1993 жылы «Медик» спорт клубында бок секциясын ашты, халық аштан қырылып, Голощекиннің «кіші октябрь» қылышынан қан тамыызып тұрған кез. Бірақ өмірді өшірмес үшін, жалғастыру үшін қайғы-қасіретке табан тіреп, қарсы тұру үшін халыққа қашанда мықтылық кекрек. Жастар ертеңгі күні өршіл өнерлерімен әлемді даңдандырсын деп ойлады ма, Жас Шоқыр өзі сүйген іске бел шешіп кірісті. Кейін көркемсурет академиясын бітіргенде де, Ұлы Отан сығысына қатысып, толарсақтан қан кешкен сұрапыл жылдарда да өзі сүйген өнерді ұмытқан жоқ. Елге оралған соң, сол ізгі арманын жылғалай жалғастырады.
Бокстан Қазақстанда алғаш рет бұрынғы Кеңес Офдағының спорт шебеврі атанған Шоқыр Бөлтекұлы ақ шаршы алаңның қас шеберлері: С. Щербаков, А. Булгаков, Г. Гарбузов. Б. Тимшинның қатарында тұрады. Ол «Диамо» ерікті спорт қоғамы біріншілігінің жеңімпазы, бірнеше рет жүлдегер болды.
Егер Ұлы Отан соғысынан бұрын Қазақстанда бокс тек Алматы мен Қарағанды қалаларында дамыған болса, елуінші жылдардың ішінде Қызылорда мен Ақтөбеде, Жамбыл мен Шымкентте, тағы да басқа қалаларда, тіпті алыстағы аудандарда қарыыштап дами бастады.
Бұрынғы Кеңес Одағының спорт шебері Густаф Кирштейн 1946 жылдың өзінде Қарағандыда бес секция құрады. Балқаш қаласында он жеті жасар меңдігедей Хайрутдинов бір топ жастың басын қосып, жаттығуларға кірісіп кетті.
1946 ж Алматыда ашылған жастардың спорт мектебінде негізгі секциялардың бірі-бок секция еді. «Ринамо» ерікті спорт қоғамында жаттықтырушы Дәулеткерей Муллаевтың Шәкірттері бой көрсете бастады. Осы секциядан Қазақстанның алғашқы спорт шеберлері, бүкілодақтық, халықаралық жарылыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қанат қақты. Оның шәкірттері Г. Рожковтың, И. вановтың, А. Кадетовтың, тағы басқалардың есімдері тек республикаға ғана емес, бүкіл тәуелсіз достастық елдерге әйгілі болды. Сол жылдарыбылғары қолғаптың жас шеберлерінің көптеп шығуына ткаудан, облысы, республика бірліктері ғана емес, Орта Азия республикалары мен Қазақстан спортшыларада елеулі үлес қосқан.
Қазақстанның былғары қолғап шеберлерінің үлкен аренда көрінуі -1946 жыл. Осы жолы өздерін күштілер қатарында санап жүрген Белорусия, Армения, Эстония құрамы командаларын артқа тастау біздің республикамыздың боксшыларын сынау керектігін көрсетеді. Осындай жарысқа тұңғыш рет қатысып отырған жас команда бұл жоғарғы табыс еді. Жекелей біріншілікте Мақсұт Омаров қола жүлдегер атаныып, Асқар Үсенов төртінші орынға шықты.
1950 Орта Азия республикалары мен қазақстанның спартакиалары өтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz