Агрономиялық терминдерді пайдалана отырып ауыспалы егістерді жіктеу



1.Ауыспалы егістің жіктелуі
2.Ауыспалы егістердің нобайлары
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер
Ауыспалы егіс – топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты ауыспалы егістік кеңінен қолданылады. Бірінші белгісі бойынша: ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді.
Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды: бидай, сұлы, арпа, жүгері, қызылша, күнбағыс, картоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2 – 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Ауыспалы егіс көлемінің жартысынан артығына дәнді, техникалық дақылдар және картоп өсірілетін болса, онда оны егістік ауыспалы егіс деп атайды. Керісінше, ауыспалы егіс көлемінің жартысынан астамында малазықтық дақылдар өсірілетін болса, оны мал азықтық ауыспалы егіс дейді.
Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті, т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Малазықтық ауыспалы егіс ферма жанындағы және және шабындық-жайылымдық деп екіге бөлінеді. Ферма жанындағы мал азықтық ауыспалы егіс, аты айтып тұрғандай, танаптары мал фермаларына жақын орналасып, шырынды және көкбалауса мал азығын дайындауға арналып дақылдар себілетін малазықтық ауыспалы егіс. Ал шабындық-жайылымдық малазықтық ауыспалы егістер шалғындық жерлерде орналасып, оларда шабындық және жайылым үшін негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптер өсіріледі. Кей жағдайларда бұл ауыспалы егістердің кейбір танаптары мал жаюға да пайдаланылады. Малазықтық егістерде шаруашылықтың ауа райы мен топырағына, өсірілген малдың түріне, жасына байланысты, әр түрлі дақылдар егіледі.
Малазықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші бір гектардан алынатын жемдік өлшем мен қорытылатын протеин, витаминдер көлемі болып табылады.
1.Егіншілік Атақұлов Т.,Сүлейменова
2.Болотов А.Т. О разделении полей. О разделении земли на семь полей. В кн.:Избранные сочинения.-М.: МОИП, 1951, c.66-106.
3.Бузмаков В.В.,Наволоцкий А.С. Северообороты в колхозах и совхозах.-М.:Колос,1978.-335 с.
4.Буссенго Ж.Б. Избранные произведения по физиологии растений и агрохимии.2-е изд.-М.: Сельхозиз,1957.-544с.
5.Васильев В.А. Органические удобрения и плодородие почв.-Земледелие,1982

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Агрономиялық терминдерді пайдалана отырып ауыспалы егістерді жіктеу

Орындаған: Ешенова Ж.Д
Тексерген: Қаламов Б.Х.
Тобы:АГ-313

Семей 2015ж
Жоспары:
1.Ауыспалы егістің жіктелуі
2.Ауыспалы егістердің нобайлары
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер
Ауыспалы егіс - топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты ауыспалы егістік кеңінен қолданылады. Бірінші белгісі бойынша: ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді.
Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды: бидай, сұлы, арпа, жүгері, қызылша, күнбағыс, картоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2 - 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Ауыспалы егіс көлемінің жартысынан артығына дәнді, техникалық дақылдар және картоп өсірілетін болса, онда оны егістік ауыспалы егіс деп атайды. Керісінше, ауыспалы егіс көлемінің жартысынан астамында малазықтық дақылдар өсірілетін болса, оны мал азықтық ауыспалы егіс дейді.
Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті, т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Малазықтық ауыспалы егіс ферма жанындағы және және шабындық-жайылымдық деп екіге бөлінеді. Ферма жанындағы мал азықтық ауыспалы егіс, аты айтып тұрғандай, танаптары мал фермаларына жақын орналасып, шырынды және көкбалауса мал азығын дайындауға арналып дақылдар себілетін малазықтық ауыспалы егіс. Ал шабындық-жайылымдық малазықтық ауыспалы егістер шалғындық жерлерде орналасып, оларда шабындық және жайылым үшін негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптер өсіріледі. Кей жағдайларда бұл ауыспалы егістердің кейбір танаптары мал жаюға да пайдаланылады. Малазықтық егістерде шаруашылықтың ауа райы мен топырағына, өсірілген малдың түріне, жасына байланысты, әр түрлі дақылдар егіледі.
Малазықтық ауыспалы егістің ең басты көрсеткіші бір гектардан алынатын жемдік өлшем мен қорытылатын протеин, витаминдер көлемі болып табылады.
Арнайы ауыспалы егіс жүйесін қолдану үшін жер құнарлығы жоғары, ылғал, температура жеткілікті болуы керек. Ауыспалы егіс мол өнімді дақылдар егіп, халықты азық-түлікпен, малды жемшөппен және техниканы жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дақылдар алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды.
Арнайы ауыспалы егіс деп өсіру технологиясы өзгеше, өсіп-дамуы үшін ерекше жағдай мен агротехникалық шараларды қажет ететін дақылдар өсірілетін ауыспалы егіс типін айтады. Бұған күріш, темекі, көкөністер және топырақты эрозиядан қорғауға арналған ауыспалы егістер жатады. Мысалы күріш егу үшін танаптар ерекше дайындалады, күріш егетін атыздар тақтайдай тегіс болуы керек, әйтпесе атызды сумен толтырғанда, судың қалыңдығы оның әр тұсында әр түрлі болып қалуы мүмкін, ондай жағдайда дақылдың өнімі күрт төмендейді. Топырақты қорғайтын ауыспалы егістер республиканың солтүстігінде - Павлодар, Ақмола, батысында- Ақтөбе облыстарында, оңтүстігінде- Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі.
Аралық дақылдар. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарында аязсыз кезең ұзақ, күзі жылы және кеш түседі, бұл аймақтарда суармалы егіншілік дамыған.Аталған өңірде негізгі дақылдарды жинап алғаннан күзге дейін көп уақыт жер бос жатады. Осы жерлерді және табиғаттың ерекшеліктерін тиімді пайдалану үшін ауыспалы егіске аралық дақылдар себу керек. Аралық дақыл дегеніміз - екі негізгі дақылдардың бос уақытта танапқа себілетін дақылдар. Аралық дақылдарды себу арқылы бір жерден жылына екі рет өнім алуға мүмкіндік болады. Пайдалану мерзіміне байланысты аралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егісті жобалау
Егіншілікке азаю тыңайтқыштарын қолдану жолдары
Топырақ туралы мәлміет
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Ауыспалы егістерде топырақтағы органикалық заттардың баланысын есептеу
Ауыспалы егістегі алғы дақылдар
Ауыспалы егістерді жобалау, енгізу және орындау
Қазіргі егіншілік жүйесінің ерекшеліктері
Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Пәндер