"абай шығармашылығына әсер еткен үш арна"


ОрысәдебиетініңклассигіМ.Ю.Лермонтовмұрасыныңқазақәдебиетіндеаларорныерекше. Бұләсіресе, ХІХ ғасырдыңаяғындағыұлыАбайаудармаларыменқұнды.
Абайдыңаудармаларынажалпышолужасасақ, олүнемітаңдап, талғапаударған. АбайдыңЛермонтовтанаударғанөлеңдерінеадамгершіліктақырыбынабайланыстыжаманмінез-құлықтышенеу, жақсылыққаүндеу, непатриоттықүлкенидеяныкөксегенөлеңдер, нетереңой — философия, неүздіккөркемөлеңдерболыпкеледі. Сондықтанұлыақындардыңөлеңдеріндегіидеялық-мазмұндықұқсастықтарменкөркемдікбояунақыштарыжүреккежағымдыкеледі. «АбайЛермонтовөлеңдерінасабірұқыптылықпенәріерекшесүйіспеншілікпенаударды. Әсіресе «Қанжар», «Жолғашықтымбіржым-жырттүндежалғыз», «Теректіңсыйы», «Желкен» сияқтыЛермонтовшығармаларыныңеңүздігіналыпаударған. Албұлардыңбәріорысклассиктерініңішіндешеберлікжағынантеңдесіжоқтуындыларболыпотыр» дегенекенАбайаудармаларытуралыкезіндеМұхтарӘуезов. ЛермонтовәуеніАбайшығармашылығындажарасымдыүндестіктапқан.
АбайнеліктенЛермонтовқасоншамаденқойдыекен?

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 6 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Семей кітапханасын зерттеуші орыс ғалымдары.
Абай - аудармашы.
Абай шығармашылығына әсер еткен үш арна.

Орыс әдебиетінің классигі М.Ю.Лермонтов мұрасының қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Бұл әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғындағы ұлы Абай аудармаларымен құнды.
Абайдың аудармаларына жалпы шолу жасасақ, ол үнемі таңдап, талғап аударған. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдері не адамгершілік тақырыбына байланысты жаман мінез-құлықты шенеу, жақсылыққа үндеу, не патриоттық үлкен идеяны көксеген өлеңдер, не терең ой -- философия, не үздік көркем өлеңдер болып келеді. Сондықтан ұлы ақындардың өлеңдеріндегі идеялық-мазмұндық ұқсастықтар мен көркемдік бояу нақыштары жүрекке жағымды келеді. Абай Лермонтов өлеңдерін аса бір ұқыптылықпен әрі ерекше сүйіспеншілікпен аударды. Әсіресе Қанжар, Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз, Теректің сыйы, Желкен сияқты Лермонтов шығармаларының ең үздігін алып аударған. Ал бұлардың бәрі орыс классиктерінің ішінде шеберлік жағынан теңдесі жоқ туындылар болып отыр деген екен Абай аудармалары туралы кезінде Мұхтар Әуезов. Лермонтов әуені Абай шығармашылығында жарасымды үндестік тапқан.
Абай неліктен Лермонтовқа соншама ден қойды екен? Зерттеушілер бұл мәселеге мән бермей келеді.
Абай Лермонтов өлеңдерін аудару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шығармашылық нысанын білдіретін ұғымдардың аттарын аударуда ықшамдау принципін ұстанады. Түпнұсқаның негізгі мазмұнын, мағыналық өзегін сақтауда, сөйтіп автордың ойын жинақтап жеткізуде бұл принцип оңтайлы және едәуір тиімді көркемдік қызмет атқарады. Мұндай сипатты аудармада түпнұсқа мәтіндегі тікелей аударуға болмайтын ұғымдарды сөзбе-сөз немесе сипаттай аудару аударманың мазмұны мен мағынасы арасындағы келісім мен жарасымға көлеңкесін түсіруі ғажап емес. Түпнұсқада үлкен мағыналық жүк көтеріп тұрған мұндай тілдік құралдардың сөзбе-сөз аудармасы аударма мәтіні жүйесіндегі бөтен сөзбен былғануына алып келеді. Осы тұрғыдан келгенде, аудармада ықшамдау, жинақтау принципін қолдану да бір жағынан тиімді және мұның өзі айтарлықтай шығармашылық нәтижеге алып келетінін Абай аудармаларынан байқауымызға болады.
Абай аудармаларындағы мазмұны дәлме-дәл аударылған Менің сырым, жігіттер, емес оңай (Я не хочу чтобы свет узнал) деген өлеңінің көлемдері екі тілде де 16 жолдан. Бұлай аудару үлкен шеберлікті танытады. Айта берсе, Абай аудармалары шетінен асқан талант иесі екенін дәлелдейді.
Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл шығармасы да осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл -- Байронның Моя душа темна атты туындысын еркін аударған Лермонтов нұсқасы. Орысша нұсқасы ақынның көзі тірісінде Отечественные записки журналында басылып, кейін өзінің жинақтарында басылған.
Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. 1933 жылға дейінгі жинақтарда бол,бол ақын бұлбұл ақын болып басылып келген екен [2,261]. Алғашқы басылымдарда Еврей күйі деп берілсе, кейінгі басылымдардың барлығында Лермонтовтан деп қана беріліп жүр.
Мәтіндерді салыстыратын болсақ.
Түпнұсқада:
Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твой, промчавчейся по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.
И если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очках застывших капля слез --
Они растают и прольются.
Аудармада:
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!

Аударманың сәттілігін айтпаса да түсінікті. Лермонтовтың ойы, көңіл-күйі аудармада анық, дәл түпнұсқадағыдай. Абай арфа сөзін домбырамен, звуки рая тіркесін бейіштің үні деп қазақ оқырманының тіліне сай етіп өте жатық аударыпты. Пускай персты твой, промчавчейся по ней -- Ішек бойлап он саусақ жорғаласа деген тармақтың да баламасын ұйқасқа қарай да, мағынаға қарай да тауып қолданған.
Абай аудармаларына ғалымдар қай кезде де оң пікірлерін беріп келеді. Мысалы, Қ.Бекқожин бұл туралы былай дейді: Эти и подобные им Абаевские переводы воспроизводят художественные особенности Лермонтовских творений, сохраняют по возможности точно их содержание. Кинжал, Пленник, Дары Терека, Дума, В альбом, Больное сердце бьется тихо -- это те переводы, в которых мы можем особенно сильно почуствовать силу таланта Абая, тонкость его художественного восприятия, истинно поэтическую ценность переведенных им произведений. Қ.Бекқожин осындай ойдан кейін, Лермонтовты аудару арқылы Абай қазақ поэзиясында жаңа классикалық үлгіні дамытқанын айтады.
Абайдың ақындық толғамдарын саралап қарасақ, идеялық мазмұн мен лирикалық тебіреніс тарапынан үш-төрт сарынға жіктелер еді. Меніңше, бірінші бағытта -- халықтың тағдырын, заманның бет-бейнесі өзекті орын алса, екінші тарапта -- халықтың мінез-құлқын түзету үшін ақыл айту, яғни дидактикалық сарын және салт сипатындағы тоғышарлықты мінеу, сатира әуені жатады. Содан кейін осы бағыттағы өнеге, өсиет жырлары мен шындықтан жаңғырық таппағандықтан -- өз замандастарынан, өз ортасынан түңілу, торығу, қасірет шегу саздары өзінше бір арна болып толқиды. Сахара бозбаласының лирикасы -- бір сала. Ал Абай поэзиясының тебіренісі басым әуендер -- өз ортасынан, топас қауымнан түңілу, замандастарының әсіресе, тұсындағы жас толқынның надандығын, білімсіздігін көріп торығу. Жалғыздық жапа шегу сарындарының Лермонтов әуендеріне үндес келіп тұрғандығы таң қалдырады.
Алдымен, Лермонтовтың осы сарынына беріле үн қосуын айтпастан бұрын Абай өзге де келелі шығармаларын аудармауының себебі не екен? деген сұрақ туындайды. Лермонтов шығармашылығындағы басты сарын -- бас бостандығы болса, Абай аудармаларында мұндай ереуілді әуендер кездеспейді. Тек, Жартастан қыз құлапты терең суға дегені болмаса. Абай заманында, тіпті қазақ қоғамында, әйел мәселесі болмаса, жеке бастың бостандығы айырықша орын аларлық күйде болған жоқ. Құлдық, крепостнойлық секілді сұмдықтарды Абай көрмесе керек. Сондықтан мұндай сарын Абайды тебірентпесе керек. Абайға керегі, жүрегіне жақыны, жалғыздық, халық қамы:
Жарлы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жағдайына әсер еткен оқиғалар
Кәләмның шығуына ең көп әсер еткен факторлар
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай өнегесі
7 -арна: кәсіби деңгейі мен шығармашылық шеберлігі
Абай
Қазақтың қайсар Үш Арысы
Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен - Шоқан
Үш байлық
Үш тұғырлы тілдің ұшпағы
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь