Кәсіби қазақ тілінің маңызы мен міндеттері туралы ақпарат


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министірлігі

Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті

БӨЖ №2

Тақырыбы: Кәсіби қазақ тілінің маңызы мен міндеттері

Орындыған: Жилбаева З. Е.

Т-312

Тексерген: Ахметова Г. С.

Семей 2015ж.

Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру - қоғам дамуының негізгі жолы.

Қазіргі уақытта тілді мамандыққа сай үйретуге арналған әдістемелік оқулықтар мен оқу құралдары баршылық. Бұл оқулықтар студенттердің ғылыми тілді, мамандыққа қатысты кәсіби тілді, ресми-іскерлік тілін жеткілікті түрде меңгеруіне көп көмегін тигізуде.

Қазақ тілінің кәсіби мамандыққа бағытталған лексикасы мен терминологиясын оқыту әдістемесі сала мамандықтарына байланысты таңдап алынған лексиканы үйрету үшін, біріншіден, тіл үйренушіге жаңа сөзді қолдануға жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын айқындап, дұрыс қолдан амал-тәсілдерін игерту (сөз→сөз тіркестері→сөйлем→мәтін) ; үшіншіден, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты грамматикалық тұлғаларды функционалды мақсатта байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру қажет.

Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру - қоғам дамуының негізгі жолы. Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент ертеңгі маман, іскерлік қарым-қатынас жағдайында жол таба білуге үйрету маңызды болып саналады. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру мақсаты басым. Бүгінгі күн талабы - маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс.

Қ. Қадашева “Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі” деген докторлық диссертациясында мамандық тіліне бейімдеп оқытуда жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануға болатындығын, тіл үйренушілердің өз саласында тілді қолдану қызметінде лексикалық минимумды анықтау қатысымдық қажеттілікті қамтамасыз ететін ерекшелік екендігін көрсетті. Сонымен қатар өзгетілді дәрісханалардағы үйренушілерге мамандығы бойынша тілдік база жасау мәселесіне тоқтала отырып, оның мақсаттарын ашып көрсетеді . Бұл ғылыми еңбектегі тиімді әдістердің үлгілерін күнделікті сабақ барысында түрлендіріп қолдануға болады.

Ол үшін сөздік-минимумды таңдауда басшылыққа алынатын ұстанымдар:

• Сөздің сөзжасамдық қабілеті;

• Сөздің көпмағыналық, омонимділігі, синонимділігі;

• Сөздің мамандыққа байланысты қатысым-прагматикалық мақсатын ескеруі. Студенттер өз білімдеріні лексикалық және терминологиялық түсіндірме және фразеологиялық сөздіктер арқылы жүзеге асырады. Шағын хабарлама жасау, жоспар құру, белгілі бір тақырыпқа шығарма, баяндама, тезис, реферат, конспект жазу тапсырмалары болашақ мамандардың жазбаша тілін дамытуда, сауаттылығын арттыруда, өз ойын, пікірін жеткізуде басты орын алады. Студенттердің өз бетімен ізденіп, кәсіби шеберлігін жетілдіруі мақсатында лексикалық минимумы мен терминдерінің қазақша-орысша түсіндірме сөздігі арқылы жүзеге асады.

Тіл дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі - мәтін бойынша жұмыс істеу. Сондықтан мәтіндер күнделікті тұрмыста қолданылатын, мамандық бойынша, төменгі және орта топ студенттеріне арналған мәтіндер болып топтастырылады. Сонымен қатар грамматикалық ережелерді түсіндіруге түрлі кестелер, студенттердің өздік жұмысына байланысты тапсырмалар, ік қазақша-орысша сөздік берілген.

Сонымен қорыта айтқанда, қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары, оны меңгертудің әдіс-тәсілдерінің кәсіби қатынаста атқаратын маңызы зор екендігін айтқанды жөн санадым.

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша тіл үйренуші өз мамандығы саласындағы сөз мәдениеті, терминология, стилистика салаларын өз деңгейлеріне сай меңгереді. Белгілі бір құзіреттілік талаптарына жауап береді.

«Кәсіби қазақ тілінің» мақсаты мамандыққа кіріспе емес, қазақ тілін кәсіби деңгейде жетік меңгеру талаптарын негізге алады. Бұл пәнді аяқтаған тіл үйренуші:

- мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық бағытта қолдана білуі керек;

- мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениетінің сипаты
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Шет тілін оқыту әдісінің жоғарғы оқу орнындағы рөлі мен маңызы
Журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері
Мемлекеттік тіл
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Кәсіби қазақ тілінің маңызы мен міндеттері
Қазақ тілі - егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМДЕГІ ЛОГОПЕД - ДЕФЕКТОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz