Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы туралы ақпарат


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Аграрлық факультет «Ветеринарлық санитария» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы

Орындаған: МұқановаА

Тексерген: Садуакасов М. С.

Семей қ. 2015 ж.

Құс шаруашылығында жұмыс істейтіндерге әсер ететін өндірістік факторлар мал шаруашылық кешендеріндегі факторларға ұқсас болып келеді, оған жататындар әрдайым қолайлы бола бермейтін микроклимат жағдайлары, ауа мен қоршаған орта нысандарының ластануы, жығымсыз өзіндік иісі, физикалық және жүйкелік-эмоционалдық жүктемелер. Дегенмен де, құс шаруашылығы технологиясымен байланысты олардың бірқатар ерекшеліктері бар. Құс өсіретін кешендерде құстарды бірінің үстіне бірі орнатылған бірнеше қабат торларда ұстайды немесе ауыстырылатын төсеніш үстінде еденде ұстау әдісін қолданады. Торда ұстау әдісінде негізгі үрдістер механикаландырылған және құс өсірушінің еңбегі көбінесе операторлық сипатта болады. Дегенмен де жұмыртқаның қабығын жарып шыққан балапандарды таңдап алу және сұрыптау, жұмыртқаларды сұрыптау және инкубаторларға салу, жас балапандарды алғашқы 10-15 күнінде өсіру, және қасапханадың конвейерлерінде құстарды сою, ішек-қарындарын ақтару және сұрыптау қолмен атқарылады. Жұмыс тез қарқындылығымен, бір сарындылығымен, жұмыс кезінде мәжбүр дене тұрысы болуымен, динамикалық дене жұмысы жүктемесімен сипатталады.

Шаңның құрамы бөлмелердің тағайындалуына байланысты болады. Мысалы, инкубаторлық цехтарда шаң негізінен балапандардың қауырсындарынан тұрады. Өсіп келе жатқан және ересек құстарды ұстайтын жайларда шаңның құрамында азықтық қоспалар, антибиотиктер, қауырсындар, мамықтар, әр түрлі микрофлора болады. Оның үстіне, құс өсіретін фабрикалардағы ауаның бактериалды ластануы мал шаруашылығы кешендерімен салыстырғанда аса жоғары болып келеді. Құс шаруашылығында жұмыс істейтіндерде биологиялық белсенді заттардан аллергияға ұшырау деңгейі жоғары, себебі құстарға берілетін жем биологиялық белсенді қоспаларға бай болып келеді. Аллергиялық ринопатиялар, созылмалы демікпелі бронхит, бронх демікпесі, аллергиялық конъюктивиттер жиі кездеседі, ал сирекірек дерматиттер мен экземалар кездеседі.

Гигиенаның негізгі мақсаты - малды бағып-күтудің, азықтандырудың, төл өсірудің, асыл тұқымды жөне жалпы тауарлық бағыттағы мал түліктерін пайдаланудың нормалары мен ережелерін (төртібін) анықтау. Негізгі назар қолда ұсталатын малға қора-жайлар салу үшін орын таңдауға аударылады. Сонымен қатар гигиена негіздері айналысатын мәселелер қатарына құрылыс сапасы, әр бас малға үлесті жер және ауа алмастыру көлемі, өндірісте механиканы пайдалану, малды орналастыруәдісі, серуендету, т. б. жатады.

Ауа ортасына, суға, топыраққа, азыққа және азықтандыруға, мал қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар

Құстарға арналған қора жағдайы микроклиматқа қойылатын зоогигиена талаптарына сай болуы керек. Құс шаруашылығындағы микроклимат деген түсінік қорадағы температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жарық, газдар құрамы, сонымен қатар қорадағы шаң мен микроорганизмдер және шу деңгейін анықтаумен байланысты. Микроклимат параметрін өлшеген уақытта қоралардың есіктері жабық, ал мал өз орындарында болғаны жөн. Ең керекті байқау мезгілі: таңғы сағат 7 мен 8-дің, күндізгі 14 пен 16-ның жөне кешкі 20 мен 22-нің аралығы. Ауа температурасы мал организмі жағдайының, әсіресе жылу реттілігіне қатысты сыртқы ортадағы физикалық факторлардың бірі әрі маңыздысы болып саналады.

Құстарға ең жоғары және ең төмен температура да зиянды, өйткені олар организмде көптеген өзгерістер туғызады. Ауа температурасын қабырғадан 1 м қашықтықта және қора ортасынан өлшейді. Өлшеуді еденнен жоғары 20 см-ден 120 см аралықта, құстың жасы мен түрін ескере отырып өткізеді. Қорадағы ауа температурасы спирттік жөне электрлік термометрлермен өлшенеді. Қорадағы ауаның ылғалдылығын температураны анықтағандай бір нүктеде, бір аймақта және сол сағатта анықтайды. Ылғалдылықты анықтау үшін психрометрлер, гигрометрлер және гигрографтар қолданылады. Қорадағы құстың түрі мен жасына қарай салыстырмалы ылғалдылық 70%-дан аспауы керек. Организмге төменгі (30-50%) жөне жоғары (80-100%) ылғалдылықтар теріс әсер етеді.

Ауаның қозгалыс жылдамдығы. Жылдың суың кезінде ауаның қозғалыс жылдамдығы 0, 3 м/с, ал жаздың ыстық темнературасында 1 м/с-дан аспауы керек. Жаңа туған құстардың тұратын орындарында 0, 1-0, 2 м/с аспауы тиіс. Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін анемометр және кататермометр аспаптары қолданылады.

Қораларындағы ауа газдарының құрамы. Құстар қораларында көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, көміртек тотықтары жиналуы мүмкін. Көмірсутегі газы (С0 2 ) қораларда мал мен құстардың тыныс алуы кезінде жиналады. Қоралардағы ауа газының шектеулі концентрациясы құстарға - 0, 15-0, 18 болуы тиіс. Аммиак (^Н 3 ) қораларда құрамында органикалық азоты бар заттардың бұзылуы нәтижесінде пайда болады (несеп, нәжіс) . Бұл - улы газ. Күтуші адамдар мен құстарға аммиак теріс әсер етеді. Аммиак сумен қосылғанда сілтіге айналып, химиялық күйдіргіш қасиетіне ие болады, кілегей қабықтарды, жоғары тыныс жолдарын тітіркендіреді немесе тұяқ мүйізін қопсытып, қанға түседі. Қорадағы ауада құс үшін аммиактың шектеулі мөлшері ~ 15-20 мг/м 3 , ал телдер мен құстарға бұл көрсеткіш 1, 5-2 есе аз.

Күкіртті сутегі (Н 2 8) құрамында күкірті бар ақуызды заттардың шіруінен, сонымен қатар, шығатын газдар арқылы пайда болады. Өзінің әрекетіне қарай аммиактан да улы. Құстарға күкіртті сутегінің көп концентрациясының мөлшерінен ісік жөне өкпенің жіті қабынуы байқалады. Құс үшін күкіртті сутегінің шектеулі мөлшері - 10 мг/м 3 , ал төл және құстар үшін бұл көрсеткіш екі есе аз. Көміртек тотығы (СО) қораларда пештен немесе автокөліктер мен тракторлардың жұмыс істеу кезінде толық жанбаған жанармайлардан жөне толық желдетілмеген кезде жиналады. Қызмет көрсетушілердің жұмысы кезінде және мал тұрған аймақта газдың ең жоғарғы концентрациясы жиналады. Организмде газ жанбайды. Ол сыртқа өзгертілмеген түрде шығады, сондықтан уланған құсты таза ауаға шығару керек. Қораларда көміртек тотығының шектеулі концентрациясы 2 мг/м 3 болып саналады. Концентрациясы зиянды әсер ететін газдарды әмбебап газ анықтағышпен (УГ-2) анықтайды. Бұған алдын ала әр газға арналған индикаторлы ұнтақты дайындап қою керек. Зиянды өсер ететін газдардың жиналуын болдырмау үшін кешенді шаралар жүргізілуі тиіс. Яғни қорадан нөжіс пен несепті тез жинап шығару, едендерді ылғал жібермейтін мықты жабдықтармен жабдықтау, құс тұратын аймақта ауа алмасуын дұрыстау, едендерге газды бойына сіңіретін материалды (сабан, ағаш ұнтағы) жөне газ концентрациясын төмендететін препараттар (сөндірілген әк, суперфосфат) қолдану керек.

Қораны жарықтандыру. Жақсы жарықтандырылған қоралар аурулардан сақтандыру, сонымен бірге, құстың денсаулығын және өнімділігін сақтау факторлары болып табылады. Жарық табиғи жөне жасанды болып бөлінеді, ол жарық коэффициенттермен нормаланады (қалыптасады) . Табиғи жарық коәффициенті деп әйнек көлемінің еден көлеміне қатынасын айтады. Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы барлық электр шамының қуатын есептеп, алынған шаманы қора көлеміне бөледі, Вт/м 2 . Құстарға табиғи жөне жасанды жарықтың нормасы: 1:8-1:20 және 3, 3-5 Вт/м 2 шамасында.

Шу және оның деңгейі. Шу құстарға зиянды әсер етеді. Шудың қарқындылығы децибелмен (дб) өлшенеді. Шудың құс организміне әсерін стрессфактор деп қарайды және ол организмнің реактиві мен өнімділігін төмендетеді. Адам мен құстарға шудың шектеулі деңгейі - 50-70 дб.

Су және суару гигиенасы. Құс организмінде су маңызды рөл атқарады. Организмнің суды 10% жоғалтуы өлсіздік пайда болуына, жүйке жүйесінің бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне, ал 20% жоғалтуы өлімге өкелуі мүмкін. Құстарға азық бермей, тек су берсеңіз, оның өмірі 30-40 тәулікке жететіні белгілі, ал сусыз мал 4-6 тәуліктің ішінде өледі. Құс денсаулығына судың мөлшері ғана емес, оның сапасы д а әсер етеді. Суға толық баға беру физикалық жағдайына, химиялық құрамына және биологиялық қасиетіне қарай жүргізіледі. Ішетін су МЕМСТ 2874-82 талабына сай болуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы туралы
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы
Құстардың санитарлық гигиенасы
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы жайлы ақпарат
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы жайлы
Құстардың өсіп - жетілуі
Күркетауықтарды бағып күту
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz