Физика пәнін оқыту әдістемелерінің негізі


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты - физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақты оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен түрлерін анықтау.

Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара жатқан заманда ұдайы жетілдіріп келеді. Мысалы, озат мұғалімдер, физикалық шығармашылық сабақтарының сан алуан түрлерін ойлап шығарып, өз практикасында қолданып келеді: оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік ойын, ұлттық ойындар, жарыс сабақ, физикалық аукцион, т. б. Сондай-ақ, жаңашыл физик - мұғалімдер әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада жүзеге асырып келеді.

Физиканы оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру түрлерін нәтижелі жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық ролі мен әдістемелік ебедейлігіне байланысты екендігі даусыз. өйткені, физиканы оқыту үрдісін жоспарлаушы және ұйымдастырушы басты тұлға - мұғалім болып саналады. Сабақтың жүргізілу барысы оның педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық қабілетіне байланысты.

Жиырма бірінші ғасырдың басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - еліміздің экономикасын, мәдениетін, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.

Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану, оқушылардың ой - өрісін дамытып, алған білімдерін жан-жақты жетілдіреді, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен, физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың бір мысалы ретінде біз Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктерін қарастырамыз.

Сабақты оқытудың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар: сыныптағы оқушылардың жасы бірдей, және олардың саны тұрақты, сабақ кестесі өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті артады.

Заман талабына сай физика пәні де оқыту әдістері және оқыту түрлерімен толықтырылып отыр. Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін тереңдету үшін әрбір мұғалім, түрліше оқыту әдістерін ұсынып отыр. Ал біз соның тиімділерін өзімізге лайықтап пайдаланып және жас ұрпақты оқыта және тәрбиелей білсек, бұл біздің үлкен жетістігіміз болмақ.

Тақырып өзектілігі: физика пәні бойынша жаңа ақпараттық технологиялар жана оқыту әдістемелерінің қолдану.

Жұмыстың жаңашылдығы:

  • Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабағында қолдану үшін қажетті бағдарламалар іріктеліп, олардың жұмыс істеу принциптері анықталды;
  • Қазіргі таңда өзекті болып отырған Web-сайттарды, электрондық оқулықтарды құруда кең түрде қолданылып жүрген «Macromedia Flash» бағдарламасының негізінде қозғалыстарға арналған бірнеше есептерге бағдарлама қарастырылды.

Зерттеу нысаны - Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабағында қолдану процесі.

Зерттеу пәні: Физика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі.

Жұмыстың мақсаты: компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, физикалық есептерді шығару.

Жұмыстың мақсатына байланысты келесідей міндеттер қойылды:

  • Физикалық есептерді компьютер арқылы демонстрациялаудың негізі болып табылатын Macromedia Flash бағдарламасын оқып үйрену;
  • Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен демонстрациялау үшін есептер дайындау;
  • Қозғалыстарға арналған есептердің компьютерлік бағдарламасын дайындау.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының барысында жасалған физикалық есептердің компьютерлік бағдарламаларын жоғары, орта арнаулы оқу орындарында оқытуда қолдануға болатындығында.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗІ

1. 1 Физика сабақтарында оқыту әдістері мен тәсілдерінің түрлерін қолдану

Қай пәнді болса да мектепте оқытудың әдістемесі болуы қажет екендігі белгілі. Физика пәнін қазақ мектептерінде алғаш оқыта бастаған кезде, физика пәні мұғалімдері көбінесе, орыс тілінде жазылған әдістемелік құралдарды, орыс тілінен аударылған оқулықтарды пайдаланып келді. Онда кездесетін атау сөздер (терминдер) сол орыс тілінен аударылған оқулықтар бойынша оқытылды.

Қазақ топырағында физика-математика ілімінің негізі ертеректе қаланғанымен, ол кездегі өркениеттің тарихи дамуының әр түрлі қиянаттарына төтеп бере алмай өшуіне сәйкес, физика-математика одан әрі өркен жайып дами алмады. ¦лы ғұлама әл-Фарабиден бастау алатын, басқа да Отырарлық ғұламалардың физика мен математикадан жазған еңбектері алдымен шығыстық ғылымға, қала берді жалпы әлемдік ғылымға қосылған бай қазына еді. Бұл қазынаны игеруіне біз енді ғана кірісіп жатсақ, өркениетті елдер ғасырлар бұрын игеріп алған және де ол еңбектер әлемдік ғылымды дамытуға сүбелі үлесін қосты да.

¤зге тілді қалыптасқан ілім жетістіктерін қазақша сөйлету, қазақшы ғылым тілін тұрақты қалыптастыру бүгінгі заман талабы болып отыр. Олай дейтініміз, мемлекетімізді тиянақты етудің де бірден-бір тірегі осында деп білеміз, яғни қазақ тілін ғылым тілі ретінде орнықтыруда.

Қазіргі мектепте қолданылып жүрген физика-математика оқулықтары қазақы емес жаппай аударма болып келеді. Ондағы қазақы атаулар жоқтын қасы, сондықтан да түсінуге өте қиын. Жоғары оқу орындарына арналған физика мен математикадан жазылған оқулықтар да өте аз. Қазақ тілінде жазылған физика-математика оқулықтарын сөйлету мәнері қалыптаспаған, сөз тіркестері, әр түрлі тұжырымдар, қисынды ой орамдары орыс тіліндегі нұсқаның көшірмесі ғана.

Қазақ тілін белсенді түрде ғылымға енгізу мәселелері осыдан барып туындайды, ол үшін алдымен физикалық, математикалық атаулардың қазақша баламаларын жасап, оларды орнықтыру қажет. Орнықтыру үшін әр түрлі сөздіктер жасалынып, ғылыми еңбек жазу барысында пайдаланылады. Оқулықтар, ғылыми көпшілік әдебиет жазу ісі де жеделтіледі. Аударма әдебиеттер жасау ісі де қалыпқа келтіріледі. Осы ауқымды істер барысында атауларымыз жұмырланып, реттеліп, шалағайлығынан таза болып, жүйелі түрде өмірге енеді.

Елдес Омаров жазған «Физика» және «Пішіндеме» атты оқулықтарында көптеген физикалық, математикалық атаулар қазақ тілінде өзінің дәл баламасын тапқан. Физика оқулығын «Механика» бөлімінен біраз атау сөздердің балама атауларына мысал келтірейік.

Тік бағыт - вертикаль

Жатық бағыт - горизонталь.

От сызығы - перпендикуляр түзу.

Шаршы метр - квадрат метр.

Текше метр - куб метр.

Бағытты шама - векторлық шама.

Батерпас - жатық бағыттың түзулігін тексеретін құрал.

Түстік сызық -экватор сызығы.

Жердің төбесі - жердің полюсі.

Жердің белдеуі - жердің экваторы.

Жердің қатар сызықтары - жердің меридиан сызықтары.

Жердің кіндігі - жердің центрі.

Жермай - мұнай.

Сорап - поршень.

Көпшек - оске кигізілген цилиндр.

Тегермеш - қарама-қарсы жақтарына жүк ілінген диск.

Шөлдігі - айналу осі.

Қиықшалық ережесі - параллелограмм ережесі.

Пішіндеме - геометрия.

Пішіні - формасы.

Диаметр - өре.

Биссектриса - жарма.

Керме - хорда.

Трапеция - қостабан.

Сонымен бірге, ұлттық тіл ретінде аталған оқулықтарда кездесетін қазақша атаулардың өзі де қазір біздің пән сөздерімізге айналып келеді.

Екпін заңы - инерция заңы.

Шақырым - километр.

Сынып - класс.

Бағанаш - тіктеуіш.

Бәсеке қозғалыс - салыстырмалы қозғалыс.

Жайма қозғалыс - кемімелі қозғалыс.

Тел жылдамдық - қорытқы жылдамдық.

Нәрсесі - заты.

Маңыз - масса.

Тел күш - қорытқы күш.

Қолғабыс күштер - қосылғыш күштер.

Орел күш - теңгеруші күш.

Салмақ кіндігі - күштің нәрсеге тиетін нүктесі, центрі.

Бастырық - жолы қатар, бағыттары қарама-қарсы бұрау.

Салмақ өлшемдері - қадақ, пұт, батпан.

ұзындық өлшемдері - бір сәт, қас қағым, сүт пісірім, ет асым, бие сауым, тәулік, мүшел.

Е. Омаровтың «Физика»оқулығының басқа бөлімдеріне де осындай балама, түсіндірме сөздерді, атау сөздерді кездестіруге болады. Бұл оқулықтар өзінің ұлттық тілімен, ұлттық салт-дәстүрлерін, ұлттық танымдарын сақтай отырып жазылған төл оқулық екендігіне көзіміз жетті. Бұл оқулықтардағы атау сөздер әлі де ғылым салаларының көптеген сұраныстарынын өтей алады. Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру ісі соңғы жылдар деңгейінде ғана шындап қолға алына бастады. бұл құбылыс - ұлттық сананың өсуімен түсіндірілсе керек. Жалпы, республикамыздағы ғылым салалары қазіргі кезде айтарлықтай дамыған, оның кейбір салаларындағы ғылыми жетістіктер ауқымы дүниежүзілік деңгейге көтерілді десе де болады. Физика-математика ілімдерін сол салаға жатқызамыз. Ғылым тілінің ұлттық тілге тигізер әсері ерен болғандықтан, ұлттық ғылымды дамытпайынша ұлттық тіл дамымақ емес.

Физика, математика, химия, т. б. салаларында қазақ тілі еркін, жан-жақты сөйлейтін болуы керек. Физиканы оқытудың алғашқы басқышында сабақтың ең жақсы формасы - әңгімі сабақ болатыны анықталған. Мұғалім жаңа сабақты әңгімелеу арқылы түсіндіреді, оқушылар бұған белсене араласып, сұрақтарға жауап береді, тәжірибелерден өзіндік қорытынды жасайды, құбылыстарды түсіндіреді.

Физиканы оқытудың әдістемесіне қойылатын жалпы талап дамыту мақсатындағы оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Оқушылардың физикалық ойлауын дамыту. Дамыту мақсатындағы оқытуда сабақтың негізгі қағидаларын түгелдей айтып шығу мүмкін емес, жаттап оқытуды төмендету қажет. Оқытудың дедуктивтік, индуктивтік тәсілдерін қолдану жеткіліксіз.

Оқушылардың ойларын дамыту, олардың физикалық есептерді өздігінен шығара білуін қалыптастыру үшін жүйелеп оқыту әдістерін қолдану қажет. Оқушы жаңа есепті өзінде бұрын бар біліммен шығарады. Есеп шығару кезінде оқушы алдына қойылған мақсатты іске асырады. Оқытудың алғашқы сатысында, оқушылар оқулықтардағы берілген есептер мен жаттығуларды орындай отырып, өздігінен жұмыс істей білуге дағдылануы қажет.

Есептерді шығаруға оқытудың түрлерін пайдалану, оқушының танымдық қызығушылығын арттырады. Ол үшін есептің мазмұнын дұрыс таңдай білу керек. Тарихи мазмұнды есептерге, экспериментті есептерге, сурет бойынша берілген есептерге, өлшеуіш приборлармен жұмыс істеу есептеріне ерекше мән беру керек. Оқушыларға алдымен ізделінетін шаманы теорияда анықтап, есептеу нәтижесінтәжірибе жүзінде тексеретін есептер пайдалы, қызықты іске асырылады. Сапалы есептер шығара отырып, оқушы математикалық есептеулерге көңіл бөлмей, құбылыстардың физикалық мәніне ой жібереді, ойды дамытады, жауабын дәлелдейді. Сапалық есептерді материалды пысықтаған, қорытындылаған кезде, талдау жүргізіп орындаған жөн.

Демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар арқылы оқушыларды ғылымдағы зерттеудің эксперименттік әдістерімен таныстыру, эксперименттік шеберліктерімен дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру жұмыстары жүргізіледі.

Мұғалімнің бақылауымен, басшылығымен жүргізілетін жұмыстар оқушының физикаға деген сүйіспеншілікті дарытудағы әсерлі құрал бола алады. Қосымша әдебиеттер оқитын, үйде бақылау және тәжірибе жүргізетін және алған мәліметтерін жауап бергенде пайдаланатын баяндамалар, хабарламалар жасайтын, әзірленген приборларды демонстрациялайтын оқушылармен жекелей жұмыс жүргізу керек.

Оқыту әдістерін зерттеу - негізінен дидактиканың міндеті, ал жеке пәнді оқыту, оның ішінде физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты - физика мазмұнының ерекшелік сипатына лайықты сабақты оқыту әдістерінің тиімді тәсілдері мен әдістемелік амалдарын қолданудың жолдары мен түрлерін анықтау.

Физиканы оқыту жүйесі, қазіргі информация көлемі үздіксіз ұлғайып бара жатқан заманда ұдайы жетілдіріп келеді. Мысалы, озат мұғалімдер, физикалық шығармашылық сабақтарының сан алуан түрлерін ойлап шығарып, өз практикасында қолданып келеді: оқытудың ұжымдық-топтық жүйесі, іскерлік ойын, ұлттық ойындар, жарыс сабақ, физикалық аукцион, т. б. Сондай-ақ, жаңашыл физик - мұғалімдер әдістемелік идеялар ұсынып, оларды практикада жүзеге асырып келеді.

Физиканы оқытудың мұндай сан түрлі ұйымдастыру түрлерін нәтижелі жүргізе білу, негізінен мұғалімнің басқарушылық ролі мен әдістемелік ебедйлігіне байланысты екендігі даусыз. ¤йткені, физиканы оқыту үрдісін жоспарлаушы және ұйымдастырушы басты тұлға - мұғалім болып саналады. Сабақтың жүргізілу барысы оның педегогикалық шеберлігі мен шығармашылдық қабілетіне байланысты.

Мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ. Мұның негізін салған атақты чех педагогі - Я. А. Коменский. Бұл соңғы төрт ғасыр ішіндегі ашылған ең ірі, әрі маңызды педегогикалық жаңалыққа саналады.

Сабақты оқытудың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар: сыныптағы оқушылардың жасы бірдей, және олардың саны тұрақты, сабақ кестесі өзгермейді, сабақ мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданудың нәтижесінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті артады.

Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынандай бірнеше түрлері болады:

  1. жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы;
  2. есеп шығару сабағы;
  3. зертханалық сабақ;
  4. қайталау және қорытындылау сабағы
  5. оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы;
  6. оқушыларды экскурсияға дайындау сабағы;
  7. оқушылардың білімдерін тексеру сабағы;
  8. барлық мақсат біріктіріліп қойылған кешенді сабақ;

Мектеп практикасынан белгілі мұндай әр түрлі сабақтардың жеке дара күйінде өтуі сирек кездеседі. Көп жағдайларда олардың 3 -5 түрін біріктіріп, бір сабақта аралас сабақ түрінде өткізеді. Себебі, бір сабақтың өзінде жаңа материал түсіндіріледі, өткенді қайталайды және қорытындылайды, оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастырады, олардың білімдерін бағалайды, зертханалық жұмыстар орындаттырады, есеп шығарып үйретеді. Сондай-ақ, сыныпта өткізілетін сабақтың қай түрінде болса да, оқытудың бірнеше әдістері мен тәсілдері қолданылатыны есте болу керек.

Жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы, көбінесе, формулаларды қорытып шығаруда, теңдеулерді түрлендіруде, құбылыстар мен үрдістердің арасындағы өзара байланыстылыққа анықтауда өткізіледі. Жалпы алғанда, мұндай сабақтың әдістемелік құрылымы мынандай бөліктерден тұрады:

  1. кіріспе түсінік немесе жаттығу;
  2. келелі жағдайлар туғызып, оны шешуді ұйымдастыру;
  3. бұл мәселені эксперименттің жәрдемімен, не өлшеулер мен бақылаулар арқылы зерттеу;
  4. алынған нәтижелерді талдау;
  5. жаңа материалды бекіту мақсатында оқушыларға жаттығу орындаттыру;
  6. үйге тапсырма беру.

¤зінше ерекше қиыншылықтары көп сабақ - оқушылардың жалпы еңбектік, оқу ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру, не дамыту сабағы. Әр сыныпқа қатысты оның жүйесі физика пәнінің оқу бағдарламасының соңында көрсетілген сабақтың түріне әрқашан назар аударып, мұғалімнің оны орындауы тиіс. Мұндай сабақтар, әдетте, есеп шығаруға, өлшеулер жүргізуге, физикалық құбылыстарды бақылауға, зертханалық экспериментті жүргізуге арналады.

Сирек кездесетін сабақтардың бірі - өткен тарауды немесе бөлімді қайталау және қорытындылау сабақтары.

Оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру сабақтары, әдетте, тоқсан немесе оқу жылы аяғында өткізіледі. Бұл сабақ жеке оқушыдан немесе сынып бойынша есеп шығару, физикалық диктант, тест арқылы, реферат-баяндама жасау, сын жұмысын алу сияқты программаланған тәсілдермен жүргізіледі. мұндай сабақтың құрылымдық бөлігі мыналар:

  1. бұрын өтілген физикалық құбылыстарды талдауға арналған әңгіме,
  2. оқушылардың шығарған есептері мен тестік жұмыстарына түсінік беру,
  3. оқушылардың жазған рефераттарын немесе баяндама хабарларын тыңдап, талдау,
  4. диа-кинофильм немесе телевизиялық хабарды көрсету
  5. мұғалімнің қорытындалуы,
  6. үйге тапсырма беру.

Физика бағдарламасының соңында, әр сынып бойынша 2 сағаттан өндіріс орындарына экскурсия өткізу жоспарланған. Мұны экскурсия сабағы немесе сыныпты экскурсияға дайындау сабағы ретінде өткізуге болады. Экскурсия оқуды өмірмен байланыстыратын, физикалық заңдылықтардың практикада қолданылуын көрсететін, кәсіби мамандықтармен тікелей таныстыратын, техникалық қондырғылардың жұмыс істеуін бағыттайтын кез екенін, оның дидактикалық маңызды ерекшеліктерін мұғалімнің үнемі айтып, түсіндіріп отырғаны жөн.

Физика сабақтарының кез келген түрін алсақ та, олардың бәрі де негізінен, мынандай 5 кезеңге бөлінеді:

  1. ұйымдастыру кезеңі (2 - 3 мин) ;
  2. үйге берілген тапсырмаларды сұрау (10 - 15 мин) ;
  3. жаңа тақырыпты түсіндіру (20 - 30 мин) ;
  4. жаңа материалды бекіту, қорытындылау (3 - 5 мин) ;
  5. үйге тапсырма беру (1 - 3 мин) .

Физикадан өткізілетін сабақтардың мазмұндық және әдістемелік мақсаттары оқытудың ауызша сөзбен баяндау, көрнекілік, практикалық тәсілдерінің барлық түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.

1. 2 Физиканы оқытудағы қазіргі ақпаратты - әдістемелік кешен.

Физиканы оқытуда қолданылатын қазіргі заманғы ақпараттық технология бұрынғы оқыту процесінің құралдарының рөлін алмастырды, ал замандас ақпараттық техникалық құралдарын қолдану оқу процесі болып жатқан ортаны өзгертеді. Қазіргі заманғы сапалы да жаңа оқыту құралдарын құруға мүмкіншілік жасайды.

Сонымен ақпараттық технологияларды қолдануға бағытталған физиканы оқыту құралдарының айқын жүйесі құралды.

Оқыту құралдарының осындай жүйесі электрондық сандық сақтаушылардағы оқу - әдістемелік әдебиеттермен бірге жалпы білім беретін мектепте физиканы оқытуда физика мұғалімнің ғылыми еңбек ұйымдарын (ҒЕҰ) және оны оқушыларға ақпараттық - әдістемелік кешенді (АӘК) құрастырады. 1. 1 - суретте ақпараттық - әдістемелік кешен құрастырушы кампоненттер келтірілген.

АӘК - ға кіретін кампоненттер құрамын және олардың физика бойынша оқыту процесіндегі функционалды рөлін қарастырайық.

АӘК кампоненттерінің барлық жинтығын шартты түрде үш модульге бөлуге болады: электронды оқу - әдістемелік әдебиеттер, оқыту құралдарының жүйесі және ғылыми еңбек ұйым құралдарының жүйесі.

Қазіргі заманғы физиканы оқытуды оқулықтар, анықтамалар, дидактикалық материалдар, есеп жинақтары, конспектілер және сабақ жоспарлары, ғылыми және педагогикалық әдебиеттер, техникалық әдебиеттер, физика тарихы бойынша әдебиеттерсіз және т. б, елестету мүмкін емес. Барлығы қазіргі заманғы ақпарат сақтаушы құралдарда көрінуі мүмкін (магиттік тегеріштерде, оптикалық тегеріштерде, электрондық флэшь карталарда және т. б, ) . Бұл физика бірінші модулін құрастырады.

Оқыту құралы жүйесінің екінші моделіне теориялық материалды зерттеуге арналған және физикалық тәжірибелерді орындауға араналған қажетті дидактикалық ақпараттық құралдары қосылады.

Теориялық материалдарды зерттеу үшін арналған дидактикалық ақпараттық құралдарды былай бөлуге болады:

Баспалы ақпараттық әдебиеттер - әртүрлі физикалық таблицалар, плакаттар, студентер; дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдар - диапозитивтер, диафильмдер, транспаранттар, кинофильмдер, обьектілер, дыбысты материалдар; жаңа дидактикалық ақпараттық құралдар - диапозитивтер, диафильмдер, транспаранттар, кинофильмдер, кампьютерлік слайдтар және слайд - фильмдер (презентация), электронды сандық оқытушы және бақылаушы бағдарламалар, мдльтимедиалар.

Дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдардың жетіспеушілігі олардың қажетті кезде тексере алмауына, оқу материалын түсінбеу және оқылатын жауаптардың көшірілмеуіне әкеледі. Дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдардың қолданылуы мұғалімге жүктелген функция және көп еңбекті талап етеді. Оған бұқаралық білім қиындықтары байланысты, әрбір оқылатын материал әр оқушы үшін дарабақылануы қажет. Бұл талапқа жеткілікті мөлшерде қанағаттандыру дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдармен оқытылатын елдерде сәтті болмай жатыр.

1. 1-сурет. Ақпаратты - әдістемелік кешеннің блок - схемасы.

Дәстүрге қарағанда жаңа ( кампьютерлік) дидактикалық ақпараттық құралдар оқылатын жауаптарды қабылдау қабілеттілігіне және оларға артықшылық болып табылады. Ол физиканы оқыту процесін басқару функцияларын жаңа дидактикалық ақпараттық құралдарға орындауға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдарыды жаңамен бітіреттіндеп аухтыруы мультимедиалық жүйені қолдану физика бойынша оқу ортасында жаңа бағыт болып табылады. Қазіргі кезде оқу - әдістемелік кешен құрастыруда әліде дәстүрлі дидактикалық ақпараттық құралдар сақталуда, сондықтан жаңа деңгейге жету бірте - бірте орындалып келеді.

Физикалық тәжірибелер орындауға арналған оқыту құралдарына мыналар жатады: компьютерлік техникамен біріктірілген оқу жабдықтары және физикалық құбылысты, процесс немесе обьектіні моделдейтін дидактикалық ақпараттық құралдар. Оқу жабдықтары физикалық эксперименттің түрі бойынша жіктеледі, демонстрациялық, фронтальды жұмыс үшін, практикум зеттханалық жұмыстар. Физикалық экспериментті сүйемелдеуге арналған жабдықтарға әртүрлі қосалқы зертханалық жабдықтар жатады. Бұл физикалық мөлшердің көрсеткіштері сандық бейнетехникалық аппараттар, аналогты сандық және санды аналогты түрлендіргіштер, электірлік және оптикалық кабельдер және т. б, болып табылады [1] .

Қазіргі заманғы қосалқы - зертханалық жабдықтардың қолданылуы физикалық параметірлер туралы хабарды жинауға мүмкіндік туғызады, оқытуда физикалық процестерді болжау және болжау нақтысын тексереді компьютерлік техника арқасында жүзеге асырады.

Қазіргі заманғы мектептің физикалық эксперименті микропроекциялардың ұлғаю мүмкіндігін талап етеді. Сол үшін компьютерлік техникамен бірге қосалқы санды бейнетехникалық ақпаратты қолданады. Мұндай микропроекцияларды үлкен аудиторияларда демонстрациялау үшін бейне проекциялық аппаратты қолданады.

Дистанциялық оқытуда лабораториялық тәжірибені орындау үшін автаматтандырлған лабораториялық кешендерді қолданады. Мұндай комплекісті қолданатын оқыту техникасы оқушыны шынайы уақыттағы лабораториялық тұрақтылыққа ұйретеді.

Сонымен қатар оқуда физикалық экіспириментті орындау құралдарына кампьютерлік моделдер, демонстрациялық физикалық құбылыстар, працестер және обьектілер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молекулалык физика пәні
Термодинамика тарауын оқыту әдістемесі
Компьютерлік технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
Математика пәнін ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту
Компьютерлік сабақтардың түрлері
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Мектептегі информатика
Физика сабағында инновациялық үрдістерді қолдану
Физикa пәнінен кoмпьютерді oқыту технoлoгиясы
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz