Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар


КІРІСПЕ

Бүгінгі күн жағдайында білім беру жүйесі оқытудың жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды қажет етеді. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыру.

Сондықтан, әр оқытушыдан инновациялық даярлығын өз бетімен арттырып, сабақ барысында жаңа әдіс тәсілдерді кеңінен пайдалану талап етіледі.

Елімізде жаппай компьютерлендіру процесі аяқталды. Сондықтан, еліміздегі әрбір білім мекемесі қажетті деңгейде компьютерлік технологиялармен толық жабдықталған. Осыған орай кез-келген пәнді оқытуда мүмкіндігінше ақпараттық технологияны қолданудың қажеттілігі туындайды.

Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың мынадай әдістемелік жолдарын көрсетуге болады:

  • жаңа сабақты түсіндіруде;
  • физикадан есептер шығаруда;
  • зертханалық сабақтар жүргізуде;
  • сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруда.

Қазіргі кезде мектептерде физикалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігіне байланысты физикадан сабақтарды жалаң сөзбен түсіндіру оқушылардың білім деңгейінің төмендеуіне, ой-өрісінің тарылуына әкеліп соғады. Осы қиыншылықтардан шығудың бір жолы - ақпараттық технологияларды қолдану.

Оқушылардың білім алу деңгейлерін сапалы ету мақсатында қолданылып жүрген ақпараттық технологияларды физика сабақтарында қолдану кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Сабақты ақпараттық технологияларды пайдаланып, физикалық есепті де, зерханалық жұмыстарды да түсінікті және қызықты етуге болады. Оның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол [1] .

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында» ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясаты айқын көрсетілген. Бүгінгі күні жаңа ақпараттық технологиялар білімде, өндірісте, кәсіпорындарда, құжат өңдеу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қамтитын іс-әрекет саласы зор қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпараттың көлемі мен күрделілігінің тұрақты өсуіне орай қоғамға оны бейнелеудің жаңа түрлерін ойластыру талап етілуде. Осыған байланысты физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Физика саласында білім беру процесін ақпараттандыруда басты элемент ақпараттық технологиялардың құралдарымен жабдықталған ақпараттық ресурстарды меңгертуге негізделген жоғары, орта білім беру жүйесін құру болып табылады.

Физика курсын оқыту барысын зерттеуде ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім беруді жетілдіруге Ресей ғалымдары И. К. Турышев, А. А. Кузнецов, И. Н. Антипов, И. В. Роберт, И. Е. Вострокнутов, В. В. Лукин, И. А. Трубина, И. А. Румянцева, Ю. А. Первин, М. П. Лапчик, В. М. Монахов, А. Г. Кушниренко, А. Г. Гейн, М. В. Вяльдин, Н. А. Мансуров, Қазақстан жас ғалымдары Д. А. Исаев, С. Е. Алдешов, Н. Н. Керімбаев аталған салада бірқатар диссертациялық зерттеулер орындалды, және т. б. зертттеушілер шұғылданғаны анықталды. Олардың зерттеулері осы курста ақпараттық технологияларды қолданудың стратегиялық мәселелеріне, сол сияқты, пәнге тән қиындықтарды шешуге арналған.

Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында еңбек сапасына қойылатын талаптың күшеюіне байланысты еліміздегі білім беру саласының жетілдірілуі жөніндегі бірқатар еңбектерді атап өтуге болады. Атап айтқанда білім беру жүйесін физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Қазақстанда білім саласында компьютерді, ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мәселесіне: Е. Ы. Бидайбеков, Д. С. Байғожанова, І. Ж. Есенғабылов, А. О. Алдабергенова, Г. К. Нұрғалиева, Д. М. Джусубалиева, Б. Б. Баймұханов, С. Е. Шакликова, С. С. Үсенов, Р. А. Ильясова, Г. Б. Ахметова, С. Қариев, А. И. Тажигулова, Ш. Х. Құрманалина, Ж. А. Қараев, А. Қ. Бекболғанова, Р. С. Шуақбаева және т. б. ғалымдардың еңбектері арналған.

Зерттеу нысаны: физикада білім беруді ақпараттандыру.

Зерттеу пәні: орта мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану.

Зертттеу мақсаты: ақпараттық коммуникативтік технологияларды физика пәнін орта мектептерде оқытуда электронды оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділігін арттыру, мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.

Зертттеу міндеттері:

  • мектеп оқушыларына физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшеліктерін айқындау; оқушылардың білім сапасын арттыру үшін ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесін жасау; физиканы оқытуда электрондық оқулықты пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.

Зерттеу әдістері: білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жүргізу; физика пәні бойынша Delphi ортасында жасалған электрондық оқулықтарға, әдістемелік құралдарға ғылыми-әдістемелік негізде талдау жасау; үйретуші мультимедиялық бағдарламалар жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • мектеп оқушыларының және студенттердің білім сапасын арттыру үшін ақпараттық технологияларды физиканы оқытуда қолданудың ерекшеліктері айқындалды; физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесі мен электрондық оқулық жасалды.

Зерттеудің жетекші идеясы: ақпараттық технологиялардың әдістемелік мүмкіндіктерін анықтау негізінде оларды оқыту процесінде тиімді түрде пайдаланса, орта мектептерде физиканы оқыту нәтижелері жоғары болады.

Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңде жүргізілді.

Бірінші және екінші кезеңде білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық коммуникативтік технологиялық құралдардың дамуы мен оқытудың ақпараттық технологияларының негізгі бағыттары мен бастапқы түсініктері анықталды; психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді оқып-үйрену мен теориялық талдау процесінде және функционалдық негіздеу арқылы физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың негіздері айқындалды; физика курсының мазмұнды-әдістемелік бағыттарын IT-технологияларды пайдаланып оқытудың мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделді.

Үшінші кезеңде анықталған әдістемелік шарттарға сәйкес физиканы оқытуда 11-сыныпқа арналған электрондық оқулықтар жасалып, алынған нәтижелер талданды; жұмысты рәсімдеу аяқталды.

Дипломдық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» деп аталатын бірінші бөлімде білім беруді ақпараттандыру мәселесі қарастырылып, оқытудағы ақпараттық технологиялық құралдардың даму жағдайы зерттелді. Ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері мен анықтамалары анықталды.

«Физиканы оқытуда IT-технологияларды қолданудың теориялық негіздері» атты екінші бөлімде физиканы оқытуда IT-технологияларды қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері, әдістемелік ерекшеліктері баяндалып, физиканы оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын таңдауға IT-технологиялардың тигізер ықпалы айқындалды.

Үшінші бөлімде компьютерлік бағдарламаларды қолданып физикадан электрондық оқулық дайындаудың сипаттамасы мен әдістемесі баяндалған.

1 БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. 1 Қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар

Жалпы білім беретін орта мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:

  • Білім беру;
  • Тәрбиелік;
  • Дамытушылық.

Мектепте физика оқытудың мақсаты − әрбір оқушыға физика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальді білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Физикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілетін, нығайтуға әсер етеді.

Сонымен, физиканы оқытудың білім беру, дамытушылық мақсаты - оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға бағытталған.

Мектептегі физика курсының практикалық мақсаты − оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын іскерліктермен қаруландыру.

Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде.

Мемлекеттiк ақпараттық саясат - ақпараттық қоғам жағдайында түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.

Білім берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрибелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану процесi.

Білім беруді ақпараттандырудың мақсаты :

Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық

ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру

Саласында жаңа ақпараттық технологияны

пайдалануға,

Қазақстан Республикасындағы

ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен

сабақтастыруға мүмкiндiк бередi

Білім беруді ақпараттандырудың міндеттері:

- ақпараттық және телекоммуникациялық

техникалық құралдармен

қамтамасыз ету;

- бiлiм берудi ақпараттандыру

бойынша практикалық

шараларды анықтап, жүзеге

асыру;

- оқу-тәрбие үрдісіне жаңа

ақпараттық технологияны енгiзудi

қамтамасыз ету бойынша ғылыми

-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк

жұмыстарын жүргiзу;

- мектеп пәндерi бойынша жасақталатын

жалпыға мiндеттi бiлiм беру

стандарттарының және оқу-әдiстемелiк

кешендерiнiң мазмұнын ақапараттық

технологияны пайдалану

мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм

берудi басқаруда ақпараттық

жүйенi құру;

- бiлiм беру мекемелерiнiң

қызметкерлерi үшiн программалық-

техникалық құралдарды қамтамасыз

ету және мультимедиялық

программаларды, электрондық

оқулықтарды жасақтау;

- педагог кадрларды жаңа ақпараттық

технологияны өз қызметтерiне еркiн

пайдалана бiлуге дайындау және

жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн

көтеру.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі қағидалары:

- оқыту мен тәрбиелеудiң

жылдамдығы

(интенсификация) ;

- бiлiм мен тәрбиенiң

бiрiздiлiгi;

- қоғамның әрбiр мүшесi үшiн

алынатын бiлiмдер мен

мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;

- жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық

қабiлеттерiн дамыту;

- жалпы компьютерлік сауаттылық;

- модульдігі.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында күтілетін нәтижелер:

- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;

- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;

- біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

- отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

- білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;

- республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқарудың ақпараттық желісін құру.

Қазақстан Республикасының “Білім” туралы Заңында, “2005-2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” стратегиялық құжатында Білім беруді ақпараттандыру - мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде бекітілген.

Алғаш рет ақпараттандыру бағдарламасы жалпы орта білім беру жүйесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен қабылданған болатын.

Мектептегі білім беру жүйесін есептеу техникасымен жабдықтау үшін модульдік көзқарасқа негізделген жүйелік тәсілдердің бірін пайдалану ұсынылады. Ол түрлі және шағын типтегі мектептердің көптігін ескеруге мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесіндегі компьютерлерді жаңартып, толықтырып отыру - білім беру жүйесін ақпараттандырудағы негізгі мәселе болып табылады.

Соңғы жылдары ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерілеу байқалып отыр, соның нәтижесінде бір кезде шыққан компьютерлік жабдықтар, одан да дамытылған коипьютерлермен алмасып және олар басқа да технологияларға қосылып жатады. Ақпараттық супермагистральдардың пайда болуы, компьютерлеу үрдісін сын көзбен қайта қарауды талап етеді.

Білім беруді ақпарттандырудың маңызды факторы Интернетке шығу болып саналады. Қазіргі уақытта мектептердің 89%-і, оның ішінде ауыл мектептерінің 86%-і Интернет желісіне қосылған. Алматы қаласының (100%), Атырау облысының (100%), Солтүстік Қазақстан облысының (98%), мектептері алда келеді. Осы жағдайларға мектептер үшін әлемдік практикада кеңінен қолданылатын, серіктік интернет-картты сатып алу өзекті болып саналады.

Интернеттің электрондық поштаның, өзіндік құны төмен халықаралық телефондық қызметтің, ұшқыр телефонның және электрондық конференцияның таралуымен әлемде айтарлықтай өзара байланыс орнады . . .

Білім беруде халықаралық кірігу болып жатыр. Білім берудің дамуының маңызды сипаты оның ауқымдылығы болып саналады. Бұл сипат, қазіргі әлемдегі кірігу үрдісінің бар екендігі, мемлекетер арасындағы қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қарқынды өзара әрекеттерден көрініс табады. Білім беру ұлттық басымдылық санаттан әлемдік басымдылық санатқа өседі.

Қазақстанның әлемдік нарықтағы түйінді бәсекелестік артықшылығы жоғары білікті, ұшқыр ойлы адамдық байлық болцы тиіс, сонымен қатар тұрақты түрде жаңашылдықты енгізу . . .

Білім беру ұйымдарының интернет желісіне қосылуының тәсілдері

● Телефондық желілердің аналогтық пен аналогтық-цифрлық желісі бойынша модем арқылы жалғастырылатын қосу (жоғарғы шегі 56 Kbps)

ISDN (Integrated Services Digital Line) арқылы жалғастырылатын қосу 384 Kbps дейін.

● ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) арқылы жалғастырылатын қосу-кәдімгі телефон желісі бойынша мәліметтерді түзу бағытта 9 Mbps-ке дейінгі және кері бағытта 1 Mbps жылдамықпен жеткізуге мүмкіндік береді.

● Бөлінген желілер бойынша қосу

Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы - нақты модемнің және жеткізуші құрылғылардың сипаттамаларымен, күн райының жағдайларымен және қызмет көрсету жеделдігімен анықталады.

● Frame relay бойынша қосу. Мұндай желілердің әрекер қағидасы қарапайым: каналдың ең аз кепілденген өткізгіштік қабілеттілігі (CIR) анықталады, ал қажеттілік жағдайда өткізу жолағы мүмкіндігі шектеулі шекке (2 Mbps-ке дейін) ұлғайтылады.

● Кабельдік телекөріністің желісі бойынша қосу

● Радиомодем арқылы қосу. Бұл технология жазық жердің үлкен емес бөліктерінде пайдалану кезінде жақсы.

Білім беруді ақпараттандыру көрсеткішін талдау кезінде маңызды оқу бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу мен иемденуге еншілеу қажет. Қазіргі уақытта ең көп таралым алғандар:

● мәтіндік оқу-әдістемелік материалдардың жинағын (кейстерін) толықтыруға және оларды өз беттерімен оқып үйренушілерге жөнелдуге негізделген (Web CD ROM) . Кейс- технологиясы;

● телекөрінісін эфирлік, кабельдік, ғарыштық жүйелеріне негізделген. TV- Web-технологиясы;

● студенттерді оқу-әдістемелік материалдармен жасақтау және оқытушы мен оқушылар арасында интерактивті өзара байланыстар орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технология.

Оқыту технологиясы оқыту жүйесі мен процесін нәтижелі жобалаумен айналысатын педагогика ғылымындағы жаңа бағыт. Біз білімнің және басқа жаңалықтардың адамзаттың ортақ мүлкіне айналған заманында өмір сүрудеміз.

Біздің міндетіміз - дүние жүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, олардың ішіндегі нақты тиімдісін жас ұрпаққа ұсыну болып табылады. Өйткені ғасырымызда барлық саладағы жетістіктер жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі-білімде.

1. 2 Мультимедиялық технологиялардың оқыту сапасын арттырудағы тиімділігі

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты - заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық - қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық, әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге мектептегі оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланыстарды күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Оқытуды ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады.

Технология грек сөзі «техне»-өнер, кәсіп, ғылым, «логос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы. Бұл термин әдетте өндiрiстiк үрдiстi сипаттауда кеңiнен қолданылып келдi. Ал педагогика ғылымы тұрғысынан қарастырғанда “шеберлiк пен iлiм қосындысын” бiлдiредi.

Смыковская Т. К., Руденколардың пiкiрiнше: “Әдiстеме тек бiр ғана оқыту үрдiсiне көңiл бөлсе, ал технология бiр мезетте оқу, оқыту үрдiсiмен қатар жұмыс iстейдi және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесiне кепiлдiк бередi”.

Қазіргі таңда білім беру жүйесін ақпараттандыру процесіне байланысты «ақпараттық-білім беру ортасы», «ақпаратты-пәндік орта», «кәсіби-ақпараттық білім беру ортасы», «оқытудың компьютерлік технологиясы», «оқытудың ақпараттық технологиялары», «мультимедиа», «мультимедиалық технологиялар», «білім берудегі мультимедиа», «мультимедианың бағдарламалық құралдары», «мультимедиалық өнімдер», «гипермедиа» секілді бірқатар терминдер оқулықтар мен ғылыми мақалаларда қолданыла бастады.

Осының ішінде мультимедиаға зерттеуші ғалымдар түрліше анықтама береді:

Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.

Мультимедиа - екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.

Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені.

Мультимедиа технологиясы - визуалды және аудиоэффектілерден құралған электрондық өнімдерді дайындау әдістері.

«Мультимедиа » термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.

Интерактивті негіздегі мультимедиалық технологиялар интернет желісі және CD-курстар арқылы ауыл мектептерінің «оқшау қалып қою» мәселесін шешуге мүскіндік береді.

Мультимедианың ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерді жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше маңызға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөдің аудармасы мен транскрипциясы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады. Электрондық энциклопедиялар мен сөздіктердің тиімділігі - қажетті мәліметті тез іздеп табуға болады. Сонымен қатар тіл үйретуге бағытталған интерактивті оқыту бағдарламалары диалогты байланыс жасауды жоғарғы деңгейде жүзеге асыра алады.

Мультемидиалдық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі - басқаруды қамтамасыз ету. Қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігі қамтылған. Мысалы, кинофильмдерді көру барысында мультемедиалық бағдамалар пайдаланушыға қажетсіз кино үзінділерін өткізіп жіберуді, керекті киноүзіндіні бірнеше қайтара көрсетуді жүзеге асырады.

Шет елдерде мультемедианың қолданылуы аясы жөнінде зерттеулерге талдау жасасақ, онда Дж. Гейлдің, «Мультимедиа Европада» атты жинақтағы мақаласы назар аударарлықтай. Дж. Гейлдің келтірген дерегі бойынша мультимедианың техникалық базасы Европаның ақпараттық технологиялар (оның ішінде компьютерлік технологиялар) бизнесінде 1991 жылы 1%, 1992 жылы 1, 5%, 1995 жылы 30%, ал 1997 жылы 75% құраған.

Ал, жекелеген салалар бойынша мультимедиа қосымшалары, әсіресе, білім беру мен бизнесте көп қолданылған. Ол 1. 1-кестеде көрсетілген.

Кестеден көріп отырғанымыздай, мультимедианың өте аз қолданылған саласы өнеркәсіп жүйелері екен. Бірақ, бұл салада да мультимедианы пайдалану өзінің оң нәтижесін беретіндігін дәлелдей түсуде. Өнім өндірушілер өз өнімдері мен қызметтерін жарнамалауда, презентацияларда мультимедианы жиі қолдана бастады. Өйткені, өнімді дайындау және оны қолдану әдістерімен көпшілікті құжаттар арқылы таныстыруға қарағанда, мультимедиа көмегімен бейнеақпарат арқылы таныстыру тиімді болып табылады.

Осы орайда, мультимедиада қолданылатын бейнеақпарат түрлерін жіктеп көрсетуге болады:

  1. Қозғалыссыз бейне. Мұндай бейнеақпаратқа суреттерді, фотосуреттерді жатқызуға болады. Қозғалыссыз бейне графикалық ақпарат болып есептеледі.
  2. Мәтін. Таңбалар мен әріптер мультимедиалық ақпараттың негізгі бөлігі.
  3. Қозғалыстағы кескін немесе бейне. Қозғалыстағы бейне нақты өмірдегі құбылыстарды телехабар немесе бейнемагнитафон арқылы бейнелеу негізінде алынады.

4) Анимация. Бір қарағанда анимация қозғалыстағы бейнеге ұқсайды. Бірақ, қозғалыстағы бейнеден айырмашылығы ол нақты өмірден алынбаған, жансыз объект болып саналады. Мысалы, тірі құстың ұшуы мен мультипликацияның арасында қандай айырмашылық болса, қозғалыстағы бейне мен анимация арасындағы айырмашылық та сондай.

Кесте 1. 1

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Жауынбай Қараевтың Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарды қашықтан оқыту технологиясы
Білім беруде ақпараттық технологияның маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz